Кіріспе тарау ҚР. Тжм. Абай Облысы. Тжд, «Семей қаласы тж басқармасы» мм туралы мәлімет


Шақыру( өрт) орнына шығу және бару



бет13/17
Дата29.10.2022
өлшемі3,27 Mb.
#155561
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
отчет 13 ӨСБ.практика

2.Шақыру( өрт) орнына шығу және бару
Дабыл бойынша қарауылдың жиналуы және шығуы белгіленген тәртіппен қамтамсыз етіледі.«Дабыл»белгісі бойынша қарауылдың жеке құрамы өрт сөндіру автомобильдеріне келеді, бұл ретте қарауыл бөлмесі мен гаражда жарық автоматты түрде қосылуы қажет.Жүру жолында киімді, күнделікті заттарды және басқаларын қалдыруға тыйым салынады.
Түсу бағанын пайдалану кезінде жеке құрам қажетті интервалда сақтауға,жарақат алуды қадағалауға міндетті.Бағанмен түсу кезінде оның бетін қолдың қорғалмаған бөлігімен ұстауға болмайды,ал түскен кезде кезекті түсіру үшін орынды босату қажет.
Гараждан өрт сөндіру автомобильдерінің шыққаны туралы қала көлігі мен азаматтарға ескерту үшін арнайы бағдаршамдар жағылады. Олар болмаған жағдайда бекеттегі күзетші қызыл жалаумен,ал түнгі мезгілінде қызыл шаммен белгі беруі қажет.
Гараждан шыққан және шақыру орнына баратын кезде арнайы дыбыс және жарық дабылын қосуы қажет.
Шақыру орнынан шыққан қарауыл бастығы немесе қарауыл басқарып шыққан МӨҚҚО бөлімшенің жетекшісі жол қозғалысы ережесін білуге және жүргізушінің оларды орындауын қамтамасыз етуге міндетті.
Өрт сөндіру автомобилінің қауіпсіз қозғалысы үшін жүргізуші жауап береді.
Өрт сөндіру автомобильдерінің қозғалысы кезінде МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамына кабинаның есігін ашуға, басқыштарда тұруына,темекі шегуіне және ашық отты пайдалануына тыйым салынады.
Өртті барлау
Өртті барлау МӨҚҚО бөлімшелерінің өртке шыққан сәтінен бастап және оны жойғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.Өртке барлау жүргізу үшін қарамағында ТОЖҚҚ бар, құрамында кемінде үш адамнан тұратын газ-түтіннен қорғау қызметінің (бұдан әрі –ГТҚҚ )звеносы құрылады.Күрделі құрылыстар( метрополитен,ғимараттардың жер асты фойесі,аса күрделі ғимараттар, кабель тоннелдері, күрделі жоспарланған жертөрелер )үшін-бес адамға дейін.
Метрополитендердің жер асты құрылыстарында және ұзыннан созылған жер асты құрылыстарында барлау жүргізу үшін ГТҚҚ екі звеносы жіберіледі.
ГТҚҚ звеносы түтіндеген аймақта болғанда мынадай талаптарды сақтауы қажет:
Әдеттегідей,іргелі қабырғалардың немесе терезелі қабырғалардың бойымен журу қажет;
Қозғалыс барысында котергіш құрылымдардың күйін,жалынның жылдам таралу мүмкіндігін,жпрылу немесе құлау қаупін байқау қажет;
Жоғары кернеулі қондырғылар,жоғары қысымды аппараттар(ыдыстар),жарылғыш,улы,радиоактивті,бактериологиялық заттар бар үй-жайларға тек қана объект әкімшілігінің келісімімен және олар ұсынған қауіпсіздік ережесін сақтай отырып кіруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет