Бейнелеуге бейімдеу. Бірінші кішкентайлар тобында тәрбиеші балаларды бейнелеуге, суреттің бейнелеу сипатын түсінуге бейімделеді. 3 жасқа қараған балалар бір заттың нақты пішінін бере алмайды, сондықтан тәрбиеші оларды кескіні айқын емес формаларды бейнелеуге үйретеді ( олар белгілі дәрежеде дөңгелек немесе бұрышты затқа ұқсауы мүмкін). Сурет сабағында ол балаларға дайын бейненің кейбір жетіспейтін әсерлерін толықтыра түсуді ұсынады. («Әуе шарының жібін», « жалаудың сабын»)
Тәрбиеші балаларға қағаз бетіне бояуды жағуды ұсына отырып бір қалыпты бірнеше рет қайталауға бағдарлауға үйретеді. Бағдарлама ою салуды үйретуді міндет етіп қоймайды, дегенмен жағылған бояудың әшекейлі, қарапайым бір композицияда болуы балаларда өзінің ырғағымен және бояуының ашықтығымен қуантады.
Сурет сабақтарында балаларды түстерді айыра білуге оқытады (қызыл, сары, көк, жасыл) оларды сурет салу кезінде қалай пайдалануды арнайы үйретеді. Балалар сол бейненің түсіне қарап кез келген бір ат қояды («шөп», «гүл»).
Тәрбиеші балалардың зейінін әртүрлі түстердің дақтарына, сызықтар сипатына аударады. Айналадағы болмыстан ол мынадай құбылыстарды сызықтардың ырғағын, шимайларды қарама қарсы түстерді балалар айта алатындай етіп тыңдап алады. Балалар жапырақтардың қалай түсіп жатқынын, жаңбыр немесе қар жауғанын, көктемдегі жаңбырдың тырлысын, жылғылар ағысын суретке салады.
Мектепке дейінгі кішкентайлардың суреттерінде әрекет пен байланыс мазмұнына ұмтылушылық байқалады. Сюжетті сурет салу процесі өзгеше. Бала бір нәрсені бейнелейді де, көбіне сөзбен немесе қимылмен жеткізеді. Ол суретті сол жағдайдың ішінде жүргендей етіп салады. Образ жасау бала үшін әр түрлі сезімге байланысты құрылады, сондықтан балаларды тәрбиелеу үшін салынатын бейне мен көрініске деген сезім қатынасын арттыра түсу қажет, өйткені сурет салу процесі кезінде оның алдында қарапайым сызықтар мен формаларға, бояу жағындыларына «жан бітеді».