Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазіргі қылмыстық құқықта азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік проблемасына көптеген ғалымдар зейін қойып жүр. Азаптау қылмыстарын жалпы қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қарастырған шет мемелекеттер мен қатар отандық авторлар ішінде Ағыбаев А.Н., Алауханов Е.О., Наумов А.В., И Рогов, Г И Баймурзин, М А Сарсембаев, Ағыбаев Г.А., Кайржанов Е.И., Антонян Ю.М., Боранбаев Е.О., Коржанский Н.И., Нуртаев Р.Т., Нарикбаев М.С. және т.б. авторлардың еңбектері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қылмыстық заңның қайта қабылдануы және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, осы қылмыс құрамын саралаумен байланысты мәселелер диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.Азаптағандық үшін жауапкершілік туындауының тарихи аспектісін зерделеу, бұл қылмыстық қүрамның денсаулыққа қарсы қылмыстар жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау, сондай-ақ бұл нормалар мен оларды қолдану мәселелеріне түсініктеме берумен байланысты проблемаларды зерделеу, заңдарды жетілдіру және оны практикада қолдану жөнінде ғылыми-негізделген ұсыныстар жасау және оларды құқық қорғау органдарының жүмысына енгізу.
Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- қылмыстың дербес құрамы деп танылып азаптау үшін жауапкершіліктің революцияға дейінгі Ресейдің және казіргі Қазақстанның қылмыстық заңдарында даму үрдісін керсету;
- үғымдарды анықтау үшін азаптауға тән міндетті белгілер шеңберін анықтау;
- бұл қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасау;
- азаптау қолданылатын қоғамдық қатынастардың шеңберін анықтау және бұл кылмыс құрамының конструкциясын белгілеу;
- азаптаудың әрбір саралаушы белгілерінің орны мен рөлін анықтау, бұл әрекеттің саралаушы түрлерін толықтыру туралы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың кейбірін алып тастау туралы да ұсыныс енгізу;
- aзаптағандық үшін жауапкершілік туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау, бұл қылмысты саралаудың неғұрлым даулы мәселелерін ашып, оны шешудің жолдарын белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |