Кіріспе. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» Жүсіпбек Аймауытов



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі97,86 Kb.
#93240
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
баяндамалар

3. Педагогикалық технология түрлері:












Жаңа технологияның басты мақсаты — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушы тарихты «зерттеп үйрену» кезінде оқу материалын «жаттап, қайталай бермей» өткеннің оқиғалары мен адамдарына өзінің көзқарасын білдірсе, өткенмен сұхбат құра отырып оның тәжірибесін өз бойына дарытып іштей нәр алса, оқушы рухани жағынан биіктей түседі.


Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу, тәрбие үдерісіне
қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор:
1. Оқушыға берілетін білімнің сапасы артады;
2. Оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады
3.АКТ-ны пайдаланғанда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді.

Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Оқушыларға алтын уақытыңды орынды пайдаланып, оларға тың мағлұмат, тың дүние беру – ақпараттық қатынастық технологиялардың жетістігі.


2.2. Қазіргі XXI ғасырдағы оқушылардың шығармашылық қабілетін , ойлауы мен шығармашылық тұрғыда жұмысын дамыту – уақыт талабы. Оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру сипатындағы тапсырмаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігіне байланысты.
Оқушының ойлау және қабылдау қабілетін дамытуға байланысты мынадай логикалық тапсырмаларды беруге болады.
1. Біраз ішіп алған ер адам үйіне қайтып бара жатыр. Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр. Жолға айдың жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын. Ер адам қара киімде болатын. Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады. Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді. Жүргізуші оны қалай көрді? (күндіз)
2. Он метрлік сатыдан еш жерін жарақаттамай қалай секіруге болады.
3.Бір қыз отыр. Ол тұрып кеткен жағдайда да сіз оның орынына отыра алмайсыз. Ол қай жерде отыр?
4. Сіз доп лақтырдыңыз делік. Қай жағдайда доп ештеңеге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді?
5. Мұғалім су құйылған тəрелкен і күннің көзі түсетін терезе алдына қойды. Ғалия кешке таман тəрелкеге қараған кезде, ол судың жоғалып кеткенін көрді. Судың жоғалу себебін түсіндір. Төменде жаңа технологияларды қолдану арқылы өткізген сабақтарымның кейбір бөліктерін ұсынып отырмын. 7 - сыныпта физикадан «Күш. Деформация. Гук заңы» тақырыбын өткенде «Блум токсономиясын » қолдандым. «FILA» кестесін толтыру арқылы өткен тақырыптарды еске түсіріп, сұхбат пікірталасын құру.
1.Білу: «Ньютон алмасы» - «Бізге жеткен аңыз бойынша алма ағашының көлеңкесінде жел екпінінен алманың жерге үзіліп түскенін ойлана бақылап отырған Ньютонға әлемдегі барлық денелердің арасында өзара тартылыс күшінің бар болуы туралы ой келген дейді. Ньютонның әзілі бойынша оның басына түскен алма қажетті формуланы қорытып шығаруына себепші болған».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет