Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады



бет64/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

Қондырғының сипаттамасы

Қ ондырғының оптикалық жүйесі 4- суретте кескінделген.


4-сурет.
ОТ – бөліктер (шкала) сызылған оптикалық таған,



АЖК – ақ жарық көзі,

ЖС – жарық сүзгілерінің жиыны бар қорап,

Н – нәрсе,

Л – зерттелетін линза,

Э – экран.

Егер оптикалық тағанда, линзадан белгілі бір, d қашықтықта (F-тен үлкен болатындай) нәрсені орналастырсақ, онда тағанның бойымен экранды қозғай отырып, оның анық кескінін алуға болады.


3. Жұмыстың орындалу реті
1. Зерттелетін линзаны оптикалық тағанға орнатып, оны бекітіңіздер.

Линзаның беттерінің қисықтық радиустарының және жарық сүзгілері өткізетін толқын ұзындықтарының мәндерін кестеге жазыңыздар.


1-кесте.

R1= м ; R2= м ; d= м

λ



f

D

Dорт.

n


= нм

1













2







3








= нм

1













2







3








= нм

1













2







3






2. Бір жарық сүзгісін (мысалы, қызыл сүзгіні) жұмыс жағдайына келтіріп қойыңыздар. Оптикалық таған бойымен экранды жылжыта қозғай отырып, нәрсенің кескінінің ең анық көрінетін орнын анықтап алыңыздар.



Ескерту: экранның және нәрсенің жазықтықтары линзаның оптикалық осіне перпендикуляр болуына ерекше назар аударыңыздар.

3. Анықталған орынға экранды бекітіп, d және f1-ді (3-суретті қара) мүмкіндігінше ең үлкен дәлдікпен өлшеңіздер. Нәтижелерді кестеге жазыңыздар.

4. Экранды жылжыта отырып, жасыл және көк жарық сүзгілері үшін де нәрсенің анық кескінін алыңыздар. Әр жарық сүзгісі үшін fi қашықтығын өлшеп, оны кестеге жазыңыздар.

5. Жиындағы басқа сүзгілер үшін, fi өлшеуді тағы да екі рет жүргізіңіздер және (3-бап) өлшеу нәтижелерін – линзадан экранға дейінгі қашықтықты кестеге ендіріңіздер.

6. Әр жарық сүзгісі үшін, линзаның оптикалық күшін , формуласымен есептеңіздер, оның орташа мәнін Dорт табыңыздар (есептеуді қайырмадан кейінгі үш санға дейінгі дәлдікпен анықтаңыздар).

7. (1) формуланы қолданып әр сүзгі үшін, шынының n сыну көрсеткішін есептеп, сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігінің графигін тұрғызыңыздар.

8. Қорытынды жасаңыздар.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет