Қазақстандағы элиталар Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере койған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекетгік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті. 1993 жылғы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялык элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылык. Олар қаржы-каражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтарға иелік етеді.
Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады. Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол “сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көп партиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жұмыссыздық белең алуда.Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азаматгардан тандаған жөн.
1.2. Саяси элитаның қоғамдағы рөлі Саяси элиталарды,олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылықбілдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақындажауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саясиболмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаныңортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңніңөзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарыніздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөліннегіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр.
Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның қалыптасуы бастауларына үңілу орынды болыптабылар еді. Саяси элитаның табиғатын байыптай қарастыру үшін олардың халықтыңсаяси өміріндегі рөлі, ұлттың “Бұлөмірдің мәні неде?”, “Біз кімбіз?”, “Қайда бара жатырмыз?” деген сауалдарғажауап іздестіруі мен мәнділігі үрдістерін қалыптастырудағы орны басты өлшемдербола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол замандағы саяси мұраттар талабынасәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағықазақтың ұлттық интеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердіңмән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың басты міндеттеріне айналды.Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіруге болатындығын жіті сезініп,“Алаш” қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның құрамына Бөкейханов, Дулатов,Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді.
Қалыптасқан саяси жағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларын рәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев және т.б. белгілі тұлғалар депутат болды. “Алаш” қозғалысының бағдарламасын құрамында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Е.Омаров, Е.Тұрмұхаметов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов бар ұйытқы топ жазып, “Қазақ” газетінің 1917 жылғы 21 қарашасындағы 251-нөмірінде жариялады. Нақ осы ұйытқы топтың санатынан қозғалыстың орталық комитеті сайланып, төменгі буындағы органдары құрылды. Егер “Алаш” қозғалысының пайда болуы патша өкметінің отаршылдық саясатына қарсы күресті ұйымдастыру қажеттігіне әрі сахарадағы әлеуметтік қарым-қатынастарды өзгерту талабына байланысты дейтін болсақ, онда бұл, шын мәнінде, Қазақстанның ұлттық, патриоттық көңіл-күйдегі саяси элитасының алғашқы адымы ретінде бағалануға тиіс. Қалыптасқан мұрат пен мүдденің өзі сол кезеңнің элитасы аңсар тұтқан және қозғалыс бағдарламасында бекітілген саяси құндылықтардан айқын көрінеді. Онда тең құқылық (“дініне, шығу тегіне және жынысына қарамастан,адамдар тең құқылы...”); жеке басқа тиіспеушілік (“мемлекет шенеуліктері кімді болса да заңсыз жолмен тұтқындай алмайды...”); тұрғын үйге тиіспеушілік (“мемлекеттік қызметшілер қожайынның рұқсатынсыз кімнің болса да үйіне кіре алмайды... ”)кінәсіздік презумпциясы (“соттың талқылауынсыз және шешімінсіз бас бостандықтан айыруға болмайды...”) сөз, ождан бостандығы(“жиналыстар өткізу,бірлестіктер құру,сөз сойлеу, газеттер шығару, кітаптар басу бостандығы”) тәрізді демократиялық құндылықтар көрініс тапқан. Көріп отырғанымыздай, XX ғасыр басында қазақтың саяси элитасының басшылыққа алған мұраттары демократиялығымен, ұлттық-саяси мәселелерді жоғары ізгілік еремен түйсіне білгендігімен ерекшеленеді. Ал, ұлттық мүдделерге заңдық-құқықтық пішім бітіріп, бұқараны күрестің ұйымдық, партиялық пішімі деңгейіне дейін көтеру, халықтың саяси тұрғыдан оқытып-үйрету істері сол дәуірдің талаптарына жауап бере алатын саяси элитаның болғандығын дәлелдейді.
“Саяси элита”дегенімізді саясаттану ғылымы:
- шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы)
- жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар
- билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді
Қоғамның үш негізгі саласындағы – экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы, мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаның мүшелері болып табылады. Осыған орай элита топтары: (басқарушы да, оппозицияда жүргендерді де), экономикалық және әскери болып бөлінеді.
Ақпараттандырылған қоғамда масс-медиа мен ғылыми, академиялық элита айырықша орын алады. Элитаны институционалдық түсінудің екінші артықшылығы оның мәселеге қатысты таза бағалау тәсілінің назариялылық контра-пункті ретінде қызмет ететіндігі. Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті:
1. республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта эшалондарына жайғасқан саясаткерлерді;
2. экономика субъектілерін: жеке меншігі барларды, меншікті қосанжар иеленушілерді, бірлескен корпорациялар,компаниялар, банктер, қорлар, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар сияқты беймемлекеттік, мемлекеттік кәсіпорындардың, ірі және орташа экономикалық ұйымдардың басшыларын, басқарма мүшелерін, басқа да жауапты қызметкерлерін кіргізу әдетке айналған.
Әдетте, осы екі жік бір-бірімен етене байланыста болады. Бір жағынан экономикалық элитаның өкілдері биліктің барлық “тармақтары” мен деңгейінің құрамына кіреді. Екінші жағынан, саяси элита бизнеске сұғына кіріседі. Бұл үрдістің тарихи тамыры барын айтуға тиіспіз: бұрынға коммунистік елдердің барлығында жеке меншік иеленушілер табының пайда болу процесі қалыптасқан билік жүргізуші құрылымдарға арқа сүйеді. Социологиялық зерттеудің мәліметтері бойынша үкіметтік құрылымдардың 75 проценті, ал бизнестегілердің 61 проценті бұрынғы кеңестік номенклатураның сапынан шыққандар екен. Осыған ұқсас үрдістерді посткеңестік республикалардың басқаларынан да байқауға болады. Іс жүзінде мемлекетті партиялық номенклатура жекешелендіріп алды.