Кіріспе зерттелетін дипломдық жұмыстың өзектілігі


Азаптаудың субъективтік белгілерінің қылмыстық-қүқықтық сипаттамасы



бет6/9
Дата25.04.2023
өлшемі405 Kb.
#175362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
азаптау

2.2 Азаптаудың субъективтік белгілерінің қылмыстық-қүқықтық сипаттамасы
Қылмыстың кез келген құрамынын субъективтік белгілерінің қатарына субъект және субъективтік жағы сияқгы әлементтер жатады.
Қылмыс субъектісі - адам денсаулығына қарсы қылмыстар құрамының ажырамас әлементі, оның болмауы немесе анықталмауы бұл қылмыстың құрамының жоқгығын білдіреді. Отандық қылмыстық құкық теориясында қылмыс субъектісі ұғымы және оның белгілері бұл проблемаға арналған бірқатар еңбектерде ашылған.
Қылмыс субъектісі қылмыстық заңмен аныкталады, ол

  • есі дұрыс, қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен адам (ҚК-нің 16-бабы). Басқа сөзбен айтқанда, субъект дегеніміз

  • қылмыс жасаған адам.

Қылмыс субъектісі үғымы үш міндетті белгілермен байланысты:

  1. жеке түлға;

  2. есі дұрыс адам;

  1. қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен адам, ол өз әрекетіне дұрыс баға беріп, оны басқара алады.

«Жеке түлға» белгісі ҚК-нің 7-9-баптарында және 15-бапта анықталған, олардың қатарына заң ҚР азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды жатқызған.
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған шет мемлекет өкілдерінің, жеке иммунитетпен пайдаланатын басқа адамдардың қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселе ҚК-нің 6-бабынын 4-тармағы негізінде халықаралык құқық нормаларына сәйкес шешіледі.
ҚК-нің 15-бабына сәйкес ұрып-сабағандық және азаптағандық үшін жауапкершілік жалпы 16 жастан басталады, ал денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиянды касақана келтірсе және ауырлататын мән-жайлар болса,
қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Кейбір зерттеушілер бұл жасты одан да төмен түсіруге болады деп санайды.
Мысалы, Е.О. Алауханов адам 12 мен 14 жас аралығында қылмыстық маңыздылығы бар жағдайларда өз іс-әрекетін саналы түрде басқара алуға қабілетті деп санайды [48, 45].
Бұл зерделеніп отырған қылмыстың қауіптілігін дұрыс ұғыну үшін ҚК-нің 104-және 117-баптарының санкцияларына талдау жасау керек.
Мысалы, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиянды қасақана келтіргендік үшін (104-бап) ең жоғарғы жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайды. Ауыр қылмысқа жататын азаптау үшін (109-бап) ең жоғарғы жаза - жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру кезделген. Бұл жерде мынадай қайшылық бар: денсаулыққа қарсы ауыр қылмыс үшін (109-баптың 2-бөл ігі) жауапкершілік 16 жастан, ал орташа ауырлықтағы қылмыс (104-баптың 2-бөлігі) үшін жауапкершілік 14 жастан көзделген.
Автордың пікірінше. азаптау өзінің мазмүны бойынша ауыр қылмыстар қатарына жатпайды, себебі бұл жағдайда денсаулыққа ауырлығы орташа да зиян келмейді, сондықтан да 109-баптың 2-тармағының ең жоғарғы шегін бес жылға бас бостандығынан айыруга дейін төмендету керек дейді ол. Автор азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік жасын төмендету туралы идеяны қолдамайды, себебі бұл ауыр кылмысқа жатпайды.
Профессор Е.О. Алаухановтың зерттеулеріне қарағанда, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар 25-тен 30 жасқа дейінгі адамдар арасында кең таралған екен [48, 67].
Оның басты себебі - осы жастағы адамдардың өмірінде дағдарысты жағдайлар жиі кездеседі, содан барып олардың бойында құқыққа қарсы әрекеттерге бой алдыру қасиеті пайда болады. Жастау кезінде олар қиыншылық жағдайға сирек үшырайды, ал кейін егде тартып, емір тәжірибесін жинақтаған кезде әртүрлі дағдарысты проблемаларды заңды шешу жолдарын үйренеді.
Қылмыскерлер арасында адамдардың алатын орны ерекше.
Олардың саны, ресми статистикаға сүйенсек, жыл сайын жұздеген мың. Негізінен, олар экономикасы дамыған, ірі сауда орталыктары, көлік қатынасы бар, ауыл шаруашылығы өркендеген аймақтарда көбірек.
Осыған дәлел ретінде мынадай мәліметтер келтірейік:
Экономикасы дамыған аймақтарда қылмыскерлік те етек алады. Қаладағы қылмыскерлік ауылды жерлерге карағанда жогары. Құкық бұзушылардың арасындағы кылмыстардың 80 %-ы топталып жасалады.
Қаладағы жастар арасындағы қылмыстың кең етек алуының басты себебі - оларға ересектер тарапынан жасалынған теріс ықпалдың күштілігінде, ал ауылды жерлерде жастар еңбекке ерте араласады.
ҚК-нің 78-бабына сәйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа жетпеген адам құқық бұзушы болып саналады.
Құқық бұзушылардың қылмыстық құқық бұзушы ретіндегі ең теменгі жасы - қылмыстық жауапкершіліктің ең төменгі жасы болып табылады, ол он терт жас деп белгіленген. Заң шығарушыыың пікірінше, бұл жасқа жетпеген бала езі істеген әрекетін толықтай ұғына алмайды екен. Егер Ішкі істер органдарының ұсынысы, адамдардың ісі және олардың кұқыктарын қорғау женіндегі комиссияның Корытындысы болса, сот ондай кұкық бұзған адамдарды өзінің ұйғарымымен арнайы оқу-тәрбиелеу мекемесіне жібереді.
Құқық бұзушылардың ерекшелігі сонда, ол өскен сайын оның ағзасы физиологиялык өзгеріске ұшырайды, биологиялық және әлеуметтік дамуының арасындағы алшактық арта береді. Оның психикалық және акыл-ой дамуының деңгейін анықтау кінәсінің дәрежесіне және қылмыстық жазаға елеулі әсер етеді.
Жасының қаншада екендігін растайтын құжаттар болса, оны анықтаудың қиындығы жоқ. Бұл ретте адам сол тәуліктен кейінгі күннің нөл сағатынан бастап қылмыстық жауапкершілік жасына жетті деп танылады. Егер бұл мәселені анықтауға көп уақыт керек болса, онда сот-медицина сараптамасы тағайындалады, ол материалдарды екі айға дейін қарайды. Бұл жағдайда адамның туылған күні деп сарапшылар атаған жылдың соңғы күні алынады, ал ең аз және ең көп жасты анықтағанда сарапшылар ұсынған ең аз жасқа сүйенеді.
Құқық бұзушылардың ақыл-ой кемістігін растайтын мәліметтер болған жагдайда кешенді психологиялык-психиатриялық сот сараптамасы тағайындалады. Оның мақсаты - кемістіктің бар-жоғын анықтау. Егер кұқык бұзушылардың психикалык дамуы жасына сәйкес емес деп танылса және жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (әрекетсіздігінін) когамға каншалықты қауіпті екенін ол ұгына алмаған болса, ондай күкық бұзушылар қылмыстык жауапкершілік көтермейді.
Накты қылмыстардың себептерін анықтау және жалпы Қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ұгыну үшін қылмыс субъектісінің өзін және оның бойындағы ерекшеліктерді зерделеу керек.
Қылмыскердің жеке басы проблемасы қылмыстылықтың бастау көзін зерделеуші және қылмыстық іс-әрекет тетіктерінің әлементтері қалай өзара әрекеттеседі деген сүраққа жауап іздеуші ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Қылмыстык іс-әрекет тетіктерін тусіну үшін қылмыс жасаған адамның ерекшеліктерін жан-жақты зерделеу керек. Адам - коғамдык қатынастардың нәтижесі және нысаны ғана емес, белсенділік көрсететін субъект, онда ерік бостандығы және таңдау мүмкіндігі бар, ол өз әрекетін жағдайға қарай өзгерте алады, реттеп отырады [49].
Әлеуметтік түрғыдан алғанда, зорлық пен агрессивтік қасиет - адамға айуандардан мүраға қалған табиғи қасиет. Зорлықшыл, жалпы, қоғамға пайда келтіретін оң және қоғамға зиян келтіретін теріс деп бөлуге болады, сондай-ақ құқық нормасында қарастырылған заңцы, әкімшілік және қылмыстық заңдарда тыйым салынған заңсыз деп бөлуге болады.
Сонымен қатар қылмыстық қылықты адамның объективтік формаларымен ғана түсіндіруге болмайды, себебі кісі әрекетін анықтайтын тек олар ғана емес. Қылмыстық әрекеттін себептері адамның өзінде, оның психикасында, психологиясында жатыр. Сондықтан криминология адамның жеке басының ерекшеліктерін - жасын, жынысын, мүдделерін, мүқтаждығын, мақсат-міндетін зерделейді, ол қылмыстық әрекеттің субъективтік әлементтерін айқындауға, содан барып сақтандыру жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді.
Ерте заманнан бері Қазақстанда, кейінгі кеңестік кезеңде де қоғам теріс қылықтың бәрін адамның өз басынан емес, сыртқы материалдық әлемнен, өмірдің әкономикалык жағдайынан, төңіректегі адамдардан іздеді. Мұндай көзқарас бізге қылмыстық әрекеттің алғышартын да, оның салдарын да толықтай көруге мүмкіндік бермейді. «Бұл ретте адамның табиғи негізіне мән берілмеді, ал оның езі әртүрлі мән-жайлардың туындысы ретінде қарастырылды, «ойыншық» болып қалды. Ал ойыншықтың да өзін жасағанға қарсы «көтерілуі» мумкін, онда ол басқаруға көнбейді».
Сондықтан да жеткіншек үрпақтың қалыптасу проблемасы бүгіндері бір мемлекет шегінен шықты-БҰҰБас Ассамблеясы 1959 жылы 20 қарашада қабыддаған Бала құқығының декларациясында: «Бала, күш-қуатының және ақыл-ойының жетіле қоймагандығынан, арнайы қорғау мен қамқорлықты, туғанға дейін де, одан кейін де қажетті құқықтық қорғауды қажет етеді», -деп көрсетілген. Осының негізінде біз жасалған қылмысты бағалау үшін баланың физикалық жағынанда, ақыл-ойыжағынанда қаншалықтыжетілгендігін зерделеу қажет деп санаймыз. Себебі «кез келген қылмысты адамның сол кезге дейінгі өткен өмірі, оның бойындағы теріс касиеттері анықтайды» [49].
Адамның бойында оған тән әлеуметтік сипаттар шоғырланады. Олар адамдар арасындағы қатынастарды, адамның қоғамдағы орнын, оның қоғамға көзқарасын анықтайды.
Кептеген құқықтық жүйелерде бала тәрбиесінде күш қолдануға рүқсат етілген. Отбасындағы зорлықшыл күні кешеге дейін әркімнің өз мәселесі, өздері шешеді деп саналып келді.
«Қылмыс жасаудың себептерін өз бойында алып жүретін болғандықтан, қылмыстың алдын алу үшін сол қылмыскердің жеке басына баса назар аудару керек, ол қылмыстық әрекеттің негізгі де маңызды буыны. Оның мүндай қылықка апаратын ерекшеліктері алдын алу шараларының тікелей нысаны болуға тиіс. Сондықтан да қылмыскердің жеке басы проблемасы криминологияның ең күрделі проблемаларының біріне жатады» [50, 111].
Адамды қылмыстық әрекеттерге итермелейтін тетіктерді айқындау, олардың қалыптасу кезеңінде тиісті алдын алу шараларын қолдану, олардан арылу - құқық бүзушылардың Кылмыстьшығымен күресудің оңтайлы тәсілі деп санайды көптегеи ғалымдар. Бұл ретте құқық бұзушылардың жеке басы ұгымы ерекше және жалпы, бөлік және бүтін деп карастырылады. Бұл ұғым криминологиялық әдебиетте құқық бұзушылық жасайтын субъектілердің жеке басына тән криминогендік ерекшеліктерге қойылатын жас шектеуін (14-17 жас) білдіреді. Сондықтан да зерттеушілер оны «құқық бұзушының жеке басы» ұгымына толықтай кіргізеді және қылмыс жасаған адамның бұзылған сипатын салыстыра зерттегенде кайта бөліп шығарады.
Құқық бұзатын және бұзбайтын адамдардың жеке бастарының сипаттамаларын салыстырып зерделегенде мыналар қамтылады: әлеуметтік-демографиялық және білімдік-мәдени көрсеткіштер; мұқтаждық пен мүдде; іс-қимылындағы сылтау; көңіл-күй аясы; әдептік-кұқықтык көзқарастар мен нанымдар.
Қылмыскердің жеке басының кұрылымы туралы мәселенің криминологиялық ғылымда алатын орны зор. Ол қазір көпшілік таныган теориялық шешімге ие болды.
Қылмыскердің жеке басының құрылымын қарастырғанда мынадай сұрақтар туындайды: қылмыскердің жеке басы неден тұрады; бұл ұғымды кандай белгілер, касиеттер және байланыстар жиынтығы құрайды; кылмыскердің жеке басын кұрайтын белгілер қалай топтастырылады, реттеледі. Мұның бәрі бұл мәселенің дұрыс ғылыми тұжырымдамасын тұрғызу үшін, адамды түзетудің практикалық іс-шараларын жүзеге асыру және қылмыстың алдын алу үшін маңызды.
Құкық бұзушы қылмыскердің жеке басының проблемасымен көптеген ғалымдар айналысты. Бірақ олар кебіне қылмыскердің жыныстық ерекшелігін ескермейді, тек кейбір криминологиялық зерттеулерде ғана қылмыс жасаган жас кыздардың жеке басына талдау жасалган.
«14-17 жастағылар тобында «криминалдық белсенділік» көрсеткіші жас ұлғайған сайын өседі» деген пікірге біз де қосыламыз. Әртүрлі жастағы құқық бұзушьшар жасаған қылмыстық әрекеттер құрылымдарының бірдей еместігін біздің зерттеулеріміз де корсетіп отыр. Жас үлғайған сайын мүліктік сипаттағы кылмыстар саны азаиып, бұзакылық қылмыстар көбейеді екен. 17 жастағылардың қылмыстары өздерінің ұжағынан ересектердің қылмыстарына жакын; есейген сайын маскүйде жасалынатын қылмыстар саны кебейді.
Зерттеу нәтижесінде біз басқадай түжырымға келдік. Мысалы, зорлықшыл қылмыстарды баскаларға қарағанда 15 жастағылар көп жасайды екен (86 немесе 43 %). Сауалнама көрсеткендей, бұл жастағы жасөспірімдер қылмыстың денеге қасақана ауыр жаракат салу сияқты түрінен басқаларының бәрінде зорлықшыл қылмысты жиі жасайды. Екінші орында 16 жастағылар (66 немесе 33 %), 14 жастағылар үшінші орында (39 немесе 19,5 %) және одан кейін 17 жастағылар (9 немесе 4,5%).
Еркек зорлау және бұзақылық жағынан да 15 жастагылардың өзіндік үлесі ең жоғары (71,4 және 57,1 %), ал олардың тонау мен қарақшылық жасаудағы көрсеткіштері де жогары (47,4 және 49%). Кісі өлтіруде және денеге касақана жарақат салуда 14 жастағылардың өзіндік үлесі жоғары (25,8 және 26,7%). 16 жастағылардың жиі жасайтын қылмыстары: денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру (43,3 %), қарақшылық шабуыл (34 %) және кісі өлтіру (32,2 %). 17 жастағыларға бүзақылық (14,3 %), кісі өлтіру (6,5 %) және әйел зорлау (9,5 %) тән.
Осы айтылғандарды корыта келе, біз жасөспірімдердің ең криминогендік тобы 16-17 жастағылар деген пікірдің дұрыс екендігіне күмән келтіреміз.
Адамдардың әлеуметтік сипаттамасын беруде оның жалпы білім деңгейін білгеңдіктің маңызы зор. Адамның дұрыс өмір жолынтаңдауындағы, кұндылық бағдарды дұрыс аныктауындағы, мінез-құлықтың, дағдылардын қалыптасуындағы білімнің атқаратын релі ерекше.
Бірқатар криминологиялық және педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, кәмелетке толмай қылмыс жасағандардың оннан бір бөлігінде ғана жасына сәйкес келетін білім бар екен, ал қалғандары өз қүрбыларынан 1-2 сынып (кейбіреулері одан да көп) кеш қалған. Ал мүндай жағдай жасөспірімнің жүріс-тұрысына да, мінез-құлқына да едәуір теріс ықпал тигізеді, олар көбіне мектепті тастап кетеді немесе сыныпта екінші жылға қалып қояды. А.И. Ильяшенко жүргізген зерттеулерге сүйенсек, «кәмелетке толмай қылмыс жасағандардың 40,4%-ы қылмыс жасағанға дейін оқуды тастап кеткен, ал 16,6 %- екінші жылға қалған» [46].
Г. М. Миньковскийдің нәтижелері бойынша, екінші жылға қалғандар үлесі 1%-дан 7%-ға көтерілсе, құқық бұзушылардың қылмыстылығы екі есе, оқушылар арасындағы қылмыстылық үш есе артады екен [20,56].
Алматы облысы мен Краснодар өлкесі ІІББ-ның статистикалық мәліметтерін талдап (1999-2003-2005 жылдарғы) біз кәмелетке толмай зорлықшыл қылмыс жасағандардың білім деңгейіндегі кейбір ерекшеліктерді айкындадық. Мысалы, 1999 жылмен салыстыр-ғанда 2003 жылы осы санаттағы жастардың ішінде білімі жоқтар үлесі көтерілді (2,9 %-дан 3,2 %-ға), және керісінше, орта кәсіби білімі барлар азайды (2,8 %; 3,7 %). Ең жоғарғы өзіндік үлес толық емес орта білімі барларда (36,1 %), екінші орында - жалпы орта білімділер, үшінші орында - бастапқы білімі барлар (22,5 %). Әйел зорлаған және сексуалдық сипаттағы зорлықшыл қылмыс жасаған адамдардың жартысынан көбісінде бастапқы білім болған. Талданып отырған уақыт аралығында ҚК-нің 132-бабында көзделген әрекетті жасаған адамдардың 40-50 %-ында бастапқы білім, ал 1999-2002 жылдары әйел зорлағандарда негізінен толық емес орта білім бар және де бірінші жағдайда олардан кейін тек бастапқы білімі барлар түрса, екінші жағдайда орта білімі барлар түр (25-30 %). Тонаушылар мен бүзақылардың білім деңгейі біршама жоғары - 45-55 %-ында жалпы орта және толық емес орта білім бар.
Бұл адамдардың бір ерекшелігі - оқуға ынтаның жоқтығы. Зорлықшыл қылмыс жасағаны үшін сотталып, Алматы және ОҚО-дағы тәрбие колонияларында жаза етеп жатқандарға таратылған сауалнамалардың нәтижесі мынаны көрсетті: 153 респондент (76,5 %) мектепке зорға барып жүрген, 84 %-ы үшке, 37 %-ы - 4-ке, 12%-ы - 2-ге және 4 %-ы - 5-ке окыған [51].
20-жылдардың зерттеулерінің өзі мұны «баланың ақыл-ой кемістігінен емес, оларга білім жайында дұрыс тәрбие бермеуден» деп есептеген. Оқуға ынта жоғалған сайын балада басқадай әрекетке қызыгушылық пайда болады.
Еңбекке қабілетті жас еңбекпен айналыспаса, ал оқу жасындағы бала оқымаса, ол емір сүруге қаражат таппайды және бос уақытын қайда жіберерін білмейді, лажсыз көп жағдайларда құқыққа қайшы әрекетке барады, себебі ол әлеуметтік бакылаудан және ұжым ықпалынан тыс қалады.
Алматы облысы соттарының 2000-2003 жылдардағы құқық қолдану практикасына жасалған талдамаға жүгінсек, еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын, зорлықшыл қылмыс жасағаны үшін сотталған құқық бұзушылардың саны осы кезеңде 262-ден 330-ға дейін өскен, ал олардың барлық зорлықшыл қылмыскерлер арасындағы үлесі 45,6 %-дан 46,1 %-ға дейін артқан. Бірақ, не оқымайтын, не жұмыс істемейтін сотталғандар саны 30,2 %-ға кеміген (2003 жылы -952, 2000 жылы- 1364).
Адамдардың жеке басы ұдайы даму кезеңінде болатындықтан, бұл кездегі еңбек немесе оқу қызметі, айналысатын істің сипаты оның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Сол себепті құқық бұзушы қылмыскерлердің айналысатын ісі туралы мәселені зерделеу әрбір зерттеушіні әлеуметтік өмірдің қандай да бір процесіне немесе құбылысына жолықтырады, олар жас ұрпаққа қалайда не оң, не теріс ықпал жасайды.
Зерттеу барысында біз адамдарды айналысатын істеріне қарай уш топқа бөлдік: оқитындар, жұмыс істейтіндер және тұрақты табыс көзі жоқтар. Басқа зерттеушілер алған мәліметтерде кәмелетке толмай қылмыс жасагандар ішінде бірінші орында - оқушылар, екінші орында - жұмыс істейтіндер, ушінші орында - не оқымайтын, не жұмыс істемейтіндер тұратыны көрсетілген.
Ал тәрбие колонияларында жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің 26 %-ы - оқушылар, 62 %-ы - тұрақты табыс көзі жоқтар, 12 %-ы - жұмыс істейтіндер. Бұл санаттағы адамдардың оқу-өндірістік, бос уақыт өткізу бағдары, әсіресе олардың реттілігі едәуір бұрмаланған. Құқык бұзушы қылмыскерлердің оқуда және еңбекте табысқа жету талпыныстары басқа қажеттілікпен - құмар ойынмен, музыкамен, ішімдікпен, есірткімен және басқалармен алмастырылған. Респонденттердің 90 %-ы өздерінің бос уақытын былайша өткізеді екен: 71 %-ы - спортпен, 15 %-ы - «қызғылықты жұмыспен» және 4 %-ы - кітап оқумен айналысады.
Адамдардың спортпен айналысуында да өзінше ерекшелік бар. Құқық бұзбайтын адамдардың спортпен айналысуы, тәртіп, режим сақтауды керек ететін іс болса, құқык бұзушылардың спорты - ешқандай шектеуді білмейтін көңіл көтерушілік .
Құкық бұзушы қылмыскерлердің қызығушылығының дамуы кері бағытта жүреді: бос уақыт өткізіп жүргенде бір нәрсеге қызығушылык туындайды, ол дағдыға айналады, ары қарай әлеуметтік-теріс мұқтаждык пайда болады, оны қоғамға қауіпті, зорлықшыл тәсілмен қанағаттандыруға тура келеді. Табиғатта бос кеңістік болмайды, «игілікті іс» болмаған жерге қалайда «жамандық» келеді. Жастардың келешекте қандай адам болатындығы олардың кіммен араласатындығына көп байланысты.
«Кейін қылмысқа барған жасөспірімдер кезінде қоғамға жат қылықты адамдармен араласқан. Соларға еліктеген, олардың «батыл» әрекеттерін үлгі тұтқан, олардан алған «тәрбиесі» бойдагы қасиетке негіз болып қаланған»,- дейді Р.Т. Нұртаев [52, 138].
Р.Т. Нұртаев пікірінше, «құрбылары «шеттеткен» жасөспірім ол жағдайынан арылу және өзіне сырлас кұрбы табу үшін өзі сияқты «шеттетілгендермен» формальды емес байланыска кіреді. Отбасын, мектепті, өндірістік ұжымды, қоғамдық ұйымдарды, әдепті құрбыларын мойындамайтын, «тәрбиеге көнбейтін» жасөспірімдер өзара жақындасады. Олардың тағдырлары да, мінез-құлықтары да, көздеген мақсаттары да ұқсас. Мүндай бірін-бірі айтпай танитын жасөспірімдердің өзара тіл табысуы оңай» [52, 139].
Бұл жерде мынадай заңдылық бар: жасөспірім мен ересек кісі арасындағы қатынас бүзылған сайын, ол өз кұрбыларымен арадағы қатынасты нығайтады, оларга оның тәуелділігі артады, ересектің назарынан тыс қалады.
Біздің зерттеулеріміздің деректеріне сүйенсек, қогамда қабылданған құндылықтар мен біз қарастырып отырған жастар бағдар алған кұндылықтар арасында алшақтық бар. Өздерінше серіктестік қүрған, жүріс-түрыстары ортақ адамдардың мүдделері бүлар үшін өте маңызды. Мысалы, топтасып зорлықшыл қылмыс жасаған 150 респонденттің 86-сын (51 %) топқа қүрбылары, 64-ін (37,8 %) ересектер алып келген, 7-і (4 %) басқаларды топқа өздері тартқан.
А. Н. Ильяшенконың пікірінше,»кәмелетке толмай зорлықшыл қылмыс жасағандардың бойындағы бір ерекшелік - олардың өнегелік және мақсаттық бағдарының ауытқуында жатыр. Оны олардың алга койған максаттарынан, оларға кол жеткізу үшш таңдаған тәсілдерінен аңғаруға болады» [22].
Біздің зерттеулер көрсетіп отырғандай, құқық бұзушылар, негізінен, өздерінің ата-аналары жататын топқа сәйкес мамандықты игергісі келеді екен.
Мүндай кәмелетке жетпегендердің құқықтық санасының деңгейін олар жасаған әрекеттің әлеуметтік және кұқықтық маңыздылығынан байымдауға болады. Олардың жасаган зорлықшыл қылмыстардың сипатына қарап, өз істерінің заңға кайшы және қоғамға кауіпті екендігін олар үғынбайды деу киын. Қылмыстық жауапқа тартылу - олардың көпшілігі үшін күтпеген оқиға болмады. Қылмыстық Кодекстің нормаларын олар жатқа біледі, сауалнамадағы сүрақтарға жауап бергенде өздеріне тағылған қылмыстың құрамын ғана емес, оның заңның қай тобында кезделгеніне дейін көрсеткен.
Құқық бұзушы қылмыскердің құқықтық санасы қоғамға кауіптілікті үғыну және құқыкка қайшылықты үғыну сияқты формаларда керініс табады. Олар не істеп, не кою керек екенін жақсы біледі. Басқа сезбен айтқанда, құқық бұзушы
өз әрекетінен кандай құқықтық салдар туындайтынын және мемлекет пен қоғам тарапынан оны қандай жаза күтіп тұрғанын толык үғады. Олай болмаган жағдайда олар қылмыс жасау пиғылынан тез арылған болар еді. Мысалы,
сүралган 62 респондент (31 %) қылмыс жасағаны үшін бұрын да қылмыстық жауапка тартылған, 192 респондент (59 %) - қылмыстық жауапкершілік жасына жеткенше қылмыс жасаған, оның 130-ы сауалнама тараткан кезде
зорлықшыл қылмыс жасағаны ушін түрмеде отырған. .
Қоғамға жат қылықтардың кыздар бойына да сіңіп Қалғандығын олардың кобісінің неше қайтара сотты з болғандыгы көрсетіп отыр. Мысалы, Ресей криминологы А.Н. Ильяшенконың мәліметтеріне қарағанда, колонияда , отырған қыздардың 45,7 %-ы - екінші рет, 3,0 % - үш және ; одан кеп рет сотты болғандар. Олардың 24,9 %-ы - 14 жасқа ; Дейін, 50,6%-ы- 14-15 жаста, 24,1 %-ы - 16-17жаста алғаш Рет сотталғандар [22].
Біз зерттегендердің 71%-ы өз кемшіліктеріне мән бермейді. Ал кісі өзіне сын көзбен карамай, өз кемшілігін ешқашан жоя алмайды .
Ғалымдар белгілердің екі тобын - объективтік және субъективтік топтарды бөліп алады, олар баланың немесе жас өспірімнің эмоциясыменіс-әрекетінің саналы мақсаттарға, ата-ана мен қоғам құйған өнегелік стереотиптерге толықтай бағынбайтындығын көрсетеді. Құқық бұзушылардың кісі өлтіргенде аса қатыгездік көрсетуінің себебі неде, сырт қараған кісі бұл «садистің» немесе «маньяктың» ісі, мұнда еш зандылық жоқ дер еді. Бірақ мұнда заңдылық бар, ол жасеспірім бұрындары басынан өткерген қиындықтар мен күйзелістердің көрініс табуы.
«Қандай адамның болсын - сау адамның да, патологиясы бар адамның да қалыптасуында қоғамдық-тарихи тәртіп зандылыктарының рөлі зор. Әйгілі психиатриялық мектеп өкілі жасаған бұл анықтамада екі маңызды позиция бөліп алынған: жеке баста болып тұратын өзгерістер, олардың денсаупық пен сырқат арасындағы тербелісі, сондай-ақ қоршаған әлеуметтік ортамен байланыс».
Кәмелетке толмай зорлықшыл қылмыс жасаушының бойында ұятсыздық, ұстамсыздық, қатыгездік, агрессивтік қасиеттер болады. Ол өз әрекетінде осалдылық емес, қайраттылық танытады.
Жалпы құқық бұзушылардың қылмыстылығының, оның ішінде адамдардың зорлықшыл қылмыстылығының, адамның жеке басына қатысты аспектісінің ерекшеліктері ең алдымен, психологияның бұл жасқа (14-18) тән кейбір сипаттарының көрініс тауып дамуымен, сондай-ақ калыптасып келе жатқан тұлға мен қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттестіктің сипатымен байланысты.
Қоршаған ортадагы әлеуметтік белсенділік, келеңсіз факторларға қарсы тұру қабілеті барлық адамдарда бірдей емес. Мысалы, адамдардың әлеуметтік белсенділігі елеулі шектеледі — олардың ортамен өзара әрекеттесуінің түрін, формасын және шегін ересектер белгілейді. Жасөспірім отбасын, мектепті, тәрбиешілерді өздері таңдамайды, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан олар дербес емес, сондықтан олар өздерінің ортамен байланысын ересектердің көмегінсіз үзе алмайды. Олардың әлеуметтік даму кезеңі қысқа. Олар сыртқы жағдайға онша көңіл бөлмейді, оны дұрыс бағалай алмайды, бұл да кейбір кездерде олардың қылмыстық әрекеттерінен көрініс тауып қалады. Қылмысқа бейімділік жастардың барлыгының бойынан табылғанмен, олардың кейбіреулері ғана ондай әрекетке барады. Сондықтан да олардың қылығына ортақ түсініктеме беруге болмайды.
Агрессия ұғымы күрделі, оған ғылымда нақты анықтама берілген жоқ. С. И. Ожегов сөздігінде «агрессивтік» жауап алу дегенді білдіреді Күнделікті өмірде «агрессия» біреуге қорлық көрсету немесе зиян келтіру мақсатында оған қастандық жасау ұғымын береді. Агрессия кезінде дөрекілік, қатыгездік, мейірімсіздік орын алады, әрекет сипаты коғамдық нормалармен сыйыспайды. «Агрессия» ұғымы іс-әрекеттің форма мен нәтижелері жағынан әртүрлі актілерін біріктіреді - әлеуметтік психологияда да, заңтану ғылымында да көзделген ащы калжыңцар, өсексөздер, кастандықойларжәнет.б. агрессияға жатады. Адамның сәтті өміріне қол сұғу да агрессия болып табылады. Дөрекі, өрескел, намысқа тиетін сөздер айту агрессивтік мінез-кұлықты көрсетеді. Мұндай сөздер агрессивті әрекеттерден де ауыр әсерін тигізеді [28].
Зорлық агрессияның синонимі емес, дегенмен олар бір мағынадагы ұғымдар. Біреуге қастандық ниетпен жасалған агрессивті зорлықшыл қылмыстарда жәбірленушіге физикалык және психикалық зиян келтіру, тіптен оны жойып жіберу сияқты ой болады.
Агрессия дегеніміз-басқа объектіге зиян келтіретін белгілі бір әрекет. Агрессивтік - баскаға катысты агрессия жасауга дайын тұрушылық» [53, 167].
Кейбір зерттеушілер адамның зорлықшыл қылмыс жасаудағы негізгі мұқтаждығы ортаның агрессиясынан қорғану деп санайды.
Агрессияның казіргі концепцияларының бірі - әлеуметтік үйрену теориясы. Күнделікті агрессивтік іс-әрекеттердің отбасындағы, субмәдениеттегі және ақпарат құралдарындағы үлгілерін ұдайы керсетуде. «Агрессия - әлеуметтенудің бұрмаланған процесінің нәтижесі, ата-ананың балаға қатыгез болуының салдары»,-дейді А. Бандура. Адамдардың зорлықшыл іс-әрекетінің сипатын анықтайтын «керемет» үлгілер мен нормаларды, міне, солар береді.
Отбасында балага аса қатал болу проблемасын зерттеген В. И. Кудрявцев «агрессивтіктің шектен тыс дамуы адамның бар болмысын анықтай бастайды, оған дау-дамайға бейімділік береді, әлеуметтік және клиникалық патологияға алып келеді. Агрессивтікте әлеуметтік те, табиғи да сипат бар, ал қатыгездік тек әлеуметтік қана», - дейді ол.
Зорлықшылықты сырттай керіп, одан соң өз басынан өткерген жасөспірім оның тиімді тәсіл екендігіне көзін жеткізеді. Ал оны практика жүзінде іске асыру, негізінен, формальды емес ортада болады.
Қатыгезд ік - аса қаталдық, аямаушылық, солардың шектен шыкқан көрінісі. Қатыгез - жаны ашымайтын, аяушылықты білмейтін, айуандық жасайтын адам. Басқа сөзбен айтқанда, қатыгездік дегеніміз - басқаның жан күйзелісіне көңіл бөлмейтін, оны қинауды, қорлауды мақсат тұтатын кісі бойындағы жаман қасиет. Міне осындай қасиет бала бойына отбасындағы зорлық нәтижесінде ұялайды. Ата-ана баланы ұрып-соққанда агрессия да, қатыгездік те бала бойына біртіндеп жинақтала береді, ол сырт көзге ұяң, әдепті болып көрінгенмен, бұл теріс қасиеттер керек уақытында оянуы мүмкін. Зорлық көрген балалардың көбісінде патологиялық ауытқулар болады.
Біздің ойымызша, бұл екі қасиетте де табиғи тамыр болуы мүмкін, ол адам тәрбиеленген ортага қарай әлеуметтік даму алады. Мұның, әсіресе, балаларға қатысы бар.
Агрессия - адам бойындағы айуандық қасиет, ол оның жеке басындагы мәдениеттілік, өнегелік, көрегендік сияқты қасиеттермен тежеліп тұрады. Ал бұл аталған қасиеттердің барлығының жиынтығы, кейде, мысалы бір әділетсіз агрессормен күресте, пайдалы болуы да мүмкін.
Ғалымдардың пікірінше, агрессияның көрініс табуы әрқилы және ол жасқа және әлеуметтік жағдайларға байланысты факторлардан, психикадағы едәуір ауытқушылықган туындайды.
Агрессивтікті патологиялық және патологиялық емес Деп бөлудің де практикалық маңызы бар. Патологиялық агрессия адамның психикалық көңіл-күйіндегі өзгерістер нәтижесінде пайда болады, ол зорлықшыл іс-әрекетке басқадай сипат береді. Психиканың патологиялық өзгеруінің деңгейін көрсететін белгілерге мынадай ауытқу топтарын жатқызамыз: бойда ашу туғызған агрессивті іс-әрекет; өшпенділіктен туындаған, өш алуды мақсат түтқан агрессивті іс-әрекет; біреудің жан-тән күйзелісінен қанағат алатын садистік агрессия.
Ата-ананың балаға мейірімі түспесе, оны қамқорлықтан, еркелетуден айырса, оның психикасында қандай да бір алаңдаушылық, үрей пайда болады, ол өзін «қайда қоярын білмейді», төңірегіндегілердің қастандығын, тіптен агрессивтігін сезінеді ,- дейді Ю.М. Антонян. Міне осының бәрі оның бойында үялап қалады, нәтижесінде одан кісі өлтіргіш те шығуы мүмкін. «Бірақ кейбіреулердің бойына мүндай қасиет туа бітуі де мүмкін, олар қоршаған ортаға қауіптене қарап, байсалдылығын тез жоғалтып алады» [39, 89].
Сауалнама таратылған адамдардың жауаптарына қарағанда, бірқатар отбасыларында психикалық және физикалық зорлық, қорлау, намыс таптау болған, ол жасөспірім мінезінде теріс із қалдырған.
Баланың отбасынан қол үзіп қалуы ата-ананың кінәсынан, кейде олардың баламен айналысуына уақыт таппагандығын болады. Нәтижесінде балада тұйық мінезділік пайда болады, ол дұрыс қоғамнан, оның нормаларынан шет қалады, өзі сияқтыларды табады. Мүндай шетқалуды ғалымдар «әлеуметтік аномалияның» шеткі формасы деп атайды.
Агрессивті патологиялық мінез-құлықты қарастыру агрессивті импульстер кұрылымы мен даму динамикасын талдауға негізделеді. Агрессивтік пен қатыгездік әтика нормаларын өрескел бүзатын әрекеттер қатарына жатады, ал ол онтогенетикалық даму жолының өзгеруінің, нақты адам өмірінің калыпты бағыттан ауыткуының нәтижесі. Ауыр агрессивті әрекет орын алған әрбір жағдайды зерттеу бұл патологияның ерте жастан бері және әртүрлі кезеңдердегі керініс беру себептерін айқындауға мүмкіндік береді.
Криминолог-ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда, , зорлықшыл қылмыс жасаған жасеспірімнің өзіне деген. н тікелей әмоционалдық көзқарасы теріс сипатта болады, ол уақытша ішкі қақтығысты және оның кұқық бұзуға, сот-тергеу жүйесіне реакциясын бейнелейді. Сонымен қатар оның күш арқылы өзін көрсету ұмтылысы, тәуекел істерге бейімділігі оның іс-әрекеттеріне шынайы бағыттылық береді. Бұл бағдардың басқа адамдармен, әлеуметтік кұндылыктармен эмоционалдық байланысы мықты емес. Бұл жағдайды құқық бұзушы жасөспірімдердің психикасын түзеу жұмыстарында ескерген жөн. Олардың өздеріне деген қайшылықты көзкарасын пайдалана отырып қалыптасқан пікірді, мақсатты бағдарды өзгертуге болады
Балалар мен жеткіншектер агрессиялары әртүрлі, - дейді зерттеушілер. Жеткіншек шакта агрессияның барлық формалары өзгереді екен. Мысалы, 10-11 жасар жеткіншектерде (балалардікі сияқты) күш көрсету агрессия басым болады, ал 14-15 жаста агрессияның ауызша формасы алдыңғы қатарға шығады. Өкінішке орай, агрессияның деңгейлері мен формаларының, көрініс табу дәрежесінің қылмыстық жауапкершілік жасына жетпегендердің, 14-15 және 16-17 жасар жеткіншектердің жеке басын сипаттайтындай стандартты көрсеткіштері жок. Іс-әрекетінде агрессивті реакция басым болып келетін жастар әлі жетіле қойған жоқ. Бірақ ол жеткіншектердің «орынды» агрессивтігі мен келеңсіз сипаттағы «нағыз» агрессивтіктің г арасындағы айырмашылықты айыра алған жөн. Бұл жерде кұқық бұзылған жагдайды және ондағы жеткіншектің мінез-кұлқын дұрыс бағалай білудің маңызы зор.
Агрессивті қылмыстардың қалыптасу мәселесін адамның жеке басының даму процесімен байланыста қарау - сақтандыру шараларының ауқымын ұлғайтуға және агрессияның басқадай да себептерін айқындауға мүмкіндік береді. Агрессивті үмтылыстың бүл онтологиялық тетігін сандық жағынан да, сапалық жағынан да қарастыру керек. Онтологиялық шындықтың сандық белгі бойынша бұзылуы адамның өзіне деген қатаң пікіріне компенсаторлық реакция ретінде немесе мінез-құлықтың стереотиптік әлеуметке қарсы бағытының калыптасу нәтижесі ретінде пайда болады. Бала ұйден кетеді, каңгып жүреді, нәтижесінде ол қылмысқа барады. Онтологиялық шындықтың бұзылуының сандық түрінің ықпалына ұшыраған балада оған қажетті қамқорлық, ақпарат-білім болмайды. Нәтижесінде оның сыртқы ортамен байланысы нашарлайды, оны қоршаған шындық оның санасында өз бағасын ала алмайды.
Бала сыртқы әлеуметтік түрткіге дұрыс жауап қайтара алмайды. Онтогенетикалық шындықтың сапалық белгі бойынша бұзылуын анықтау да, түзету де оңай емес. Бұл жерде балаға оң ыкпалдың азаюы ғана емес, сол ықпалдың бұрмалануы да орын алады. Ата-ананың балаға ықпалы күшті және ұзақ уақыт болса, сондай-ақ ол ықпал баланың іс-әрекетіне орынсыз тыйым салумен, оның ынтасын басумен байланысты болса бұл да онтогенетикалық шындықтың бұрмалануына жатады.
Қылмыскердің кім екенін тану үшін алдымен қылмыс сылтауын зерттеу керек, себебі сылтаудан сол адамға тән көп ерекшеліктерді табуға болады. Б. С. Волковтың пікірінше, «тек сылтау ғана ой мен ерікті, сана мен әрекетті біріктіреді, іс-әрекетіне бағыт, мазмұн береді». Құқық бұзушылардың қылмыстық әрекетіндегі сылтауды зерделей отырып, қылмысты дұрыс саралауға, қылмыстың алдын алу шараларын ұғымды ұйымдастыруға мүмкіндік аламыз [34,160].
«Сылтау» дегеніміз - адамның жасалатын әрекетке ішкі нанымы, соған субъективтік ынтасы, онда кісі мұқтаждығын қанағаттандырумен байланыста болатын қозғаушы күш бар.
Азаптаудың 50%-нан астамын мас адамдар жасайды, бірақ олар ҚК-нің 18-бабына сәйкес жауаптылықтан босатылмайды.
Профессор Е.О. Алаухановтың зерттеуі бойынша, денсаулыққа қастандықтың 47,1 %-ын адамдар мас күйде жасайды екен. Олар болар-болмас нәрсені дардай етіп, соған кірісіп кетуге бейім тұрады, өкпе, кек алу, қызғаныш сияқты теріс қасиеттер оларда тез оянады. Олардың өз әрекетін бағалау қабілеті де кемиді [48].
Мас адамда ұстамдылық қасиет азаяды. Ол қылмыс жасауға бейім тұрады, оған бәлендей бір сылтаудың керегі жоқ. Ойына келген қылмыстық ниетін тез жүзеге асыруға асығады, әрекетінде агрессивтік сипат басым болады.
Ұдайы ішетін маскүнемдер отбасы мүшелерінің, туыс-таныстарының жүйкесін тоздырады, қақтығысты жағдайға әрқашан да ұйытқы болады.
Азаптау субъектісінің бойындағы қажетті заңдық белгі - оның ақыл-есінің дұрыс болуы.
Адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты мен қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін ұғына алса және оны басқаруға кабілеті болса, онда ол есі дұрыс деп танылады. Ал, заңда белгіленген тәртіп бойынша, есуас деп танылған адам қылмыс субъектісі бола алмайды. Eсуастықты «сырқаттан психикасы бұзылған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босататын жағдайлардың жиынтығы» деп санайды [35, 186].
Қылмыс жасаған сәтте ҚК-нің 109-бабы бойынша «есуас» деп танылу үшін екі критерийдің жиынтығы: бір зандық, бір медициналық критерийдің болуы қажет.
Заңдықтың өзінде екі критерий бар:
а)адамның өз әрекетінің (физикалық және психикалық зорлық әрекетінің) сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алу қабілетінің жоқтығы;
б)адамда өз әрекетін басқару мүмкіндігінің болмауы.
Бұлардың біріншісі - адамның санасымен, екіншісі -еркімен байланысты.
Медициналық критерийлерге мыналар жатады:

  • психиканың салдарлы бұзылуы (есалаң, қояншық);

  • психиканың уақытша бұзылуы (патологиялық мастық);

  • ақыл-ойының кемістігі: олигофрения, имбецилдік;

• психиканың басқадай да сырқаттық күйі (уланып қалғандықтан, жарақат алғандықтан психикада болған өзгерістер).
Медициналық критерийлер болмаса да, заңдық критерийлердің болуы - есі дұрыс деп санауға негіз бола алады, ондай адам ҚК-нің 18-бабына сәйкес «ішімдік, есірткіге немесе ақыл-естен айыратын басқадай затқа мас болып қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік кетереді».
Жарым-жартылай есі дұрыс адам есуас деп танылмайды, ол жайында ҚК-нің 17-бабының 1-белігінде былай делінген: «Қылмыс жасаған кезде психиканың уақытша бұзылуы себепті өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты мен қаншалықты қауіптілігін толықтай ұғына алмаған не өзін өзі басқара алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапкершілік көтереді».
Қылмыстың арнайы субъектісінің маңыздылыгы да едәуір. Ол мынадай нақты белгілермен сипатталады:

  • адамның кәсіптік мәртебесі, онда кәсіптік міндеттердің болуы;

  • адамның қызметтік мәртебесі, онда заң немесе арнайы ереже жүктеген қызметтік міндеттің болуы;

  • жоғары медициналық білім болмағандыктан адамдағы теріс білім мәртебесі;

  • бірнеше қылмыс жасап, бірақ олардың ешқайсысы үшін де сотты болмаған адамның криминалдық мәртебесі;

  • бұрын жасаған кылмысы үшін сотты болған адамнын криминалдық мәртебесі және т.б.

Бірақ бұл белгілер қылмыстың қарастырылып отырған құрамына тән емес. Автордың пікірінше, ҚК-нің 109-бабында көзделген қылмыстардың арнайы субъектісін бөліп алуға және сол баптың 2-бөлігін қылмыс жасаған адамды сипаттайтын мынадай саралаушы белгілермен толықтыруға негіз бар.
«Сол әрекетті:
• жас сәбиге қатысты, сондай-ақ оның көзінше жасаған ата-ана, қамқоршы;
• айыптыны тәрбиелеумен айналысқан ата-анаға, қамқоршыға қатысты жасаған адам, - ... жазаланады».
Мұндай толықтыру енгізу туралы ұсынысты респонденттердің 48%- ы қолдады. Мораль және әтика тұрғысынан алатын болсақ мұндай қылмыс жасаған адамда ешқандай адамгершілік жоқ екендігін көреміз. Және де, өз баласынан жәбір көрген ата-ана баласын дұрыс тәрбиелей алмағандығы үшін қосымша психикалық күйзеліске ұшырайды.
Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз - адамның өзі жасаған әрекетіне және одан келген салдарға психикалық кезқарасы болып табылады. Қылмыс кұрамының бұл әлементін анықтау оңай емес, сондықтан бұл проблемаға отандық қылмыстық құқық теориясында көптеген ғылыми еңбектер арналған. Бұл әлемент қылмыскердің санасы мен еркінің арасындагы байланысты көрсетеді [18].
Субъектінің - қылмыс жасаған адамның санасында ететін психологиялық процестерді кінә, сылтау, адамның қылмыс жасаған кездегі көңіл-күйі сияқты белгілер арқылы ашуға оолады. Бұдан біз 109-бапта көзделген қылмыстардың субъективтік жағы бір міндетті белгімен - кінәмен және үш факультативтік белгімен - сылтау, мақсат, эмоциямен сипатталатындығын көреміз.
ҚК-нің 9-бабына сәйкес, қоғамға қауіпті әрекет жасағаны (әрекетсіздігі) және оның қауіпті салдары үшін кінәлі деп танылған адам қылмыстық жауапкершілікке тек сол кінәсі үшін тартылады. Кінәсіз зиян келтіргендік үшін жауаптылық болмайды.
Қылмыстық құқықтың жалпы теориясында кінә екі формада берілген:

  • қасақана;

  • абайсызда.

Бірінші формада басымдылық бар. Ол заң мәтінінде де, нақты емірде де екіншіге қарағанда жиі кездеседі.
Сондықтан да қасақана жасалатын қылмыстық әрекет абайсызда жасалатынға қарағанда жан-жақты зерттелген, тіптен ҚК-нің 20-бабында тікелей және жанама қастандық ұғымдары бөлек-бөлек қарастырылган.
«Егер Заң мәтінінде кінәнің формасы қылмыстың негізгі құрамында немесе саралаушы салдары бар құрамда көрсетілмесе, онда кінә бір құрамда тек қасақана немесе басқа құрамда қасақана және абайсыз болуы мүмкін. Қылмыстың әр құрамына қатысты кінә қылмыстық заңға түсініктеме беру арқылы, объективтік жағының ерекшеліктері ескеріліп анықталады».
Қасақана қылмыстардың кейбір құрамдарын қарастырғанда заң шығарушы олардың анықтамасын қасақана деп бермейді. Мысалы, ҚК-нің 109-бабының 1-бөлігі азаптауды ұдайы ұрып-соғу арқылы немесе басқадай зорлық әрекеттермен күш қолдану және психикалық күйзеліс әкелу деп қарастырады, кінәнің формасын көрсетпейді [54, 23].
Зорлықты әрекеттің абайсызда жасалуы мүмкін емес, ал қылмыстық салақтықтан зиян келтірген іс-әрекет зорлықты қылмысқа жатпайды.
ҚК-нің 20-бабының 1-бөлігіне сәйкес тікелей немесе жанама ниетпен жасалған іс-әрекет - қасақана болып табылады. Азаптау тек тікелей ниетпен жасалады. Бірнеше қылмыстық іс материалдары азаптаудың басым көпшілігі (89,7%) ұдайы ұрып-соғу арқылы болатындығын көрсетті.
Қылмыстық құрам әртүрлі болғанмен жәбірленушіге ықпал етудің бірдей тәсілі тікелей ниетпен де, жанама ниетпен де жүзеге асырылады. Бұл ойды негіздеу үшін тікелей және жанама ниетті азаптауға байланысты зерттеу керек.
Қылмыстық құқықтық әдебиетте кінә адамның езі жасаған қылмысы мен оның салдарына психикалық көзқарасы деп анықталады. Адамның санасы мен еркі кінәнің әлементтері болып табылады. «Қоғамға қауіпті әрекет пен әрекетсіздік қылмыстык әрекеттің қоғамға қауіптілігін танытатын объективтік белгі болып табылады. Сондықтан да кінәнің формәсы сол белгіге интеллектуальдық және еріктік көзқараспен анықталады». Бұл қылмыстың формалдық құрамына тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет