1. Филология ғылымы туралы түсінік


Әдебиеттану салаларының өзара байланысы



бет3/3
Дата26.09.2022
өлшемі17,8 Kb.
#150824
1   2   3
Байланысты:
1. Ôèëîëîãèÿ ?ûëûìû òóðàëû ò?ñ³í³ê

4. Әдебиеттану салаларының өзара байланысы.
Әдебиеттанудың негізгі салалары әдебиетті қай қырынан алып қарастырса да, олар әрқашанда өзара тығыз байланыста болып, қажетті сәттерде бір-бірінің жетістіктерін пайдалана отырып дамиды. Мысалы, әдебиет теориясы әдебиет тарихы қол жеткізген тарихи дәйек, деректерге және сын зерттеулердегі жетістіктерге сүйенсе, әдебиет тарихы әдеби процестің даму жолын айқындау барысында әдебиет теориясы негізделген басты ұстанымдарды жетекшілікке алады, сондай-ақ әдеби сын еңбектердің нәтижелеріне де иек артады. Ал әдебиет сыны теориялық негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып, өзі талдау нысанына алған туындының жаңалығы мен мәнділігін, маңыздылығын сараптауда өзіне дейінгі әдебиет тарихындағы мәлімет көздеріне зейін қойып отырады.
5. Әдебиеттанудың көмекші салалары.
Әдебиеттанудың қосалқы салаларымен қоса, көмекші салалары да бар. Бұл топқа историография, текстология, библиография, архивтану, эвристика, палеография, мәтін түсініктемесі, т.б. жатады.
Историография- әдебиет теориясының, тарихының,сынының тарихи даму барысындағы деректер мен мәліметтердің жинағы.
Текстология- мәтін және сө, ұғым, ілім, деген сөздерден шыққан; филологияның әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексеріп –зерттеумен айналысады.
Библиография- әдебиеттануға қатысты түрлі еңбектердің көрсеткіші. Басты міндеттері- көркем әдебиет және әдебиеттану жайында ақпараттар жинау; әдебиеттің үздік туындаларын таныстыру, насихаттау, т.б.
Архивтану- мақсат, міндеті жағынан библиографиямен бағыттас, айырмашылығы әдебиет тарихына байланысты құжаттық, мемуарлық дерек-мәліметтерді, материалдарды жинақтауында.
Эвристика- әр текті әдеби ізденістердің жиынтығы. Мұндай ізденіс-зерттеулер, көп жағдайда, хат авторын, жазылу мерзімін, хат жолдаған адамды анықтау: әдебиет төңірегіндегі ауызекі әңгімелердің мәнін ашып, түсіндірі; әдеби прототиптерді табу сияқты мәселелермен шұғылданады.
Палеография- жазу тарихын, сондай-ақ ежелгі жазба жәдігерлердің мәтінін, жазылу мерзімі мен дүниеге келген орнын анықтау мақсатын көздейтін тарихи- филологиялық пән.
Мәтін түсініктемесі- әдебиет жідігерлерінің мәтінін зерттеу, түсіндіру мәселесімен айналысатын филологиялық жанр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет