Бірінші кішкентайлар тобында сурет салу. Сабақтарда балалардың бейнелеу іс әрекетіне қызығушылығын, оған эмоциялық қатынасын, тәрбиешіні тыңдау және есте білу, оның суреттен көрсеткендерін көру және байқау шеберлігін қалыптастыру, белгілі бір мақсатпен әрекет жасау керектігін көрсету арқылы тәрбиелеу қажет.
Балалардың сурет салу іс-әрекетін меңгеру үшін қолдың қимылын, оның үйлесімін, ырғағын және әлденеше рет бірыңғай қимылдарды қайталай білуге жаттықтыру керек. Сурет салу, мүсіндеу процесінде балалардың түйсігін, олардың қабылдауын, тәрбиешінің бірте-бірте сөзбен сіңіре беретін білімін, балалардың (жұмсақ, серпінділік, көлемі, түсі,) таным қасиеттерін дамытқан жөн.
Балаларда суреттің затпен ұқсастығын іздеп табуға және оның атын атауға іскерлігін дамыту керек, өз суретін «оқып», түсіну қабілетін, сонан соң суреттің әр түрлілігін байқауға балалар салған суреттердің арасынан өз суретін тауып, не салғанын айтып беруге баулыған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |