Кіріспе зерттелетін дипломдық жұмыстың өзектілігі


Азаптаудың саралаушы белгілерінің сипаттамасы



бет7/9
Дата25.04.2023
өлшемі405 Kb.
#175362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
азаптау

2.3 Азаптаудың саралаушы белгілерінің сипаттамасы
Қылмыстың бұл қарастырылып отырған құрамының сараланған түрлері ҚК-нің Ерекше бөлімінің саралаушы белгілері түрінде берілген, олар жәбірленушінің жеке басын ғана анықтап коймайды, қылмыстың жай құрамынан өзінің объективтік және субъективтік белгілері бойынша да ерекшеленеді, олардың қатаңырақ жаза көзделген қауіпті қылмыс екендігін білдіреді.
Мүндай белгілердің бірі - екі және одан көп адамдарға қатысты жасалған азаптау (109-баптың 2-бөлігінің»б»тармағы). Бұл іс-әрекет, қанша адамғакатысты жасалса сонша әрекеттің жиынтыгын береді [9].
Оны былай саралау дұрыс деп санаймыз: егер екі немесе одан көп адамға қатысты азаптау болғандығы аныкталса және олардың әрқайсысына көрсетілген зорлықты әрекет бір пиғылмен қамтылмаса, ондай іс-әрекет 109-баптың 1-бөлігі (егер басқа саралаушы белгілер болса 2-бөлігі) бойынша екі рет саралануға тиіс, егер адам ол әрекеттердің ешқайсысы үшін бұрыи сотталмаған болса. Егер іс-әрекет бір пиғылмен қамтылса, онда 109-баптың 2-бөлігінің «б» тармагы бойынша бір рет саралануға жатады. Бұл саралаушы белгі аса пікірталас тудырмайды, себебі, құқык қолданушыға одан онша қиындық келмейді.
Егер қызметкердің денсаулығына зияндык онын жұмысына байланысты жасалса, бірақ оның еңбек қатынасы жұмыс берушімен шарт арқылы рәсімделген болмаса» онда бұл саралаушы белгіні қолдануға болмайды.
Казіргі кезде жұмыс берушілердің салық төлемін азайту мақсатында өз қызметкерлерімен еңбек шартын жасаспауы жиі кездеседі.
Ірі сомаға жасалған (мысалы, өз үлесін косып кұрылыс салу) шартты орындамағаны үшін жәбір көрген жақтыН өз қызметін орьшдай отырып қылмысқа баруы (өш алуы) соңғы кездері жиі кездеседі. Осы себепті О.Ю. Савельеваның «қызметтік міндетін жүзеге асыру» деген ұғымды ұсынуы орынды. Оған азаматтың қоғам мүддесі немесе жеке адамның заңды мүддесі үшін атқарып жүрген міндеті, басқа да коғамға пайдалы әрекеті жатады (құқық бұзушылыққа кедергі келтіру, тиісті орындарға жасалған немесе даярланып жатқан кылмыс жайында хабарлау және т.б.) [37, 45].
Қоғамдық борыш ұғымына жәбірленушінің тек заң бсйынша ғана емес, моральдық тұрғыдан да әрекет жасауы кіреді. Қызметтік міндетін жүзеге асырып немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамның жақын туыстарына онымен қаны бір адамдарды (әке-шешесін, балаларын, бірге туған бауырларын жатқызады), ал басқа туыстарына - заңмен жақындасқандарды жатқызады (әйелі, күйеуі).
ҚК-нің 105, 106 және 110-баптары редакциясының мазмұнын ескере отырып 109-баптың2-белігін «денсаулыққа ауыр және ауырлығы орташа зиян келтірген» деген белгімен толықтырудың қажеті жоқ деп санайды, себебі ондай салдарлар аса қатыгездік ұғымын береді, ондай әрекеттср тиісінше 103-бабының, 2-бөлігінің «г»-тармағымен және 106-бабының 2-бөлігінің «в» тармағымен сараланады.
Азаптаудың басқа бір саралаушы белгісі - жүкті екендігін біле тұра әйелге қатысты жасалған әрекет.
Бұл қылмыстың қауіптілігі екі есе артады, себебі, жасалған әрекеттің теріс зардабы тек әйелге ғана емес, іштегі балаға да әсер етуі мүмкін. Әйелдің жүкті екендігін, адамның дәрменсіздігін біле тұрып әдейі жасағандық критерийіне айыптының ол жайында алдын ала хабардар екеңдігі алынады.
Адамның біле тұра жасауы әдейілікке жатады. Күмәнсіздік дегеніміз - көз жеткізгендік, даусыздық. Оқулықтарда былай делінген - «жәбірленушінің жүктілігіне субъектінің толык көзі жетнеген жағдайда да орын алуы мүмкін. Бұл оның ауырлататын мән-айға, жалпы қылмысқа психикалық көзқарасының жанама пиғылымен сипатталатынын білдіреді».
Бұл белгінің болуы, егер кінәлі азаптауға дейін де, азаптау кезінде де әйелдің жүкті екендігін білсе, жай азаптаудың сараланатын қылмыска дейін өсуіне альтп келеді.
Растылық, автордың ойынша, медициналық куәленціру нәтижесінде алынған деректен, не әйелдің дене пошымынан жасалған тұжырымды білдіреді. Қылмыстық құқық теориясында әйелді жүкті екен деп жаңылыс өлтіргендікті қалай саралау керектігі жайында пікірталас бар.
Егер жәбірленушінің жүкті екендігін кінәліге оның өзі немесе басқалар айтпаса, бірақ шындығында, ол ондай жағдайда болмаса немесе кінәлі оны жүкті екен деп жаңылысса, онда жасалган іс-әрекет нақты қателіктер бойынша сараланады (қылмыстар жиынтығы бойынша), яғни айыпты үшін жүкті әйелді азаптауға қастандық (24-баптың 3-бөлігі, 109-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы) және азаптағандық (117-баптың 1-бөлігі) белгілері бойынша. Жаза әр қылмыс үшін бөлек тагайындалады. Егер азаптаудан бала өлі туса немесе ауруға шалдықса оның саралауға әсері болмайды. Бұл белгі «аса қатыгездік» және жәбірленуші қарсылық көрсете алмайтын «дәрменсіздік жағдайы» белгілерімен тығыз байланысты [54].
Біздің пікірімізше, егер кінәлі жүкті әйелдің босанар уақытының жақын екендігін кере түра және оның дәрменсіз екенін біле түра қылмыс жасаса, онда бүл әрекетті сол екі белгі бойынша ҚК-нің 109-бабының 2-бөлігінің «а», «б» тармактарымен саралау керек.
Келесі саралаушы белгі - азаптауды әдейі құқык бұзушылардың немесе дәрменсіз адамға не материалдык немесе басқадай тәуелді адамға, сондай-ақ ұрланған не аманатка алынған адамға қатысты жасау. Бұл белгі ҚК-нің 109-бабы бойынша қозғалған істердің 37%-ында бар. Себебі мұндай қылмыстар көбіне құқық бұзушылардың да бар, материалдық тәуелді отбасы мүшелері де бар жерде, яғни отбасында жасалады.
Өзіне қатысты қылмыс жасалған кезде 14-ке толған, бірақ 18 жасқа келмеген адам Қазақстан Республикасының заңнамасында кұқық бұзушы деп танылады.
БҮҰ-ның «Бала күқықтары туралы» Конвенциясы (1989 ж.), Азаматтық және саяси қүқықтар туралы Халықаралық пакт (1966 ж.), экономикалық, әлеуметгік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт адамдарды қорғау және оларға көмек керсету жөнінде айрықша шара қабылдау қажеттігін мойындайды.
Құқық бұзушыға қатысты жасаған азаптау, егер кінәлі жәбірленушінің құкық бұзушылығын біле түра көрінеу жасаса, онда ҚК-нің 117-бабы 2-белігінің «а» тармағы бойынша сараланады. Бұл жағдайдағы «көрінеулік» те жүкті әйелге қатысты «көрінеулікпен» бірдей бағаланады.
Сот практикасында «жәбірленушінің өзінің физикалық немесе психикалық ахуалына байланысты кінәліден қорғана алуіа және белсенді қарсылық көрсетуге қабілетінің жоктығы» - дәрменсіздік деп саналады. Ондайлар қатарына: қатты науқас және қарт адамдар, жас сәбилер, психикасы бұзылғандықтан жағдайды аса түсіне алмайтын адамдар жатады. Ғылыми әдебиет пен оқу кұралдарында «уақытша есінен танып қалған адамдар мен ұйықтап жатқандар да дәрменсіздер қатарына кіреді» деген пікір бар. Ал, диссертант мүндайларды денеге ауыр жарақат салу және адам елтіруге қатысты алуға болады, себебі ұйықтап жатқан адамды азаптау мүмкін емес, оның психикасына әсер болмайды дейді.
Жәбірленушіні ондай халге жеткізу үшін ағзаға әртүрлі есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды. күшті естен тандыратын заттарды зорлап енгізу керек. Адамның ішімдікке қатты мас болуын да сот практикасы дәрменсіздікке жатқызады, себебі мас адамның қандай да қарсылық көрсетуге шамасы жоқ. Жәбірленушіні дәрменсіз жағдайда болған деп санау үшін ондай жағдайға оны айыптының келтіргендігінің немесе оған дейін өзінің сондай жағдайда болғандығының маңыздылыгы жоқ [55, 30].
Жұдырықпен ұрғаннан кейін жәбірленушінің еліп кетуі қылмыстың объективтік жағына жатады.
Бұлай сараланған жағдайда да сот ҚК-нің 54-бабының 1-тармағындағы ауырлататын мән-жайды - күш жұмсап мәжбүрлеу болгандығын ескереді. Егер жәбірленуші бұрыннаи сондай жағдайда болса, онда көрсетілген ауырлататын мән-жай қолданылмайды, айыптының әрекеті 109-баптың 2-бөлігінің «а» тармағы бойынша — дәрменсіз жағдайда болған адамды азаптау деп сараланады.
ҚК-нің 117-бабын жаңа саралаушы белгілермен толык-тыру туралы ұсынысқа байланысты жас сәбиге қатысты жасалған азаптауды, бұл белгіні ерекше саралаушы ретінде бөліп алу туралы ұсынысқа байланысты, дәрменсіздік жағдай деуге болмайды.
Азаптауды жас сәбидің кезінше жасау бұл әрекеттерді аса қатыгездікпен жасалган деп санау мүмкіндігінен айырады, ал кылмыс аса катыгездікпен, садизммен, жәбірленушіні қорлап, қинаумен жасалған деп 54-баптың 1-бөлігінің «и» тармағынын санкциясын қолдануға болмайды, себебі заң бойынша бұл ауырлататын мән-жайлар қылмыс көзінше жасалған адамдарға емес, тек жәбірленушіге қатысты.
Сол себепті ҚК-нің 54-бабы 1-болігінің «и» тармагын «... жәбірленуші деген созден кейін ... және көзінше қылмыс жасаған өзге адамдар» деген сөз тіркесімен толыктыру ұсынылады. Егер ұрып-соғу және азаптау жәбірленуші адамға жақын адамдардың көзінше жасалса, онда айыпты оларды қатты күйзеліске ұшыратады, ал бұл жерде аса қатыгездік белгісі бар.
Жәбірленушінің айыптыға материалдық тәуелділігі - оның толықтай немесе жарым-жартылай содан күн көріп отыруы, материалдық жағдайының жақсаруының немесе нашарлауының соған байланыстылығы, өтелмеген борышы және т.б.
Басқадай тәуелділікке, мысалы, неке қатынастары, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы катынас, бастыққа қызмет бабында бағынушылық және т.б. жатады.
Ұрланған не аманатқа алынған адамдарды азаптау, ондай қастандық пиғыл қашан туындағандығына қарамастан, қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады (109-баптың 1 немесе 2-бәлігімен және 125-баптың 1-Немесе 2-бөлігімен не 234-баппен), себебі бұл қылмыстық қастандықтың объективтік белгілер бойынша азаптаудан айырмашылығы бар басқа түрлері деп санайды автор.
Бұл қылмыстарды жиынтық бойынша саралау керектігін В. Г. Вениаминов, С. В. Расторопов және басқалар да қолдайды. Егер азаптауды жәбірленушіні ұрламаған немесе оны аманат ретінде басып алмаған, бірақ оларды ұстап отыруға қатысқан адам жасаса, онда ондай азаптау ҚК-нің 126-бабымен жиынтықта, бостандықтан заңсыз айырумен ұштастырылып сараланады [40 ст. 61].
Бірақ мұндай бостандықтан заңсыз айыруды зорлық көрсетіп бостандықты шектеуден ажырата білу керек, соңғы жағдайда жәбірленуші өзіне қарсы жасалған зорлықты әрекеттен азап шегіп ғана қоймайды, денсаулығына да әртүрлі зиян алады. Бұл қылмыстар жасалған кезде жәбірленушінің еркін әрекет ету және қозғалу мүмкіндігін айыпты күшпен шектейді.
ҚК-нің 109-бабы 2-бөлігінің «г» тармағы - қинау қолданылып жасалған азаптау ғылыми қызыгушылык танытып отыр, себебі бүл саралаушы белгі Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы үшін мүлде жаңа.
Қинағандық үшін қылмыстық жауапкершілік алғаш рет XX ғасырдың аяғында белгіленді. «Қинау» термині қылмыстық-жазаланатын әрекет ретінде 1997 жылғы Қылмыстық Кодекс қабылданғанда пайда болды, ол саралаушы белгі ретінде екі бапта (109-баптың 2-бөлігінің «г» тармағында және 347-1 бапта) көрініс тапты, оған халықаралық-құқықтык нормалар ықпал етті.
Қинауға, зорлыққа, адамның ар-намысына тиетін әрекеттерге тыйым салу жалпы халықаралық норма болып табылады. Бұл норма мына құжаттарда бекімін тапқан:
• 1948 жылғы Адам құқығының жалпыға бірдей
Декларациясында (5-бап);
• 1950 жылғы Адамның қүқығын және негізгі бостандығын
Қорғау туралы Еуропа конвенциясында (3-бап);
• 1960 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы
халықаралық пактіде (7-бап).
09.12.1975 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Барлық адамдарды қинаудан және ар-намысты таптайтын басқада қатыгез, айуандық әрекеттер мен жазалардан қорғау турая Декларация қабылдады.
10.12.1984 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Қинауға және ар-намысты таптайтын баска да қатыгез, айуандық әрекеттер мен жазаларға қарсы Конвенция» кабылдады, оны 21.01.1987 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінін Төралқасы бекітті.
26.11.1987 жылы Еуропа Кеңесі «Қинаудың және адамның арнамысын қорлайтын басқа да әрекеттер мен жазалардың алдын алу жөніндегі Еуропа конвенциясын» қабылдады, ол 01.02.1989 жылы күшіне енді.
Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясында ешкімнің ешкімді қинауға, зорлықты, намысты таптайтын әрекетке және жазаға душар қылуына жол берілмейді делінген.
Бул Қазақ КСР Жогарғы Кеңесінің 25.10.1990 жылғы «Қазақ КСР егемендігі туралы Декларациясында» да келтірілген.
1995 жылгы Конституция қинауды, басқа да адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазаны қолдануға жол бермеу жөніндегі заңнаманың дамуындағы ақтық кезең болды.
Мысалы, БҰҰ-ның 1948 жылғы Декларациясы қабылданғаннан кейін біздің мемлекетте қинау практикасын тыю үшін көп уақыт қажет болды. Бұл демократиялық қоғамның негізге алатын қүндылықтарының бірі еді.
Қазіргі кезде Қазақстан заңнамасында «қинау» термині тікелей пайдаланылатын нормалар көп емес.
Заң лауазымды адамның айғақ болуға мәжбүрлеу үшін қинауды қолдану жағдайын ғана емес (347-1-бап), сондай-ақ түрмыста да қинауды қолдануды (109-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы) қарастырды.
Сонымен қылмыстық Заң, бір жағынан, «қинау» терминінщ конвенциялық анықтамасынан шегшсе, екшші жағынан, бұл дефиницияны кеңейтеді, оның мүмкіндігін Конвенцияның 1-бабының 2-тармағындағы норма көрсетіп түр.
Мысалы, КҚ-нің 38-бабы қылмыстық Заңның гуманистік принципін айғақтайды, онда жаза және баска да қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар адамға күйзеліс келтіруді, оның арнамысын таптауды мақсат түтпайды делінген.
ҚР Жоғарғы сотының 11.05.2007 жылғы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» № 11 нормативтік қаулысына сәйкес аса қатыгездікпен адам өлтіргенде жәбірленушінің жаны күйзелетіндей әрекет жасалынады.
Егер жәбірленушіні айыпты өлтірер алдында қатты қинаса, азаптаса, қорласа, ондай әрекеттер аса қатыгездік болып табылады (мысалы, денесін күйдіру, тірідей көму, суықта жалаңаш қалдыру, өлгенінше аштықта үстау және т.б.). «Аса қатыгездік» үғымына дәл анықтама беру мүмкін емес дейді автор.
Бұл ұғымды шамамен анықтап, оны практикада дұрыс қолданғанның пайдасы бар деп санайды В. Н. Кудрявцев.
Қинау ұғымына түсініктеме қажет, себебі біздің мемлекетте жәбірленушілерге қатыгездік жасау проблемасы бар.
Қинаудың коғамға қауіптілігі сонда, оны қолданғанда адамның үзақ уақыт азаптауды көтере алмай өліп кетуі, Қатты жарақат алуы, немесе психикасының бүзылуы мүмкін. Аталған Конвенцияның 1-бабының 2-бөлігінде үлттық заңнамаларда бұл ұғымды кеңірек қолдануға болады деген нүсқау бар, яғни Конвенциядағы қинау үгымына тиісті зандармен байланыстырып кенірек түсініктеме беруге болады.
Біздің отандық заңнама адам кұкығын сақтауға қатысты халықаралық-құқықтық нормаларды құптайды. Қинауға және катыгездіктің басқа да түрлеріне жол бермеу әділқазылықты жүзеге асырудың конституциялык принципі болып табылады. Ол жайында басқа да бірқатар заңдарда айтылған.
«Қинауға және басқадай қатыгездікпен, айуандықпен немесе ар-намысты корлап жазалауға қарсы Конвенцияға» сәйкес (1984 ж.) «қинау» дегеніміз - адамнан немесе үшінші біреуден ақпарат алу, оның жасаған немесе жасады деп күдік тудырған әрекеті үшін жазалау, не оны немесе басқа адамдарды қорқыту мақсатында ресми адамның немесе арандатқан адамның жанын, тәнін күйзелтетін кез келген әрекеті.
Сонымен қатар Декларацияда адамның бостандықтан айырылғандығынан ғана туындайтын ауыртпашылық немесе азаптану жоғарыдағы түсініктемеге кірмейді делінген.
Заң әдебиетінде әрқилылық белгісі ашылмаған, сондықтанда, ыкпал етут әсілінің әрқилылығын көрсететіндей қинау кезінде не қолданылуы тиіс деген сұрақ туындайды. Осы мақсатта диссертант кинауға тән бірнеше белгілерді бөліп алып, оларға кеңірек анықтама беруге талпынған.
Автордың пікірінше, кинауга дейін қалайда зорлықты әрекет болады, мысалы кінәлі жәбірленушіні байлап тастап оның қарсылық жасауға мұршасын келтірмейді. Содан соңаса қиындықсыз оған күш көрсету арқылы немесе психикалық күйзеліс келтіреді. Сондықтан бұл әрекеттің ерекшелігі сол, айыпты өз ойындағысын жүзеге асыруы үшін жәбірленуші алдында басымдык танытуға, ал жәбірленуші оған тәуелді болуга тиіс.
Сонымен қинау зорлықты әрекеттің басқа бір түріне жатады, оның кейбір әлементтерінің көрініс табу дәрежесі жогары.
«Қинау» ұғымын қамтитын әрекеттердің алдында жәбірленуші өзіне қастандық жасаушыға белсенді қарсылық көрсете алатын мүмкіндіктен айырылады, қинау ұғымын анықтағанда осы белгінің болуы шарт. Және де қинауда қандай да бір нақты мақсат болады [54].
Автордың пікірінше, жәбірленушіге катты қиындык келтіріп, оны күйзелткенде айыптының қүрал ретінде қандай да бір заттарды (күйдіретін, ашытатын, тоңдыратын) пайдалануын қинаудың белгісіне жатқызуға болады. Ал, ешкандай құрал қолданбай тек жалаңаш қолмен ұрып-соғуды қорлықты әрекеттің басқа түріне жатқызу керек.
Сонымен. қинау кезінде зорлық әрқилы әдістермен жүзеге асырылады екен, ал жай қолмен ұрым, аяқпен тебу - кез келген зорлықты әрекетте орын алатын қимыл.
Жасалған талдаудан қинаудың жаңа анықтамасы туындайды: ол - қару немесе кару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып не қолданамын деп корқытып, сондай өзінің әркилылығымен ерекшеленетін өзге тәсілмен, белсенді қарсылық көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамға қатысты жасалған, оны өз еркіне қарсы әрекет етуге және айыптының талабын орындауға мәжбүрлеу мақсатында оған катты күйзеліс келтіруді көздейтін, адамның ар-намысын таптайтын кез келген зорлықты әрекет.
Адамның ар-намысын таптайтын әрекетке үрей туғызып дәрменсіздікті сезіндіру, хайуандық күйге дейін жеткізіп, ар-намыстан айыру жатады.
Рахымсыздық немесе ар-намыс таптайтын әрекетке жақын болып саналатын қинауда күйзеліс күштірек болады. Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын затты қолданудың шындық екендігін ондай ниеттің бар екендігі жайында жай айтыла салған сөз деп үғынбау керек, оны жәбірленушіге, егер оның көзі таңулы болмаса, көрсету керек, ал жәбірленушінің оны, нағыз қару болмаса да, шын қару екен деп қабылдауы зорлық көрсетемін деп үрей туғызу болады.
«Қару ретінде пайдаланылатын заттар ұғымына құкық қолдану қызметінде біртекті түсініктеме жоқ. Біз қолданғанда әртүрлі тәсілдерге жарамды заттарды Қарастырдық. Қару қолданғандық анықталган жағдай-да айыптының әрекетін 109-баптың 2-болігінің «г» тармағында жәие 251-баптың тиісті бөлігіңде не 252-бапта козделген Қьілмыстардың жиынтығы бойынша саралау керек» деп ойлаймыз.
Қинау өзінше дербес қылмыс па әлде олардың сараланған түрі ме деген сұракка респонденттер әртүрлі жауап береді: олардың 58 %-ы оны қылмыстың өзінше дербес құрамы, ал 42 %-ы саралаушы белгі дейді. Диссертанттың пікірі бойынша, қинау - зорлықты қылмыстың сараланған түрі болып саналады.
Бұл пікірден мынадай тұжырым жасауға болады:

  1. қинауда, кез келген зорлықты қылмыстың саралаушы белгісі сияқты, күні бұрын ойластырылған да, табан асты туындаған да қастандық пиғыл болуға тиіс;

  2. қылмыстық заңда өлтірген кездегі аса қатыгездік немесе өлтірер алдындағы азаптау немесе қинау сияқты баптардың болуы сандырақ болар еді;

  3. қинауды қолдануды адамға қарсы басқа қылмыстардан бөліп алуға болмайды, онда тағы да кемінде бір қылмыс құрамы бар;

4)қинау қылмыстың өзінше дербес құрамы емес, белгілі бір жағдайларда жасалынатын әрекет тәсілдері болып табылады.
Адамға қарсы кез келген қылмыс күш қолданылып жасалады, сондықтан да оны заңгер-практиктер зорлықты қылмыс деп атайды, ол аса қатыгездіктен, қинаудан, азаптаудан көрініс табады.
ҚК-нің 109-бабынын казіргі редакциясына қосу ғажататын кезекті саралаушы белгі (Ресейге еліктеп) - адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған азаптау.Топтасып жасаған қылмыстың қоғамға қауіптілігі жоғары және ол көп таралған. Бұл саралаушы белгі адамға қарсы, меншікке қарсы қылмыстардың ауыр және аса ауыр құрамдарының көпішілігінде көрініс тапты [55].
Азаптауды 117-баптың 2-бөлігінің «д» тармағы бойынша сараптағанда (біздің редакцияда) ҚР Жоғарғы сотының 11.05.2007 жылғы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» № 11 қаулысының ережелерін және 31-баптың мазмұнын ескеру керек, онда адамдар тобына, алдын ала сөз байласқан адамдар тобына, ұйымдасқан топқа түсініктеме берілген.
ҚР Жоғарғы сотының аталған қаулысы мен 31-баптың мазмұнын талдай келе мынадай тұжырым жасауға болады: екі немесе одан көп адам топтасып бірге әрекет жасаса және жәбірленушіге күш көрсетіп оны тікелей бірлесіп ұрып-сабаса азаптау жасалған болып саналады. Егер ұрып-соғуды алғашында бір адам бастап оған сол пиғылмен басқа адамдар да қосылса, бұл жағдайда да азаптау орын алады.
Алдын ала сөз байласқан азаптауда ондай белгісі бар әрекетті жасаудан бұрын екі немесе одан көп адам кез келген формада өзара келіседі.
Қылмыстық құқық теориясы қылмысты «алдын ала сөз байласқан адамдар тобы» жасады деп мойындаудың міндетті шарты оны бірлесіп жасағандық болып табылады деген позицияны қолдайды.
Сонымен, бірлесіп жасағанда топтың басқа мүшелері оны ұйымдастырушы, арандатушы немесе оған көмектесуші болуы мүмкін, ал олардың әрекеті 28-баптың тиісті бөлігі және 109-баптың 1-немесе 2-бөліктері бойынша саралануға жатады, себебі жоғарыда аталғандар қылмысты бірлесіп жасағандарға жатпайды.
Бірге орындаушылар ретінде кұқық бұзушылар немесе психикасында ахау бар адам қатысса, онда адамдар тобы, оның ішінде алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болмайды, бұл жағдайда айыпты ҚК-нің 54-бабы 1-бөлімінің «д» тармағында козделген ауырлататын мән-жай ескеріліп жазаланады, онда психикасы бұзылған не мас күйдегі здамды, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік кетеретін басқа жетпеген адамды тартьш қылмыс жасағандық үшін жауаптылық көзделген.
Ұйымдасқан топ дегеніміз - екі немесе одан кеп адамдардан тұратын, бір немесе бірнеше кылмыс жасау үшін біріккен топ [56].
Ұйымдасқан топтың қызметі көбіне рөлдерді бөлумен байланысты, бірақ бірге орындаушылық та болуы мүмкін. Сондықтан да, азаптауды ұйымдасқан топ жасады деп тану үтяін, оның мүшелерінің қандай рөл атқаратындығына қарамастан, ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалмай, бірге орындаушылық деп саралау керек.
Жалданып азаптау ғылымда қызығушылық тудырып отыр (ҚК-нің 109-бабы 2-бөлігінің «д» тармағы).
Бұдан біз қылмыс жасаудың шарты тек ақша ғана емес, басқа да болуы мүмкін екендігін көреміз, оған материалдык емес игіліктер де жатады (демалыс орнына жолдама алу, пәтерін немесе машинаны жөндету және т.б.).
Жалдануды тек пайдақорлық пиғыл деп айтуға болмайды. Жалданушы - әз ісінін майталманы, жасырындық шараларды қатаң сақтайды, оз кәсібінің беделін түсірмеуге тырысады, ал сыйақы ол үшін екінші қатарға қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет