Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады



бет66/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

1.Теориядан қысқаша мәлімет

Жарық сәулесі көлденең толқын. Электр өрісі кернеулігінің векторы мен магнит өрісі кернеулігінің векторы өзара перпендикуляр екендігі белгілі. Жарық толқыны өрісінің векторлары үздіксіз өзгеріп, яғни ұдайы тербеліп тұрады. Сонымен, жарық тербелістері үшін тербеліс векторы қарастырылады және бұл вектор – жарық векторы деп аталады.

Жарық толқындары заттың атомдары мен молекулаларында жүріп жатқан кейбір процестер нәтижесінде пайда болады. Олардың әрқайсысы шығаратын жарық толқындарының электр векторларының бағыттары әр түрлі, сонымен қатар атомның шығарған жарық толқындарының электр векторларының бағыты да өзгеріп тұрады.


Сөйтіп, жарық толқынының электр векторы түрлі жаққа бағытталған, яғни сан-алуан жазықтықта тербелуі мүмкін. Мұнда бір бағыттың басқа бағыттардан артықшылығы болмайды. Өрісінің электр векторы кеңістікте осылай түрлі бағытта орналасқан жарық-табиғи жарық деп аталады. Табиғи толқындарының барлық бағытта интенсивтілігі бірдей болады. (1-сурет)

Жарық толқынының векторы тек белгілі бір бағытта ғана тербеліп, және белгілі заңдылықтарға бағынатын сәулелер поляризацияланған сәулелер деп аталады. Электр векторының тербеліс бағыты мен сол тербелістер таралатын бағыт арқылы өтетін жазықтық, поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы, ал оған перпендикуляр жазықтық – поляризациялану жазықтығы деп аталады.

Е
гер жарық векторы тербелістері бір ғана бағытта немесе жазықтықта болып жатса, ондай жарық сызықтық немесе жазықтық поляризацияланған деп аталады.

Егер жарық векторы тербелгенде, оның ұшы шеңбер немесе эллипс (2-сурет) сызатын болса, онда оларды дөңгелектік немесе эллипстік поляризацияланған жазықтықтар деп атайды.

Жарық толқыны өрісінің электр векторымен , бірге магнит векторы да тербеледі, олардың тербелу жазықтықтары бір-біріне перпендикуляр. Сонда, магнит векторының тербеліс бағыты мен толқын таралатын бағыттан өтетін жазықтық, жарықтың поляризациялану жазықтығы болады. Поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы мен поляризациялану жазықтығы туралы айтылғанда осыны ұмытпау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет