Техникалық дағдылар. Тәрбиеші балаларды бірінші сабақтарда–ақ дұрыс отыруға үйрету керек (столда өте көп еңкеймей, түзу отыру, суретті оң қолмен салу, сол қолмен қағазды басып тұру). Қарындаштармен және бояулармен сурет салу үшін, бір қатар техникалық дағдыларды меңгеруге тура келеді: қарындашты дұрыс ұстау, үш саусақпен ұстау, қаламның ұшталған жағына қолды онша жақындатпай, сұқ қолмен үстінен басып тұрып, барлық саусақтармен дұрыс қимыл жасау керек. Қарындашты саусақтармен қатты қысып ұстау қолды тез шаршатады және өте әлсіз саусақтар қарындашқа ие бола алмайды да, сондықтан түсе береді.
Балаларды бояумен сурет салу кезінде қылқаламның түгін бояуға батырып алған соң, жеңіл қимылмен ыдыстың аузына сілкіп, артық тамшыларды түсіру керек.
Балалар суретті тек қағаз бетіне салуы керек, қолына, столға, киімдеріне жағып алмай, қарындашпен тарсылдатпай, барлық құралдарды ептілікпен пайдаланған жөн: сабақтан соң әрқайсысын өз орындарына жинап қоюы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |