Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады


сурет. магнит индук-циясының кернеулікке тәуелділігі



бет48/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

1 сурет. магнит индук-циясының кернеулікке тәуелділігі

2 сурет.Домендер


Ферромагнетиктердің бұл ерекшелігі оларда домендер деп аталатын тосын (өзеркімен) магниттелу аймақтарының болуымен түсіндіріледі. Ферромагнетик магниттелмеген кезде әр түрлі домендердің магнит моменттері үлгінің магниттелуінің қорытқы векторы нөлге тең болатындай орналасады. Осындай күйдегі мүмкін болатын домендік құрылымдардың бірі 2 суретте келтірілген, тілшелер домендердің магниттелуінің бағыттарын көрсетеді.

Ферромагнетикті сыртқы магнит өрісіне орналастырса, домендердің шекарасы ығысады, бұл кезде алдымен магниттік моменті векторымен сүйір бұрыш құрайтын домендер, яғни анағұрлым тиімді энергетикалық күйдегі домендер ұлғаяды. Ары қарай артқан сайын барлық домендердің магнит моменттері өріс бағытына қарай бұрылады.



Бұл кезде үлгінің магниттелінуі (бірлік көлемдегі магниттік момент) қанығу мәніне жетеді (3 сурет), ал өрістің индукциясы сыртқы магнит өрісінің кернеулігі арту есебінен шамалы артады:
, (1)
мұндағы Гн/м – магниттік тұрақты; - магниттік қабылдағыштық.

Салыстырмалы магнит өтімділігінің өте үлкен шекте өзгеруі ( ) және оның сыртқы өріс кернеулігіне тәуелділігінің күрделі болуы (4 сурет) ферромагнетиктердің домендік құрылымына байланысты.

Ферромагнетикті Кюри температурасынан жоғары температурада қыздырғанда жылулық қозғалыс оның домендік құрылымын бұзады және онымен бірге ферромагнетиктің барлық ерекшеліктері жойылады: зат парамагнетик күйге ауысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет