Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі


Жас отбасы балаларымен жүргізілген жұмыстың нәтижелері



бет3/4
Дата22.02.2020
өлшемі231,42 Kb.
#58831
1   2   3   4
Байланысты:
бахтиярова а


2.2 Жас отбасы балаларымен жүргізілген жұмыстың нәтижелері
Жалпы біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты белгілі бір анықтама алу үшін жас отбасы балаларының әлеуметтік-тұлғалық бағдарлауын жетілдіру барысында арнайы педагогикалық тәжірибе жүргізілді.

Педагогикалық тәжірибемізді Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимазиясында біз өндірістік педагогикалық практикамызды осы мектепте өткізуімізге байланысты, мектептің әлеуметтік педагогымен бірлесе отырып жұмыс жасадық. Мектептің әлеуметтік педагогымен бірлесе отырып, мектептегі бала саны, олардың толық отбасы, соның ішінде жас отбасы балалардың тізімін алдық.

Эксперименттік-тәжірибе үш кезеңнен тұрады:

- анықтау эксперименті (зерттеу тақырыбына сәйкес педагогикалық тәжірибеде қаралатын мәселелердің жағдайын анықтау);

- қалыптастыру эксперименті (зерттеу тақырыбына сәйкес педагогикалық тәжірибеде қаралатын мәселелердің жағдайын анықтау);

- бақылау, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін тексеру эксперименті (алынған сараптама мәліметтерді талдау, нәтижелерге сәйкес статистикалық деректерді өңдеу).

Эксперименттің мақсаты: жас отбасы балаларының әлеуметтік-тұлғалық бағдарлауын жетілдіру барысында бүгінгі күнгі бағыт-бағдары айқындалып, бір-бірімен қарым-қатынасының, қоғамға ену мүмкіндіктері қарастырылды. Өткізіліп келген тәрбие жұмыстарының жас ерекшелігіне лайықты жүйеленуі және оны күнделікті іс-әрекет барысында тиімді қолдану әдістері айқындалды. Іс-әрекеттің барысын айқындауда төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды: мүғалімдерге сауалнама жүргізу, әңгімелесу, әңгімелесу барысында баалардың отбасылық жағдайн саралау, пән сабақтарына қатысу, нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделеу, әлеуметтік педагогтың педагогикалық әрекеттерін бақылау тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды.

Зерттеу міндеттеріне сәйкес арнайы анықтау эксперименті жүргізілді.



  • Сынып жетекшілерінің тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруы үшін кәсіби педагогикалық даярлықтың керектігі анықталды;

  • мектептің педагогикалық іс-шараларды ұйымдастыруда зерттеу мәселесіне байланысты материалдардың назардан тыс қалғандығы немесе көңіл бөлмеуі;

  • жас отбасы балаларының тұлғасын қалыптастыруда олардың психологиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік жағдайларының ескерілмейтіндігі байқалды.

Аталған олқылықтардың орнын толықтыруды біз зерттеу жұмысымыздың қалыптастыру эксперименті кезеңінде жүзеге асырдық.

Мектептегі әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жұмысының мәні - Отбасы - жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы, ол бір қатар өлшемдермен анықталады.

Әлеуметтік - мәдени өлшемі ата-аналарының білім деңгейімен қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты,

әлеуметтік экономикалық өлшемі - ата-аналарының мүліктік-материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты;

техника-гигиеналық тұрмыс жағдайы, үй құрылысының жабдықталуы, өмір салты ерекшеліктеріне байланысты,

демографиялық- отбасы құрылымына байланысты анықталады. Бала дамуының қай жағын қарастырсақ та, барлық жағдайда, жас ерекшелігінің қай кезеңінде де отбасының маңыздылығы тиімді және шешуші роль атқарады. Баланың ішкі дүниесін білу, оның проблемаларына ортақтасу, немесе керісінше елеп-ескермеу арқылы ата-аналар баланың өзіндік сана-сезімі мен толық тұлғасын қалыптастырады. Сонымен, отбасы баланың әлеуметтенуінде шешуші роль атқарады.

Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтықмақтасады, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.

Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндеттерінің бірі - ата-ананың педагогикалық белсенділік бағытын қалыптастыру болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оның тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтіп, оң-терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады.

1. Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.

2. Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндеттірінің бірі - ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділігіне әкеледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырады.



Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастырады:

- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу.

- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік әлеуметтік мүмкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;

- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;

- өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;

- баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну; әлеуметтік педагогтың отбасына ештене жақындуына мүмкіндік тудырады.

Сонымен қатар, әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психология-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану тағы басқа әдістерді жүргізе алады.

Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтау тиіс:

- ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;

- зерттеу мақсаты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі жүргізілуі тиіс;

- зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс;

- психологиялық, педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы және кешенді пайдалануы тиіс.

Отбасына әлеуметтік педагогикалық диагностика негізінен сынып оқушыларын тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік әлеуметтілігін пайдалану мүмкіндігіне қарай бөлінген отбасыларының шартты топтарда жүргізіледі. Осыған байланысты отбасыларын 5 топқа бөледі:

1. Жоғары адамгершілікті, этномәдени қарым-қатынастардағы жас отбасылар. Салауатты өмір салты, ұлттық-этникалық, моральдық атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар жатады. Әлеуметтік педагогтің жиі араласуының қажеті жоқ дей тұғынмен тәрбиелеудің жас ерекшелігіне баланысты қиындықтарына сәйкес кейбір кеңестер мен ескертулердің берілуі мүмкін.

2. Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын жас отбасылар, бірақ, тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан балаларды балада эгоизм, нигилизм, ата-анасын менсінбеу, отбасынан аластау көзқарастарының қалыптаса бастауы тағы басқа педагогтың көңіл аударуына мәжбүр етеді.

3. Дау-жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын жас отбасылар. Мұндай отбасыларына педагогикалық белсенді ықпал қажет, отбасындағы микроклиматты сауықтыру, жасөспірімді қорғап қалудың шұғыл шараларын қолдану қажет. Олар:


  • дау-жанжалды отбасының көп уақытқа созылған, отбасы мүшелерінің таусылмайтын кикілжіңі ауыр моральдық-психологиялық ахуалға әкеледі. Жанталасқан адамдардың балаға агрессиялық көзқарасы, ата-аналарының баланы бір-біріне айдап салуы, баланың ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр болады;

  • педагогикалық қалыптасқан отбасы - мұндай отбасыларында балаға қарым-қатынас қатыгездікке, әкімгерлікке, тұрақсыздыққа, зорлыққа құрылған. Бұл баланың намысына тиіп, ар-ожданын таптайтын, сезімін өшіріп, өзіне-өзі баға бере алмайтын күйге жеткізеді. Нәтижесінде отбасынан аластану, ата-ана ықпалынан босап шығу ниетіне ауып, ауладағы, көшедегі бейресми топтардың қолына түседі;

  • әлеуметсізденген отбасы-отбасылық ұстанымдар мен қамқорлықтың жойылуы, бала құндылығын бағаламау, тәрбиесіздік, сексуальдық арсыздық, мастардың сотқарлығы тағы басқа;

Басты «тәрбие әдісі» - ұрып соғу. Бұл отбасылардан шығатын балалардың психкасы бұзылады, үйінен, сабақтан қашады, оқу - үлгерімі нашар болып қалыптасады.,

1. Сырттай сау көрінетін жас отбасы - бірақ іштей рухани азғындық жайланған, шынайы адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиетті бұзылған. Бұл отбасыларынан шыққан кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы «бейнесін» жақсы көрсете білетіндіктен мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі.

2. Қалыптаспаған жас отбасылар - дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықты, сотқарлық, қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуі немесе белсенді араласуы қажет.

Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік аурасын байытады, егер өзара әрекет мақсаты формада жүргізілетін болсатұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.



Демек, қалыптастыру эксперименті барысында негізгі үш бағыт айқындалды:

Бірінші бағыт - мектептегі жас отбасы балаларының әлеуметтік-тұлғалық бағдарлауын жетілдіруге қолайлы жағдайлар жасау.

Екінші бағыт - жас отбасы балаларының әлеуметтік-тұлғалық бағдарлауын жетілдіруге белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Үшінші бағыт - жас отбасы балаларының әлеуметтік-тұлғалық бағдарлауын жетілдірудің мониторингін жасау.

Қалыптастыру экспериментінің мақсаты: жас отбасы балаларының әлеуметтік-тұлғалық бағдарлауын жетілдіру мақсатында жас отбасыларға мынандай сауалнамалар жүргіздік.

  • «баланың қалыптасып, толысуына мектептің, балабақшаның, отбасының және ортаның (қоғамның) тәрбиелік ықпалын ұштастыра жүргізуге ата-ананың рөлі қандай?

  • Қоғамдық ортада нені үйренгің келеді?

  • Еңбекке үйренуде кімнің көмегін қажет етесің?

  • Отбасының тәрбиелеушілік ықпалын арттыру үшін ата - аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге айрықша назар аудару қажет пе?

  • Отбасында бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлесіз?

  • Бала қажеттілігін қанағаттандыру барысында қандай рухани-адамгершілік жұмыстарын жасайсыз?

Эксперимент нәтижесінде анықталған кемшіліктерге орай, зерттеуіміздің келесі кезеңінде Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының біздің эскпериментіміздің нысаны болған жас отбасы балаларының олардың психологиялық ерекшеліктері мен сана-сезімі деңгейіне лайықты әдіс-тәсілдерімен түсіндіру арқылы белгілі бір деңгейде таным-түсінікті кеңейтіп, әлеуметтік тұлғаны қалыптастырудың негізін қалауға болатынына көз жеткіздік. Қалыптастыру экспериментінің барысында жас отбасы балаларының (8-10 сынып оқушылары, барлығы 28 бала) олардың әлеуметтік-тұлғалық бағдарлауын жетілдіруде төмендегідей тиімді әдіс-тәсілдері қолданылды. Олар: бақылау, сауалнама жүргізу, әңгіме-сұхбат, тәрбиешілергеарналған курстар, арнайы дайындалған бағдарламаны байқаудан өткізу, кешенді сабақтар ұйымдастыру, танымдық серуендер, ойын, саяхаттар, психологиялық ойын-жаттығулар, педагогикалық жағдаяттар тәрбие жұмысында қолдану.

Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, мектепке - өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде бала тәрбиесінде жетекшілік әрі үйлестірушілік, әрі диагностикалық, әрі кіріктірушілік, әрі бағыттаушылық рөл беріліп отыр. Осы заманға оқыту, тәрбиелеу және жақсыға бағыттау талаптары мектеп ұжымынан да, мұғалімдер мен тәрбиешілерден де отбасылық тәрбиеге дұрыс бағдар сілтеуді, оқушының үй тұрмысындағы орны мен рөлі қандайлығын, айналасындағылармен қарым - қатынасының қандай деңгейде екендігін білуді, мектептің, отбасының және нақты қоршаған ортаның іс -әрекетін тиімді ұйымдастыра білуді талап етеді.

Себебі қазіргі нарықтық жүгенсіздік жағдайында да көптеген отбасылар жетіспеушілікті, материалдық қолайсыздықты сезініп отыр. Ал, мұның өзі ұстаздар қауымынан өз қызметтерінің мазмұны мен мәнін құрайтын бала тәрбиесіндегі амалдар мен әдістердің жаңа жүйесін жасақтауды талап етеді. Мектептік тәрбиені басқа тәрбиелік ұйымдармен, ең алдымен, отбасы тәрбиесімен кіріктіре жүргізуді қажетсінеді. Бала тәрбиесі әртүрлі тәрбие институттарының бірлескен қызметі. Сондықтан қазіргі уақыттағы бала тәрбиесінің бір міндеті мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын нығайтып, жемісін бала тәрбиесінде пайдалана білу қағидасына негіздей білуге тіреліп тұр.

Жас отбасыларына «отбасының тәрбиелеушілік ықпалын арттыру үшін ата - аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге айрықша назар аудару қажет» деген жауаптарына олардың дәлелдеріне қарағанда, бүгінгі мектеп бала тәрбиесіне жүрдім -бардым қарайды. Баланың психологиялық, немесе жас ерекшеліктеріне, ішкі сезім дүниесіне, қалауына, мақсат - мұратына назар аудармайды.

Осыдан барып, бала тәрбиелігі, оның іскер азамат болып қалыптасуы тек отбасы тәрбиесіне ғана қатысты болып қалып отыр.

Себебі кез - келген ата - ана баласының жақсы азамат болып өсуіне күш жұмсайды. Шама - шарықтары жеткенше балаларына өнегелі тәрбие беруге, оқытуға, белгілі бір кәсіпті меңгертуге тырысып бағады.

Әйтседе бала тәрбиесінде отбасының, ата - ананың педагогикалық білімділігі таяз. Осыған байланысты мектеп ата - аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға күш жұмсауы тиіс. Өйткені үй жағдайындағы тәрбиелік үрдестерді ұйымдастыру, заң, ереже арқылы реттелетін мектептегі тәрбиеге қарағанда мүлдем басқа. Отбасындағы тәрбиеде әміршілдік, өктемдік, күштеп тәрбиелеу, немесе шектен шыққан қамқорлық, еркелету, «көйлегі көк, қарны тоқ» болса болғаны деген пыйғыл басым келеді.

Демек, мектептің, отбасының және ортаның тәрбиелік ықпалын біріктіру үшін, ең алдымен ата - аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру керек. Ол үшін мектеп ата - аналардың педагогикалық білім негіздерімен қарулануына ықпал жасауы тиіс. Жалпы мектептік, немесе сыныптық лекторийлер, ата -аналар басқосуларын жиі - жиі өткізіп отырған жөн.

Мұндай пікірлер қолдауға тұрарлық ой - сана жемістері әрі практикалық тиімділігі де жоғары. Мектеп пен отбасының бірлесіп атқаратын тәрбиелік шараларының да тиімділігі төмен. Бұл жағдайдың қазіргі нарықтық қоғамда туындап отырған жұмыссыздықпен тікелей байланысты жағдаят екендігі де рас. Жұмыс жоқтықтан бала - шаға қамын ойлаған ата - ана базар жағалап кетті. Бала күнде теледидар бетін бермейтін батыстық жылтырақ өмірге әуестенді. Шылым шегуді, бұзақылық жасауды, басқаға ұрынып - соғынуды дұрыстыққа балады. Тентектікке бой алдырады. Міне, осындай жағдайда ата - аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру бағытында мектептің біршама шараларды қолға алуы жөн. Ата - аналардың өз бетімен педагогикалық білім алуларына қолғабыс тигізулері шарт. Ата - аналарға арналған педагогикалық оқу кештерін, лекторийлер, сұхбат, дөңгелек стол сияқты шараларды ұйымдастырып отырды.

Тәрбие бұл әлеуметтік құбылыс. Сондай - ақ, тәрбие - бұл баланы әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге бейімдейтін үрдіс ретінде оның сана -сезіміне ықпал ететін мақсатты әрекет болғандықтан - психологиялық процесс, педагогикалық тұрғыдан баланы болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі. Десек те, бала бойына сіңдірілетін әлеуметтік - психологиялық құбылыстар оның белсенділігі мен қабылдау қабілеті жоғары болғанда ғана жемісін береді.

Ата - аналарды бала тәрбиесіне жұмылдыру мектептен көп күш жұмсауды талап етеді. Әсіресе, ата - аналарды мектептен тыс жүргізілетін тәрбиелік шараларға тартқанда оқушылардың ақыл - ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне белсене араласуға шақырып, балалардың туған отаны – Қазақстанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін оятатын, Отанға, басқа адамдарға пайдасы тиетіндей тәрбиелік шараларды жиі - жиі ұйымдастырып отыра білуге бейімдеген жөн, Оқушылардың бос уақытының көбісін қосымша сабақтарға, факультатив сабақтарына, спорт түріне, би курсына, шахмат, домино т.б. сынды курстарына баруына күш жұмсау керек. Ата - аналарға бала тәрбиесінің әдіс -амалдарын үйреткенде олардың практикалық тиімділігіне баса назар аударған дұрыс.

Айталық, тәрбие әдістері ретінде жас ата - аналарға сендіру, жағымды үлгі- өнеге, ынталандыру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау амалдарының мән -мағыналарын түсіндіріп, оларды қандай жағдайда қолдануға болатындығын ұғындырудың пайдалығы болмаса, ешқандай да зияндығы жоқ.

Психология ғылымдарының докторы, профессор Г.И. Шукина жасақтаған классификацияда тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдістемелік жақтарына айрықша назар аударылып, әдістер үш топқа ажыратылып талданады:


  1. Баланың санасын қалыптастыратын әдістер.

  2. Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

  3. Тәртіпке, іс - әрекетке ынталандыратын әдістер.

Жалпы бала тәрбиесі әдістерін классификациялаудың түрлері көп. Айталық, ғалым А.П. Пинкевич тәрбие әдістерін екі топқа бөліп қарастырады. Ол бірінші ұзақ мерзімге әсер ету әдістерін жатқызса, екінші топқа өтпелі әдістерді жатқызады. Өтпелі әдістер бұл белгілі бір жағдайда қысқа мерзімде ғана нәтиже беретін әдістер. Ал, баланың жеке басын қалыптастыруда ұзақ мерзімде пайдалануға болатын әдістерді қолдану тиімді. Айталық жаттықтыру, немесе оқыту әдістері, ата - ананың, немесе мұғалімнің жағымды іс - әрекеттері мен мінез - құлықтары [50].

  1. Сендіру - адамның өз көзқарасын өзгелерге қабылдатуға бағытталған іс - әрекеті. Сендіру адамның танымдық, сезімдік және ерік қасиеттерінің деңгейіне тікелей тәуелді; 2) бір нәрсеге сенімділік; 3) баланың сана, сезім, тәжірибесіне бағытталған тәлімдік әсер әдісі [51].

Сендіру әдісі дегеніміз «баланы әлеуметтік және рухани қарым - қатынасқа түсіруде, олардың бойына қоғамдық нормалар мен мінез -құлық ережелерін сіңіріп, қалыптастыруда әсерленушілік сезімге бөлеп, оның жеке басында саналылық пен сенімді ояту арқылы іске асырылатын іс - әрекет» деп қорытындылауға болады [52].

Бұл әдістің әлеуметтік әрі психологиялық әсерлігі балаға әсер етуші объект, немесе субъект (сыртқы әрі ішкі) бар болмысымен баланың сана -сезімін жаулап алып, өзіне тәнті ете білуінде жатса керек.

Демек, сендіре білу ата - аналардан мәселенің мән - жайын балаларының сана - сезіміне әсер ететіндей деңгейде түсіндіре білулерін талап етеді.

Жағымды үлгі - өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі ата - ананың, мұғалімдерінің, ел - жұртқа беделді тұлғалардың жұғымды қылықтары мен тиімді іс -әрекеттеріне, мінез - құлықтарына баланы еліктетуден туындайды. Оларды балаларға үлгі - өнеге етіп көрсету сұхбат барысында, кездесу кештерінде, олардың жарқын істері туралы әңгімелеу үстінде жүзеге асырылады.

Ал, балаларды әдеби шығармаларды көп оқуға баулу бала көңілінде жағымды әдеби кейіпкерлерге еліктеу сезімдерін көтереді. Жағымды әдеби кейіпкерлер туралы пікірлер таластыру, әңгімелесу, т.т. бала сезімін атойлатып, солардай жақсы адам болуға ұмтылуға талпындырады. Сондықтан жас ата - аналар үйде кешкі демалыс үстінде жиі - жиі осындай тақырыптарға әңгіме - дүкен құрып отырса көптік етпейді.

Жаттықтыру әдісі баланың оқуға, істейтін ісіне, мінез - құлқына, зейініне, икемділігіне, алғырлығына, іскерлігіне және басқалай да әрекеттеріне жаттығуына ықпал ететін тәсіл. Жаттықтыру әдісі көмегімен баланың дағды -икемі қалыптастырылып, шығармашылық қабілеті дамытылады. Сөз бен сөйлемдерді, тарихи даталарды есте сақтап, дұрыс айтуға жаттықтырылады. Дағды - икемділік күнделікті практикалық іс - әрекетте қайта - қайта қайталанып әдетке айналдырылады. Бұл әдісті ата - аналардың өз балаларын адамгершілікке тәрбиелеуде кеңінен қолдана білгендері дұрыс [53].

Ынталандыру әдісі – баланың белсенділігін, құмарлығын, ынталығын арттыру үшін оны бір нәрсе жасауға, немесе бір нәрсеге еліктіру арқылы әртүрлі жағымды іс - әрекетке итермелеп отыру тәсілі. Ынталандыру баланы түрлі іс - әрекетте итермелейтін себеп, түрткі.

Отбасы тәрбиесінде мадақтау мен жазалау әдістері де шешуші рөл ойнайды.

Мадақтау әдісі жас ата - аналардың балаларын жақсы әдет - қылықтарға, іс -әрекетке баулу үшін олардың белгілі бір жағымды қылығын, немесе іс - әрекетін, оқуын, еңбегін, тәртібін, жоғары бағалап, одан әрі ынталандыру мақсатымен қолданатын ықпал ету амалы.

Мадақтау балалардың өздерінің күшіне деген сенімдерін нығайтып, белсенділіктерін, жауапкершіліктерін шыңдайды.

Мектеп жасына дейінгі балалар отбасында немесе бала бақшасында ауызша, айналып, толғану арқылы мадақталады. Ал, мектеп жасындағы балалар ауызша да, жазбаша да мадақтала береді. Мысалы, ауызша, немесе күнделікке жазбаша мадақтау мектеп мұғалімдері тарапынан берілсе, қоғамдық ұйымдар тарапынан мақтау грамоталары, немесе ақшалай, немесе заттай сыйлықтар тапсырылады.

Жазалау әдісі баланың қылығындағы, немесе іс - әрекетіндегі (мысалы, біреуге орынсыз ұрынғаны үшін) жағымсыздығы үшін қолданылады.

Десек те, жазалау істелген жағымсыз әрекетке лайықты, әділетті болғанда, немесе бала өзінің не үшін жазалағанын түсінгенде ғана өзінің тәрбиелік міндетін атқара алады. Демек, баланы теріс қылығы үшін жазаламастан бұрын, оның қылығының, немесе істеген әрекетінің терістігіне көзін жеткізе білу керек. Айталық, жеткіншектің сабақтан себепсіз кетп қалуы делік. Алдымен, оның себебін сұрап білу керек. Мүмкін бала шаршаған болар, немесе басқа бір пайдалы себептен туындаған шығар дегендей. Мұндай жағдайда, баланы мадақтап, ертең сабақтан калмауға, берілген тапсырманы орындауға түсіндірумен шектелген жөн. Себебі жазаның қандайда түрі болмасын бала теріс қылық жасамасын, немесе теріс іс - әрекетке бармасын дегендей орынды пиғылмен жасалады.

Жалпы мадақтауда, жазалау да бала тәрбиесінде жиі - жиі қолданылатындықтан, абайлап, дұрыс қолдана білген жөн. Бала бойындағы жақсыны да, жаманды да уақтылы байқап, орынмен мадақтап, немесе жазалап отыру баланың мінез - құлқының, тәртіптілігінің, басқаларды сыйлап, құрметтеуінің діңгекті қазығы іспеттес құбылыс. Сондықтан бұл екі тәсілді де байқап қолдана білу жас ата - аналардан икемділікті талап етеді. Жалпы отбасылық тәрбие әдістері мен амалдарын тиісті жерінде орынды қолдана білу балалардың тәлімді, тәрбиелі азамат ретінде өсіп, жетіліп, қоғамдық өмірден өз орындарын дұрыс табуларына кепілдік бере алады.

Арнайы ұйымдастырылып, балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту баланың әлеуметтенуіне тікелей ықпалы бар үрдіс. Жас өспірімдерді қоғамдық пайдалы еңбекке тартудың әлеуметтік әрі психологиялық мәні балалардың, еңбек үрдісіне, іс - әрекетке қатыса отырып, қоғамдық жұмыстарға іс жүзінде тартылуында, өз ортасында бедел жинап, өзінің әлеуметтік позициясын, өмірлік ұстанымын нығайтуында болып отыр. Қоғамдық жұмысқа тартылған балалар өздерінің өздерін қоршаған нақты орталары – мектептестері, сыныптастары, жолдастары, мұғалімдері, ұжымы үшін өз іс - әрекеттерінің маңыздылығын, пайдалығын тез сезінеді. Әрі іс - әрекет барысында пайда болатын көтеріңкі көңіл - күй өзінің керектігін сезінушілік оның сана - сезіміне, мінез - құлқына жұғымды әсер етіп, өзін өзі бағалай білуге талаптандырады. Өзінің іс - әрекетіне сыни көзбен қарап, өзіне жаңа талаптар қоюына, жетістіктерге итермелейді. Үнемі өзінің іс - әрекетін айналасындағылардың қалай бағалайтындығын таразылауға талпындырады [54].

Сондықтан, бала тәрбиесінде жас ата - аналар да, мұғалімдер мен тәрбиешілер де баланы пайдалы еңбекке, қоғамдық пайдалы іс - әрекетке тартқанда:

1) оның жауапкершілігі мен борышын түсінетіндей әсер тудыратын пайдалы іске, айналасындағылардың қажеттіліктерін өтейтін, мүдделерін рухтандырып әрекеттерге жұмылдыра білулері керек;

2) қоғамдық пайдалы еңбектің, іс - әрекеттің барлық түрлеріне балаларды жаппай қатыстыруға күш жұмсаулары қажет;

3) балаларға олар істеген еңбектің, олар атқарған қоғамдық пайдалы іс -әрекеттің өздерін қоршаған нақты орталары – отбасы, мектеп, қала, бүкіл ел үшін аса құнды екендігін әрі жоғары бағаланатындығын үнемі ұғындырып отырулары керек.

Десек те, отбасылық бала тәрбиесіндегі басты ерекшелік баланың қажеттілігін үнемі әрі толық қанағаттандырып отыру. Онсыз барлық бала бойына сіңдірілетін тәлім - тәрбиеде нәтиже болмайды.

Адамның әрбір жастық шағына байланысты оның отбасындағы орны, атқаратын қызметтері өзгеріп отырады. Балалар үшін отбасы олардың дене жағынан, психологиялық, ой-сана жағынан дамуына ықпал беретін маңызды әлеуметтік орта. Отбасында бала алғаш рет қарым-қатынас тетіктерімен, қоршаған ортамен, ұжымдық өмірмен танысып, өзінің әлеуметік мәнін түсінетін азамат болып өсуіне әсерлі ықпал алады.

Қорыта айтқанда, эмоционалдық-құндылық компоненті бойынша бақылау және эксперимент тобында, арифметикалық орта есеппен алғанда, сегізінші сынып оқушыларының 21,4-30,3%-ы жоғары деңгейді, 28,4-31,0%-ы ортаңғы деңгей көрсеткендер және төменгі деңгейдегілері 50,2-39% болды. Тоғызыншы сынып осы деңгейлер 22,0-33,0%, 30,1-36,1%, 47,7-30,9%, 10-сынып оқушыларының жоғары деңгейі 23,0-35%, орта деңгейі 33,0-38,1%, төменгі деңгейдегілер 46,0-26,9% болды. Сонымен, қорытынды бақылау экспериментінің когнитивтік, іс-әрекеттік, эмоциональдық-құндылық компонетті бойынша сандық және сапалық нәтижелерін көрсету мақсатында бақылау және эксперименттік топтағы жас отбасы балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптасу нәтижесін төмендегі 1- кестеде салыстырмалы түрде берілді.


Кесте 1

Эксперимент тобы жас отбасы балаларының еңбек іс-әрекеті тәжірибесінің қалыптасу деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері (пайыз есебімен)




Сыныптары

Экспериментке дейінгі

Эксперименттен кейінгі

жоғары

орта

төмен

жоғары

орта

төмен

8 - сынып

8,1

18

73,9

13,3

25,1

61,6

9 - сынып

11,8

29,2

59,0

20,5

39,1

40,4

10 -сынып

16,3

36,0

47,7

25,1

49,3

25,6


Демек, мектепте әлеуметтік педагогтар педагог-психолог мамандарымен, сынып жетекшілермен, әкімшілік құрамымен және ата-аналармен тығыз байланыста қызмет атқарады. Яғни, олармен оқушылардың құжаттарын тағайындауда, олардың әлеуметтік мұқтаждығына көмек беруде және оқушылардың ішкітұлғалық, тұлға аралық шиеленісті жағдайлар туындағанда, оқушы мен педагог арасында кикілжің пайда болғанда әлеуметтік педагогпен бірлесе жұмыс жүргізеді. Осы кезеңде, әлеуметтік педагогта кеңес беру журналының 2 түрі болуы тиіс. Біріншісі, сынып жетекшіге, оқушыға, пән мұғалімдеріне арналған кеңес беру, ал екіншісі ата-аналарға арналған кеңес беру журналы тіркеліп отыруы қажет. Алғашқы беті мектеп директоры бекіткен, тігіліп мөр басылған болуы шарт.

