Кіріспе зерттеудің жұмысының өзектілігі


Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың шығармашылықтары



бет19/28
Дата16.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#132121
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
0000d33b-86c23cd9

1.3 Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың шығармашылықтары.
Бір жастан екі жасқа дейінгі балаларда сурет салудың пайда болуы мен дамуы.Мектепке дейінгі мекемелерінде сурет салуды үйрету 2 жастан басталады. Педагог балалардың бұл іс әрекетіне басшылықты іске асыру үшін, оған баланың сурет сала бастауын, оны меңгеруге қандай кезеңдерден өту керек екендігін білуі керек.
Бала 1 жаста, ал кейде біраз кейінірек қолына қарындаш алып, қағаз бетін шимайлай бастайды. Осы кезде тамақ ішерде қасықты, ойыншықты алу үшін таяқ тәрізді заттармен әрекет ете бастайды.
Қарындаш пен қылқаламды басқа құралдар сияқты бірден меңгеріп кете алмайды. Әдетте бала қарындашты барлық саусақтармен жұдырығына қысып алады да, шынтағымен тіпті иығына дейін барлық қолдарымен қозғалыс жасайды. Ол қарындашпен қағаз бетін қайта-қайта ұрғылай береді. Әуелі баланы қолдарымен қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш ұшының соғылуы да оны сүйсіндіреді.
Алғашқыда сәби әрекет нәтежесінде не шығып жатқанына көңіл аудармайды. Бірақ тез арада қарындаштың қағазға із қалдыратынын байқайды да, соны тағы да көру үшін қайта-қайта шимайлай береді. Алғашында сол сызықтардың бағыты мен сипаты белгісіз кейдесоқ ретсіз болады. Бала қарындашқа түскен күшті игере алмай, кей жағдайда да қағазға түскен сызық әрең көрінеді де кейде қарындаштың ұшы қағазды тесіп кетеді.
Бала нүктелер мен сызықтар түсіре отырып, қағаз бетінің кеңістігін қимыл арқылы меңгереді.
Бірте -бірте қол қимылы қарындашпен үйлесім таба бастайды. Баланың көзбен бақылауы әлі шамалы болса да, біркелкі қимылдарды қайталай беруге ыңғайлы келеді, көбіне қимылды іс жәрдемдеседі. Бала қол серпілісін дұрыс реттей алмағандықтан сызықтар қағаздың көлемінен асып кетіп отырады. Алдағы уақытта қозғалыстар (ары – бері) күрделене түседі де, олардың бағыты өзгереді, доға сияқты қозғалыстар айналмалы қозғалысқа айналады да, қағаздың бетіне толық тарап, шиыршықтар пайда болады да, орама, линиялар тәрізді айналмалы сызықтардың күрделенуіне ауысады. Қол мен қарындаштың осындай дүркін-дүркін қайталануы ырғақтылық береді де, бала сүйсіне түседі.
Баланың екі жасында қағазға түскен сызықтарға қызығушылығы пайда болуының нәтежесінде бірнеше парақ қағазды қозғалмай отырып сызуы мүмкін. Сурет салудың осы кезеңі, әдетте, шимай жазу деп аталады. Бейнелеу іс әрекетінде осы сияқты сурет салу болып өтеді: ол қарындашпен қолдың үйлесімді, ырғақты қимылдарын дамыту мен қимылдарды көзбен бақылауды дамыту үшін пайдалы.
Түрлі түсті қарындашпен сурет салу баланың зейінін ашық түске тартады. Бояу баланы қуантады және ол қарындашты қаттырақ басып, сызықтарын жиілетіп,түсін қоюлатып салуға тырысады.
Бұл жаста әдейілеп бейнелеу әлі жоқ. Бала бір нәрсені толық етіп бейнелеп сала алмайды. Бірақ осы кезде бала материалдардың қасиеттерін тани бастайды: қағаздарды, қарындаштарды олардың түсін, өзінің қолындағы қарындаштың қимылынан қағазға түскен іздерді таниды да, оларға қызыға қарай бастайды.
Осы кезең қол қимылы мен көрудің дамуына әсерін тигізеді. Бала өзі үшін құралдармен танысады, үлкендердің бағыт беруінің нәтежесінде осы құралдарды қалай пайдаланудың қарапайым түрін меңгере бастайды, көрнекті із алу үшін оны қолына дұрыс ұстап, қағаз бетіне жүргізеді. Бұл кезеңде баланың өз бетінше кетпеуін қатты қадағалап, қарындашты қалай ұстауды көрсету, бұл үшін оны сәбидің қолына ұстату (өйткені ол өзі қарындашты дұрыс ұстай алмайды); қолмен қағазды қалай ұстауды көрсету маңызды. Сәбидің сызықтармен штрихтарға зейінін аудара отырып не салғанын, оны неге ұқсайтынын сұрау керек. Баланы ойлануға тарта отырып оның не істеп отырғанын, қандай құбылыстар мен заттарға ұқсастығын іздеуге, ойлануға итермелеу керек.
Бұл уақытта жалпы топтық үйрету сабақтары «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында» ұсынылмағынымен, балаларға олардың қалаулары бойынша столға отырып, сурет салуына мүмкіндік беруге болады. Бұл бейнелеу іс әрекетіне қызығушылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Яслиде балаларға 1,5 жаста қағаз бен қарындаш беріледі. Егер балабақшаға бармаса, үйде сурет салмаса, 2- 2,5 жасқа дейін іс әрекеті дамуы едәуір кешігеді.
Сондықтан балаларды қарындаш ұстаған қолдың бейне жасау кезендегі қимылын түсінуге алып келу бірінші кішкентай топқа келгеннен қолға алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет