Құрал жабдықтар: FPM-04 әмбебап маятнигі, сүйеніш призма, штангенциркуль.
Жұмыстың орындалу реті 1. Айналмалы маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
жүкті призмасы жағындағы (4.2-сурет) шкаланың шекті бөлігіне бекітіп, сол призмаға маятникті ілу керек.
Өлшеуіштің электр сымын қоректендіруші желіге қос.
«Жіберу» («Пуск») кнопкасын бас, өлшеуіштің барлық индикаторлары нөлді көрсетіп тұрғанына және фотоэлектрлік датчиктің шамдарының жанып тұрғанына көз жеткізіп тексер.
Маятникті тепе-теңдік қалпынан бұрышқа ауытқытып (өзектің төменгі ұшын период есептегіш датчигінің сәулесі еркін қиып өтіп тұру керек), және 3-5 толық тербелістен кейін «Тастау» («Сброс») кнопкасын бас.
Өлшеуіш 19 толық тербеліс периодын (аспап көрсеткіші 20 да тоқтайды) есептегеннен кейін «Тоқта» («Стоп») кнопкасын бас.
Айналма маятник периодын мына формула бойынша есептеңдер:
(4.22)
мұндағы, – 20 толық тербеліске кеткен уақыт.
Маятникті алып, оны призмасы арқылы ілу керек.
Өзектің 6-7 бөлігі үшін (6-7 см) тәжірибені 5-10 рет қайталау керек.
Маятниктің тербеліс периоды мен жүгінің орнына сәйкес келетін өзек бөліктеріне (см) тәуелділік графигін салу керек. Екі тіреуіштегі тербеліс периодтарының ең жақын мәндеріне сәйкес келетін жүгінің орнын табу керек. Графикте ол нүкте екі қисықтың қиылысу нүктесі болып табылады. Өлшеу нәтижелерін 1-кестеге жазыңдар.
4.1-кесте
№
см
- призмадағы тербеліс
- призмадағы тербеліс
с
с
с
с
1
--
10
Г рафиктің көмегімен табылған орынға жүгін бекітіңдер. Маятникті арнаулы тіреуіш призмаға горизонталь қойып, оны тепе-теңдік қалпына келтіру керек (4.3-сүретті қара).
Маятникті екі призмаға кезек-кезек іліп (жүктің орнын өзгертпей), тербелістердің және периодтарын анықтау керек. Әр периодты 3 реттен кем емес және 50 толық тербеліс жасап анықтау керек.
(19) формула бойынша еркін түсу үдеуін есептеу керек. Бұл формуладағы және үш рет өлшеудің сәйкес орташа арифметикалық мәндері.
Өлшеудің қателігін (4.21) формула бойынша есептендер. анықтағанда сенімділік аралығын деп алу ұсынылады,
(4.23)
Мұндағы - Стьюдент коэффициенті, - арифметикалық орташадан орташа квадраттық қателік: