Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады



бет67/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

Малюс заңы. Көзбен анықтап қарағанда поляризацияланған жарық пен табиғи жарықтың айырмашылығы жоқ. Оларды ажырата алатын құрал анализатор деп аталады. Анализатордың жұмыс істеу принципі поляризатордың жұмыс істеу принципіне сәйкес. Мысалы, турмалин кристалынан оның осіне паралель етіп қиып алынған пластинкаға дәл келетін осьтен айналдырсақ, өткен жарық интенсивтілігі өзгермейді. Дәл осындай тағы бір турмалин пластинкасын алып, оны алғашқы пластинканың жанына паралель етіп қойсақ, онда жарық олардың екеуінен де өтеді, бірақ оның интенсивтілігі бұрынғысынан гөрі бәсеңдейді, себебі жарықты екі пластинка көбірек жұтады.

Турмалин пластинкаларының біреуін, яғни екінші пластинканы сәулемен дәл келетін осьтен айналдырсақ, өткен жарық интенсивтілігі кеми бастайды, олардың осі бір-біріне перпендикуляр болса, жарық екінші пластинкадан өтпейді. Бұған қарағанда I-ші турмалин пластинка тек белгілі бір бағытта болатын жарық тербелістерін ғана өткізеді, II-турмалин пластинка ондай тербелістерді бөгейді. Сөйтіп, турмалин пластинкасынан әр түрлі бағытта өтіп жатқан жарық тербелістерінен тек белгілі бір бағытта (паралель бағытта) болатын тербелістер ғана өте алады. Сонымен, турмалиннен өткен жарық толқынының электр векторы белгілі бір жазықтықта тербеледі, демек табиғи жарық турмалиннен өткенде поляризацияланады. Бұл қарастырған мысалда, I-ші турмалин пластинка поляризатор, II-ші турмалин-анализатор деп аталады.

Жарықтың тербеліс жазықтығы поляризатор жазықтығымен бұрыш жасайтын болса, онда тербеліс амплитудасын екіге жіктеуге болады. (3-сурет)
3
-сурет

= cos = sin

Поляризатор арқылы бірінші тербеліс өтеді де, ал екіншісі өтпейді. Сондықтан,



= = (1)

Бұл Малюс заңы деп аталады.

Табиғи жарықта -дің барлық мәні бірдей болуы ықтимал. Сондықтан, поляризатор арқылы өтетін жарықтың бөлігі мәнінің орта шамасына тең, яғни 0,5. Олай болса, I=0,5I0 , мұндағы I0 – поляризаторға түскен жарық интенсивтілігі.

Табиғи жарық сәулесінің жолына жазықтықтары өзара бұрыш жасайтын поляризатор мен анализаторды орналастырамыз. Поляризтордан жазық поляризацияланған жарық өтеді, оның интенсивтілігі табиғи жарық интенсивтілігінің жартысын құрайды 0,5I0 . Малюс заңы бойынша анализтордан интенсивтілігі Icos2φ -ге тең жарық өтеді. Сонымен, поляризатор мен анализатордан өткен жарық интенсивтілігі мынаған тең:



Бұл формуладан φ=0 тең болғанда Imax=0,5I0, ал φ=900 болғанда Imin=0,5I0, яғни жазықтықтар перпендикуляр қиылысқан; поляризатор мен анализатор жарықты өткізбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет