Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке



бет4/30
Дата07.09.2022
өлшемі1,56 Mb.
#148899
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
А.Ж.Алмағанбетова

1.2 Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке
(2-4сыныптарға) арналған әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламасының
құрылымы
«Əдебиеттік оқу» пəні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық жəне қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік жəне əдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мəдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пəндердің бірі.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары 1-сыныптан бастап қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту арқылы үштілділік саясатын жүзеге асырады.
Үш тілді оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін (тыңдау, айтылым, оқылым және жазылым) дамыту арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мектептің үштілділік саясаты тіл үйрету әдістерін, тіл пәндерінің және басқа да пән мұғалімдерінің рөлін анықтайды.
Үштілділік саясатын жүзеге асыру «Әдебиеттік оқу» бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген:
«Әдебиеттік оқуға үйретуде қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдістемелер» (5-бөлім) бөлімінде мұғалімнің пәнді меңгеру үшін қажетті тілдік білімі мен дағдысын қалай жетілдіре алатыны айқындалады.
«Оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тарауында (8-бөлім) пән арқылы мұғалімдердің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде дамытатыны сипатталған.
«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы» бөлімінде (9 бөлім)
Бағалау тілі белгіленді.
«Əдебиеттік оқу» пəніне бөлінген оқу жүктемесі төмендегідей:

Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

2-сынып

3 сағат

102сағат

3-сынып

3сағат

102сағат

4-сынып

3сағат

102сағат

Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар жылжытуға қолайлы əрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы орындар ескерілуі керек.


«Əдебиеттік оқу» пəнін сапалы, тиімді оқытуға қажетті құрал- жабдықтар:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет