Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НАРЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ (ЖШС «ПИНТА» МЫСАЛЫНДА)



бет14/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НАРЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ (ЖШС «ПИНТА» МЫСАЛЫНДА)




2.1 ЖШС «Пинта» - дің нарықтағы қызмет ету жағдайы мен көрсеткіштері

ЖШС «Пинта» 2000 жылы 8 желтоқсанда Алматыда Әділет Басқармасымен тіркелді, мемлекеттік тіркелу куәлігі № 4610-1943-ЖШС. 2000 жылы ЖШС «Пинта» құрылтайшысы құрылу келісім шарты қабылданды. ЖШС «Пинта» мүлікке иелік етеді, өзіндік балансы, ұлттық және шетелдік валютадағы банктік шоттары, мемлекеттік және орыс тілінде өз атауы бар дөңгелек мөрі, фирмалық бланктері, штамптері және т.б. реквизиттері бар. Бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға, яғни меншік құқығында оқшауланған мүлігі бар және өзінің міндеттемелері бойынша осы мүлікпен жауап беретін, шаруашылық субъект болып табылады, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады. ЖШС өзінің заңды құқықтары мен міндеттерін, оны белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткізген сәттен бастап алады және де өз атынан келісім-шарттар жасайды.

ЖШС «Пинта» негізгі мақсаты пайда табу және қоғамға қажетті қызметтер көрсету. Пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмеген мынадай негізгі іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

ЖШС қолданудағы заңнамаға сәйкес өзінің алдына қойған жарғылық міндеттеріне жету үшін құқылы:



  • Қызметтері ЖШС мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін акционерлік қоғамдар мен басқа ұйымдардың қызметтеріне қатысуға;

  • Қазақстан Республикасында және шетелде несиелік, бартерлік және басқа да әрекеттер жүргізуге;

  • өзінің қызметін қамтамасыз ету үшін ЖШС қызметкерлерін шетелге іссапарға немесе оқуға жіберуге;

  • белгіленген тәртіпте банк мекемелерінен ұзақ және қысқа мерзімді несиелер алуға;

ЖШС қатысушысы құқылы:

  • Жарғымен көзделген тәртіпте ЖШС істерін басқаруға қатысуға;

  • өндірістік қызметтің нәтижесі бойынша пайда алуға;

  • оның мүлігі, табысы, шығындарына қатысты мәліметтерді алуға, бухгалтерлік есеп алу мәліметтерімен танысуға;

  • ЖШС – тің өнімін, жұмысын және қызметтерін бірінші кезектегі тәртіпке алуға;

ЖШС қатысушысы міндеті:

  • Құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

  • Жарғылық капиталға салымдар мен қосымша жарналар енгізуге;

  • Жарғыға және қолданудағы заңнамаға сәйкес ЖШС істерін басқаруға қатысуға;

  • ЖШС қызметіне қатысты кейбір мәселелерді дайындау үшін ақпаратты ЖШС-ларға табыс етуге;

  • ЖШС міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруда ықпал етуге;

  • ЖШС қызметі туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;

  • өзіне алған міндеттемелерді орындауға.

Кәсіпорындағы қаржылық жағдайды талдау - бұл «кәсіпорын қаржылық жағдайын қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдалану мен сипатталады. Кәсіпорын қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлемқабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорын уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарғанда (өзіндік құн, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы жалпы табыс) қаржылық жағдайы түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталады. Кәсіпорын қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелес нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын тұрақтылығын және келешегі барлығын куаландыруы тиіс.

Кәсіпорын қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі-бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуі көрсетеді.


Кесте 3

2010-2012 жылдар аралығындағы ЖШС «Пинта» еңбекақы қоры көрсеткіштері






Көрсеткіштер аты

өлшемі

2010ж


2011ж


Ауытқу (+,-)

2012ж

Ауытқу (+,-)


1

Еңбекақы қоры

мың теңге

4000

4200

200

4312

112

2

Орташа айлық жалақы

теңге

18600

20000

1600

21700

1700

3

Соның ішінде әкімшілік-бас-қару персоналы

теңге

19800

21000

1200

22600

1600

4

Жұмысшылар

саны, барлығы



адам

17

18

2

20

2

6

Әкімшілік-басқару мамандарының саны

адам

8

8

-

8

-

Ескерту- [16] негізінде автормен құрастырылды

Жоғарыдағы кестеде, 2010-2012 жылдар аралығындағы еңбекақы қоры, орташа айлық жалақы мөлшері, жұмысшылар саны көрсетілген. 2009-ші жылы еңбекақы қоры 40000 теңге құраған. Ал, 2011-ші жылы 42000 теңгені көрсетіп тұр. 2012 жылы 43120 теңгеге өскен, яғни еңбекақы қоры жылдан-жылға өсіп отыр. Мұның негізгі себебі, барлық жұмысшылар санының өсуімен байланысты. 2010-2012 жылдар аралығында мекеме жұмысшыларының саны 17-дан 20-ға дейін өскендігі байқалады. Яғни, жылына орта есеппен екі адамға көбейген. Бұл көсеткіштің негізгі себебін, мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында қосымша жұмыс күшінің тартылуымен байланысты болып отыр. Осылармен тығыз байланысты орташа айлық жалақы көрсеткішіне тоқталсақ, 2010-ші жылы 18600 теңге. 2011-ші жылы 20000 теңге. Ал, 2012 жылы 21200 теңге болып отыр. 2009 жыл мен 2011 жылдың ауытқуы 1600-ге тең. Ал, 2011-2012 жылғы ауытқу көрсеткіші 1700 теңгеге өскен.

Әкімшілік-басқару мамандарының жұмысшылар саны өзгермеген. Әкімшілік-басқару мамандарының жалақы мөлшері 2010-ші жылы 19800 теңге, 2011 жылы 21000 теңге құраған. Ал, 2012 жылы 22600-ге өскен. 2010 және 2011 жылғы ауытқу 1200 теңге. Ал, 2011 пен 2012 жылдар ауытқуы 1600-ге дейін өскен. Бұл талдау 2010-2012 жылдар аралығындағы нақты көрсеткіштері бойынша алынды, бұл талдаудан орташа айлық еңбекақы мөлшерінің өзгерісіне қарап, табыс көлеміне әсерін анықтауға болады. Осы жасалған талдау бойынша еңбекақы төлемінің тиімділігінің жоғарлауының негізгі бағытын көреміз.

ЖШС «Пинта» еңбекақы қорын талдаудан - ішкі жұмысшыларының сақталуын және еңбекақы қорының өсуіне, жұмысшылардың өсуіне әсер еткен негізгі сыртқы факторлар анықталды. Сонымен қатар, оған байланысты кәсіпорынның жылдан-жылға өскендігін байқауға болады. Яғни, кәсіпорын тиімді жұмыс атқаруда. Талдау кезінде негізгі және қосымша қызметпен айналысатын жұмысшылардың арасындағы қарым-қатынас және де осы қатынастың арасындағы өзгерістің тенденциясы анықталады.Егер де негізгі жұмысшылардың ара салмағы төмендесе,бұл жұмысшыларды өндіруінің төмендеуіне алып келеді.

Бір жұмысшының өнім өндірудегі жалпы санының негізгі жұмысшылардың ара салмағына әсер етуі мына формула бойынша анықталады:

B p = ( D1 oc – D0 oc) * B0p ; (1)
Мұндағы, D1 oc – D0 oc - негізгі жұмысшылардың жалпы санының жоспар және есеп бойынша ара салмағы,

B0p – бір жұмысшының жоспар бойынша орташа жылдық нормасы.

Сандық қамтамасыз етілуімен бірге жұмышылардың орташабілімділігімен сипатталатын сапалық құрамы, кәсіби-квалификациялық деңгейі және де ішкі өндірістік құрылымы да үйретіледі.

Жұмысшыларды нормаланған қызмет бойынша жұмыс жасайтындар, яғни жасаушылар және де нормаланбаған жұмыс бойынша қызмет ететіндер, яғни мерзімді жұмысшылар деп бөлінеді.

Жұмысшылардың саны жоспарланатын кезеңдегі еңбек сыйымдылығы нормасынан, яғни жылдық жұмыс уақыт қорын жоспарланған орындалу нормасының коэффициентіне бөлу арқылы анықталады:
Ч р = Т / Т эф* К п ; (2)

Мұндағы:


Т – еңбек сыйымдылығының жоспарланған периодтағы жұмыс көлемі, норма-сағ.;

К п - өнім өндіру нормасының орындалуын жоспарлайтын коэффициент;

Тэф – жоспарланатын периодтағы тиімділік қорының уақыты.

Пайдалану уақытына байланысты ағымды және перстективалыққа бөледі. Ағымды қор- ол техникалық процесті өзгертпей, қосымша капиталды енгізбей жүргізеді. Перспективалық қор - өндірісті өзгертуді, жаңа құрал – жабдықтарды орнатуды, капитал шығындарды және дайындыққа көп уақытты қажет етпейді. Пайдалану орны бойынша: халықшаруашылық, салааралық, және өндірістің ішіндегі қорға бөлінеді. Халықшаруашылық қорлар: табиғи ресурстар, оларды пайдалану т.б. Салааралық қорлар: кәсіпорынды мамандандыру, өндірісті бір жерге жинақтау, техника мен технологияны жақсарту.

Өндіріс ішіндегі қорлар: бұл қорлар өте маңызды болып табылады. Оларды кәсіпорында пайдаланады. Ағымды және перспективалық қорлардан басқа олар 2 ге бөлінеді:


  1. Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету қоры;

  2. жиынтық жұмыс уақытын жақсы пайдалану қоры.

Еңбек өнімділігі көптеген факторлардың әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Кейбіреуі еңбек өнімділігін жоғарылатады немесе төмендетеді. Сонымен қатар, еңбек өнімділігіне еңбек жағдайы да әсер етеді. Мысалы, табиғи, қоғамдық, өндірістің техникалық жағдайы, санитарлы гегиеналық жағдайлар, жұмыс уақытының номиналдық қорын пайдалану жұмыс жасаған уақытытың номиналды уақыт қорына қатынасын анықтайды.

Ішкі факторлар кәсіпорынның техникамен қамтылуы, қолданған технологияның тиімділігі мен өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жағдай жасау, жұмысшыларды оқыту, квалификациясын жоғарылату және т.б. Бұл факторлар ұжым мен жұмыс берушіге байланысты.

Сыртқы факторлар нарыққа сұраныс пен ұсыныс немесе мемлекеттің тапсырыстарының өзгеруіне байланысты өнімнің ассортименті және еңбек сыйымдылығы өзгереді. Қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, табиғи, материалдық - техникалық жабдықтармен қамтылуы, ішкі мазмұны және маңызы бойынша барлық факторларды 3 негізгі топқа біріктіруге болады:


  1. Материалдық - техникалық;

  2. Ұйымдастыру;

  3. Әлеуметтік - экономикалық;

Материалдық - экономикалық фактордың әсерінен еңбек өнімділігі жоғарылайды, ал өнімнің технологиялық еңбек сыйымдылығы төмендейді. Еңбек сыйымдылығының көрсеткіші бойынша еңбек өнімділігінің өсуі келесі формуламен анықталады:

Пт = Пст * 100 / 100 – Пст (3)


Мұндағы:

Пст - өнім бірлігінің, еңбек сыйымдылығының төмендеуі.

Ұйымдастыру факторы – ол өндірісті, еңбекті басқаруды білдіреді. Жұмыс уақытты тиімді пайдалануда еңбек өнімділігінің өсуін келесі формуламен қарастыруға болады:

Пт = ФРВпл / ФРВбаз * 100 -100; (4)


Мұндағы:

ФРВпл - жоспарланған жұмыс уақытының қоры;

ФРВбаз - базистік жұмыс уақытының қоры.

Ғылыми - техникалық прогрестің дамуы өндірістің материалдық негіздерінің қалыптасуы және әртүрлі кейде күрделі ұйымдастыру жұмыстарының болмауы. Оған әлеуметтік - экономикалық фактор әсер етеді. Еңбек өнімділігіне әсер ететін әлеуметтік - экономикалық факторлар:

1.еңбек нәтижесінде материалдық және моралдық мүддесі;

2.жұмысшының квалификациялық деңгейі, кәсіби дайындығы, сапасы, жалпы мәдени техникалық деңгейі;

3.еңбекке көзқарасы, еңбек тәртібі және өзінің ішкі тәртібі;

4.еңбек нәтижесімен өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі;

6.саяси және өндірістік өнімнің демократизациялануы және осының негізінде әртүрлі меншік түрлерінің жағдайында еңбек ұжымының өзін - өзі басқаруының дамуы;

7.негізгі және айнымалы өндірістік қорды тиімді пайдалану;

8.өткен еңбектің ағымдық шығынмен жұмсалуы.

Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткіш арқылы анықталады:



  • Белгілі еңбек бірлігінде өнім шығарумен (тура көрсеткіш);

  • Еңбек сыйымдылығымен (кері көрсеткіш):

в = B / T (5)

t = Т / В

Мұндағы: в – белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім;

t – еңбек сыйымдылығы;

В – шығарылған өнім көлемі;

Т - өнім шығаруға кеткен нақты еңбек шығындары.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Кәсіпорынның іскерлік белменділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады. Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады.Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет