Кіріспе зерттеу birthday20080828 тақырыбының


Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат пен кейіпкер біртұтастығы



бет4/6
Дата28.11.2022
өлшемі105,65 Kb.
#160131
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оралхан Бөкей 2

1.3 Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат пен кейіпкер біртұтастығы
Оралхан Бөкей шығармаларында табиғат оқиға желісіне ұдайы араласып отырады. Жазушы: «Аспан жер үшін, жер су үшін, су жан-жануар, құрт-құмырсқа үшін, тіпті тоғай екеш тоғай да бармақтай торғай үшін жаратылған. Бірінсіз екіншісінің тіршілігі тоқталады», - деп айта келіп, «Табиғат адамсыз тіршілік құра алады, ал адам табиғаттан тысқары өмір сүре алмайтыны рас болса, неге ғана мына қар астындағы қара жер, анау жұлдызды аспан адам баласына табыну керек?» деген [7,15].
Қоғам мен адам, я болмаса табиғат пен кейіпкер проблемасы қашан да қаламгердің дарын мен парасат-білігін салмақтайтын əдебиеттің рухани өзегі. Кейіпкерсіз көркем шығарманың, кеңістіксіз кейіпкердің көрінуі мүмкін болмағандықтан, осы екеуінің арасындағы жанды байланыстардың өзгермелі күйін суреткерлік құдіретпен бере білу — жазушы көркем туындысының шынайы сапалық өлшеуіші.70-жылдардағы қазақ прозасында авторлық «Меннің» берілу амалдары күрделене түсті. Қаламгерлердің шығармашылық ізденістеріндегі стильдік процестер түрлі бағыттарда жүріп жатты. Адам тұлғасын, адамзаттың бүгінгі рухани құндылықтарын безбендеуге келгенде бейнелеудің дəстүрлі принциптерімен қоса, балама сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес. Соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп шығып, əдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің ішіне енеді. ХХ ғасырда пайда болған, өз идеялық бастауын Гуссерль, Кьеркегор еңбектерінен алатын əлемдік ой ағымындағы бұл бағытты Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер, Сартр, Камю, Бовуар, Хайдеггер сияқты философтардың қолдағаны мəлім. Кезінде «өмір сүру философиясы» деп аталған мұндай бағытты тек буржуазиялық идеологияның, буржуазиялық философияның толғамдарының нəтижесінде дүниеге келген теріс көзқарастар бағыты деген түсініктердің басым болғаны да шындық.
Бір сөзбен айтқанда, экзистенциалистер концепциясы əлем жəне жалғыздық ұғымынан өрбиді. Əлемдік философиядағы бұл бағыттың ірі өкілдерін ортақтастырып тұратын басты белгі — адам болмысына «Мен» жəне «Басқалар» ұғымы тұрғысынан келуі. Олар үшін қоғамдық қатынастар сияқты қозғалыс түрлері абстракция, негізгі шындық — субъективтілік. Осындай ой-тұжырымдардың негізгі құяр арналарының бірі — адам өзінің əлемдік жалғыздығын түйсіну арқылы қоғамнан, сондағы қалыптасқан қатынастар мен нормалардан жатсынуы. Экзистенциалистік таным мен олардың ұстанған концепцияларын, теориялық қырларын қарастырған еңбектердің түгелі дерлік келіскен тоқтам бар. Ол — экзистенциализмнің мəдени құлдырау, рухани дағдарыс кезінде күш алатыны. Яғни, экзистенциалистік ой ағымы қоғамдық құрылыстағы жəне əлемдік деңгейдегі қайшылықтар тереңдегенде, санадағы қақтығыстар кезеңінде адам өзінің фəнидегі жалғыздығын барынша түсінеді деген пікірді ұстанады. Өткен ғасырда Г.Марсельдің, Ж. П. Сартрдың қоршаған əлемді қатыгез, трагедия мен қарама- қайшылыққа толы екендігі жайлы пікірлері алдыңғы қатарға шықты. Мұндай ой тек қана француз ойшылдарында ғана емес, жалпы экзистенциализмнің теориялық базисі ретінде танылды. Хайдеггердің «Человек есть и он есть человек, поскольку он экзистирует. Он выступает в открытость бытия, какою яв ляется само бытие, которое в качестве броска бросила сущего человека в «заботу». Брошенный таким образом человек стоит «в» открытости бытия. «Мир» есть просвет бытия, в который человек вступает своим брошенным существом» деген ойы Ж.П. Сартрды «дүние – бос» идеясымен тамырласып жатыр [1; 212]. Экзистенциалистер осы тығырықтан шығудың жолын адамның жеке болмысы, оның «Мені» арқылы шешуге тырысты.
Жазушы О. Бөкейдің əуелгі «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Əн салады шағылдар» кітаптарынан сыншылар мен зерттеушілердің аңғарғаны шығарма бойындағы терең философиялық түйін мен лирикалық желінің шебер үйлесе білуі жəне психологиялық талдау мен публицистикалық сарынның берік жымдасып келіп, авторлық «Меннің» баса көрсетілуі. Бүкіл шығармалары Өмір – Адам – Табиғат желісіне құрылып, айрықша концептуалдық мағына иеленеді.
О. Бөкейдің əлем мен жалғыздық арасындағы қарым-қатынасты көркем игеру барысындағы экзистенциалистік ой-пікірлері «Қар қызы» повесінен анығырақ көрінеді. Дүние тылсымын, адам- жұмбақтың сырын ашуға ұмтылатын қаламгер кеңістік ретінде Алтайдың қатал да, ешкімге сырын ашпас томырық табиғатын алады. Мұнда қазақ прозасына М.Əуезовпен келген, өзінің төл шығармасы «Қамшыгерде» танылған көркемдік амал — табиғатты адам трагедиясымен қабыстыра суреттеу жүзеге асады.
Оралхан Бөкейұлы – тілдік қоры бай, ойы терең, адамның жан дүниесін көп жазып, табиғат пен адамның үйлесімділігіне, жұмыр басты пенденің тіршіліктегі тірлігіне көп бас қатырып, қалам тербеген жазушы. Бөкейұлының барлық шығармаларында кездесетін тұрақты тақырып, ортақ желі бар. Ол адам мен табиғат, олардың әлім-сақтан туыстығын, тұтастығын жазушы тап басып тани біледі, сүйсіне суреттеп, жарқырата жазады. Оралханның көптің көкейіндегісін тап басып, айрықша сүйіспеншілігіне бөленуі, атының алыс елдерге танылуы да осынау шығармашылық шеберлігінің нәтижесі. Автор өзінің табиғат туралы концепциясын адамның іс-әрекетімен аша түседі. Оның шығармаларындағы «Адам − табиғаттағы артық нәрсе». Адам кей жағдайда жалпы тіршіліктегі біріншілікке ұмтыла отырып, өзіне де, өзгелерге де зиянын тигізеді. Ол өзіне дейінгі қалыптасқан дүниені өзгертуге тырысады, бірақ ол оңай шаруа емес. Адам өзін дүниеге бағынып отырғандай сезініп, сол себепті осы қиындықты айналып өтетін жол іздей бастайды. Бірақ бұл жол көзге бірден көріне қоймайды. Оралхан Бөкей табиғатты ақылды, әділетті, бірақ адаммен қарама-қайшылықты дамыған деп суреттейді. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Автор адамды табиғаттың өгей баласындай суреттейді: «Адамнан өткен қаскөй не бар екен бұл жалғанда: ендеше табиғатқа біздерден өгей ештеңе де жоқ, ештеңе де, тек екі аяқтылар ғана артық, сол керексіздігімізді жасқана жасырамыз, жанталаса қорғаймыз. Өгейлігімізді білдірмес үшін арпалысып, мұқым жер-жаһан, ұшқан құс, жүгірген аңға өктемдігімізді жүргіземіз. Адам баласы жаратылыстан бәрін алып, тауысуға айналады, ал өзіміз не бердік сол табиғатқа. Түк те берген жоқпыз. Адам баласы жаратылыстың астын тыңдап, үстін шыңдап зерделеп, танып білді, тек қана өздерін өзі зерттеп, дөп басып, тани алмай жүр». Табиғатта бар нәрсенің бәрі гармониялық даму үшін жаратылғандығын: «Аспан жер үшін, жер су үшін, су жан-жануар, құрт-құмырсқа үшін, тіпті тоғай екеш тоғай да бармақтай торғай үшін жаратылған. Бірінсіз екіншісінің тіршілігі тоқталады», - деп айта келіп, «Табиғат адамсыз тіршілік құра алады, ал адам табиғаттан тысқары өмір сүре алмайтыны рас болса, неге ғана мына қар астындағы қара жер, анау жұлдызды аспан адам баласына табыну керек?» - дейді. Автор адамды тәубеге келтірер бірден бір нәрсе табиғат қаталдығы деп түсінеді. Табиғат қаталдығы Оралхан шығармаларында сюжеттік маңызға ие. Табиғат оқиға желісіне ұдайы араласып отырады. «Сайтан көпір», «Қар қызы» повестерінде кейіпкерлерді дедектетіп оқиғадан оқиғаға қуып отыратын күш − табиғат қаталдығы, табиғаттың алай-дүлей мінезімен бетпе-бет келу.
Оралхан Бөкей шығармаларында өмір сүру мәселесіне байланысты екі тенденция бар. Бірі − табиғатпен біте қайнасып кету, адамдар қоғамынан тыс өмір сүру. Екіншісі – табиғатқа қамқор бола отырып, адамдар қоғамында өмір сүру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет