Кіріспе зерттелетін дипломдық жұмыстың өзектілігі


АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ



бет5/9
Дата25.04.2023
өлшемі405 Kb.
#175362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
азаптау

2 АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Азаптаудың объективтік белгілерінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қазақстан және ресейлік қылмыстық құқық ғылымы қылмыс құрамы ұғымына - коғамға қауіпті іс-әрекет болып табылатын, бүтін жүйе кұрайтын, қылмыстық заңда көзделген объективтік және субъективтік белгілер жиынтығы деп анықтама береді. 109-бапта көзделген қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің, әлементтердің рөлі мен орнын анықтау адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғаумен байланысты зерттеудің маңызды бағыты болып табылады [9].
Бұл проблеманы зерттеу нысан құрылымына талдау жасауды керек етеді. Қылмыстық заңда қылмыс нысанын анықтаудың концептуалдық тәсілі пайда болды, оны біз қылмыстық озбырлықтан қылмыстык заң арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар деп түсінеміз. Отандық қылмыстық-құқықтық ғылымда қылмыс нысаны теориясы ең басты болып табылады, оны автор да қолдайды.
Кеңестік кезеңге дейінгі қылмыстық-құқықтық ғылымдағы қылмыс нысаны жайындағы концепция ғылыми жұртшылықтан қолдау таппады, себебі ол қылмыстық әрекеттің кімге қатысты жасағандығына баса назар аударды.
Зерттеуші үзак уакыт қолданылып келе жаткан қылмыс нысандары теориясынан да, қоғамдык заңмен қорғалып отырған қоғамдык қатынастардан да бас тартудың қажеті жок деп есептейді. Бұл теория заңның нені қорғайтындығын, қылмыстан нақты қандай зиян келетіндігін анықтайды.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымында, сондай-ақ денсаулыққа қарсы қылмыстарда міндетті, оның ішінде балама және факультативтік белгілер бөлініп алынады.
Объект бір міндетті белгімен жәие екі факультативтік белгімен сипатталады:
а)кылмыс нәрсесі;
б)қылмыстан жәбірленуші.
Денсаулыққа қарсы қылмысқа қатысты алатын болсақ жәбірленуші нысанның факультативтік белгісі болып табылады.
Отандық қылмыстык құқық теориясында қылмыс нысаны үш түрге бөлінеді, олар:

  • жалпы;

  • тектік (топтық, арнайы);

  • тікелей (түрлік).

Біртекті қоғамдық қатынастар тектік объект үғымымен қамтылады, олар ҚК-нің бір тармағына біріктірілген нормалармен қорғалады. Қастандық бағытталған белгілі бір нақты игілік тікелей нысан болып табылады.
А.Н. Ағыбаевтың қылмыс нысандарын былайша бөледі [18, 67]:

  1. жалпы

  2. типтік (жалпы мен тектік аралыгы)

  3. тектік (арнайы, топтық)

  4. тікелей (түрлік)

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана жалпы нысанның мазмүнын береді, олар ҚК-нің 1-тарауында қарастырылған.
Сол тараудағы баптарда кезделген қылмыстардың барлығы бағытталган бір типті қатынастар тобы типтік нысандардың мазмұнын береді. Адамның әртүрлі игіліктерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қылмыстардың типтік нысаны болып саналады, оны тараудың аталуынан көреміз - «Адамға қарсы қылмыстар». Адамның өмірін, денсаулығын, ар-ожданын, бостандығын және т.б. қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар денсаулыққа қарсы қылмыстардың типтік объектісін құрайды.
Ерекше бөлімнің осы тарауына кірген баптарда көзделген қылмыстар бағытталған бір текті қоғамдык қатынастар тектік нысандардың мазмұнын береді. Бұл нысан өмірді қамтамасыз ететін және денсаулықты қамтамасыз ететін біртекті қоғамдық қатынастардың екі тобын қамтиды. Бұл екі топтың қоғамдық қатынастары біртекті болғанмен, олар мазмұндары жағынан өзгеше, сондықтан оларды теория жүзінде бөлектеп қарастыру керек. Ұрып-соғуда, азаптауда олтіру мақсаты болмайтындықтан, тек адам денсаулығы ғана зерттеу нәрсесі бола алады.
Сонымен, адам денсаулыгын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар азаптаудың тектік нысаны болып табылады.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың кейбір түрлерінің тікелей нысандары жалпы тектік немесе түрлік нысанға сәйкес келеді. Сонымен қатар қылмыстың ауырлығына және денсаулыққа келген зиянның сипатына қарай олардың әрқайсын нақтылауға болады.
Қылмыстың тікелей нысаны қылмыстың нақты құрамын түсінуде, бұзылған қоғамдық қатынастар құрамының маңызын айқындауда, қылмыстық әрекеттің қоғамға кауіптілік деңгейін анықтауда маңызды рөл атқарады және ол қылмыстың бұл құрамын басқа ұқсас құрамдардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Қылмыстық құқық теориясында денсаулықка жеңіл зақым келтірген азаптаудың тікелей нысаны денсаулық па әлде денеге қол жұмсамау ма деген сүрақ осы күнге дейін пікірталасын тудырып отыр. Әрине, егер денсаулыққа жеңіл зақым келсе, онда денсаулық нысанға айналады. Бірақ, ҚК-нің 105-бабында көрсетілген салдарға алып келмейтін әрекет жасалған жағдайда да азаптаудың құрамын табуға болады [37].
109-бапта көзделген қылмыстардың тікелей нысандары:

  1. біріншіден, қылмыстық заңмен қорғалатын, қылмыс нысанының барлық белгілерін жинақтайтын қоғамдық катынастар;

  2. екіншіден, адам мен азаматтың денсаулығын, оның денеге қол жұмсамауға және калыпты көңіл күйге құқығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Зерттеуші жеңіл дене жарақатына алып келмеген азаптаудың нысанына денеге кол жұмсамауды жатқызатындармен келіспейді. Адамға қол жұмсамау конституциялық принцип ретінде ҚІЖК-нің 14-бабында қайталанады.
Сыртқы ортаның әсер етуі салдарынан анатомиялық бүтіндіктің немесе органдар мен ұлпаның физиологиялық қызметінің бұзылуы дене жарақаты деген ұғым береді.
Біздің ойымызша, дене жарақаты егеніміз - ұлпаның анатомиялық бүтіндігін немесе адам ағзасының органдары мен ұлпасының жұмысын бұзу аркылы бір адамның денсаулығына екінші адамның заңсыз қасақана зиян келтіруі.
Ұлпалар мен органдардың анатомиялық бұтіндігін бұзу дене жарақаттау белгілерінің бірі екендігін басқа ғалымдар да қолдайды. Дененің көгеруі, қанауы немесе соққы -алуы сияқты жарақаттар жанға батады. «Бұл салдарлар, - дейді Б.С. Волков, - қандай да бір ұлпалардың немесе органдардың қалыпты жұмысын бұзады және тіптен елеусіз болса да адам денсаулығына залал келтіреді» [34, 65].
Сонымен, органдар мен ұлпалардың анатомиялық-бутіндігінің бұзылуы немесе олардың физиологиялық қызметінің қалыптан ауыткуы дене жарақаты болып табылады деген түжырым жасауға болады.
Медицина түрғысынан алсақ, Қазақстан мүше болып табылатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында денсаулықты, тек аурудың және дене ақауының жоқтығы гана емес адамның дене мүшесінің, көңіл күйінің, әлеуметтік жағдайының дұрыс күйде болуы деп қарастырады.
Адам денсаулығы «оныңбарлықоргандары мен ағзасының сыртқы ортамен қандай да бір өзгеріссіз үйлесімімен» анықталады.
Осы айтылғандарға сүйенетін болсақ - денесінің қандай да бір ауырғандығын сезінетін адамның денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ деп айта алмаймыз. Адам ағзасындағы кейбір өзгерістерді, мысалы, қан құрамының өзгеруін, тершең бола бастауды және тағы басқаларды денсаулыққа жасалған қастандықтың нәтижесі деп қарауға болады.
«Денсаулық» үғымына анықтаманы тек медицина түрғысынан беру керек, - дейді автор. Бірақ, қылмыстық озбырлық жасалғанға дейінгі денсаулықтың күйі негізге алынуға тиіс. «Денсаулықтың дене жарақатын салғанға дейінгі күйі -қылмыс объектісі болып табылады» [38].
Адам ағзасының кез келген үлпасы белгілі бір функция атқарады, ал оның қалыпты жүмысының бұзылуы денсаулыққа зиян келтіреді. Бұл түрғыдан алсақ, «ұрып-сабағаннан үлпаның сыртқы бүтіндігі де, органдардын қалыпты жұмысы да бұзылмайды».
Ұрып-сабағанда адам ағзасының жалпы қалыпты күйі сақталуы мүмкін, ол қорғана да алады. Денсаулыққа келген ондай зиян сырт көзге байқалмайды да, жәбірленуші оны аса сезбеуі де мүмкін. Мысалы, шапалақпен тартып жібергенде, дененің қызарған жері тез басылып қалады, ауырғаны да тез басылады.
Ю.М Антонянның пікірінше, адамды ұрып-сабағанда оның нәтижесінде адам ағзасының анатомиялық бүтіндігі бұзылды ма әлде ұрған жер жай ғана ауырып қалды ма, бәрібір мүндай әрекет денсаулыққа зиян келтіргендік болып саналуға тиіс [39, 39].
Ұрып-сабаған кезде қылмыс нысаны адамның денсаулығы деп алынады, ал үру әрекеті денені ауыртқанмен, оның бүтіндігін де, функциясын да бүзбайды.
Е.О. Алауханов денсаулыққа зиянды екі түрге бөледі:
1) денсаулыққа, заң түрғысынан алғанда, жалпы еңбекке қабілетті едәуір төмендететіндей зиян келтіру, оган денсаулыққа ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл зиян келтіру жатады;
2) денсаулыққа елеусіз зиян келтіру, яғни жалпы еңбекке кабілетті айтарлыктай жоғалтпау [21, 67].
Азаптау нәтижесінде адам нендей игілігінен айырылады деп заңгерлер қанша дауласканмен, оның денсаулығына зақым келетіндігі даусыз.
«Дене жарақаты» терминін «денсаулыққа зиян» терминімен алмастырғанға қарағанда, онша күшті емес зорлықты әрекеттің өзі, жалпы еңбек қабілетін ақсатпаса да, денсаулыққа зиян келтіреді деп танылады. Салдары алты күннен үзаққа созылмайтын жарақат ұрып-сабагандыққа жатқызылады. Өз кезегінде, мүндай азаптаудан келген зиян қысқа мерзімге денсаулықты бұзуы немесе жалпы еңбек қабілетін біршама жоғалтуға алып келуі мүмкін.
Автордың ойынша, мүндай қорытындыға келу үрып-соғудың, сондай-ақ 105-бапта көрсетілген салдарларға алып келмейтін азаптаудың тікелей нысаны денеге қол жүмсамау емес, денсаулық екенін анықтауға мүмкіндік берді.
Нысан өрісіне жататын екінші міндетті белгі, ол - қылмыс нәрсесі. «Адамға қарсы қылмысты қарастырғанда бұл жағдайда объект құрамына кіретін барлык әлеуметтік және табиғи процестер мен қылмыстарга талдау жасау керек, -дейді Б. С. Никифиров, -мәселенің дұрыс шешімін бұл жерде қылмыстың айрықша нәрсесін — «адамды», «жәбірленушіні» бөліп алмай-ақ табуға болады» [40].
Қылмыс нәрсесі — «материалдық субстрат, материалдық дүниенің тірі немесе өлі нәрсесі, сонымен немесе соған байланысты қылмыс жасалынады, қылмыскер қылмыс жасай отырып тікелей соған ықпал етеді».
Азаптауда адамға қастандық жасалады, онын ағзасына гана емес, әлеуметтік игілігіне де тікелей ықпал болады.
Биологиялық жағының маңыздылығын аса көтеріп жіберу нәтижесінде кейбір авторлар адамды қылмыс нәрсесі деп тануға апарды. «Қоғамдық қатынастардың арқауы болып табылатын адамды қоғамдық катынасқа жатпайтын затпен тендестіру, адамның құндылығын түсіру сәтті теңеу емес»[41, 138]. Ол дұрыс айтады - адам зат емес, тіршілік иесі. Автор, егер адамға қарсы бағышталса, ондай қылмыстың нәрсесі жоқ деген пікірді қолдайды.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстың нысанын сипаттайтын үшінші міндетті белгі - қылмыстан жәбірленуші. «Жәбірленуші» термині Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде нормативтік бекімін тапқан (ҚК-нің 67-бабында, ҚІЖК-нің 75-бабында) және оның мазмұнына анықтама берілген. Бір жағынан ол нақты процессуалдық кейіпте жәбірленген жеке немесе заңцы тұлға, екінші жағынан - заңмен қорғалатын мүдделердің иесі болып табылатын, жалпы үғымдағы жәбірленуші. ҚІЖК-нің 75-бабының 1-тармағына сәйкес, өзіне қатысты жасалган әрекеттің нәтижесінде күш қолдану арқылы тәнге, мүліктік және моральдық зиян көрген адам - жәбірленуші дептанылады [42].
Заңды тұлға қылмыс субьектісі бола алмайды. ҚК-де кылмыстық әрекет нәтижесінде зиян келген немесе ондай қауіп төнген адам қорғалатын қоғамдық қатынастар субъектісі болып саналады.
Бұл құрам бойынша адам, яғни денсаулық иесі деп танылатын жеке тұлға, жәбірленуші болады. Туылғаннан өлгенге дейін, яғни физиологиялық жаратылымынан бастап биологиялық өлген кезіне дейінгі аралықта қандай да бір денсаулыққа ие тірі адам сондай бола алады.
Г.Г. Зуйков нәресте анасының кұрсағында пайда болған кезден бастап оның денсаулығына зиян келтіру орын алады деп санайды (анасының ішімдікке салынуы, есірткі қолдануы) [43].
Біздің ойымызша, мұндай әрекет қылмыс болып саналмайды, себебі бұл жерде құқығы бұзылған субъект жоқ. Субъект болмаған соң қылмыстың құрамы да жоқ. Ал іштегі нәресте жәбірленуші болып саналмайды, ол кінәлімен қоғамдық қатынасқа түскен жоқ.
Сонымен, іште жатқан балаға қарсы жасалған әрекет 109-баптың 1-бөлімі және 54-баптың 1-бөлімінің «ж» тармағы бойынша сараланады, ол жүкті екені айыптыға алдын ала мәлім әйелге қатысты жасалған азаптауға жатады. Бұл ретте жүкті әйел жәбірленуші болады. Мұндай қылмыстарды қарастырғанда жәбірленушінің мынадай факультативтік белгілерін бөлектеп алуға болады:

  1. қызметін жүзеге асырушы немесе қоғамдық борышын атқарушы адам;

  2. дәрменсіздігі айыптыға бұрыннан белгілі адам;

  3. жүкті екендігі айыптыға алдын ала белгілі әйел;

  4. құқық бұзушы немесе сәби екендігі көрініп тұрған;

  5. кінәліге материалдық немесе өзгедей тәуелді адам;

  6. ұрланған немесе аманатқа алынған адам;

  7. ауру адам;

  8. бұрын заңсыз әрекет жасаған немесе теріс сипатталатын адам;

  9. қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам;

  1. қылмыс жасаған адам;

  2. өкіметөкілі;

  3. полиция қызметкері;

  4. ұлттық белгілер және т.б.

Жәбірленушінің қандай да бір құқықтық мәртебесі, сондай-ақ қылмыстың тікелей нысанына сәйкес келетін бұзылған мүдденің маңыздылығы мен құндылығы қылмысты саралауға ықпал етеді, себебі ол қылмыстық әрекеттің қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін көрсетеді.
109-бапта көзделген қылмыстың-азаптаудың объективтік белгілерінің қатарына оның объективтік жағының белгілері жатады, ол қылмыстың кез келген құрамының маңызды әлементтерінің бірі болып табылады.
Қылмыс құрамының бұл әлементінің белгілерін қарастырғанда объективтік жақтың ғылым мен практикадан туындаған негізгі ережелерін бөліп алу керек. Объективтік жаққа сыртқы факторлар мен әрекеттің қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын мән-жайлар, адамның іс-әрекеті кіреді. Жасалған қылмыстың объективтік факторларын тергеу және сот органдары бірінші кезекте зерделейді.
Нақты орын алған кез келген қылмыстың сыртқы көрінісінің міндетті белгілерінің бірі - оның қоғамға қауіптілігі. Айыптының әрекетін 109-бапқа қатысты алатын болсақ, ол күш қолдану формасында көрініс табады. «Әрекет дегеніміз - адамның қажырлы қозғалысы, сондай-ақ оның тетіктерді, басқа адамдарды, малдарды саналы түрде пайдалануы».
Диссертанттың пікірінше, азаптау әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін екен, мысалы, дәрменсіз жағдайдағы адамға көмек көрсетпеу. Қылмыстық әрекетті (әрекетсіздікті) еркімен, саналы түрде, қандай да бір мақсатпен жасайды. Бір жағынан, адамды азаптағанда тек зорлықты әрекеттер ғана жасалады деп ойлауға болады.
Қылмыстық құқық теориясында «зорлық» үғымының екі түрі беріледі - күш көрсету арқылы тәнге зорлық және психикалық зорлық. Күш көрсету салдарынан жәбірленушінің денесіне жарақат түсуі, денсаулығының зақымдануы мүмкін, солай болады да. Ал, психикалық қысымда айыпты оған бәлендей бір қастандық жасаймын деп оны қорқытады, үрейін ұшырады [34].
Ғылымға сүйенсек, «теріс психологиялык тітіркеніс барлық физиологиялық функциялардың ағынына зиянды әсер етеді» екен. Қазіргі кезде қылмыскерлер психиатрия және психотерапия әдістерін қолданып, жәбірленушінің санасын басқаратын болды.
Ресей сот практикасы адамға психологиялық қүралдармен әсер етуге болатындығын растап отыр (Қазақстанда ондай факторлар тіркелмеген). Мысалы, жәбірленушіге оның жакын адамының қаза тапқандығы немесе басқа бір қайғылы жағдай жайында жалған хабар айтады.
Бірақ мұндай жағдайда қылмыстық құрам болмайды, себебі, 109-баптың диспозициясы бойынша психикалық күйзелісті тек күш қолданылған зорлықты әрекет туындатуы тиіс.
Бұл саралаумен толық келісуге болады, себебі ол болуы мүмкін жағдайларды түгелдей қамтиды.Күш көрсету арқылы тәнге жасалатын зорлықтың бірінші түрінде адам механикалық (үру, тебу және т.б.), (әлектр тоғын пайдалану, суык немесе ыстық жерде үстау) және химиялық (қышқыл қолдану) әсерге үшырайды. Мұндай әрекеттерді өзге зорлықты әрекеттер қатарына жаткызуға болады.
Күш қолдану арқылы тәнге жасалатын зорлықтың екінші түрінде биологиялық (әртурлі бактериялық токсиндерді, патогендерді пайдалану) және химиялық (газдар пайдалану) әсерге ұшырайды.
Зорлық көрсетудегі мақсат- белсенді күш қолдану арқылы жәбірленушіге зиян келтіру.
Мысалы, ұрып-соғу арқылы денені қанату, көгерту, яғни денсаулыққа жалпы енбек қабілетін жоғалтпайтындай зиян келтіру, ал азаптау арқылы жәбірленушіні күш көрсету және психологиялық күйзеліске түсіру, не үдайы ұрып-сабап оның денсаулығына жеңіл зақым келтіру.
Жәбірленушіге күш көрсету ашық қолданылады, одан ол өзіне қарсы зорлықты әрекет жасалынып жатқандығын үғынуға тиіс. Мұндай әрекет жасырын да жасалуы мүмкін (мысалы, күтпеген жерде артынан үру). Зорлықты әрекет кейде болған нәрсені ұғына алмайтын адамдарға (мастарға, есалаңдарга) қарсы жасалуы мүмкін.
Е.О. Боранбаев айтуынша, зорлықты әрекет жәбірленушінің ырқына қарсы да, оның ырқынан бөлек те жасалады. Азаптау алдау арқылы немесе сенімге кіріп жасалуы мүмкін деген түжырым пікір таласын тудыруда. Бірақ адамға психикалық әсер ету алдау тәсілін колдану арқылы емес, алдау арқылы жүзеге асырылады деп ойлау керек [14, 25].
Кейбір авторлар алдау, сенімге қиянат жасау, жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып жасаған әрекеттер күш керсету зорлық санатына жатпайды деп санайды.
Бұл үстанымда дәлел жеткіліксіз сияқты. Себебі, жоғарыдағы тәсілдерді қолдану нәтижесінде жәбірленуші қиындық көреді, ал айыпкер, жәбірленушінің зорлықты әрекеттің қүрбаны болғысы келмейтіндігіне қарамастан оған киындық тудырады, жанын ауыртады, сондықтан да әсер етудің формасына аса мән беруге болмайды.
Азаптаудың объективтік жағын, әдетте, қылмыстық әрекеттер ғана қүрайды, дегенмен қылмыстық әрекетсіздік те (ашықтыру, шөлдету және т.б.) күш көрсету және психикалық күйзеліс тудырады.
Қылмыстық салдарларды болдырмауға бағышталған белсенді әрекеттер жасау міндеті заңнан туындайды (ата-ананың жас балаларға, балалардың кәрі ата-анаға қамқорлық жасау міндеті). Егер ата-ана балаға үзақ уақыт тагам бермей оны азаптаса, қинаса, бұл жерде қылмыстық әрекетсіздік орын алады.
Қылмыстық заң мүндай ата-аналарға жауапкершіліктен қүтылып кетуге мүмкіндік береді (ҚК-нің 109-бабы бойынша). Олар жауапкершілікке 137-бап бойынша тартылады (құқық бұзушылардың тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамау), ал бұл арнайы норма болып табылады.
Нәтижесінде, 109-баптың 2-бөлігі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылудың орнына 137-бап бойынша бар болғаны айыппүл салуға, қоғамдық жүмысқа тартуға жазаланып оңай қүтылып кетеді.
Құқық бұзушылардың тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағандықтың немесе дұрыс орындамағандықтың объективтік жағының міндетті шартына мүндай әрекеттің құқық бұзушылардың қатыгездік көрсетумен бірге жасалуы жатады. Жауапкершілікті қатайту және 109-баптың 2-бөлігінде және 137-бапта көзделген қылмыстарды жиынтығы бойынша саралау мақсатында диссертант соңғының диспозициясынан «егер бұл іс-әрекет құқық бұзушыларға қатысты қатыгездікпен қоса болса» деген сөз тіркесін алып тастау керек дейді.
Азаптаудың объективтік жағының белгілерін анықтағанда бұл қылмыстың әрекетсіздік арқылы да жасалатындығын ескеру керек.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың екінші міндетті белгісі, ол - қылмыстың салдары, оған механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық әсер етудің салдарынан дене жарақатын алу, яғни анатомиялық бүтіндіктің немесе физиологиялық функция ағымының бүзылуы жатады. Адам денсаулығына жеңіл жарақат түсуі қылмыстың басқа кұрамдарының объективтік жақтарының белгісі болып табылады (109-бап).
Егер үдайы ұрып-соғудың нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығы алты күннен 3 аптаға (21 күн) дейін бүзылса немесе оның еңбекке қабілеттілігі 10 %-ға түракты жоғалса, онда оның денсаулыгына зиян келген деп саналады.
Бірақ, үқсас бірдей әрекет үшін бірде денсаулыққа зиян келген, бірде келмеген деп заң шығарушының өзі де нақты айта алмайтын жагдайлар практикада кездеседі.
Зорлықты әрекеттің қогамға қауіпті салдары сонда, ол жәбірленушінің өзін өзі басқара алу қабілетін жоғалтуына алып келеді, адамның жанын жаралайды, тәнін жарақаттайды.
Салдар өзінің мазмүны жағынан әртүрлі болады, егер адам ағзасының анатомиялық бүтіндігіне зиян келсе, онда оны денеге зақым келген деп айтуға болады. Егер зорлықты әрекет адамның нерв жүйесіне әсер етсе, онда психикалық (моральдық) зиян орын алады, ол қалайда жәбірленушінің санасында көрініс табады: қорқады, үрейленеді, психикасы бүзылады. Психикалық және күш көрсету күйзеліс түріндегі салдарларды сот-медицина сараптамасы растайды.
Қоғамға кауіпті салдарлар айыпты мен жәбірленушінің зорлықты әрекет кезіндегі озара байланысының нәтижесі. Құқық қолданушы сол байланыстың сипатын анықтауға тиіс. Бұл әрекет пен салдар арасындағы себептік байланыс - қарастырылып отырган қылмыстық қүрамның объективтік жағының үшінші міндетті белгісі болып табылады. «Себептік байланыс, бұл -объективтік санат, ол қоғамға кауіпті әрекет (әрекетсіздік) пен онын нәтижесінде болған зиянды салдарлар арасындағы ішкі байланыс пен тәуелділікті сипаттайды» [44].
Себептік байланыс сол салдарлардың нақты зорлықты әрекеттен болғандығын білдіреді.
ҚК-нің 109-бабында көзделген қылмыстың күрамы, егер 105-бапта көзделген салдарға алып келмесе, материалдық болып саналады. Денсаулықтың аз уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетінің ептеп жоғалуына алып келген азаптауды формальды күрам деп санау керек.
Дене жарақатының кейбір түрлері ғана (қолды, аяқты жоғалту) материалдық құрамы бар қылмыстар болып табылады, ал басқалары (ұру, жарақаттау) формальдық құрамы бар қылмыстарға жатады. Кеңестік дәуірдегі қылмыстық құқықта «денсаулыққа зиян келтіру кейбір жағдайларда материалдық құрам береді, кейде жекелеген жағдайлар таза формальдық болады және ұру немесе жарақаттау өздігінен-ақ қылмыстың аяқталған қүрамын береді» делінген. Мүнымен келісуге болмайды, себебі, бір рет ұрғанның өзінде, сырттай із қалдырмаса да, үлпаның, органдардың физиологиялық функциялары бүзылады, ал ол өз кезегінде денсаулыққа зиян, бірақ оны заңда еңбек қабілетін жоғалтқандыққа жатқызбайды [45].
Қылмыс құрамдарының конструкциясы сот-медициналық емес, қылмыстық-құқықтық санат болып табылады, сондықтан да, автордың ойынша, 109-бапта кезделген қылмыс құрамын (азаптау), жалпы, материалдық құрам деп санауға болады. Қанталау, көгеру сияқты салдарлар адамның анатомиялық бүтіндігінің бұзылғандыгын білдіреді. Тіптен, ұрып денені ауырту, азаптап физикалық немесе психикалық күйзеліс келтіру, кейбір жағдайларда жәбірленушіге айтарлықтай салдар әкелмеуі мүмкін.
Себептік байланысты басқа екі белгілермен (қоғамға Кауіпті іс-әрекет және салдарлар) бірге зерттей отырып автор 109-бапта көзделген қылмыстың қүрамында материалдық конструкция бар деген түжырым жасайды. Сол себепті 109-бапқа, міндетті белгі ретінде. үзаққа созылган физикалық және психикалык күйзелісті және денсаулыкка жеңіл зиян келтіру түріндегі салдарларды кіргізу кажет деген ұсыныс енгіземіз. Бұл ұсынысты респонденттердің 56%-ы қолдады.
Ұдайы ұрып-соғу арқылы күш көрсету немесе психикалық күйзеліс тудыру азаптағандык болып табылады. Бірақ бұл қылмысқа сандық сипат берген дұрыс емес дейді автор. Ол ұрып-соғудың үдайылық белгісінен ғана емес, «өзге зорлықты әрекеттер» тұжырымдамасынан да бас тартып, оны «зорлықты әрекеттер немесе әрекетсіздік» сөз тіркестерімен алмастыру керек, сонда заң мазмүны дұрыс түсініліп, оны қолдану оңайлайды дейді. Әрбір нақты жағдайда, айыптының пиғылына қарай ұрып-соғуды азаптаудан дұрыс ажырата білу керек. Азаптауда міндетті түрде психикалық зорлық орын алады, ол күш жүмсаумен бірге колданылады [45].
Азаптаудың басталу және аяқгалу сәттерінің де маңыздылығы бар. Азапаудың басталу сәтіне, автордын пікірінше, жәбірленушіге үзақ уақыт күш көрсету және психикалық күйзеліс келтіру мақсатында айыптының құқыққа кайшы алғашқы әрекет жасауы жатады. Ал оның аяқталған сәтін жәбірленушінін айтуы бойынша анықтау керек. Егер азаптау нәтижесінде денсаулыққа жеңіл зиян келсе, сол салдар орын алған кезден бастап азаптау аяқталған болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет