1. Филология ғылымы туралы түсінік



бет1/3
Дата26.09.2022
өлшемі17,8 Kb.
#150824
  1   2   3
Байланысты:
1. Ôèëîëîãèÿ ?ûëûìû òóðàëû ò?ñ³í³ê



Сұрақтар:
1. Филология ғылымы туралы түсінік
2. Әдебиеттану ғылымы. Мақсаты мен міндеттері.
3. Әдебиеттану ғылымының салалары
4. Әдебиеттану салаларының өзара байланысы
5. Әдебиеттанудың көмекші салалары
1. Филология ғылымы туралы түсінік
Филология- тарихи тамыры тереңге тартатын көне ғылымдардың бірі. Ғылымның өзге де түрлері сияқты, филология да адам баласына, адам игілігіне қызмет етеді. Олардан айырмашылығы- қызмет ету жолдары мен құралдарына қатысты. Түп-тегіне үңілер болсақ, «филология» деген атау гректің « philologia» сөзінен шығып, «сөзге сүйіспеншілік» деген мағынаны білдіреді. Сөзбе-сөз аударсақ, « phileo»- сүю, «logos»- сөз болып шығады. Филология- адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы. Филологияның негізгі тірегі- мәтін, мәтіннің ішкі-сыртқы алуан қырлары. Бұдан шығатын қорытынды- біреу,ол – филологтың қандай да бір пікір-тұжырымы нақты бір көркем мәтінге негізделуі шарт екендігі. Мәтінге назар аудара отырып, филология адамзат болмысын, әсіресе, адамның рухани әлемін барынша жан-жақты танып- білуге ұмтылады. Нағыз филолог болу үшін ғылымның түрлі салаларынан мол хабардар болумен қатар, сөз құдіретін терең сезінетін ұщқыр түйсік иесі болу керек.
2. Әдебиеттану ғылымы. Мақсаты мен міндеттері.
Әдебиеттану- тілді әдеби шығармашылық материалы және әдеби мәтінді көркемдеуші құралдар жүйесі ретінде қарастырса, тіл білімі яғни лингвистика тілді қарым-қатынас құралы ретінде зерттейді.Сөзді зерттеу арқылы адам әлемін танып- білуге бағытталатын филология ғылымының бір саласы- тіл ғылымы болса, екіншісі- әдебиеттану. Ал әдебиеттану- көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп- төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Тарқата айтар болсақ, әдебиеттану-көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын; сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін; көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін; әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән заңдылықтарын алуан қырынан танытатын ғылым. Әдебиеттанудың негізгі мақсаты: әдебиеттің даму заңдылықтарын, әдеби шығармаларға, әдеби үрдіске ортақ сипаттарды айқындау болып табылатын әдебиет теориясы әдебиеттің қоғамдық өмірмен байланысын ашатын идеялық, танымдық, ұлттық және жалпыадамзаттық сипаттарына, көркем шығарманың құрылыс-бітімі, мазмұны мен ерекшелігі, көркемдік әдістер, жанрлар сияқты мәселелерге баса назар аударады. Сонымен бірге көркем әдебиеттің ерекшеліктерін талдап таныту арқылы оны зерттеудің тәсілдерін, негізгі ұстанымдарын да айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет