Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын қимылды ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі.
Зерттеу нысаны:дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық қимыл-қозғалыс жаттығулары мен ойындарын қолдану жолдары.
Зерттеу пәні:оқушыларды дене тәрбиесі сабақтарында қимыл-қозғалыс әрекеттеріне үйрету үрдісі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Дипломық жұмыстың мақсаты дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыруды көрсетіп, оның келешек ұрпақ үшін маңыздылығын ашу.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесі - қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі» ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.
Кеңес замынындағы педагогикада балалардың ұлттық ойындарының классификациясы туралы мәселелер Н.К.Крупскаяның еңбектерінде қарастырылған. Ол өзінің мақалаларында ойындарды балалар өздері ойлап шығаратын (ерікті, өз бетінше, шығармашылық) және дайын ережелері бар ұйымдастырылған ойындар деп бөліп көрсеткен.
Зерттеу жұмысының міндеттері: 1. Қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
2. Қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
3. Денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
4. Қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
Зерттеудің әдістері: 1. Педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдау.
2. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері мен спорт түрлерінің жаттықтырушылардың озық іс – тәжірибелерімен танысу, зерттеу, байқау.
3. Зерттеудің әр түрлі әдістерін қолдану.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, «Білім туралы заңы» философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектер, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі және спорт саласындағы бағдарламасы.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.