Кіріспе зерттеу birthday20080828 тақырыбының


Әңгімелердегі әлеуметтік сарыны



бет3/6
Дата28.11.2022
өлшемі105,65 Kb.
#160131
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оралхан Бөкей 2

1.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарыны
Нағыз жазушы әлеуметке ортақ өз кезінің таза моральдық атмосферасының рухани билеушісі болумен қатар, өмірдегі келеңсіздікті батыл айыптаушы, жалпы адамзатқа ортақ гуманистік-моральдық насихатшы, әрі _birthday20080828_ оны берік қалыптастырушы қайраткер. Бөкей шығармаларын оқи отырып біз оның жазушы және жай азамат ретінде _birthday20080828_ осы талаптардан көріне алғандығын байқаймыз.
Жазушының Қайдасың, қасқа құлыным?» повесіндегі Таңатардың жұмбақ өлімі, Сарқынды трагедиясы көп жайды аңғартса керек.
Таудың қуысында ешкімге араласпай, жұмбақ өмір кешіп жатқан Сарқынды _birthday20080828_ шал _birthday20080828_ неге қобызын зарлатып, қайғылы күй тартады? Оған _birthday20080828_ неге _birthday20080828_ Алтай күрсінеді, Әулиекөл _birthday20080828_ неге тебіренеді? Сарқынды _birthday20080828_ шал _birthday20080828_ неге сонша аза болып, базына күйге түседі? _birthday20080828_ Неге, кімге кектенеді? Жаңа туған қара қасқа құлынды, қызғаныштан шыдай алмай: Менің бабамның жылқысынан қалған тұяқ, сондықтан да менің _birthday20080828_ малым»,- деп [8, 145-б.]. сары мойын кездегімен алқымынан орып жібереді. Содан кейін боз бие қайтып құлындамай бедеу қалды. _birthday20080828_ Неге? Бұл арқылы _birthday20080828_ автор нені меңзеп, не жайлы толғанып отыр? 
Сарқынды шал кектенбей қайтсін, кеңес өкіметі жер қайысқан қалың жылқысын тігерге тұяқ қалдырмай, зорлық тартып алса, ауып келген кер жақтар ата- бабасының қоныстарынан қуып шықса, өмірі өз кіндігі кесіліп, жетесіз ұрпақты желкесіне мінгізіп, санамен сарғайып, қайғы жұтып қартайса.
Бұдан артық қорлық _birthday20080828_ бола ма? Боз биенің бедеу қалуы – қазақтың басынан бағының таюы емес пе! _birthday20080828_ Осы Сарқынды өлер кезінде домбырасы сыбызғысын өзімен бірге көрге көмдіртеді. Бұл не? Бұл-кеңестік кезеңдегі тілімізден, ділімізден, дәстүр, салтымыздан айырған бейшара күйімізді меңзеу емес пе? Қазақтықтың өліп, өшіп баражатқандығының белгісінен _birthday20080828_ хабар бергісі келген автордың жан айқайы емес пе екен!....
Ал «Қар қызы» повесінде де осындай халықтық трагедияны ишаралайтын жұмбақты кейіпкер бар. Ол – адам аяғы баспайтын биік таудың қуысында жападан-жалғыз ғұмыр кешіп жатқан Қоңқай _birthday20080828_ шал. Ол да бір кезде өзін сыйдырмай, қудалаған мына заманға өлердей өш. _birthday20080828_ Осы бір қу дүниеге сес көрсеткендей ерегісіп таудың қуысында бір өзі жатып алды.
Осы Сарқынды, Қоңқай сияқты елден қол үзіп, үйірінен адасқан қазақ жер әлемде толып жүрген жоқ па? Соры қайнаған қазақ бас сауғалап қайда бармады? Туған жеріне, жұртына әлі орала алмай жүргендері қаншама? Мінекей, халқының басындағы замана салған зобалаңды осылай ишарамен, меңзеумен есті жұртқа жеткізем деп, елінің тағдырына жаны ауыратын қаламгердің – болашағын ойлайтын, туған өлкесінің салт-дәстүрін қастерлейтін ұрпақтарға өз ата-бабасының кешегісін осылай жеткізбек болғандығын аңғарамыз. Осыны біз түсіне білсек жарар еді....
Жазушының Атау кере» повесіндегі өркениеттің, адамзаттың соның ішінде қазақтықтың тамырына балта сілтеп жатқан әсерін суреттеуі тіпті ерекше кесек дүние! Жазушы тоқырау кезеңдегі қоғамның, заманның адамзаттың рухани, адамгершілік дамуына тигізген кері әсерін шынайы суреттермен оқырманға жеткізеді. Атау кере» көркем шығарма. Шығарма болғанда қазақ халқы тұрғанда, сол халықтың тағдырын түсінгісі келетін ұрпақтары тұрғанда құнын жоғалтпайтын мәңгілік мұра. _birthday20080828_ Жат елден әкелінген қауіпті будан ара кейпінде суреттеліп, одан сонаға айналып, ақыры оқиғаның басты кейіпкері Еріктің қайдағы бір өзі де дұрыс танымас ашынасының» қамшысының астында езіліп өлді. Бұл дегеніміз қоғамда жүрген адам кейпіндегі будан ұрпақтар» ел тамырына әкелер пайдасынан зияны көп екендігін түсінуге апаратын ой. _birthday20080828_ Жат жерліктің аты _birthday20080828_ жат жерлік, өркениетіміз қарыштап дамыған сайын соған құнығып, батысқа еліктіп-елегізіп жатқан бүгінгі заманымыздың бет пердесін аша түсетін шығарма. Суреткер О.Бөкей осындай қоғамның бейнесін әшекерлей ашып көрсеткен, қайталанбас ірі таланттың бірі екені даусыз. Жоғарыда сөз қозғай кеткен біраз повест, романдары жұрт күйін күйттеген саңлық жазушының мол мұрасының ішіндегі біразы ғана. Оралхан повестері мен романдарын оқып, зерттеп-зерделей берсек қоғам, бүгінгі мен ертеңін ашып көрсететін суреткер шығармалары толассыз. Менің ендігі айтпағым тақырыбыма оралып жазушының әңгімелеріне тоқталсам. 
Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуде, дамытуда белсене араласып қана қоймай, әдебиетке бірден және өз бетімен, өз жолымен, өз стильімен келген көркем сөздің зергері. Оның қаламынан шыққан көркем әңгіме-новеллалары да идеялық мазмұны терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз, көтерер жүгі ауыр шығармалар екендігі даусыз.
«Әңгіме-шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, Оралхан да қысқа әңгімелері арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің үлгісін көрсетіп, _birthday20080828_ осы жанр арқылы шынайы, _birthday20080828_ тап-таза, мөп-мөлдір, қым-қуыт, алыс-жұлыс, қулық-сұмдық, қысқасы адам өмірінде болып жатқан дүниелерді, сол дүние үшін талас-тартыстағы пенделердің мінез-құлықтарын, пердесін оқырман қауымға жеткізе білген. Оның әңгімелері сонымен бірге замана көшін, әлеуметтік ортаның суретін көрсететін әсем _birthday20080828_ пейзаж, толымды кесек дүние.
О.Бөкей повестеріне тереңнен көз сала қараған адам ондағы кейіпкерлердің бітім-болмысымен, қуаныш-қайғысымен, арман-үмітімен, қат-қабат күйінде берілетінін байқар еді. Әсіресе соңғы жылдары әдебиетте бүгінгі ауыл өмірі, малшы жағдайы туралы ұрандаған, әсіресе қызыл бояулар мен жалған романтикаға бой алдырған шығармалар көбейген тұстың өзінде жазушы сабырлылық танытып, шығарманың жаны шыншылдығында екенін малшы өмірінің социалистік қоғамда қор болғанын ашық көтереді. Оралханның қойшысы ақ таяғын салтанатпен ұрпағына тапсырып, тірліктің тәтті сәттеріне бой алдырған немесе табиғаттың әсемдігін, жыл мезгілдерінің қайталанбас сұлулығын арайлап атқан таңын, көктемнің шуағын) қызықтап отырған романтикалық _birthday20080828_ герой қалпында емес, әлі күнге бейнеті қалың, зейнеті аз тірлік кешіп, _birthday20080828_ өмірдің өгей баласындай елден бөлек, бар ауыртпалықты мойнымен көтерсе де, желге ұшқандай елеусіз жатқан еңбегін ешкімге бұлдамай-ақ, _birthday20080828_ осы өміріне еріксіз көндіккен жанның бейнесі болып суреттеледі. Оның бейнелеуіндегі аң-құс, табиғат-ананың мінездері, сұлу табиғат суреттерінің бәрінің астарында жасырар ой, терең толғаным, замана шындығы
«Кербұғы» әңгімесі негізінен түз тағысы бұғы жайлы жазылған болса да, көтерген жүгі, айтпақ ойы мүлдем басқа дүние. Күйек кезіндегі жасар өмірін жасап, талай сойқанды шайқас пен мамыражай маусының күндерін басынан кешірген ата бұғы Кербұғы мен жас бұғының жекпе-жегінің алдында мынандай сөздер бар: « Жекпе-жек! Кербұғы _birthday20080828_ осы сұрапыл ерліктің үлгісі жекпе-жектен жаралғанын білетін. Бірақ мұндай теке тірес сойқан тек бұғыларға ғана тән қасиет емес, аса ақылдымыз деп сезінетін адамдар арасында бағызыдан бақилыққа ұласар бітіспес тартыс барын түсінген жоқ. Адамдар арасындағы жекпе-жек бұғылардан гөрі әлдеқайда қанқұйлы жексұрын тәртіппен өтерін, бұғыларша жылына бір рет сынасып, сонан соң сыйласып тәтті ғұмыр кешпей, бір қадалса қан алып қана тынарын және де ойлай алмайтын. Рас, Кербұғы түз тағысын не себептен қоршауға ұстайтынын, адамның қу мүйізге құты қалғандай _birthday20080828_ неге өшігетінін емес-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүретін....» деген жолдар бар. [8, 9-б.].
Түсіне білген адамға жазушы Кербұғының түйсігі, ойламы арқылы адамдар арасындағы бүгінгі таңның өзінде басылмай, керісінше өрттей лаулап тұрған жауласу, атыс-шабыс, қан төгу, дүниеге құмарлықты жеткізгісі келгендей ме? _birthday20080828_ Дала хайуанынан бетер ақымақ бірін-бірі өлтіріп тынбайтын есссіздер екенін танытуға талпынады. «Аса ақылдымыз деп сезінетін....» деген жолдар арқылы, бір ауыз сөзбен адамзаттың ақылы кейде өзіне кесірін тигізетін айтқысы келгендей-ау?! _birthday20080828_ Адам өздері ойлап тапқан тапанша, неше түрлі қару-жарақ, жарылғыш заттар сол адамзаттың өзін қырып жатқанын шынымен біз ойладық па? Міне, Оралхан түйсігі бізге _birthday20080828_ осы жайттарды ойлауға жетелейді. Адамның қу мүйізге құты қалғанша _birthday20080828_ неге өшігетінін еміс-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүретін...»,-деп келетін сөздер бар. _birthday20080828_ Рас-ау, түз тағысы Кербұғы үшін қу мүйіз болып көрінетін, адам үшін қаншама ауруға _birthday20080828_ шипа болар таптырмас дауа екенін ол қайдан білсін? Бірақ сол мүйізді алу арқылы, біз табиғат-анаға соның төлі бұғыларға қаншама зиян тигізіп жатқанымызды білеміз бе? Сол түз тағысының мүйізіндегі панкротин деген затты алу үшін еркін өсіп, қазақтың кең даласында ен жайлаған _birthday20080828_ дала хайуанын еркіндіктерінен айырып шарбақтарға қамап, сол арқылы сескендіріп, секем, бойларына қорқыныш ұялатып өз жерлерінен безуге дейін әкелеміз. Осындай қылықтарымыздан хайуанның өзі жерініп, жерсінген ата қоныстарынан қалайша безінбесін? Сол бір заттың алуын алсақта бәрібір тағдырдың жазуына қарсы тұра алмасымызды, жазылмас дерт қандай _birthday20080828_ шипа болмасын _birthday20080828_ Алла солай басқа салса бәрібір де айықпасын сезбей, тағдырға қарсы қасқайып тұра ұмтыламыз да өзімізбен бірге айналамыздағыларға, бізді қоршаған заттарға да зиян тигізерімізді, өлместің емін іздеп табиғат-анамызға есепсіз зиян әкелерімізді аңдамай жатымыз. Өзіміз еркіндікті, кең көсіліп жүруді қаласақ та, ондай бақты өзгелерден өз құлқынымызды ойлау арқылы олардың еркіндігін аяқ асты ететініміз қалай? Тағы сол Кербұғы» әңгімесінде Еркіндіктің ерке желімен жарысып, ой мен қырдың жігін ажыратпай, бұла боп өскен бұғы дәл қазір өмірдегі жамандық пен жақсылықтың уланған бастауынан дәм татты. Дәм татқызған – _birthday20080828_ Адам...! Бақса пенде дегеннің қатыгез әрі ашқарақ, қанағатсыз екен-ау...» деген жолдар бар. [8, 14-б.].
Бұл жерде жоғарыдағы қу мүйізге қатысты айтқанымды өрбітіп адамның дүниеге қанағатсыздығын, өзімшілдігін айғақтай түседі, тіпті жазушы сонау ақ патша кезіндегі отарлау саясаты жайылымды кесіп алып, қазақтың құдіретті пырағы, ер қанатына саналған, ата-бабамыздың мінсе-көлігі, ішіп-жесе сусыны мен тамағы болған жылқының өзін жайлымынан айырып, сол арқылы сол ер қанаты саналған тұлпардың, кешегі Ақан гөй-гөйлеп жоқтау арнаған Құлагердей қаншама жылқы баласының өзін жауға талау қылып, жердің тарылуынан _birthday20080828_ осы сәйгүліктердің _birthday20080828_ саны кеміп, азайып кетткендігін, айтқысы келгендей. Иә, бұғыларды байырғы жұрт туған жерінен айырып, мынау аядай өңірге алып келген адамдар бұл елдің етене түлеігі-жылқылардың обалына қалған»,-деген жолдар жоғарыдағы ойымды дәлелдей түсері сөзсіз. Тағы бір тілге тиек етер жайт, жазушы жылқы туралы сөз қозғауының _birthday20080828_ сыры, қазақ жылқы түлігінен айырылса қазақтығынан мақұрым қаларын жеткізгісі келгендей ме, қалай?
Қысқасы, философиялық толғамға _birthday20080828_ толы « Кербұғы» әңгімесі бұл _birthday20080828_ өмірдің өткінші, алдамшы екенін, топ бастаған серкелік те, бойда күшің, қажыр-қайратың _birthday20080828_ барда еленбес еркелік те, билік те, байлық та қолдың кірі екенін еске салатын санатты дүние. Түз тағысы ата бұғының ойламы арқылы қаншама іс-әрекеттің _birthday20080828_ өмірдің заңдылығын, замана кескін-келбетін айшықты, ойыңа қозғау салатындай жазуы арқылы Оралхан өзінің қаламгерлік қарымының қаншалықты мықты екендігін танытқандай болады, қалай десек те бұл теңдессіз толғауы терең шығарма екені даусыз!
Жазушының тағы бір «Ардақ» атты әңгімесі де адамдар арасындағы алауыздықты, дүние құмарлықты, қанағатсыз, тойымсыз пенденің тіпті мал үшін де қырғи қабақтасып, ағайынынан безіп кетер ессіздігін суреттеу арқылы адамның әлуметтік ортадағы тағы бір бейнесін көз алдымызға әкелетін кесек дүние. Шығарма бас кейіпкерлерінің бірі Қожа шалдың өз пысықтығы мен еңбекқорлығының арқасында өсіп, өз малдарынан _birthday20080828_ саны жағынан асып кеткенін көре алмаған жамағайындары Далабай мен Шалабайдың қызғанышына, күңкіл-күңкіл сөздеріне шыдай алмай шешесімен ен далаға елден безіп кетуі, сол иесіз меңіреуде ақтық демі таусылған шешесін жалғыз өзі жерлеп, тіпті орарға кебін табылмай қиналуына кім кінәлі? Қожа шалдың артық аша таяғын көре алмаған ағайындары ма, әлде бір ауыз ауыр сөзді көтере алмаған Қожа _birthday20080828_ шал ма?
Иә, мұндай жайттар күндегі өмірімізде де аз кездеспейтіндігі рас. _birthday20080828_ Дана қазақ Бөлінгенді бөрі жейді» демекші көріңе әкете алмас дүниеқоңыздарды, _birthday20080828_ саны жоқ санасыздарды сынаған еңбек бұл. Тағы сол халқымыз ағайын өлім мен тойда бір» демеуші ме еді? Қанша жүз шайысып, жұдырық сермесең де сол ағайынға жетер жан бұл жалғанда тағы жоқ екенін _birthday20080828_ автор ақтық демі жетіп, жан тәсілім берер сәттегі Қожа шалдың шешесінің сөзі арқылы былай жеткізеді:
– Есің еліңді тап, – біздікі әншейін _birthday20080828_ битке өкпелеп, тонымызды отқа _birthday20080828_ салу екен. Кең дүниенің кемшілігі болмай тұрмайды. Басқа тепсе де жұртыңның қасында жүрсең, басың ауырып, балтырың сыздағандай болса, қол ұшын беруге жарар. Алғашқы ашумен аттанып кетсек те сол жұртты сен де, менде көксемей жүргеніміз жоқ... Иті жесе де, қайтіп еліңе бар... Біле білсең сүйегімді орар кебін де жоқ-ау, бұл айдаладағы адасқан үйде. Қарызға ала қоятын қосыласың жоқ. Құдайдың тарттырған жазасы да... [8, 21-б.].
Міне, елінен кетуі кетсе де, өлер алдында өкінген, өкірген ана. Бірақ, өзекті өртеген өкініштен пайда жоқ. _birthday20080828_ Адам өкінбейтіндей өмір сүруге тырысуы керектігін біз автордың ана сөзі арқылы жеткізген осынау сөздері арқылы аңғарамыз.
Кешегі бағы заманнан бүгінге жетіп, бойымызға бүйідей жабысып, санамыздан, адами кескін-келбетімізден жұрдай қылып, адамгершілікті ұмыттыратын көрсеқызарлық, мінеп-сынаушылық, өшпенділіктің кесірінен Шалабай Қожа шалға өшігіп, мұқатудың айласын _birthday20080828_ жар _birthday20080828_ сала іздеп ақыр аяғы, бойжетіп отырған Ардақтың абыройын төккізуге байлам жасап, жылпос салықты жіберіп бейкүнә қыздың аяқ-қолын ауырлатқандығы адам дегеннің мынау жалған дүнияда қаншалықты қатыгез болатындығын айғақтайтын, жаныңды түршіктіретін көрініс. Осынау әңгіме Сәбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Марқакөл әкең менмін, әкең менмін» деп, тебірене күбірлеп жатыр....» [8, 28-б.]. деген сөздермен аяқталады. _birthday20080828_ Неге? Бұл жерде автордың айтпағы қолыңмен жасағанды мойныңмен көтермейтін адамдар осынау төрт күл дүние де өріп жүргендігін аңғартқысы келгендей ме, қалай? _birthday20080828_ Неге Марқакөл әкең менмін дейді? Енді қайтсін, табиғат-ана бәріне көнбіс. Біз сол табиғат-анадай _birthday20080828_ таза, ақиқатшыл _birthday20080828_ бола да алмаймыз-ау! Тілі жоқ тілсіз табиғат-ана арқылы жазушы адамның осынау қылықтарын недеген көркем жеткізген десеңізші!? Жазушы бұл әңгімесіндегі бір отбасының тағдырын суреттеу арқылы бізге үлкен өмірдің,толғауы тоқсан тірліктің тағы бір тосын тұсын әңгімелеп,жаңа сипатты кейіпкерлермен кезіктіреді.Өз дәуірінің өзекті мәселелерін батыл көтерген бұл әңгіменің түпкі мақсаты адамзаттық көрсеқызарлық пен көреалмаушылық дертінен сақтандыру. Туысқанына өкпелеп айдалада тентіреген Қожа _birthday20080828_ шал мен туғанының байлығын көре алмаған Шалабайдың ақымақтығы бүгінгі замана суреті деуге боларлық жайттар. Суреткер идеясы шығармаға дендеп енген сайын шым-шымдап анықтала түседі.Әңгімедегі ширығып,шиелене түсетін _birthday20080828_ драматизм мен кейіпкерлердің даралануы,олардың ішкі психологиялық иірімдерінің тереңдеуі,әрбірінің танымдық деңгейінің ашылуы,оқиғалар тізбегі арқылы жанды суретке айналады.
Оралхан Бөкейұлының Кербұғы», Ардақ» әңгімелерінен біз өмір өзендегі адамдардың қоршан ортада, тіршілік әлемінде қаншалықты қатыгез, қанішер, ессіз, ұяттан безген, адами тұрғыдан түскен, кескін-келбетін көреміз. Шынымен, ойлана қарасақ әңгімеге арқау болған оқиғалар, көріністер, суреттелер кейіпкерлер барлығы күнделікті өзіміз көріп жүрген адамдар емес пе, солардың жасап жүрген істері еместігіне кім қарсы шығады? Басымызды төмен салып ұялғаннан өзге келер дәрмен жоқ.
Шын суреткер–бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз замандастарының ортақ ұлы ғана емес, ол қайталанбас дарында да тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас-көзқарысымен өзі жасаған сом суретте өз заманының, онда өмір сүріп жатқан адамдардың ішкі жан-сіздерімен, қоғамдағы орнын ашып, сол қоғамдағылардың қолтаңбасын қалдыра білетін адам. _birthday20080828_ Осы тұрғыдан келгенде Оралхан бөкейдің Жылымық» әңгіме-новелласы да адам баласының тұрмыс-тіршілігі, оның мәні мен мағынасын, сол тіршіліктегі біздердің» жан сарайымызға үңіліп, сан сұраққа әкеліп тірер әр пенденің ішкі сезім бұлқыныстарын түсінуге талпынған философиялық терең ойлы шығарма. Оқиға былай басталады:
«Мен осы бір суретті көрген сайын, тіршіліктің мәнін бұрынғыдан әлде-қайда терең түсініп, адам өмірінің шын қуанышын, шын қайғысын жырлау, сипаттау екінің бірінің қолынан келмейтіндігіне илана түсетінмін. Бұл суретке ұзақ үнсіз қарап тұрып бақыт, күлкі, тоқтық дегеннің _birthday20080828_ бәрін санамнан сылып тастап, өзім де біле бермейтін мәңгі шексіздікке, мәңгі тұманды сапарға аттанып керуді көксер едім. Қараған сайын жүрек соғысым бәсеңдеп, енді _birthday20080828_ аз-маз сәттен кейін барлығымен – сені мен суреттен басқасының барлығымен қоштасып, әні-міне, арғы әлемге апарар арбаға мініп аттанып _birthday20080828_ бара жатыр едім. Талай рет өз-өзімнен қысылып, өз-өзімнен булығып ағыл-тегіл жыладым да. _birthday20080828_ Неге екенін білмеймін осынау сурет пен сенің бейнеңнен ұқсастық тауып, екеуіңді жаһандағы жақсы атаулының бәрі-бәрінен жоғары қоятынмын. Есіңде болар, мен саған _birthday20080828_ осы суретте не салынғанын әрі мазмұнын сан қайтала айтып, шаршатып та алушы едім. Сен бір нүктеге қадалған қалпыңда жалықпай тыңдай берер едің, сосын қабырғада қағулы тұрған суретті жұп-жұмсақ алақаныңмен сыипалап ауыр күрсінер едің. Білем, айтпасаң да сезетінмін, тым болмағанда жалқы рет жарық әлемді көріп, жан тапсыруды армандағансың талай рет.
Мен суретті, алғаш көргенде сұлулық һәм тамаша өнер жайлы жайдақ ұғымыма ұлы өзгеріс енгізгенмін. Табынып тамаша деп жүргеніміздің көбі, шуақты сүйетін қорыншақ көңілдің көңілшектігі, тыз етпе әсіре әсерден туған бірқатар пікірдің салқыны екен. Қисапсыз, көдедей көп қайы бірі жадымызда тұра береді, осындай ілдесуде ғана жылдар бойы рухани досыңа айналады. _birthday20080828_ Адам мен өнер арасындағы достықтың жібіне, күйкі тірліктің қарғалары қаз-қатар қонып алса, ол жіптің ұзамай үзілері хақ. Тым ертеректе жоғалатып алған табиғатқа, жалпы: ұшқан құс, жүгірген аңға деген іңкәрлігің іңгәләп қайта туса, қайта тірілсе, жастығыңның да қайта оралғаны емес пе. Атар таң, шығар күн, туар ай: _birthday20080828_ бара-бара жер басып жүргенде ғана керектігін біле тұра, мадақтаймыз. Айналадағыны көру, сезіну үшін жаралған пендеміз. Бірақ, бүгін, бар, ертең жоқ, тіпті көзіңді жұмсаң жоғалтып алар тамашаның қадірін ылғи кеш түсініп, кеш бағалар едік. Екеуіміз қол ұстасып келе жатқанда, әлгі айтқан әлемді мен көретінмін де, сен сезінетінсің. Күні бүгінге дейін көру мен сезудің айырмасын, артықтығын таба алмай сандалудамын. Кейде жаныңда келе жатып, көзімді тас қып жұмар едім де, қап-қараңғы дүиеде өз-өзімді жоғалтып алғандай аса қорқынышпен жанарымды жарқ еткізіп ашып жіберер едім. Ал көзімді жұмған сәтімде сенің қолыңнан мықтап ұстап адасып кетпекке бекінетінмін. Көзімді ашсам да, жұмсам да саған еріп, сенің ізіңді басып жүргенімді енді білдім. Иә, қасымда болғаныңда бәрі басқашы еді... басқаша». [9, 171-б.].
Бірден оқыған адамға алғашында түсініксіздеу, әңгіменің не жайында өрбіп жатқандығын білу қиынға түсері анық. Терең өмірлік толғаным, философиялық астар жатыр. Өмір туралы түйдек-түйдек мағынасы арғы жаққа кететін шығарма бұл.
Әңгіменің арқауы болып отырған автордың сөзімен айтсам Менің айтып отырғаным В. Васильевтің Жылымық» атты суреті есіңе түскен шығар. Өйткені біз дәл осы мезгілде танысып едік қой. Бұл сурет жайлы өз ғұмырымда әңгімелеп те, жазып та тауыса алмас едім. Оның кереметтігі, тіпті, суретшінің асқан талантынан көрі біздерді таныстырған дәнекерлі қуатында шығар...» иә, иә, жай ғана бір суретшінің қолынан туған сурет. Ақырған аяздың дәурені өтіп, көктемнің, тіршіліктің хабарын беретін _birthday20080828_ пейзаж, яғни суретші салған _birthday20080828_ портрет. Жылымық! Табиғат-ананың көктем кезіндегі бір мінезі. Суретшіге арқау болған _birthday20080828_ пейзаж, ал Оралхан ойын, айтпақ сөзін, адам мінезімен астастыра, қиюластырып шебер үйлесімділілікпен үлкен бір еңбек туғызған, сол еңбегіне арқау болған – _birthday20080828_ деталь. Таланатты суретші табиғаттың бір сәттік мінезінен бүтін бір адамзаттың басында болатын мейірімділік, сүю, сүйіспеншілік, мұң, шер-қайғыны _birthday20080828_ осы шығарманың басты кейіпкері көзі көруден қалған жаны мақтадай _birthday20080828_ таза жанар арқылы оқырман қауымға жеткізе білген. Жарық дүиеден мезі болған, парықсыз, менменшіл, даңғаза адамдардан жеркенген жеркеніш сезімі мен мүгедектігіне қарамай аппақ дүиені жанындай жақсы көре білген сәби көңілін жазушы шеберлікпен үйлестіре білген.
«Мынау әлемді көріп, тану үшін екі көздің жеткіліксіздігі, әлемдегі әр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуға керектігін бағамдағандаймын», - дейді _birthday20080828_ автор. Астарлап, жұмбақтау арқылы осынау дүнияны сезініп, білу үшін екі көзден артық адам жүрегінің, жанының да жарық, жақсылыққа құмар болы керектігін меңзейді. _birthday20080828_ Сонда ғана тіршілік-жұмбақтың сырын түсінуімізге болатындығын жеткізгісі келгендей.
«Тамаққа да, кешкілікті киноға, немесе сейілге сені ертіп барып жүрдім. Көптеген көздер екуіміздің әр адымымызды аңдып, ішіп-жеп қарағанын әлбетте сен білмедің ғой. Солардың ішінде: қасқыр көздің, түлкі көздің, үкі көздің, қоян көздің, мысық, тышқан, жылан: қара, көк, ала көздің барын қайдан сезуші едің. Сенің соны көрмегеніңе, көріп жас жүрегіңді жараламағаныңа қуанып едім» [9, 181-б.]. – деп келетін _birthday20080828_ автор сөздері қоғамдағы адамдардың әр қимыл-қозғалысын, жарасымын тапқан жандарға қаншамасы әртүрлі бірі қызғанып, бірі сүйсініп, енді бірі жоқ жерден пәле іздеуге, түзу жерден құлатуға дайын тұратын неше түрлі мінезін көз алдымызға елестеткендей емес пе? _birthday20080828_ Осы әңгімедегі қос жанарынан айырылған Жанар көптің ішінде билеп жүргенде де ішін қызғаныштың қызыл шоғы басқан қыз-келіншектер:
Ананы қарашы, көзі бар бізден жақсы билейді,– деп оны сөз қылуларының өзі адам баласының бойындағы қызғаныштың қаншалықты қатал да сорақы болатындығын аңғартқандай!
Жазушы осынау әңгіме-новелласы арқылы айналамыздағы мүгедек адамдарға да бір сәт басқа көзбен қарауымызды санамызға сіңіргісі келгендей болып көрінеді. Біз күнделікті тірлігімізде сонау Жаратушы иеміздің бұйрығымен бе, әлде тағдырдың тәлкегіне ұшырап жазым боп, мүгедек болып қалған адамдарға аяныш сезімімен мүсіркей қарайтынымыз, ал олардың жан-дүниесіне аса көп мән беріп, үңіліп жатпайтынымызды көбіміз біле бермейміз. Ал шындығына келгенде ол пенделердің бізден де ақылды, өмір туралы толғанымдары біздерден де терең екендігін аңғара бермейтініміз
«Көзі барлардың менмендігі, менсінбей қарайтындығы, басынғысы – бас салғысы келіп тұратындығы олар бізді мүгедек деп мүсіркейді, ал біз оларды... тән мүгедектігінен жан мүгедектігі әлде қайда сорлы екенін ұқсашы шіркіндер. Біз үшін тек бір-ақ түс – қара түс бар деп ойлайды. Рас, көз алдымызда мәгі түнек, шыңырау зындан, көр секілді қараңғы қапас. Осылардың ар жағынан жарық әлемде жанарына сеніп жарқылдап жүрген көзі барларды көреміз. Біз әлемді, шынымды айтсам, олардан әлде-қайда жақсы көреміз» -деп келетін жолдар арқылы автор бізді «осы адамдарға» шынымен басқаша қырынан қарауға еріксіз көндіреді. Бұлда болса жазушының теңдессіз таланты болар. [9, 190-б.].
Қысқасы, Оралхан Бөкейдің «Жылымық» әңгіме-новелласы өмір-дариядағы күнделікті адамдардың, солардың ішіндегі «мүгедек, зағип» жандардың көзімен қарап, сол арқылы қым-қуыт тіршіліктің біз біле бермейтін басқа қырын, сол тіршіліктегі адамзаттың тағы сол баяғы дүние үшін күресіндегі, қызғанышын, талас-тартысын, ақылсыздығын, санасыздығын көрсетуге, бір уақыт сүріп жатқан заманымыздың суретін өзгеше бір әуенмен, аянышты, мұңды жырмен жүрегімізге жеткізіп, жанымызды тебірентпей қоймайтын кесек дүние. Мынау дүниені алла жаратқан екі көзімізбен ғана көру жеткіліксіз, өмірдің шын болмыс, кескін-келбетін тану үшін әр пенде де жүрегінің, ішкі сезім-толғанысының көзі болу керектігін астарлайды. Жалған өмірдің жалғандығын, я болмаса әсемдігі мен әдемілігін түсіну үшін кейде шынымен-ақ адамға ішкі түйісіктері жетіспей жататыны рас. Оны түсініп білу үшін әр адам өзінің ішкі психологиясына үңілуі қажет. Жалпы әдебиетте әр автор өз кейіпкерлерінің ішкі ой-сезімдерін, қоғамдағы орнын әр түрлі талдап психологиясын оқырман қауымға жеткізуге талпынып жататындығы шындық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет