Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы және көрсеткіштері



бет12/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

1.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы және көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кәсіпорндар туралы жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет қатысушылары үшін өзара тиімді нәтежелер мен кірістер алу мақсатындағы, жеке зайымдық және тағы басқа да мүліктер, қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын ынталы шаруашылық қызметі. Қазақстанда жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам түрінде шаруашылық қызметті жүргізу аса маңызды. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандарының артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырсақ: [12]

Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары бар, олар:

а) құрылуы оңай;

ә) әрекет бостандығы елеулі;

б) табысын өз еркімен жұмсайды;

2. Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:

а) толық мүліктік жауапкершілік;

ә) қаржы шектеулілігі;

б) несиелендіру мүмкіндіктерінің шектеулілігі;

в) жеке мамандандыру, барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекетін біріктіру қажеттілігі.

Ал шаруашылық серіктестіктің артықшылықтары:



  1. әрекет етудің ұйымдастырылуы қарапайым;

  2. қаржылық мүмкіншілігі айтарлықтай мол;

  3. мамандандыру деңгейі жоғары;

  4. өндірісті кеңейту үшін және техникалық базасын жетілдіру үшін қосымша инвистициялар тарту.

Шаруашылық серіктестіктің кемшіліктері:

  1. Қатысушының әрқайсысы қызмет нәтижесі үшін мүліктік жауапкершілікке ие;

  2. Басқаруда серіктестер мүдделерінің сәйкес келмеу мүмкіндігі;

  3. Иеленушінің біреуі шыққанда фирманың ыдырау қаупі туындайды.

Акционерлік қоғамның артықшылықтары:

  1. Қосымша капиталды тартуға мол мүмкіндігі бар;

  2. Жауапкершілігі шектеулі;

  3. Капитал жинақтау артықшылықтары.

Акционерлік қоғамның кемшіліктері:

  1. Басқаруының тым күрделілігі және оперативтілігінің төменділігі;

  2. Акционерлік басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі;

  3. Екі қайтара салық салу;

  4. Жиналыста басқару мәселелерін шешуге көп уақыт және қаржы жұмсау;

Мұндай бірлестіктер мына бағытқа негізделеді:

  1. Жай - ол бірлескен қызмет шартына негізделеді.

  2. Толық – барлық мүлікке ынтымақтастық, жауапкершілік жүктеледі.

  3. Жауапкершілігі шектелген – салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі шектеледі.

  4. Коммандитті – аралас жауапкершілік. (біреудің толық мүлкі мен және басқаның салған салымымен ).

  5. Қосымша жауапкершілікпен - өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойынына алынады.

  6. Өндіріс және тұтыну кооперативтеріне.

  7. Консорциумдарға.

Шағын бизнес бағытында:

Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі ірі кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиын хал-жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуі тиіс.

Республикада қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес ел экономикасының маңызды салаларының бірі-ауыл шаруашылығында бизнесті дамыту. Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуның қажеттілігі бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері, тіпті дамыған нарық жағдайында да орын алатын объективті факторлармен анықталады. Кез-келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің араласуын қажет ететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвестициялық сферасында мемлекеттік реттеу мәселелері бар. Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсендігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар, жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80% құрайды. Республикада шағын бизнеспен бір миллионнан аса адам айналысады [13].

Шағын бизнес қызметі үшін 3 факторлық жағдайды ескеру қажет, олар:

- кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау;

- тексеруші органдардың санын азайту;

- рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.

Шағын және орта кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Кәсіпкерлер банктен несие алудан 5 түрлі себеппен бас тартады:

- пайыздық өсімнің әлі де жоғары болуы;

- кепілдік талаптың тым қатаң болуы;

- ақпараттың жетіспеушілігі;

- несие алу мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы;

- банктердің кәсіпкерлерден аймақтық алшақтығы.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:

- кісіпкерлікті дамытудың басымдылығы;

- кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

- инфрақұрылымды дамытуда және кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық

формаларын таңдауда жағдай туғызуы;

-алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдану.

Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттігі Экономикалық зерттеулер институты және Кәсіпкерлер форумы кеңесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың бағдарламасының жобасы жасалды. Бағдарламада бірқатар шараларды жүзеге асыру белгіленген:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет