Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………3
1 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ (АЗАПТАУДЫҢ) ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕГІ (СИПАТТАМАСЫ)………..………………6
1.1 Адамның жеке басына қарсы қылмыстар (азаптау) туралы заңдардың дамуы…………………………………………………………………………………6
1.2 Адамға қарсы зорлықты қылмыс ретінде азаптау ұғымына және оның белгілеріне қазіргі көзқарас ……………………………………………………….11
2. АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ………....25
2.1 Азаптаудың объективтік белгілерінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы………………………………………………………………………...25
2.2 Азаптаудың субъективтік белгілерінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы...............................................................................................................33
2.3 Азаптаудың саралаушы белгілерінің сипаттамасы ………………………….47
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………..56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….58
КІРІСПЕ
Зерттелетін дипломдық жұмыстың өзектілігі. Зорлық көрсету қылмыстарын, атап айтқанда, азаптауды зерттеуге және оның алдын алу, одан сақтандыру проблемаларына арналған. Жұмыста зорлық көрсету қылмыстарының әлеуметтік-құқықық тегі зерделенген, оларға қылмыстық-құқықтық сипаттама берілген, оларды жасаудың тетігі, қылмыскер мен жәбірленуші арасы ашып қарастырылған.
Жаңа Қылмыстық Кодекстің 1-тарауында (Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар) көзделген қылмыстар нысандарының аса маңыздылығы көрсетіліп отыр. Адамның құқықтары мен бостандығын Қазақстанда Конституция корғайды (12-бап). Қылмыстық заңның маңызды міндеттерінің бірі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау (ҚК-нің 2-6. 1 -бөлігі), сондықтан да олар - Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі адамның жеке басына қарсы қылмыстар, оның ішінде «азаптау» бойынша қылмыс кұрамы көзделген і-тараумен басталады [1].
Денсаулық - адамның басты байлығы, бірақ қазіргі кезде зорлықты қылмыстар, әсіресе азаптау кең етек алып барады, сондықтан да бұл мәселе мемлекетгі толғандыруға тиіс. Зорлықты қылмыстар ошақ басында немесе кездейсок, табанасты жасалумен қатар алдын ала ойластырылып, карулы топ кұрылып, азаптаудың катыгез тәсілдері қолданылып та жасалуда.
Жаңа қабылданған ҚК-нің 109-бабы ұрып-соғу және 110-бабы қинау көзделген қылмыстар күннен күнге көбеюде, олар барған сайын қатыгездік сипат алуда.
КР Конституциясының 22-бабында адамның өз бостандығына, денсаулығын қорғауына құқығы жарияланған. Ал, адам денсаулығына қол сұғу әрекеті, әсіресе адамды азаптау сияқты қылмыстар, автордың пікірінше, жете зерттелмей отыр [2].
Бұл жағдай азаптау үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту проблемасының маңыздылығы артатындығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындаудың атқарар орны үлкен. Себебі ол қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ережелерге әсерін тигізуші құрал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |