Кіріспе Саяси элита және оның түсінігі


Саяси көсем - Халел Досмұхамедов



бет4/5
Дата11.10.2023
өлшемі109,55 Kb.
#184613
1   2   3   4   5
Байланысты:
реф1

2. Саяси көсем - Халел Досмұхамедов
2.1.Өмірбаяны
Халел Досмұхамедов 1883 жылдың 23 сәуірінде Гурьев (қазіргі Атырау) уәлаятының Қызылқоға ауданында әйгілі Мұрат Мөңкеұлының туған жері Қарабауда дүниеге келеді. Халел ғұлама, әмбебап дәрігер, қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілші (лингвист) ұстаз ғалым, әдебиетші болған. Өзі айтқан «Жеті жүрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»,- деген қағидасына сай өмір сүрген. Халел әуелі жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқыды. Бұл мектепті бітірген соң Орал реалдық училищесін бітіріп, Санкт-Петербургтегі әскери-медициналық академияға жолдама алады. Онда 1903- 1909 жылдары оқып, үздік бітіріп, Пермь губерниясында, Орал уәлаятының Темір уезінде бөлімшелік дәрігер болып істейді.1905 жылы Орал қаласында халқымыздың ең алғашқы партиясы болып саналатын - Конституциялық-демократиялық партияның мүшесі болды1924 жылы Халел Ресей Академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше - корреспонденті болып сайланды.1920-1928 жылдары Халел қызмет істеген Қазақ педагогикалық институты халқымыздың Ташкенттегі алғашқы жоғары оқу орны болатын. 1929 жылғы қазан айында Ташкенттегі пединституттың негізінде Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университетін ашуға мүмкіндік туды. Халел осы оқу орнын ұйымдастыруға белсене араласып, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Халелге 1927 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағы беріледі.Педагогтық жұмысқа қосымша Қазақстан халық Денсаулық сақтау комитетінде жоспарлау-ұйымдастыру басқармасының меңгерушісі болып істейді. Асыл азамат 1939 жылы әскери трибуналдың үкіметімен нақақтан атылды.

2.2. Қоғамдағы алған орны
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси өмірдің бел ортасында Халелдің қайраткерлік іс – қабілеті ардагер азаматты ұлтының ұраны боларлық биік дәрежеге көтергені рас. Арпалыс кезеңдерде өткізген өзінің қысқа ғұмырында ол дархан дарынын, қарымды қабілетін және еңбекқорлығын мейлінше өз деңгейінде көрсетіп кеткен азамат.Жан – жақты білімінің арқасында биология, зоология, медицина салаларында мән – маңызды жоғары көптеген еңбекткр жазды. Тіпті, Халел Досмұамедұлының бүгінгі таңда биология ғылымының қазақ топырағында өсіп - өркендеуі үшін қосқан үлесі, сонымен бірге оның лингвист ретіндегі еңбектері әлі күнге дейін толық талқыға түспей келеді.
Бұл кісінің азды – көпті зерттеліп, жұртшылықтың, тарихшы зиялыларымыздың назарын аудартып келе жатқан қырларының бірі – оның ұлт – азаттық күрес жолындағы саяси еңбегі, қоғам қайраткері ретіндегі халқына сіңірген қызметі. Бүгінгі ұрпақтың басым көпшілігі, егер білетін болса, Халелді, ең алдымен, нақ осы қырынан таниды және бағалайды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы демократиялық ой – пікірдің қалыптасып, ұлттық ұран дәрежесіне дейін дамытуына тікелей ықпал еткен саяси қайраткерлер саясат аренасына талай алып ой иелері мен қарымды қайраткерлерді көтерді. Ұлт санасында сан ғасыр тұншығып жатқан азаттық идеясын ұлт ұраны деңгейіне жеткізіп, оны іс жүзіне асыра білді. Қазақ халқының тарихында еңселері биік, жүздері жарқын, есімдері алтын әріптермен жазылар ұлт зиялыларының қатарынан Алаштың қайраткер ұлы Халел Досмұхамедұлы да көрнекті орын алады.
Ұлтының басқа жұртпен терезесі тең, тәуелсіз ел болуын мақсат тұтқан қазақтың ат төбеліндей зиялы қауымы Алаш есімін ұран қылып, қаншама қайрат жасаса да, қол астындағы халыққа Кеңес өкіметі саясатының зорлықшыл әдістерін де мойындап, қолдарынан келгенше туған халқына игі қызмет көрсетуге әрекет етті. Зиялы қауым өкілдері ұстараның жүзіндей жалт – жұлт еткен саясаттан амалсыз бас тартып, халқының келешегі жолында мәдени ағартушылық қызмет атқарды. Қазақ халқының санасын жайлаған дерттің емін біліп, қараңғыда қарманған халқын жарыққа жетелеген ұлт зиялылары енді өздерінің терең білімі мен қолдан келер жақсылығын халқының жарқын болашағына арнады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет