Кіріспе зерттелетін дипломдық жұмыстың өзектілігі


Адамға қарсы зорлықты қылмыс ретінде азаптау ұғымына және оның белгілеріне қазіргі көзқарас



бет4/9
Дата25.04.2023
өлшемі405 Kb.
#175362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
азаптау

1.2 Адамға қарсы зорлықты қылмыс ретінде азаптау ұғымына және оның белгілеріне қазіргі көзқарас
Адамның өмірін, денсаулығын, денесіне қол жұмсалмауын және бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға жасалатын барлық қастандықтардың басым көпшілігі күш қолданылып, кейбір жағдайларда психикасына қысым көрсетіліп жасалатын қылмыстар.
Қылмыстылық - адамның мінез-құлқы нысандарының бірі, ал қылмыс - адамның саналы түрде жасаған әрекеті, нақты қылығы. Адамның тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бәрін біліп алмай, жеке адам қылмысының себебін немесе жалпы қылмыс себебін біліп-түсіну мүмкін емес.
Криминология ғылымы адам қылмыскер болып тумайды, қылмыстылық тұлғаның қалыптасу кезеңіндегі жайсыз жағдайлардың салдарынан пайда болады деп пайымдайды. Алайда жайсыз жағдайдың бәрі бірдей және әр уақытта қылмыстық мінез-құлық тудырады деп ойлауға болмайды. Адам іс жүзінде өзінің психологиялық табиғатына сай, келетін шарттар мен факторларды таңдап алып және оны белгілі бір дәрежеде игереді [11].
Қылмыскер тұлғасы - қылмыстылыққа итермелеуші әлеуметтік өмір жағдайы мен осы жағдайдың салдарынан болған қылмыстың арасын жалғастырушы буын болып саналады.
Криминология ғылымы қылмыскер түлғасы деп—қылмыстық заңды басқа жағдайлармен және мән-жайлармен қоса адамды кінәлі ететін, осылайша оның қоғамға жат қылықтарына әсер ететін әлеуметтік және әлеуметтік мәні қасиеттердің, белгілердің, қатынастардың жиынтығы деп таниды.
Қылмыскердің тұлғасы өзінің бағыттылығы арқылы көзқарас пен бағдар мазмұнымен, қажеттік деңгейі мен шеңберімен ерекшеленеді. Алайда осындай жагдайға қарап, қылмыс жасаған адамдардың барлығында бірдей қоғамға жат көзқарас пен бағыт-бағдар бар деп ойлауға болмайды.
Мұндайлар болмағанның өзінде де қылмыскердің түлғасы мен оның қылмыстық мінез-құлық себептерін зерттеудің қажеттігі күн тәртібінен алынып тасталмайды. Дегенмен қылмыскерлердің басым көпшілігі осындай ерекшеліктермен көзге түcеді.
Қылмыскердің түлғасы - криминология нәрсесі ретінде, мүндай түлға әлеуметтік мәні бар жеке-нақты объекті ретінде немесе жалпы әлеуметтік тип ретінде қарастырылуы тиіс пе деген пікірталас тудырды.
Қылмыс жасаушы адамдар әртүрлі белгілер бойынша бір-бірінен ерекшеленеді, олардың әрқайсысы өзінше жеке-дара. Сонымен қатар қылмыс жасаушы барлық адамдарды ортақ бір немесе бірнеше белгілер сипаттайтын топтарға (типтерге) топтастыруға болады [12, 56].
Криминологияда типологияны қылмыстық іс-әрекеттің біртекті (типтік) үлгілерін оның неғұрлым ортақ моделіне (типіне) келтіру деп түсінеді. Бұл ретте ең алдымен неғұрлым маңызды криминологиялық немесе қылмыстық-құқықтық белгілер: криминалдық сылтаунама, криминогендік бұзылу немесе қоғамдық қауіптілік дәрежесі, қаншалық тыбойғасіңгендігі, бағыттылық сипаты ескеріледі. Адамның басқа да қасиеттері назарға алынады.
Типология - қылмыскерлердің неғұрлым тереңірек сипаттамасы болып табылады. Ол зерттелетін қылмыстық әрекеттің тууы мен дамуының тегін, себебін, заңдылығын ашуга, болжам жасауға мүмкіндік береді. Қылмыскердің жеке басын типологиялаудың тәжірибелік мәнін, ең алдымен, сактандыру және жазалау-тәрбиелеу шараларын бөліп қарастыру, кейбір тергеу мәселелерін шешу, қылмыстык қылықтың кейбір типтерін айқындап талдау, сондай-ақ бұл қылыктарды адамның кейбір ерекшеліктері арқылы түсіндіру мүмкіндіктерімен байланыстырады.
Қылмыскер түлғасы кез келген адам түлғасы сияқты белгілі бір құрылымға - өзара байланысқан және өзара әрекеттес әлементтер тобына ие болатын тұтастай құрылым болып керінеді. Қылмыскер түлғасының құрылымын зерттеу - әлементтер мен құрылымдар арасындагы байланыстардың өзгерістері түлғаның түбірімен қайта жаңғыруымен пара-пар болатындықтан, оның мінез-құлқындағы қозғалмалы кұштеріне жақындасып, танып-білу [13, 234].
Қылмыскер тұлғасының кұрылымын анықтау барысында оны басқа адамдармен араласу нәтижесінде және өз кезегінде белгілі бір істің; танымның, қарым-катынастың субъектісі ететін әлеуметтік мәні бар қасиеттер жиынтығын иеленуші деп қарау керек.
Қылмыскер тұлғасын танып-білу тұлғаның құрылымы мен оның жүзеге асырылатын әлементтері арасындағы қалыптасатын қоғамдық катынастарды талдау арқылы ғана мүмкін.
Қылмыскер тұлғасы кұрылымының езі бірқатар құрылымдық беліктерге бөлінеді, яғни қылмыскер тұлғасын төмендегі блоктардан (жұйелік бөліктерден) құралатын жүйе ретінде қарастыруға болады:

  1. қылмыскер түлғасының демографиялық блогы;

  2. қылмыскер түлғасының әлеуметтік-мәдени блогы;

  3. қылмыскер түлғасының әкономикалық блогы (қоғамдық өндіріс жүйесіндегі жағдайы мен материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейі);

4)түлғаның әлеуметтік институттарға қатысты блогы (серіктестік қатысы, әлеуметтік институттарға арка сүйеушілік, дүшпандық катынастары, олардың қызметінің шырқын бұзуға үмтылысы);
5)тұлғаның әлеуметтік қауымдастықтарға катысты блогы (жағымды әлеуметтік міндеттер атқаруға бағытталған, бірақ шырқы бұзылып, соның салдарынан өзінің мүшелеріне жағымсыз әсер ете бастаған, сондай-ақ мүшелерінің жағымсыз пиғылдары негізінде құрылған қауымдастықтар);
6)тұлғаның әлеуметтік нормаларға қатысы блогы. Адамның мінез-құлықтары белгілі бір әлеуметтік нормалар жүйесімен реттелетіні белгіл і. Бұл нормалардың бәрі мынадай екі топқа бөлінуі мүмкін: а) бүкіл қоғам мойындаған (жалпы әлеуметтік); б) жекелеген қауымдастықтар мойындаған және қорғаған. Мұның өзін: жалпы әлеуметтікке сай келетін; оларға бейтарап; оларға қарама-қарсы деп бөліп қарауға болады [14, 24].
Сөйтіп тұлға мен әлеуметтік институттардың арасындағы қатынастарды тек тұлға ғана сипаттап қоймайды, оның қалыптасуына кері әсер еткен факторлар да сипаттайды.
Құрылымдық бөліктерден бір нәрсені алып тастау -боліктер өз-езінен дербес жалғасын таба алмайтындықтан, бүкіл құрылымның тұтастығын бұзады. Демек олардың бәрі де бір-бірімен өзара тығыз байланыста және біріне-бірі тәуелді.
Қылмыскер тұлғасы кұрылымының басқа да амалдары анықталуы мүмкін. Әсіресе, мынадай жолдары белгілі:
- әлеуметтік-демографиялық және қылмыстық-құқықтық белгілері;
- қоғамдық өмірдің әр саласындағы әлеуметтік көрінісі;

  • адамгершілік қасиеттері;

  • психологиялық ерекшеліктері.

Қылмыскерлерді түрлерге топтастыру маңызды аналитикалық және профилактикалық мәнге ие. Ол қылмыстылық себебін анағұрлым терең және де жан-жақты зерттеуге көмектеседі.
Профессор А. Б. Сахаров бастапқыда категориялардың мынадай белгілерін ұсынды: әлеуметтік-демографиялық; әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-биологиялық. Алайда ол кейіннен өзінің көзқарасты пікірін өзгертіп, тұлғаның биологиялық белгісін алып тастады [15, 145].
Қылмыскердің тұлғасы жалпы тұлғадан өзінің кұрылымында белгілі-бір компоненттердің бар-жоғымен емес, ең алдымен осы құрылымдағы белгілі бір компоненттердің мазмұнымен және бағыттылығымен ерекшеленеді. Криминология үшін аса қажеттісі — нақты қылмыс жасаудың себептері болып саналатын адамгершілік касиет, мәнді бағдар, көзқарастардың; мүдделердің, қажеттіктің, бейімділіктің, әдеттің қоғамға жатбағыттылығы, дегенмен мұның бәрі құрылымдык бөліктердің басқаларын жоққа шығару болмаса керек. Тұлғаның бағыттылығы адамның өзіне тән сипатталатын және оның кызметіне әрекет ететін ақиқатқа таңдамалы қатыстылығын көрсетеді. Бағыттылық - тұлғаның психологиялық кұрылымындағы элемент. Ол басқа да элементтерге - білім деңгейіне, биологиялық қасиеттерге (жігерлілік, талабы) негізделген сипаттардың көрінуіне басты әсер етеді және адамның тиісті қылмыстық мінез-құлықты таңдауын анықтайды [16, 43].
Құқық бұзушылармен күрестің стратегиясы мен тактикасын айқындау үшін тәрбие-сақтандыру жұмыстарының әдістері мен амалдарын даярлау, оның негізгі багыттарын анықтау үшін жеке бастың мұндай және басқа да параметрлерін қалай да білу керек.
Бірақ қылмыстық әрекетке ықпалын түсінуде кейбір сипаттамалардың маңыздылығы бірдей болмағандықтан, адамның қальштасуының әртүрлі кезеңінде олардың әртурлі жиынтықта болуы себепті топтастыруды ары қарай терендету керек.
Сонымен қатар, Ю. М. Антонян дұрыс атап өткендей, қылмыскерлердің кейбір санаттары басқа типтерден өзгеше белгілері, сипаттамалары мен қасиеттері бар типтер ретінде әлі жеткілікті зерттелген жоқ [17, 32].
Адамның жеке басын көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеуде. Жеке бастың проблемасын неғұрлым терең және жан-жақты зерттегендер - социология, педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және басқа ғылымдар.
Бұл талдама адамдардың аталған санатының өмірі мен тәрбиесі, олардың қылмыс жасағанға дейінгі еңбегі мен тұрмысы жайында толығырак түсінік алуға мүмкіндік береді, себебі криминологтар белгілі бір әлеуметтік топтарды жеке-дара зерделеуге ғана емес, олардың тіршілік еткен ортасына да көңіл бөледі.
Мысалы, криминологиялық тұрғыдан алғанда, қылмыскерлердің белгілі бір типтерінің және қылмыстық мінез-құлықтың белгілі бір типтерінің қалыптасуы, тіптен халықтың қандай да бір топтары арасьшда жасалатын қылмыстардың жиілігі әлеуметтік ортаның ерекшеліктерімен байланысты екен. Сондықтан да қылмыс жасаушы адамдардың әртурлі санаттарына қатысты микроортаны да жеке-даралап зерделеу қажеттігі туындайды. Қылмыскерлердің өте күрделі және әртекті «адамдар жиынтығын» құрайтынын білеміз. Бірақ бұл криминологтар қылмыскерлердің әртүрлі топтарынын және олар қалыптасқан әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін бөліп алып, толыктай зерттеді дегенді білдірмейді.
Қылмыс жасаушы адамдардың типологиясы оларды біртекті (біртипті) топтарға келтіру кажеттігінен туындайды. Қылмыскердің тұлғасын және оның кұрылымын тереңірек зерделеу үшін сондайларға тән касиеттерді білу керек. Кез келген қылмыс, айталық, адамның қылмыс жасағанға дейінгі өмірімен, тәрбие барысында алғантеріс қасиеттерімен анықталады, ал олар, өз кезегінде, адамның қоғамга қауіпті жолды таңдауына септігін тигізеді.
Ал ол жол сол адамның ішкі дуниесінің белгілі бір жақтарын, қасиетін іштей іске асыру болып табылады.
Қылмыскерге тән қасиетті білу - әлеуметтік бақылау жүйесін ұдайы жетілдіруге, алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға, сақтандыру және тәрбие жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік береді.
Құқық бұзушы қылмыскерлер өздерінің жастарына қарай өзгеше топтастырылады. Оларды ересек қылмыскерлерден бөлектейтін бір ортақтық болғанмен, олардың өз арасында да айырмашылық бар. Өз жиынтығында өнегелік-психологиялық, әлеуметтік-демографиялық және құқықтық сипаттамаларды қамтитын белгілер негізінде ғана құқық бұзушы қылмыскерлерді топтастыру проблемасын шешуге болады [18, 56].
А.С. Макаренко еңбектерінен біз кәмелетке толмай қылмыс жасағандар типологиясы туралы айтылған кұнды пікірлерді таба аламыз. Ол типтеуге қандай да бір белгілер немесе олардың жәй жиынтығы арқылы емес, адамның әлеуметтік тәжірибесі мен оның қылығы арқылы келу керек деген [19, 96].
Типология қылмыстық іс-әрекетті болжауға мүмкіндік береді.
Көрініс тапқан мұқтаждық, мүдде, мінез ерекшелігі, әлеуметтік-демографиялық сипаттама туралы, құқық бұзушылардың келбетін ашқан қылмыстың мән-жайы туралы мәліметтердің жиынтығы адамның жалпы бағыттылығы (бағдары), оның жасаған қылығына көзқарасы жайында толықтай түсінік береді.
Ғалымдар қылмысты төменде көрсетілген жағдайда жасаған адамдарды төрт типке бөледі:
а) оның жалпы бағыттылыгына кайшы келетін тосын жағдайда;
б) адамның жалпы тиянаксыздығының салдарынан;
в) адамның жалпы бағыттылығына сәйкес келетін, бірақ себеп пен жағдай тұрғысынан алғанда кездейсоқ;
г) адамның қылмыстық ұстанымына сәйкес келетін және қажетті себеп пен жағдайды іздестіруді немесе жасауды қамтитын.
Г. М. Миньковский, жасөспірім және құқық бұзушылардың құқық бұзушылар санатын зерттей келе, мынадай типтер ұсынады:
а) жалпы бағдары оң болғанмен, жағдайға қарай кездейсок қылмыс жасаған адамдар;
б) сыртқы ықпалдың, жағдайдың және тиянақсыз бағдардың жиынтығы нәтижесінде қылмыс жасағандар;
в) алған бағдары негізінен коғамға қайшы болғандықтан қылмыс жасағандар;
г) қылмыстық ұстанымына сай және себепті, жағдайды іздестірудің, тіптен оларды жасаудың нәтижесінде қылмыс жасағандар.
Осы зерттеулерінде Г.М. Миньковский әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялык және психологиялық белгілерді әртүрлі типтердің критерийлері ретінде біріктіруге сәтті талпыныс жасады. Ол ұсынган типтер, негізінен, белгілердің үш тобын камтиды: біріншіден, адамға ықпал ететін сыртқы факторлар; екіншіден, ішкі жағдайлар (бағдар, ұстаным); үшіншіден, факторлардың алғашқы екі тобы көрініс табатын жағдай. «Мұндайжеке-дараланғантипология психологиялық модельдерге қойылатын талаптарға сәйкес тұргызылған және кызметі құқыққа қайшы субъектінің жеке басын танып - білуді жеңілдететін модель ретінде пайдалануға болады»,-дейді К. Е. Игошев [20, 78].
Зорлықшыл қылмысты зерттеушілердің айтуынша, басқа адамдарға зорлық көрсетушілерді біржақты сипаттауға болмайды. Жасалатын қылмыстың негізінде сол көпжақтылык жатады. Олар психологиялық ерекшеліктері бойынша да, қоғамга қаутптілік дәрежесі бойынша да, тіптен қылмыс жасау тәсілі бойынша да әртүрлі типтерге жатады.
Қылмыс іздерінің өзі қылмыскердің кандай да бір типке жататындығын көрсетеді, - дейді Е.О. Алауханов [21, 96].
Криминалдық сылтаунама критерийі бойынша құқық бұзушьі қылмыскерлер мынадай типтерге жатқызылады: зорлық көрсететін, бас пайданы ойлайтын, сексуалдық және беделді. Криминогендік бұзылу дәрежесі бойынша мынадай типтер қалыптастырылған: кәсіби тип, әдеттегі гип, тиянаксыз тип, салак тип, кездейсоқ тип .
Криминологтар зорлықшыл қылмыскерлердің тағы да мынадай типтерін беліп алады: «жағдайға қарай», «тиянаксыз», «өшіккен», «оте өшіккен», бірақ бұл бөліністе бағалық сипат бар, ол жасалган қылмыстың ауырлық дәрежесі мен неше қайтара жасалғандығына ғана емес, жасағаниың сипапамасына да байланысты.
Дегенмен қылмыскер типін дұрыс анықтау - құқық қорғау органдарының қылмыспен күресін дұрыс ұйымдастыруына септігік тигізеді.
Огбасындағы зорлықшыл қылмыстылықты зерттеуші А. Н. Ильяшенко «жағдайға қарай» қылмыскерлердің төрт типін бөліп алып, оны тосын-қақтығысты типше, аффективтік типше, жинактаушы-аффективтік типше, «тиянаксыз (арашқ)», «тиянакты». «ешіккен тип» деп бөледі [22, 64].
Біз жүргізген зерттеу құқық бұзушы қылмыскердің мынадай типтерін бөліп алуға болатындыгын көреетгі, олар: жағдайға байланысгы, тиянақсыз, тиянақты, агрессивті-сексуалдық және ошпенді.
Біз топтастырудың негізіне қылмыс жасаудагы сылтауды, оны жасаған субъектінің жеке басының ерекшеліктерін, онда криминалдық тәжірибенің бар-жоқтығын алдық.
Әрбір тип қылмыскердің қылмысқа бет бұра бастаған кезінен оның толық қалыпғасқанға дейін жүріп өткен жолының баспалдағы іспетті.
Жағдайға байланысты тип - қылмысты қалыптасқан нашар жағдайдың ықпал етуі нәтижесінде жасайды. Ондай адамды әлеуметтік енжарлық басады, онын бойында қалыптасқан курделі жағдайдан шығатын интеллектуалдық, эмоционалдық ресурстар, қажырлылық болмайды, ол өз әрекетінің кейбір салдарларын болжай алмайды. Жеке басының психологиялық ерекшеліктерінен олар жағдайға тәуелді болып қалады, өнегелік тәрбиенің аздығынан одан шығу жолын таба алмайды.
Жағдайга байланысты типке: біз қажетті қорғаныс кезінде кісі олтіргендерді, тамақ табу үшін және шешесіне операция жасату үшін тонауға және қарақшылыққа барғандарды да жатқыздық.
Біздің мәліметтер бойынша, бұл тип өкілдерінің өзіндік үлесі көп емес-тәрбие колонияларында жазасын өтеп жатқандардың жалпы санының 2 %-ы гана (4 адам). Сонымен қатар «жағдайға байланысты» қылмыс ішкі жағдайды да, жеке бастың кейбір қасиеттерін де сипаттайды. «Сыртқы фактіге әрбір реакцияны сол фактінің өзі ғана емес, фактінің қаншалықты маңызды, тартымды, қызғылықты екендігін анықтайды», - дейді А.В Наумов[ 23, 103].
«Жағдайга байланысты» қылмыскердің жеке басындағы теріс ерекшеліктерді толықтай жоққа шығаруга болмайды. Қоғамға қайшы пікірлердің, теріс қасиетгердің болуы және олардың тиісті жағдайда қылмыс түрінде көрініс табуы барлық қылмыскерлерге тән».
Бірақ қылмыскерлердің бұл санатынын теріс сипаттары өзінің қарқындық деңгейі жағынан қылмыскерлердің тиянақты және кәнігі типтерінен өзгеше. Ал қылмыстық іс-әрекеттің туындау себебіне келетін болсақ, бұл жерде субъектінін бастапқы да, одан кейінгі де әрекеттеріне ықпал ететін сыртқы мән-жайдың рөлі зор.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, жағдайға байланысты типке жатқызылған респонденттер зорлықшыл қылмыстарды алғаш рет, жалгыз өзі жасаған, оған дейін полиция инспекторынын есебінде түрмаған. Бірақ мүндай адам қалыптасқан нашар жағдайдың ықпалынан қылмыс жасаған кездерде, олардың барлығы бірдей «жағдайга байланысты» қылмыскер деп танылмайды. Бұл жерде жағдайдың немесе әлеуметтік тиянақсыздықтың қайсысы басым болғандығы ескеріледі.
Тиянақсыз тип - бұл типке біз мына себептермен алғаш рет қарақшылық шабуыл және тонаушылық жасаған респонденттерді кіргіздік, ол себептер: ішімдікке және есірткіге қаражат табуға үмтылу, ақша тапқысы келу, жолдастарымен ынтымақтастық, басқалар алдында өзін көрсеткісі келу. Бұл типке теріс сипатталатын, бұрын әкімшілік құқық бұзған, қоғамдағы әлеуметтік рөлін ойдағыдай орындамаған, бірақ қарсы бағытталған зорлықшыл істері айқын көрініс таппаган адамдар жатады. Зорлықшыл қылмыс жасау олар үшін кейде ерекше маңызы бар мақсатқа жетудің амалы болып табылады.
Бұл адамдардың сипаттамасы қым-қиғаш: олардың бойында жарым-жартылай криминогендік бұзылғандық та (қоғамдық пікірмен санаспау, жауапсыздык, жазаланбай калу үміті, ішімдік, есірткі қолдану, айналаның теріс ықпалына қарсы түра алмау, теріс дағды және т.б.), заң бұзбайтын кісі бойындагы ерекшеліктер де бар. Олар, әдетте, оң және теріс ықпал жинақталған қайшылықты микроортада калыптасады. Бұл типтегі адамдардың зорлықшыл қылықтары олардың әмоциясындағы ақаулардан, өзін бақылай алмаушылықтан, түрақсыз көніл-күйден, ашушаңдықтан туындайды.
Мүндай адамдарды микроорта және олардың өмір салты қалайда қылмысқа итермелейді. Бұл тип окілдерінін өзіндік үлесі 20,5%.
Тиянақты тип. Бұл топқа кек алу, өштесу, ақша табу себептері. бұзақылық пиғылмен, есірткі, ішімдік үшін ақша табу мақсатында, жолдастарына жақтасып кісі өлтіргені, денеге қасақана ауыр жарақат салганы үшін, қылмыстық жауапкершілік жасына жеткенше қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған немесе бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, шартты түрде сотталған, қарақшылық және тонаушылық жасағаны ушін сотталған құқық бұзушылар қамтылған [24, 57].
Бұл типтің өкілдерінде агрессивтік-зорлықшыл бағыттылық, дөрекі күш қолдану стереотипінің қалыптасқандығы айқын және түракты көрініс таііқан. Олар мораль мен құқық нормалары үдайы бұзылатын микроортада қалыптасқан.
Олардың қылмыстық қылыктарының себебі ашушандық, өшпенділік, кектесу, көре алмаушылық сияқты теріс эмоциялармен байланысты. Адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің агрессивті-зорлықшыл тәсілі басқа тәсілдер ішіндегі ең тиімдісі болып табылады. Олардың көбісі агрессивті қылығымен немесе ішімдікке салынумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықты неше қайтара жасағандар, ішкі істер органдарында есепте тұрғандар.
Олар, негізінен, өз муддесін көздейтіндер, төңірегіндегілерге агрессивтігі, қастандығы күшті, өзін-өзі ұстай алмайды, эмоциясы тұрақсыз.
Кісі өлтіргені және денеге қасақана ауыр жарақат салғаны ушін сотталған құқық бұзушыларға зерттеу жүргізгенде біз бұлардың көбісінің бойынан аямаушылық, жаны ашымаушылық, қатыгездік сияқты әдеітерді таптық. Бұлар, негізінен, өз-өзіне риза, бірбеткей, кек сақтағыш, өзінікінен басқа кұндылықтарды мойындамайтын, мораль мен құқықтан, әдептен аулақ адамдар. Негізінен, материалдық (әлеуметтік-тиянақсыз) ортаға жататын бұл құқық бұзушыларда, көптеген факторлардың (экономикалық, демографиялық және т.б.) арқасында жұпыны тұрмыс, көңілсіз өмір қалыптасты. Кісі өлтіргендердің көбісінің ой өрісі, мәдениеті де, білімі де төмен [25, 345].
Қандай салада болса да адамдардың соңғы жылдары кісі елтіруінің себептері пайдақорлық жаққа қарай кетіп барады. Басқа сылтаулар (өш алу, кектесу, көре алмау және т.б.) жойылған жоқ, олар «пайдақорлық» тоңірегіне «топтасуда». Бірақ маскүнемдікпен, нашақорлықпен байланысты қылмыстардың көбінде ештесуі, кек алу, көре алмау, қызғаныш сияқты сылтаулар бар. Бұлар тұрмыста жиі кездеседі. Бұл жерде олар пайдақорлық мән-жайлармен «шайылып» кетеді. Дегенмен пайдақорлық ниет бірден көзге түседі. Криминологтардың айтуына қарағанда, адамдардың қасақана кісі елтіруінің 85%-ында пайдақорлық сылтау бар. Бұл барлық саланы қосып алғандағы керсеткіш. Ал, әкономика, жаңа нарықтық қатынас, кәсіпкерлік салаларын алатын болсақ, мұнда барлық жағдайларда да пайдақорлық сылтау басқа сылтаулардан ерекше тұр. Бірақ ол басқаларды ығыстырып шығармайды, олар өзара байланысқа кірген. Ол әсіресе зорлық керсетіп қасқана кісі өлтірумен тығыз байланыста. Қысқасы, пайдакүнемдік қылмыстық зорлықпен байланысты негізгі сылтау болып табылады. Жалпы кез келген қылмыста пайдакүнемдік, өз қамын ойлау, қандай да бір зорлық болады.
Адамдардың экономика, жаңа нарықтық қатынас және кәсіпкерлік саласында жасаған кісі өлтіруі, әдетте топтасып жасалады, оны құқық бұзушылар ересектермен бірлесіп немесе солардың басшылығымен жасайды. Бұл адамдардың кісі өлтірудегі барлық сылтаулары екі мақсатты көздейді: ақша мен материалдық құндылықтарды иемденіп ез мұқтаждығын қанағаттандыруға ұмтылу және біреуге зорлық керсетудегі мұқтаждығын қанағаттандыру. Олардың бұл бастапқы мақсаты - қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзуға нақты және саналы түрде бағытталған.
Бұл ретте пайдакүнемдік сылтауда екіжақты сипат бар: ол, құқық бұзушылардың бойында туа біткен қасиеті болуы немесе байлыққа, ақшаға, құндылыққа, оларды иемденуші адамға агрессивті реакциясы болуы мүмкін.
Сонымен бұл қаралып отырған жағдайдағы пайдакүнемдік сылтау - материалдық игілікке, ақшаға, құндылыққа деген реакция. Ол қылмыскер әрекетіне бағыттылық береді, ал қылмыскер өз ойын іске асыру барысында зорлықшыл әрекетке жүгінеді. Қысқасы, адамның пайдакүнемдік сылтауы мен оның қылмыстық әрекетінің тәсілдеріне де байланысты. Былай деуге болады: пайдакүнемдік - қасақана кісі олтірудің базасы, ал зорлық - сондай кісі елтіруді жасаудың тәсілі. Мұнда сылтау мен тәсілді ажыратуға болмайтындай бірліктің бар екендігін байқамау мүмкін емес. Олар белінбестей байланыста. Бұл типтегі адамдардың барлық басқа типтер арасындағы өзіндік үлесі 53 %-ды кұрайды.
Агрессивті-сексуалдық тип - бұл типке әйел зорлағаны және сексуалдық сипаттағы зорлықшыл әрекеттер жасағаны үшін сотталған құқық бұзушылар жатқызылған (15,5%). Өзінше жеке типке жатқызылған бұл қылмыскердің бойында зорлықшыл қылмыскерлерге тән ортақ қасиетпен бірге өздеріне ғана тән қасиеттер бар: белгілі бір сылтау - құмарлық, көңіл көтеру; жыныстар арасындағы қатынасқа өзінше көзқарас; жүгенсіздік, жыныстық қатынасты қанағаттандыруда ешқандай тосқауылды білмеу; моральдық азғындау [26, 163].
Түрмыс деңгейіндегі айырмашылық жеткіншектерді тәрбиелеуде қиындық тудырып отыр, ондай жағдай жастарға да, олардың ата-аналарына да теріс ықпал етуде. Қазір «сырты бүтін, іші түтін» отбасылар көбейіп барады, олардың көкірегін рухани аштық жайлаған. Бірақ олардың ақшадан тапшылық көрмейтіндігін ескерсек, ондай отбасынаншыққан жасөспірімдердің «жалғанды жалпағынан басамын» деп ішімдікке, нашақорлыққа салынып кеткендігіне тандануға болмайды. Мұндай жастардың көбісі арамтамақ, жалқау келеді. «Сексуалдық революцияның» ықпалына ұшыраған мұндай жастар, ата-анасының, басқа да ересектердің өмірге деген көзқарасына еліктеп, келеңсіз жағдайларға ұшырайды. ал олар жасаған әйел зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлықшыл әрекеттер көбіне әйгіленбей қалады.
Кәнігі тип - оған зорлықшыл қылмыс жасаған кезде өздерінде атылатын және суық қару болған респонденттер жатқызылды (9%). Бұл типтің қылмыскерлерінде нақты және тиянақты бағыттылық бар, ол тереңге тамырланып қалған, сондықтан да олардың әрекетінде «жағдайға байланысты» жасалған деген сипат жоқ. Жәбірленуші тарапынан ынта болмайды; қақтығысты жағдайды олардың өздері тудырады, жәбірленушіні соған итермелейді, ондағы мақсат-кейін оған қарсы зорлықшыл әрекет қолдану. Олардың бойындағы басты қасиеттер - ашушаңдық, ызақорлық, қатыгездік, біреуге жаны ашымаушылық, үятсыздық, қоғамды сыйламаушылык, өзін-өзі үстай алмаушылық.
«Зорлықты қылмыстар» термині қылмыстық құқықта да, криминология мен қылмыстық-атқарушылық құқықта да қолданылады. Қылмыстық-құқықтық үғымда зорлықты қылмыстар жалпы белгілермен сипатталады, сондықтан оларды бір топқа біріктіруге болады. Бұл қылмыстардың ортақтығы мен ұқсастығы олардың жасалу тәсілінің бірдейлігімен, атап айтқанда, басқа адамға зорлық жасаумен сипатталады [26, 568].
Әлеуметтік қайшылықтар ушыққан, әртүрлі дағдарысты жағдайлар орын алған кездерде жеке адамдар арасында қақтығыстар туындайды. Бұл қақтығыстар өндірісте, оқу орындарында, әсіресе түрмыста, демалыс орындарында жиілейді. Бұлардың кейбірі ауыр қылмыстарға алып келеді. Азаптауды криминалдық зорлықтан бөлек зерттеуге болмайды, себебі бұлардың екеуі де зорлықты қылмыстар.
Күшіндегі қылмыстық заңнама «зорлық» үғымын ашпайды, тек оны факт ретінде көрсетеді және оны «өмір мен денсаулық үшін қауіпті» немесе «... қауіпсіз» деп бөледі.
Соңғы кездері денсаулыққа қарсы қылмыс деп танылатын азаптау үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік проблемасына заң әдебиетінде назар аударыла бастады. Осы уақытқа дейін қылмыстық құқық теориясында заң шығарушылық және құқық қолдану практикасының талабын қанағаттандыратындай, азаптауды басқа зорлықты қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік беретіндей бірыңғай және ауқымды үғым жоқ.
Бұл қылмыс адамға қарсы жасалатын басқа зорлықты қылмыстармен тығыз байланысты. Мысалы, адам ұрлау (126-бап), бостандықтан заңсыз айыру (127-бап), аманат басып алу (234-бап) сияқты қылмыстар жасағанда айыпты өзіне көрсетілген қарсылыкты басу үшін жәбірленушіні ұрып-сабайды, оның жанына бататындай басқа да зорлықты әрекеттер жасайды [9].
ҚР Жоғарғы сотының 11.05.2007 жылғы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы жасалынатын кейбір қылмыстарды саралау туралы» № 11 қаулысына сәйкес «адам денесінің анатомиялык бүтіндігін заңсыз бұзу не органның бүлінуіне немесе оның қалыпты жұмысының бұзылуына алып келген өзге әрекеттер адам денсаулығына зиян келтіру болып саналады».
«Адамға зорлықты ықпал көрсету дегеніміз - оны өзінің ырқына қайшы келетін қандай да бір әрекетке мәжбүрлеу», - дейді В.В.Мальцев. Зерттеу барысында көбіне бопсалаушылықпен байланысты «тапсырысты» азаптау болатындығы анықталды. Сол себепті азаптауды қоғамға аса қауіпті қылмыстар қатарына жатқызу керек [26, 88].
Бірқатар авторлар ұрып-соғу мен азаптауды үксас қылмыстар деп санайды.
Бұл қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмүны мен кұрылымына тән заңдылықтарды, бүл қылмыстық құрамды басқа қылмыстар кұрамдарынан ажырататын критерийлерді, мүндай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделген заңдардың даму үрдісін және оларды ары қарай жетілдірудің мүмкіндіктерін анықтау азаптау үғымы проблемасының мәні болып табылады.
Адамның денесіне жарақат салып қана емес, оны басқадай жолмен де - шымшылап, шашын жүтіып, сырт қарағанда ешқандай анатомиялық өзгеріс көрінбейтіндей тәсілдермен де жан ауыртуға болады. О.Ю. Михайлованың айтуынша, «патологиялық күйге түсіріп адам денсаулығына зиян келтіргенде оның жанына ауыртпашылық батады» екен.
Айыптының әрбір нақты жағдайындағы пиғылына қарай ұрып-соғуды азаптаудан ажыратқан дұрыс. Айыптының ойы: не үзақ уақыт күйзелту немесе бір-екі рет ұрып қоя салу.
Сонымен қатар, азаптаған кезде зорлықты әрекеттің екінші формасы - психикаға қысым жасау болуы мұмкін. Күш көрсету арқылы тәнге және психикалық зорлық («немесе» деген одағайға қарамастан) өзара тығыз байланыста болады, ол айыптының санасынан шықпайды.
Қазакстан Республикасының қылмыстық заңнамасында, егер үдайы ұрып-соғу немесе өзге зорлықты әрекет тән және жан күйзелісін тудырса, бірақ ҚК-тің 103-104-баптарында көрсетілген салдарға алып келмесе, яғни денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірмесе, ондай әрекеттер азаптау деп саналады. Қазак КСР-нің 1959 жылғы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы «қасақана ұрып-соғудың не басқадай зорлықты әрекеттің салдарынан тән күйзелсе» болғаны соны азаптау деп саралады. Мұндай пікір құқық қолдану практикасында да болды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сонда - ол жәбірленушіге тән және жан күйзелісін келтіре отырып, оның денсаулыгына елеулі зиян жасайды.
С. И. Ожегов «азаптау» сөзіне адамды «өте қатыгездікпен кинау» деп түсініктеме береді [28].
«Аса қатыгездік, келемеждеу, корлау, қинау ұғымдары арқылы әрекет бағаланады, бұлар бірін-бірі толықтыратын ұғымдар», - дейді А.С. Михлин [29, 45].
Аса қатыгездікке айыптының жәбірленушіге қатысты қинаудың ерекше тәсілін қолданғандығы жатады. Ол кең ұғымдағы түсінік, оған «азаптау» да кіреді. Жанға бататындай етіп неше қайтара ұрып-соғу азаптау деп саналады.
П.С. Дагель пен Д.Е. Котовтың пікірінше, азаптау дегеніміз - адамның денесіне тигізіп оған жанға бататындай әсер ету (шымшу, шаншу, күйдіру, токпен қүлату), сондай-ақ нерв жүйесін күйзелту [29, 67].
Ал, В.В. Люцикның анықтамасы бойынша, азаптау дегеніміз - «артына ешқандай салдар қалдырмайтындай етіп ұрып-соғу және өзгедей зорлықты әрекеттер арқылы адамды әдейі жан және тән күйзелісіне үшырату» [31]. И. Самолюк азаптауды «жәбірленушіге тән және жан күйзелісін келтіру арқылы денсаулыққа қасақана қастандық жасау», - деп санайды [32, 45].
Күшіндегі қылмыстық заңнамада ұрып-соғу ұғымын беретін зорлықты әрекеттің үдайы кайталануы азаптаудың міндетті белгісі болып табылады.
Ресейдің 1960 жылгы Кодексіне берілген түсініктемеде азаптау - үдайы, яғни неше қайтара ұрып-соғу, денеге жарақат салу не адамның жан-тәнін едәуір күйзелтетіндей басқа зорлықты әрекеттер (суык, караңғы жерге қамап қою, ашыктыру және т.б.) жасау делінген.
РКФСР Жоғарғы соты Пленумының 25.09.1979 жылғы «РКФСР ҚК-нің 112-бабының 1-бөлігінде, 130 және 131-баптарында көзделген қылмыстар жөніндегі шағымдар мен істерді соттардың қарау практикасы туралы» қаулысында азаптауға «жәбірленушіні ұдайы (екі реттен көп) ұрып-соғу не оны аса күйзелетіндей пиғылдың болғандығын көрсететін зорлықты әрекеттің жасалуы» деп анықтама берілген.
Сонымен, азаптаудың екі белгісі бар:
1) ұдайы ұрып-соғу;
2) күш көрсету арқылы тәнге немесе психикалық күйзеліске ұшырату.
Ұрып-соғу ұдайы болу үшін ондай әрекет бір адамға қатысты неше кайтара (кемінде уш рет) жасалуы тиіс.
С.А.Тессманның пікірінше, ұрып-соғудың ұдайы болуы үшін үш және одан көп рет жасалған ондай әрекеттің қысқа мерзімде жасалуы міндетті емес [33, 154].
Ұдайылық белгісі бар азаптауға сипаттама беру үшін жәбірленушінің жанына батқан ұрып-соғудың әрбір әпизодтарының арасында қанша уақыт өтуге тиіс екендігі туралы мәселенің басын ашу керек. Айыптының әрекетін ұдайы деп саралауға негіз болатын әпизодтардың арасында қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескіргені болса, денеге жеңіл жарақат түсірген ұрып-соғу азаптау деп саналмайды.
Ұрып-соғудың ұдайылығын азаптауға қатысты алатын болсақ, ол қандай да бір зорлықты әрекеттердің жәй неше рет қайталануы емес, мұнда айыптының жәбірленушіні күйзелту мақсатында жасаған зорлықты әрекеттері өзара байланыстағы, біртұтас жүйені кұруға тиіс. Сондықтан да үш және одан көп рет жасалған зорлықты әрекеттердің барлығы бірдей азаптау ретінде сараланбайды. Азаптау кобіне ұксас, біртекті, бір пиғылмен жасалатын бірнеше әрекеттерден тұратындыктан, оны жалғасқан қылмыстар қатарына жатқызған жөн.
Б.С. Волковтың ойынша, азаптау деп санау үшін ұрып-соғу әпизодтарынын арасында, жәбірленуші алдыңғыдан әлі айыға қоймағандай аз уақыт (күн, апта) болуға тиіс [34, 140].
Қылмыс құрамы болуы үшін барлық әпизодтардың іштей өзара байланысты екендігі,олар қылмыскердің жәбірленушіге күйзеліс келтіруді ойлаған пиғылынан туындайтындығы дәлелденуге тиіс.
Кейбір жағдайда бір жолғы жеңіл дене жарақатының өзі адамның күйзелісін тудырады (мысалы, денені күйдіру), оны азаптау деп саралау керек. Азаптау кезіндегі күйзеліс бір рет ұрып-сабағаннан өзгеше. Сондықтан да диссертант бір жолғы әрекеттің өзімен де аса күйзеліс тудыруға болады. Соған байланысты ұдайылық белгісін - ұрып-соғу ұғымымен қамтылмайтын зорлықты әрекеттер деп қана қарау керек.
Б.С. Волковтың пікірінше, «ұдайы болу үшін бір пиғылмен жасалған әрекеттер саны үштен кем болмауға тиіс және олардын әрқайсында заңда көрсетілген қылмыстық құрам белгілері болуға тиіс» [35, 99].
Біздің қарастырып отырған қылмыста ұрып-соғудың уш кұрамы болуға тиіс. «Ұдайылық» терминінің толықтай ашылмауы бұл қылмысты саралауда қиындық тудырып отыр, содан барып азаптау сот пен тергеу органдарының саралау практикасынан шығып қалуда.
Психикалық зорлықты ҚК-нің 109-бабының диспозициясы қарастырмайды, ол өзге зорлықты әрекеттер ұғымына жатпайды. Психикалық зорлыққа қоркыту жатады, ол өзінше бөлек белгі ретінде алынған. Қорқыту, мысалы, өлтіремін деп қорқыту, жәбірленушіге психикалық
күйзеліс алып келгенмен, айыптының әрекеті 109-бапта көзделген қылмыс құрамының белгілерін бермейді [9]
Бұл жерде қорқыту арқылы психикалық күйзеліс келтіруге бола ма? - деген мәселе туындайды. Автордың пікірінше, қорқытудан адамның үрейін үшыруға болады, бірақ күйзеліс болмайды. Сондықтан да, заң шығарушының мұндай психикалық зорлықты күш керсету арқылы және психикалық азапқа жатқызбайтындығы дұрыс.
Ал, отбасында отағасының ішімдік ішіп алып әйелінің, балаларының жүйкесін тоздыратын әрекетін психикалық зорлықты әрекет деуге болады.
Мұндай факторларды азаптау деп санауға болмайды, себебі ондай заңсыз әрекетте күш қолдану жоқ, сондықтан да бүл жерде ол қылмыстық құрамның міндетті белгісі кездеспейді.
Күш қолданылған зорлықты әрекет болмағандықтан құқық қорғау органдарының психикалық күйзеліс жасау мақсатының болған-болмағандыгын дәлелдеуі оңайға түспейді.
Физикалық және психикалық күйзелістер ұрып-соғу нәтижесінде де болуы мүмкін, бірақ оларда бір жолғы және қысқа уақыттық сипат болады.
Сондықтан да іс-әрекетті ҚК-нің 109-бабы бойынша саралау үшін физикалық және психикалық күйзеліс қалайда ұзаққа созылуы тиіс, сонда ғана жәбірленуші айыптының алдында зәресі ұшып қиналады. Азаптау кезінде қылмыскер қолындағы адамғаұдайы қысым жасайды және ол бұрын ұрып жарақаттаған жеріне қайтадан соққы жасап жәбірленушінің жанын аса күйзелтуі мүмкін.
ҚК-нің 109-бабының диспозициясына күш көрсету арқылы тән және психикалық күйзеліс келтіруді мақсат тұту және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты міндетті белгілерді косу керек. Мұндай ұсынысты анкета аркылы жауап алынған респонденттердің 56%-ы қолдады.
Сонымен, автор «азаптауға» жаңа ұғым беріп, 109-баптың 1-бөлігінің диспозициясын өзгертуді ұсынады:
1. Азаптау, яғни жәбірленушіге күш көрсету арқылы тәнге және психикаға күйзеліс келтіру максатында зорлықты әрекет жасау немесе әрекетсіздік көрсету, сондай-ақ осы Кодекстің 106-109-баптарында көрсетілген салдарға алып келмейтін ұзақ уақыт күйзеліске түсіру, - ... жазаланады.
Зерттеушінің азаптау ұғымы «келемеждеу» және «қинау» ұғымдарын қамтиды деген пікірін ескеріп ҚК-нің 106-бабы 2 бөлігінің «г» тармағын, 109-бабы 2-бөлігінің «в» тармағын мына редакцияда өзгерткен жөн болар еді:
Сол әрекет:
« - жәбірленушіге қатысты аса қатыгездікпен, азаптау жолымен жасалса, сондай-ақ адамның дәрменсіз екендігін айыпты біле тұра, әдейі жасаса, - ... жазаланады».
Саралаушы белгі деп денеге жарақат салудың тәсілі ретінде азаптауды енгізу туралы мұндай ережені Т. Г. Даурова да ұсынған болатын. Бірақ ол ұсыныс қолдау таппады [36, 24].
Әңгіме зорлықты қылмыс жасаудың бір тәсілі болып табылатын азаптау жайында болғандықтан саралаушы белгілердің редакциясын езгерткен дұрыс деп санайды автор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет