Қондырғының сипаттамасы және есептеу формулаларын алу
FPM-04 әмбебап маятнигінің жалпы көрінісі 4.2-суретте келтірілген. Табанында 1 реттейтін аяқшалары 2 бар, олар арқылы құралды тепе-теңдік қалпына келтіреді. Табанында бағана 3 бекітілген, оған жоғарғы белдеме 4 және фотоэлектрлік датчигі 6 бар төменгі белдеме 5 бекітілген. 11 бұранданы босатқаннан кейін жоғарғы белдемені бағана айналасында бұруға болады. 11 бұранданы қатыру белдемені қалаған жағдайда бекітуге мүмкіндік береді. 4 белдеменің бір жағында математикалық маятник 7 бар, ал басқа жағында арнаулы ойыққа айналма маятник 8 орнатылған.
Математикалық маятниктің ұзындығын 9 бұранда арқылы реттеуге, ал оның шамасын 3 бағанадағы шкала арқылы анықтауға болады.
Айналма маятник болат өзек ретінде дайындалған, онда бір-біріне үшкір жүзімен қаратылған призмалар және екі жүк ( және ) бекітілген. Айналма маятниктің ұзындығын (призмалар ара қашықтығын) дәлірек анықтау үшін өзекте әр 10 мм сайын сақиналы ойық жасалған. Призмаларды және жүктерді ( және ) өзектің өсі бойымен жылжытып 10 мм-ге еселі кез-келген орындарға бекітуге болады.
Фотоэлектрлік датчигі 6 бар төменгі белдемені бағана бойымен жылжытып және кез-келген таңдап алған орынға бекітуге болады. Фотоэлектрлік датчик 6 толық тербеліс есептегішімен 10 және миллисекундомермен 12 жалғасқан.
Аспаптың жұмыс істеу негізін былайша түсіндіруге болады. Алдымен айналма маятникті және призмалары арқылы 4 белдемеге кезек-кезек іліп, оның тербелісін бақылайды. А жүгін жылжытып, призма қырының іліну нүктелері және болғандағы маятник периодтарының сәйкес келуіне қол жеткізеді.
және тіреуіштерінде тербелген кездегі периодтар және мәндерін жазайық:
(4.14)
(4.15)
Егер және тіреуіштерінің айналасындағы тербеліс периодтары және сәйкес келетіндей жүгінің орнын табатын болсақ, онда еркін түсу үдеуі (4.13) теңдеуден оңай анықталады:
, (4.16)
Мұндағы , яғни бұл жағдайда физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы және тіреуіштерінің аралығына тең болады.
Іс жүзінде периодтардың дәл теңдігіне жету қиын. Сондықтан (4.14) және (4.15) формулаларын (4.12)-ні ескеріп, мына түрде жазуға болады
(4.17)
(4.18)
Бұл теңдеулерден алатынымыз:
бұдан,
(4.19)
мұндағы ,
(4.20)
қателігі мына өрнек бойынша анықталады:
(4.21)
мұндағы, .
Достарыңызбен бөлісу: |