Кіріспе зерттелетін дипломдық жұмыстың өзектілігі



бет8/9
Дата25.04.2023
өлшемі405 Kb.
#175362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
азаптау

ҚОРЫТЫНДЫ

Автордың жүргізген зерттеулердің нәтижелері заң шығару органдарының перспективасына және құқық қорғау органдарының азаптауды саралау қызметін жетілдіруге, сондай-ақ оларды қылмыстың аралас кұрамдарынан бөлектеуге қатысты мынадай негізгі тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:


1. Азаптау адам денсаулығына қарсы қылмыстар жүйесінде әволюциялық дамудың ұзақ жолынан өткен. Азаптау үшін жауапкершілік алғаш «Русскал правдада» көрініс тапқан.
Бірақ, қылмыстың мұндай құрамының ұғымы болмаған, дегенмен, бірқатар баптардың нормаларында ұрып-согуға ұқсас іс-әрекеттер болды, мысалы - «ұру, жарақат салу және т.б.», ал олардың денсаулыққа ықпал ететін салдары керсетілмеді. Қылмыстың өзінше дербес құрамы ретінде азаптау алғаш 1959 жылғы Қылмыстық Кодексте бөлініп алынды. Ол кезге дейін азаптау денеге ауыр жарақат салудың және адам өлтірудің аса ауыр тәсілі болып саналып, сол себепті ол қылмыстық әрекетгің сараланған түріне жатты.
2. Азаптау әлеуметтік тұрғыдан біртекті емес. Оның жасырындылық деңгейі жоғары, сондықтан ол отбасы- тұрмыстық қатынастарда кең таралған.

  1. Азаптаудың қоғамға қауіптілігі тек оның көп таралғандығында емес, бұл қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттер ауыр қылмыстарға, тіптен орны толмас қылмыстарға алып келуі мүмкің. Және де, қинау кезінде қару ретінде қолданылатын заттарды пайдалану да оның қоғамга қауіптілігін көрсетеді.

  2. Отандық заңдарға іліккелі бері «азаптау» дефинициясында жинау сипаты болды. Азаптаудыц белгілерін зерттеудің нәтижесінде оның мәнін, маңызын ашатын және қылмыстың зерттеп отырған құрамының ұғымын анықтайтын белгілері бөлініп алынды. Бұл белгілердің барлығы азаптаудың осы жұмыста келтірілген ұғымында көрініс тапқан, олар ҚК-нің 117-бабының диспозицияларын өзгерту үшін ұсыныс жасалып отыр.

«Азаптау» ғымына автор берген мазмұннан жәбірленушіге бір рет зорлық көрсеткеннің өзінде қылмыс құрамының бар екендігі және қылмыстық жазаға тартылатындықты көреміз. Қылмыстық заңдағы неше қайтара ұрып-соғу белгісі тиісті қолдау таппады.

  1. Жұмыста автордың азаптау туралы құрамдағы ұдайы ұрып-соғу белгісіне сыни пікірі көрініс тапқан, себебі бұл белгінің болуы әр қылмыс үшін қалайда жазаланбай қалмау, яғни заңдылық принципін бұзады. Сондықтан 109-баптан «ұдайы» ұрып-соғу белгісін алып тастау ұсынылады.

  2. Бұл зерттеліп отырған қылмыстың тікелей объектісі жайында пікірталас жалғасуда. Жұмыста объектіні анықтаудың жаңа тәсілі ұсынылып отыр. Автор кылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деген дәстүрлі теорияны құптайды, оны бұл қылмыстарға қатысты қолдануға болады.

Осыған байланысты білімгер азаптаудың тікелей объектісі өзінің салдары бойынша жалпы еңбек қабілетін заң тұрғысынан бұзбайтын және денсаулықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар деген көзқарасты қолдайды. Азаптаудың салдары алты күннен аспайтын мерзімде жазылып кететін жеңіл жарақаттар болуы мүмкін. Мұндай тұжырым ұрып-соғу биологиялық процестерді бұзуы, оның кейбір органдар мен ұлпалардың жұмысына теріс ықпал етуі, бір сөзбен айтқанда жәбірленушінің күйін нашарлатуы мүмкін деген кейбір медициналық ережелерге негізделген.
7. ҚК-нің 109-бабының диспозициясы құқық қолданушының дене жарақатының ауырлык дәрежесін анықтау үшін сараптама тағайындап оны жүргізуі керек екендігін ескертеді.
8.Аталған құрамның объективтік жағын жан-жакты зерттеді, оны, бағалаушы белгілері көп болғандықтан, суреттеп жазу өте күрделі. Азаптаудың ерекшелігі сонда —бул қылмыс әрекетсіздік аркылы да жасалады (ас-су бермеу, суыққа тоңдыру және т.б.). Сонымен катар, азаптаудың тікелей объектісі денсаулык екенін ескерсек, оның жалпы еңбек қабілетін заң тұрғысынан маңызды емес салдарға алып келуі бул кұрамдарда материалдык конструкция бар екендігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет