Кіріспе зерттелетін дипломдық жұмыстың өзектілігі


Дипломдық жұмыстың объектісі



бет3/9
Дата25.04.2023
өлшемі405 Kb.
#175362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
азаптау

Дипломдық жұмыстың объектісі. Азаптау қылмысына қарсы тұратын үдерісті реттейтін қоғамдық қатынастар танылады.
Дипломдық жұмыстың пәні болып азаптау қылмыстық құқықтық институты ретіндегі мәні мен құқықтық реттеу механизмі табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері. Диплом жұмысын жазу барысында теоретиктерінің еңбектері, ондағы тұжырымдар назарға алынды. зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін ғылыми әдістер кешені құрайды. Зерттеудің әдістемелік негізін бүгінгі таңда оларсыз құқықтық зерттеулер жүргізу мүмкін болмайтын бірқатар ұстанымдар анықтады. Жұмыстың әдістемелік негізі жалпы алғанда жүйелі, салыстырмалы және тарихи талдауға сүйенген.
Дипломдық жұмыстың беретін жаңалығы. Дипломдық жұмыста алынған нәтижелер Осындай негіздің бірі – адамның жеке басына қарсы қылмыстың (азаптаудың) қылмыстық- құқықтық тегін анықтап талдау жасау. Дипломдық жұмыста азаптау қылмыстарын саралау барысында тәжірибеде кездесетін проблемалар қылмыстық – құқықтық ғылыми көзқарас тұрғысынан зерттелініп кеткен және анықталған.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыста қалыптасқан ғылыми қорытындылар, авторлық идеялар мен ұсыныстар қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы мамандар тарапынан сұранысқа ие болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар бұл зерттеу жұмысы аталған мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім беру процесінде пайдаланыла алады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.Жұмыстың мазмұнын ашып талқылау барысында жұмыстың құрылымы үлкен кіріспеден, екі бөлім мен қорытындыдан құрастырылды.

1 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ (АЗАПТАУДЫҢ) ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕГІ (СИПАТТАМАСЫ)
1.1 Адамның жеке басына қарсы қылмыстар (азаптау) туралы заңдардың дамуы
Адамның денсаулығына зақым келтіретін қылмыстар адамзат тарихымен бірге жасап келе жатыр. Сондықтан да, адамның денсаулығын қорғау қазіргі таңда қылмыстық құқықтың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Отандық әдебиетте адам денсаулыгын қылмыстық-құқықтык қорғау мәселесіне әрқашанда баса назар аударып отырады.
Қазакстан Республикасыньщ қылмыстық заңнамасы Ресей мемлекетінің даму тарихымен етене байланыста. Қылмыстық заңнаманың алғаш туындаган кезінде қылмыстын ауыр формалары ғана есепке алынды, бірақ «келе-келе адам денсаулығын жан-жакты қоргау мақсатында қылмыстық озбырлықтың басқа жақтары да қарастырылды».
«Азаптау» ұғымы пайда болғанға дейін адамға күш, көрсеткені және психикалық ықпал жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік азаптаудың нышаны бар басқа қылмыстар құрамында көзделді. Ал, қылмыстың әзінше - дербес ққрамы ретінде азаптау кейін бөлінді.
Қылмыстың бұл түрі ежелгі замандағы патшалар кезінен бастау алады, олар ешқандай заңға сүйенбестен өз қарсыластарын азаптаған, қинаған.
Денсаулыққа зақым келтіретін қылмыс жайында Русьте ұлы князьдар Олег (911 ж.) пен Игорьдің (945 ж.) гректермен жасасқан шарттарында алғаш рет айтылады. Бұл шарттарда «адам денсаулығы қоғамдық игілік емес, жеке адамнык өз, игілігі, сондықтан оны қорғау-оның өзінің немесе оған мүдделі адамдардың міндеті», - деп көрсетілген [3].
Гарихшылар «Орыс заңы» деп атаған Олег шартында (911ж) негізінен денеге зақым келтіргендік үшін жауапкершілік көзделген. «егер орыс гректі немесе грек орысты қылышпен немесе найзамен жарақатттаса, ол әзінің кінәсін жуу үшін «Орыс заңы» бойынша бес литр күміс төлеуге тиіс» делінген. Көптеген зерттеушілер мұны заң актісі емес, Русьте қалыптасқан тәртіп деп санайды. Дене жарақаты үшін жауапкершіліктің мүндай нормалары Игорьдің шарттарында да (945 ж.) болды.
Ежелгі Русьтің қылмыстық құқық нормалары бар және бізге дейін жеткен заң актісі - «Русская правда» (XI ғ.). Ол князьдіктердің жарғыларынан, әдет құқықтарынан, нақты сот « үкімдерінен кұрастырылды, онда дене жарақатын алғандык үшін жауапкершілік нормалары қарастырылды, тіптен кейбір жағдайларда қанды кекке рұқсат етілді [4, 65].
Денсаулықты қорғау Русьте жеке мүддеден біртіндеп мемлекеттің қылмыстык-кұқықтық кұралдармен қорғайтын қоғамдык игілікке айналды. Мұндай қорғаудың дәрежесі жәбірленушінің қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты болды. «Русская Правданың» алғашқы нұскаларында денеге зақым келтіргендік үшін жауапкершілік көзделген: «Егер жәбірленген адам өзіне корсетілген қорлықтың кайтарымын өз бетінше ала алмаса, оған 3 гривна айыппұл төленеді» делінген. Яғни бұл заң актісінде өш алу немесе ақшалай айыппұл салу бірдей коздслген. Егер колындағы қатты затпен ұрып дене жаракатын салса, ол үшін 12 гривна телейтін болган.
Ал бұл «Русская Правдада»«азаптау»терминікездеспейді. соған қарап бұл термин кейін пайда болган деген тұжырым жасауга болады. Бірақ автор бұл қылмыстың сол кезде-ақ денеге баска жолдармен зақым келтіру аркылы болғанын айтады.
Новгород және Псков губернияларында сот грамоталары деп аталатын екі ірі заң актілері жарық көрді, оның біреуінің 42 бабы бізге жетті. Ал, «Псков сот грамотасы» (1397 жылгы) неше қайтара толықтырылып толықтай сакталды. 111-бапта талапкерге сотта жарақат салғаны үшін жауапкершілік белгіленген: «Мырза алдында талапкерді ұрған адам акша төлейді»делінген.
Мұндай нормалар кейін «Двина жарғы грамотасында» да болды (1398 ж.). онын І-бабында «денені канатканы үшін отыз бел, көгерткені үшін он бес бел» козделді.
XV ғасырда Русьте, орталықтандырылған мемлекет құрыла бастағанда заңнаманың жаңа формасы - Судебник пайда болды. Алғаш, 1497 жылы Иван Ш-нің Судебнигі, 1550 жылы Ивач Грозныйлың Судебнигі пайда болды, олар зорлықты әрекеттердің «Русская Правдада» берілген құқықтық сипаттарын қалдырды. Бұл нормативтік актілер құқықтың бірнеше саласының (азаматтық, қылмыстық, іс жүргізу және т.б.) нормаларын қамтыды, бірақ денсаулыққа қарсы қылмыстар жайында сөз козғамады. Дегенмен, Сүдебниктерде адамның жеке басына қарсы қылмыстар, оның ішінде азаптау өзінше бөлек алынған деген пікірлер бар.
Алексей Михайлович патшаның 1649 жылгы «Соборное Уложение» жинагы елеулі нормативтік актіге жатады. Онда орыстардың жазба құқықтары бір жүйеге келтірілді. «әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты қылмыстық жазаланатын әрекетке жатқызылды, біркатар нормаларда «зорлықты» терминдері пайдаланылды» [5].
«Уложениеде» қамшы, таяқ және басқа жанға бататын құралдар қолданғандык (11-бап) және жәбірленушіні кинағандық үшін (12-бап) жауапкершілік көзделді.
Бұл заңға кайшы әрекеттерде. өздерінің жасалу тәсілдері мен сипаты жағынан азаптауға ұқсас құрам бар (ҚР ҚК-нің 109-бабы), ондай әрекет үшін жауапкершілік талион принципі бойынша көзделген: «Біреуді азаптаған адамға сондай жаза қолданылады».
Патшалық Ресейдің әкономикалық дамуы, батыс елдеріне еліктеу, халық санының өсуі заңдардың жетілдірілуін талап етті.
Мысалы, Петр І-дің кезінде қылмыстық-құқықтық сипаттагы 392 жарлық шықты. Қылмыстық-құқықтық нормалар, сонымен қатар, жалпы актілерге де кіргізілді. Мұндай заң актілерінде мемлекеттік - көпшілік мүдделер басым болды, адам денсаулыгына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік те қарастырылды.
Ал, 1715 жылғы «Артикул воинский» заң тұрғысынан өте сауатты жасалған еді, оны тек әскерилерге гана емес, жәй азаматтарга да пайдалануға болатын. Бұл артикул «Соборное Уложениемен» қатар жүрді, олар XVIII ғасырдың басынан аяғына дейін күшін жоғалтпады. «Воинский Артикульде» адам денсаулығына қарсы қылмыстардың құрам саны көбейді. Шапалакпен тартып жіберіп адамды мұқату (145-арт), сондай-ақ қамшымен, шыбыртқымен ұрып дене жарақатын салу (146-арт) сияқты жазалау шаралары бөлек қарастырылды.
«Воинский-Артикульге» сот-медициналық сараптаманы жүргізу туралы ережені кіргізу адам денсаулыгына закым келтіргендік үшін жауапкершілік қарастырылған заңды жетілдірудегі маңызды окига болды: «Мәйітті кескен емші өз көргенін сотқа жазба түрінде үсынуға тиіс» (154-арт) [6, 56].
Екатерина ІІ-нің «Наказы да XVIII ғасырдагы қылмыстық қүқықтың маңызды көзіне айналды, онда адамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар бөлініп алынды. Ол кезінде онша бағаланбаганмен, XIX ғасырдың басында оның көмегі көп болды.
XVIII ғасырдагы абсолюттік монархия кезінде қылмыстық-құқықтық ұғымдар, нормалар мен институттар едәуір жаңғырды. Ресейдің адам денсаулығына қарсы қылмыстар туралы заңнамасы сегіз гасырда қылмыстық озбырлықтан сақтанудың құқықтық құралдары мен әдістерінің белгілі бір жүйесіне айналды.
1830 жылы Николай І-дің кезінде М. М. Сперанскийдің басшылығымен «Ресей империясы заңдарының толық жинағы»дайындалды(51 том),ондабарлығы 53239 теориялық кездер болды және де 15 томдық «Ресей империясының заңдар жинағы» жарык көрді. «Заңдар жинағының» XV томындағы қылмыстық құқық нормалары Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінді, олар 1833 жылдың 31 қаңтарында қүшінеенді. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік туралы баптар ең соңында келтірілді. Денеге зақым келтіру және жаракат салу ажыратылды. Адам қандай да бір мүшесін жоғалтса немесе мүше жансызданса - зақым келтіру, ал бір жерді қанатып, көгертсе - жаракат салу деп бөлінді [7, 123].
1845 жылы 2224 баптан түратын «Қылмыстық және атқарушылық жазалар туралы Уложение» қабылданды. Ол Ресей заңнамасын едәуір дамытып, заң ғылымы мен практикасына елеулі үлес қосты. Ол барлық қылмыстық заңдардың басын қосып, оларды бір жүйеге келтірді. Адам денсаулығына қарсы қылмыстар өзінше жеке топка бөлінді.
Мысалы, «Жеке адамның өміріне, денсаулығына, бостандығына және ар-ожданына қарсы қылмыстар туралы» X тарауда (1477-1496-баптар) «Денсаулыққа зақым келтіру, жарақат салу және басқа зиян келтіру» деп аталатын 3-тармақ қарастырылған. Заң шығарушы құқыққа қайшы әрекеттерді адам денсаулығына қатысы бар нысандар бойынша біріктірген, бұл мән-жай адамның жеке басына қылмыстық-құқықтық қорғау нысаны ретінде қарау керектігін көрсетеді. Зақым келтіру ауыр (1477) және жеңілдеу (1978-6.) болып белінді. Жарақат салу да ауыр (1481) және жеңіл (1482) деп топтастырылды. Бұлармен қатар денсаулықты бұзу дейтін әрекеттер де қарастырылды (1486-1487-баптар). Төбелес немесе дау-дамай кезінде денеге жарақат салудың кейбір мәселелері де қарастырылды (1485-бап), ол қазіргі Қазакстан заңнамасындағы бұзақылық пиғылымен ұрып-соғуға ұқсас.
«Уложениеде» азаптау ұғымы қолданылды, оны қинау және қатыгездік арқылы түсіну керек еді. Бұлардан келетін күйзеліс жәй ұрып-соғудан, тіптен таяққа жыгып тастаса да, ауыр деп саналды. Сондықтан да «Уложение» қинау мен қатыгездікті қылмыс деп саралағанда денсаулыққа зақым келіен-келмегендігіне назар аудармады.
Зерттеуші бұл «Уложение» бойынша адам денсаулығы бұрынғы қылмыстық заңдарға қарағанда нақтырақ қорғалды, бірақ онда көптеген «басы артық», бір-біріне өте ұқсас белгілер болды деп санайды. Бұл заңнама 1917 жылдың қазан айына дейін күшін жойған жоқ. Онымен қатар қолданылған 1903 жылғы «Қылмыстық уложениенің» «Денені жарақаттау және адамға зорлық көрсету туралы» XXIII тарауы адам денсаулығына қарсы қылмыстарға арналды.
1903 жылғы «Уложениеде» адамның жеке басына қарсы қылмыстар екі түрге бөлінді: денені жарақаттау және адамға зорлық көрсету, қасақана ұрып-соғу. «Ұрып-соққанмен денеге ешқандай із қалдырмайтын, қысқа уақытка жан күйзелетін әрекеттер адамға зорлық көрсету болын табылады» дейді Н. С. Таганцев. Бұл әрекеттер адам денсаулығына зақым келтірумен салыстырғанда қоғам үшін онша каушті емес қылмыстар қатарына жатқызылған, олар қылмыстық заң қорғайтын мүдделердің қосымша нысанына жатады 1919 жылғы 12 желтоқсанда Ресейдің Қылмыстық істер бойынша басшылыққа алатын бастамасы басылып шықты, бірақ ол қылмыстық заң емес еді, себебі онда қылмыстардың накты құрамдары қарастырылмаған, дегенмен қылмыстық-құқықтық ұғымдар жүйеге келтірілген болатын [8].
Қылмыстық заңнаманың дамуындағы келесі белес - РКФСР қылмыстық Кодексінің шығуы еді (1922 ж.). V тараудың «Денені жарақаттау және адамға зорлық көрсету» деп аталатын 2 тармағы денсаулыққа қарсы қылмыстарға арналды. Бұл Кодекс дене жарақатын үш санатқа бөлді:
• ауыр
орташа ауыр
• жеңіл.
Бұл ретте Кодекс жеңіл дене жарақатына қандай да бір анықтама берген жоқ, оның белгілерін көрсетпеді.
Бірақ, ауыр және орташа ауыр дене жарақаты деген ұғымдарға сүйене отырып жеңіл дене жарақатына өмірге қауіпті емес, денсаулықты аз уақытқа ғана бұзатын немесе денсаулықтың бұзылуына қатысы жоқ жарақатты жатқызуға болады.
Біздің зерттеу үшін керектісі - «қасақана ұрып-соғу немесе жанға бататын өзгедей зорлықты әрекеттер» (157-6.). Бірақ ұрып-соғу ұғымы сол қалпы ашылмай қалған, «азаптау» және «қинау» терминдері саралаушы белгілер ретінде қолданылған.
1922 жылы «Жарақаттың ауырлығы туралы қорытынды жасау Ережесі» қабылданғаннан кейін қылмыстық-құқықтық нормалардың мәнін толықтай ұғынуға, оларды практикада дұрыс қолдануға мүмкіндік туды.
Отандық зерттеушілердің пікірінше, денсаулыққа қарсы қылмыстарды 1922 жылғы Қылмыстық Кодекс бойынша құқықтық регламенттеуде жан-жақтылық, нактылық бар көрінеді.
1927 жылдан бастап Ресейде жаңа Кодекс (1926 жылғы) күшіне енді. Адамның емірше, денсаулығына, ар-ожданына, бостандығына қарсы қылмыстардың барлығы түгелдей VI тарауда берілді.
Бұл Кодекс дене жарақаттарын ауыр (142-6) және жеңіл (143-6.) деп екіге бөлді. Дененің көгергенінен аяқ-қолдың сынғанына дейінгі әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар жеңіл деп саналды. Денеге бәлендей бір қол тигізу емес, адамға жан күйзелісін келтіру ғана зорлықты әрекетке жатқызылды. Ұрып-соғу денсаулыққа қарсы қылмыстардың ерекше тобын құрады (146-6.).
Баптың диспозициясынан көріп отырғанымыздай, бұл жерде «ұру» және «согу» деген, мәні жағынан өте жақын екі термин алынған, қылмыстық заңнамада олардын қандай ұғым беретіндігі ашылмаған. 146-баптың 2-бөлігінде азаптау ұрудың, соғудың және жанға бататын басқа да зорлықты әрекеттердің саралаушы түрі ретінде қарастырылған [9].
Адамга қарсы қылмыстарды криминалдаудағы олқылықтар зан аналогиясын қолдану жолымен толықтырылды (1922 жылғы Кодекстің 10-бабы және 1926 жылғы Кодекстің 16-бабы). Сол себептен де ол кезеңнің қылмыстық заңнамасы бірқатар қылмыстық-құқықтық ұғымдардың болмағандығынан қиындық көрген деп санайды зертгеуші.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстар үшін жауапкерші лік көзделген заңнаманың дамуындағы елеулі кезең - 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің қабылдануы еді.
Бұл Кодекс бойынша дене жаракаты кайтадан үш сатыға бөлінді. Еңбек қабілетінің едәуір жоғалуына алып келмейтін дене жаракаты ауырлығы орташа жарақатка жатқызылды (94-бап). Аталған кодекстің 97-бабында жеңіл дене жарақатын салғандық үшін жауапкершілік қарастырылды.
Ресей Қылмыстық Кодексінің 112-бабына қарағанда (онда мұндай нормалар жоқ) Қазак КСР Қылмыстық Кодексінің 99-бабында ұрып-соғу және азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді.
«Адамға зорлық көрсету» ұғымы 1959 жылгы Кодексте азаптаумен байланыстырылды. «Азаптаудың» кұрамы кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңнама үшін мүлде жаңа еді, ол 99-бапта көрініс тапты. Азаптауға «қасақана ұрып-соғу және жанға бататын басқа да зорлықты әрекеттер» деген анықтама берілді. Бұл Кодексте ұрып-соғу мен азаптау біртұтас үғым болды [9, 285].
Қазақ КСР Қылмыстық Кодексіне берілген түсініктемеде азаптау денеге жеңіл жарақат салу тәсілі деп ұғындырылды.
1977 жылы азаматтардың денсаулықты қорғау құқығы алғаш рет КСРО Конституциясында бекімін тапты (42-бап). ҚР Конституциясы (1995 ж.) зорлықты қылмыстардың алдын алудың оңтайлы жолдарын іздестірудің жаңа кезеңі болды, себебі онда адамның туғаннан өлгенге дейінгі өміріне, денсаулығына, жеке басына кол сүқпауға құқығы жарияланды.
Адам денсаулығына зиян келтіргендік үшін жауапкершілік көзделген қылмыстық заңнамада зорлықты қастандықпен күрестің бірқатар қылмыстық-қүқықтык жолдары қарастырылды. 1997 жылгы содан кейін 2014 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық Кодекс қылмыстық Заңдарды ҚР Конституциясына және халықаралық нормаларға сәйкестендіруге тиіс болды. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардын қүұамына баса назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес бұл қылмыстар тобының орналасу реті де өзгерді. ҚР ҚК Ерекше бөліміндегі тарау «Адамға қарсы қылмыстар» деп аталды [10].
Ұрып-соғу және азаптау сияқты қылмыстар құрамы өзгертілді, олардың біріншісі өзінше құрамға бөлінді, кейін мүлде алынып тасталды.
Азаптағандық үшін жауапкершілік көзделген қылмыстық заңнаманың даму тарихын талдай және қорыта келе оның ұзақ сүрелі жолдан өткендігін көреміз. Ол «Русская Правдадан» бастау алады, ал азаптау термині алғаш 1845 жылғы «Уложениеде» қалыптасқан болатын.
Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық заңнамасында оларға қатысты толығырақ сипаттама берілген, дегенмен азаптағандық үшін жауапкершілік көзделген нормаларды тәжірибеде колданумен байланысты бірқатар мәселені туындатып отыр.
Бұл саладағы зерттеу осы тақырып бойынша нақты ұсыныстар мен тұжырымдар жасай отырып, заңды дұрыс қолдану үшін қандай-да бір өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет