Әдістемелік нұсқау
Сыртқы факторлардың әсерінен жыныс қасиеттерінің өзгеру себептерінің барлық түрін үш топқа келтірілуі мүмкін:
Жыныс құрамының өзгеруі: кеуектіктердің сұйық және газбен толуы, температура төмендегенде кеуектердегі судың мұзға айналуы, тотығуы, тотықсыздануы, температура өзгертірілгенде бір қатар минералдардың дегидратациялануы және диссоциациялануы, полиморфты өзгеру.
Жыныстың тығыздалу дәрежесінің өзгеруі: кеуектердің майысу есебінен сығылуы, механикалық сығылу күштерінің әсерінен жарықшақтардың жабылуы, әсіресе жан-жақты сығылу кезінде, немесе жынысты қыздырғанда немесе суытқанда пайда болатын ішкі жылу күштерінің әсерінен; қопсыту, механикалық күштің немесе соған сәйкес жынысты қыздырғанда немесе суытқанда пайда болатын жылу күштерінің жиынтығының әсерінен жарықшақтардың ашылуы; қосымша кеуектіктің минералдардың еру немесе жану эффектілерінен бостықтарда пайда болуы.
3. Жыныстың жеке бөлшектері арасындағы байланыс күшінің өзгеруі: минерал жағдайының балқу нүктесіне жақындатып қыздырғанда олардың төмеңцеуі; сұйықтықтың жыныс бөлшектері арасына кіруінен жыныстардың суға қануы кезінде; бөлшектерді қыздырғанда, қатуынан, суытқанда, олардың көбеюі.
Қасеиттерінің өзгергіштігіне басты себептер, бастапқы минералдық құрамы, жыныстың құрылысы мен физикалық қасеиттері. Сыртқы әсер етуші өрістердің параметрлері айтарлықтай роль ойнайды; оның қарқындылығы, уақыт бойынша өзгеру сипаты, ұзақтығы, әсер ету бағыты.
Достарыңызбен бөлісу: |