Кіріспе. Тіл туралы заң
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан- ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазақстан Республикасында тұратын орыстар, украиндар, түріктер, немістер, кәрістер, тағы басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлей бастады.
Қазақ тілі түрік тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Тәуелсіз елдердің Достастық мемлекеттерінде отыздан астам тіл түріктер тобына енеді. Атап айтқанда: қырғыз, татар, әзірбайжан, өзбек, ұйғыр, башқұрт, кабардинбаһар, тува, т.б. Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары- ноғай (Кавказда), қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай – балқар тілдері.
Қазақ тілін білу, осы мемлекеттегі жергілікті халықпен сөйлесуге, түсінісуге мүмкіндік береді.
Қазір қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Сұрақтар:
1. Қазақ тілі қандай тіл?
2. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
3. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
Тапсырма:
1. Қосымша жазбаша 3 сұрақ құрастыру;
2. Қазақ тіліне тән дыбыстар бар сөздердің астын сызу;
16- бап. Тіл – білім беру саласында.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде, ал ұлттары жинақы тұратын жерлерде солардың тілдерінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі.
Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген ұйымдарда оқыту, білім беруде қазақ тілін үйретуді жергілікті атқарушы органдар, олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгілейді.
Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа тілдерде оқытуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік те, мемлекеттік емес те оқу орындарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.
1. Үндестік заңын қайталау.
1.1. Буын үндестігін қайталап, оған мысалдар келтіру.
1.2. Дыбыс үндестігін қайталап, мысалдар келтіру.
1.3.Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар, сөздер.
1.4. Қазақ тілінің жалғауларын қайталау.
2. Тапсырма:
2. 1. Сөздерге көптік жалғауларын жалғап, түсіндіру.
Мектеп, бала, адам, сен, сурет, дәптер, жолдас, ой, жәрдем, буын, есеп, маман, жиен, әдебиет, дос, карта.
2. 2. Сөздерге –ы, немесе –і жалғауын жалғап жазу.
Бастық, есеп, топ, оқулық, орындық, жидек, тәртіп, ғашық, болашақ, сызық, білезік, қабық.
Достарыңызбен бөлісу: |