Олар төмендегіше (Кесте 2):


Кесте 2

Кеңес беру журналы (сынып жетекшіге, пән мұғалімдеріне және оқушыға)






Кеңес алушының аты-жөні

Лауазымы

Отбасы-ның

түрі,


бала саны

Отбасы-лық әлеумет-тік-материал-дық жағдайы, хал-ахуалы

Туындаған мәселе

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Берілген кеңес

Нәтижесі

1

Жандосов Таңат

Оқушы

әкесі мен анасы ажырасқан, әкесімен өгей анасының қолында тұрады, отбасыда 3 бала

Орта деңгейде, отбасыда әкесі, өгей анасы, әжесі, 2 қарындасы және өзі тұрады

Оқушы мектепке оқу жылының ортасында келіп, әлеуметтік ортаға бейімделуінде, бірқатар қиындық туындауда

Топарасында дау-дамай тудырмауға көмектесу, бақылау, әңгімілесу, сауалнама және сурет салғызу

Оқушының әлеуметтік ортада бейімделуіне топпен, психологпен бірлесе тренингтар өткізу, оқушының жаңа орта өзін ыңғайлы сезінуіне көмектесу

Бір апта бақылау, екінші аптада оқушы-ның ортада өзін еркін сезінуін байқау, оқушылармен достық қарым-қатынасқа түскендігін анықтау. Сынып жетекшісімен сөйлесу

Кесте 3


Ата-анаға кеңес беру журналы




Күні, айы,жылы, уақыты

Ата-ананың аты-жөні

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Отбасылық жағдайы, бала саны

Қай тақырыпта кеңес берілуі

Ескертпе

Қолы



























Қарапайым педагогқа қарағанда, әлеуметтік педагогтың ролі ең алдымен білім беру емес, тәрбиелеуде, оның әлеуметтік көмек беру және қорғау функиясында. Әлеуметтік көмектің бағыты белсенді болуы керек және әлеуметтік жұмыстың субъектілері ретінде клиенттерді тартуы қажет. Әлеуметтік педагогтың отбасымен байланысы әрбір нақты отбасы (жалпы отбасы туралы емес) туралы мәлімет пен оның ерекшеліктерін, адамдардың тіршілігінің осы саласында қарым-қатынас жасау процесінің заңдылықтарын ескеру негізінде жасалады.

Әлеуметтік педагогтар - балалармен, олардың ата-аналарымен, ересектермен, тұрғындарымен отбасы-тұрмыстық микроортада және көршілер ортасында, жасөспірімдермен, жастардың, топтарымен және бірлестіктерімен тәрбие жұмысымен жүргізетін, мәдени-сауық, дене шынықтыру-сауықтыру, еңбек, ойын және басқа жұмыстарды, топпен қарым-қатынас жасуды, балалармен ересектердің социумда техникалық, көркем шығармашылық және шығармашылықтың басқа да түрлерін ұйымдастыратын мамандар [50].

Әлеуметтік педагог балаларды, жасөпірімдер мен жастарды әлеуметтендіру процесінде мүмкін болатын және мақсатты «араласуды» қамтамасыз етеді, отбасы мен басқа да тәрбиелеу институттарына көмек береді, балалар мен ересектер арасындағы байланыстыршы жік, длдал «үшінші тұлға» ролін атқарады, жеке тұлғамен және қоғаммен жұмыс жасайды. Ол жасөспірімдердің әлеуметтік және кәсіби бағдар алу кезеңінде көмектеседі, балалардың қоғамдағы құқытарын қорғайды.

Отбасылық кеңес беру отбасындағы ересектер мен баланың арасындағы әлеуметтік проблемалар, шиеленістік жағдайлар кезінде әлеуметтік педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті қамтиды.

Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру мыналар болып табылады:



    • өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмектер;

    • тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету т.б.

    • отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауруларын тексеріп анықтау және емдеу, салауатты өмір салтыпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;

    • рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрғылықты сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағдарларын қолдау;

    • бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылғын анықтау және оны түзету: психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, тіл дамыту, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау;

    • отбасының ішкі және сыртқы қатынастары саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала-ата-ана және ерлі зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б.

Сонымен, отбасылық тәрбие арқылы балада дүниетанымы жүйелі қаланып, елжанды азамат бола алады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Әр баланың өмірлік әлеуметтенуі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады. Ал психологиялық-педагогикалық тұрғыдан алғандаадамның жеке тұлға ретінде өз өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыруда, рухани әлемін байытуда, әрбір адамның қайталанбастығын түсіндіруде, адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынастардың маңыздылығын көрсетуде қолданылады. Егер жастар отбасының үлкен құндылық екенін түсініп, ата-ана алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса, өсе-келе ол бұл бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен, азаматтық парызына ұласатынын аңғарады. Сондықтан жастардың әлеуметтік қалыптасуында отбасының функцияларын меңгеріп алуы қажет. «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді.

Жас отбасының әлеуметтік қалыптастырудағы негізгі құрал - тәрбие. Ата-ана тәрбие арқылы балаларға ата-бабалардың өсиетін, құнды мұраларын, салт дәстүрін дәріптеп, олардың санасында ізгілік тұқымын сеуіп, оның рухани әлемін игі істерге бағдарлай алса, осындай жас отбасы ұлт болашағын ойлайтын азаматтар болып өседі.

Отбасының қазіргі нарық экономикасы жағдайында байланысты өзгеруі мемлекеттегі болып жатқан экономикалық, әлеуметтік өзгерістермен сабақтас. Сондықтан қоғамның рухани, әлеуметтік, экономикалық дамуының ең шешуші факторының бірі отбасы болғандықтан, жасөспірімнің бала кезден жан-жақты дұрыс жетілуі, адамгершілік әдет-дағдылары меңеруі, бірітіндеп ең құнды адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгеруі, қазіргі дүниетанымдық көзқарасының тиімді жетілуі, отбасына байланысты деп есептейміз.

Диплом жұмысының мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерделей оырып, мынандай қорытынды жасаймыз.

1. Ғылыми әдебиеттерді зерделей оырып, отбасы және неке туралы зерттеулерді ғылыми теориялық тұрғыдан негізделді.

2. «Отбасы», «неке», «жас отбасы» ұғымдарының мәні ашылып, қазіргі жас отбасына толық анықтама берілді. Жас отбасы деп - бес-он жыл отауласқан және 29 жас шамасындағы әлеуметтік топ екенін анықталды.

3. Педагогикалық практика барысында №123 мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогымен бірлесе отырып, мектептің жас отбасы және олардың балаларымен бірлесе оырып, жұмыс жүргізілді. Жұмыс жүргізіу кезінде жас отбасылардың әлеуметік құндылығы анықталып, олардың балаларымен тәрбиелік жұмыс жасалды.

Көптеген еңбектерде ғалым-педагогтар мен психологтар балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін дүние жоқ деп есептейді. Осы орайда, балалардың рухани үйлесімді тұлға ретінде қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болып табылады.

Сонымен, қандай да болсын, мейлі ол толық не жартылай болсын әрбір отбасының өзіндік даму тарихы бар. Жоғарыдағы айтылған ойлардан туындайтыны отбасы - бұл кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда, бүгінгі күні оның сипаты мен мәні өзгеруде. Дегенмен ерте кезден-ақ, отбасын құру күнкөріс қамынан, ерлі-зайыптылық қарым-қатынастан және ұрпақ әкелуден бастап туындаған.

Жұмысымызды дәріптей отырып, мынандай ұсыныстар жасауға мәжбүр болдық.

- Қазіргі уақытта жастардың отбасын құруға алдын ала психологиялық даярлықтан өткізу. Себебі педагогикалық мәдениеті жұтаң жас отбасылары, өз баласының тәрбиесіне немқұрайлы қарайды.

- Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жандандыру қажет. Себебі отбасы мен мектептің тәрбие саласы – ол бала тәрбесі.

Біздің зерттеу саламыз өте ауқымды. Біз осы ғылыми жұмыспен мәселені толық шештік деп айта алмаймыз. Оны ары қарай дамыту болашақтың мәселесі.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы №284-І заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. Өзгерту енгізілді. - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы №254 заңымен). - Алматы, 2007.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2013.

3. Бала құқықтары туралы конвенция //www.edugov.kz.

4. Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 7 маусымдағы №389 Білім туралы заңы // Егемен Қазақстан. – 1999. – 11 маусым.

5. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын нормативтік құқықтық актілер //www.edugov.kz.

6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы //Ауыл мектебі. - 2005. - 5 қаңтар. - 3 б.

7. Харчев А.Г. Брак и семья в СССР. - М.: Мысль, 1979.

8. Бестужев-Лада И.В. Поисковое социальное прогнозирование: перспективные проблемы общества. - М., 1984.

9. Говако Б.И. Студенческая семья. - М.: Политиздат, 1988.

10. Голод С.И. Моногамная семья: кризис или эволюция? //Социально-политический журнал. -1995. - № 6. - С. 51-58.

11. Гурко Т.А. Гендерная социология //Социология в России. - М.,1996.- С.197-202.

12. Соловьев Н.Я. Брак и семья сегодня. - Вильнюс, 1977.

13. Юркевич Н.Г. Семья в современном обществе. - Минск, 1964.

14. Чуйко Л.В. Браки и разводы. - М.: Политиздат, 1975.

15. Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. - Алматы,1967.

16. Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. - Алматы: Қазақ университеті, 2004.

17. Шибутани Т.Социальная психология. - Ростов на Дону, 1998.

18. Қабақова М.П. Бірлескен өмірлік іс-әрекет процесіндегі ерлі-зайыптылардың қатынас тұрақтылығының психологиялық факторлары:...психол.ғ.к. .....автореферат - Алматы, 2004.

19. Маслоу А. Психология бытья /пер. с англ. - М.: Прогресс, 1997.

20. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности: пер. с нем. Э. Телятниковой. - М.: Аст, 2004.

21. Спиваковская А.С. Как быть родителями.- М., 1985.

22. Шмелев А.Г. Острые углы семейного круга: Психология обыденной жизни. - М.: Знание, 1986, 1986.

23. Столин В.В. Системная семейная психотерапия. -М., 1995.

24. Нұсқабаев О. Мектеп - жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. - Алматы: Қазақстан, 1997.

25. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. Шығармалар толық жинағында. -Алматы, 1984.

26. Құнанбаев А. Қара сөз, поэмалар. //Құрастырған К.Серiкбаева. - Алматы: Ел, 1992.

27. Уманов Г.А. Французский опыт и проблемы образования в Казахстане. Вестник НПЦ. - Алматы, 1994.

28. Социологиялық сөздік /Ред.басқ.соц.ғ.д., проф.К.У.Биекенов. - Алматы: Қазақ университеті, 2003.

29. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. - Соч. - Т.21.

30. Социология: оқулық. - Алматы: Білім, 2005.

31. Халық санағы қорытыланды // Егемен Қазақстан. - 2013, 1 наурыз.

32. Нұсқабаев О. Елбасы жолдауларында Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуі //Материалы международной научно-практической конференции: “Феномен социальной инженерии: опыт и реконструкция будущего”. 21-22 мая 2010г. - Алматы: ИД «Жибек жолы», 2010.

33. Айқын. - 2010, сәуір - 17.

34. Жаназарова З.Ж. Социология семьи: учебное пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 2006.

35. Кули Ч. Первичные группы. Американская социологическая мысль. - М., 1994.

36. Семенов Ю.Н. Происхождение брака и семьи. - М., 1974.

37. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. - М., 1991.

38. Зидер Р. Социальная история семьи в Западной и Центральной Европе (конец ХҮІІ-ХХвв.). - М.: Гуманист. Изд. ВЛАДОС, 1997.

39. Коркина Г.Н. Атлас по истории педагогики. - Караганды, 2012.

40. Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана.- Алматы, 2006.

41. Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы //www.enbek.kz.

42. Жүнісова-Елшібаева Қ.Ғ. Қазақ отбасы мәселелерінің психологиялық аспектілері. -Алматы, 2010.

43. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы заңы //www.enbek.kz

44. Гребенников И.В.Основы семейной жизни: учебное пособие для ст-тов пед. Инст-ов. -М.: Просвещение, 1991.

45. Көбесов А. Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы. Оқу құралы. - Алматы: Санат. 2002. -176 б.

46. ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның дүниежүзіндегі 50 едәуір бәсеке қабілетті елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауы //www.akorda.kz.

47. Закон РК «О специальном государственном пособии в Республике Казахстан» от 5 апреля 1999 года № 365-1 //www.zakon.kz.

48. Исследование Исследовательского центра «САНДЖ». -Астана, 2007.

49. Атемова Қ.Т. Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қалыптасуы. Монография. - Алматы: «Қазақ университеті» баспаханасы, 2009.

50. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері /С.Қалиев, Ш.Майғарағанова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. - Алматы: Білім, 2001.

51. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. - Алматы: Мектеп, 2002.

52. Қалиев С., Оразбаев М., Смайлова М. Қазақ халқының салт - дәстүрлерi. - Алматы: Рауан.1994.

53. Әбенов А.Тәрбие және оның әдістемесі. - Алматы, 2009.

54. Абдрашева Б.Ж. Ұлттық дәстүр әлеуметтік институт ретінде: социол. ғыл. канд. ... дис. - Өскемен, 2008.



ҚОСЫМША A
Мұғалім, тәрбиеші, ата-аналар сіздер үшін есте болар бірер кеңестер
Бала - біздің алтын қазынамыз, сондықтан:

- әрбір қадамыңа, ісіңе өте сақтықпен байқампаздықпен қара;

- қателеспеуге, қате жібермеуге тырыс;

- балаға да, ата-анаға да қиянат жасама, жаманшылық ойлама;

- өзіңді, өз өміріңді балаға арна;

- неге, не үшін ынталанатынын, шабыттанатынын анықта;

- үнемі баланың жан дүниесінен, байлықты, құндылықты таба білуге, тани білуге тырыс;

- бала бойындағы керемет ғажайыппен кездесуге шыдамдылық көрсет және оған дайын бол.

Егер мұғалім және оның оқушылары бастауыш сыныпты бітіргенде, олар бір-бірімен жылы жүрек сезіммен, қуанышты көңіл-күймен қоштаса алса, олардың төрт жылдық өмірі, рухани байлықпен өткенінің көрінісі деп біліңіз.

ҚОСЫМША Ә
Әлеуметтік педагогтың өз қызметін жүргізудегі басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары
Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады.

Осы тұрғыда әлеуметтік педагог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтай отырып, ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететінмынадай заңдарды басшылыққа алады:

1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;

2. БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»;

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

4. ҚР «Білім беру туралы заңы»;

5. ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;

6. «ҚР баланың құқықтары туралы заңы»;

7. «Патронаттық тәрбие туралы ереже»;

8. «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;

9. ҚР Еңбек кодексі;

10. ҚР Қылмыстық кодексі;

11. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.
БҰҰ халықаралық балалардың құқықтары туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада қабылданды.

Заң ІІІ бөлімнен, 54 баптан тұрады
Кіріспеде БҰҰ-ның негізгі принциптері және адам құқығына байланысты кейбір фактілер мен декларациялардың негізгі қағидалары атап өтіледі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік отбасы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ, онда баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі мақұлданады.

Мектептегі әлеуметтік педагогтар осы конвенцияның негізгі баптарына сүйене отырып, өз қызметтерін атқарады. Мысалы, білуге тиісті 2-бап - Дискриминацияны, яғни зорлық-зомбылықты болдырмау; 3-бап - Баланың құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету; 9-бап - Ата-анадан ажырау; 12-бап- Баланың көзқарасы; 13-бап - Пікір айту еркіндігі; 14-бап - Ой, ар-намыс және дін бостандығы; 16-бап - Жеке өмір сүру құқығын сақтау; 19-бап - Асыра пайданушылық пен жаны ашымаушылықтын сақтау, 20 бап - Отбасынан айырылған баланы қорғау; 21-бап - Асырап алу; 22-бап - Босқын балалар; 23- бап - Мүгедек балалар; 25-бап - Қамқорлыққа алу жағдайындағы тұрақты тексеру; 26-бап - Әлеуметтік қамтамасыз ету; 27-бап - Өмір деңгейі; 28-бап - Білім алу; 31-бап - Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір; 37-бап - Азаптау және бас бостандығынан айыру; 40-бап- Кәмелетке толмаған заңбұзушылықтарға қатысты сот үкімін қолдау.


ҚР Баланың құқықтары туралы Заңы

2002 жылдың 8 тамызында қабылданған, заң 10 тарау, 53 баптан тұрады
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзаттық тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдылығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындатын қатынастарды реттейді.

Осы Заң аясында мектепте әлеуметтік педагогтар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, патронаттық тәрбиедегі балаларды және мүгедек балалардың құқықтарын қорғаушы болып табылады. Заңда көрсетілген негізгі талаптар мен құқықтар, міндеттер бойынша өз жұмысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

Әлеуметтік педагогтар білуі тиіс: 1-бап - Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар; 4-бап – Балалардың тең құқықтылығы; 8-бап – Баланың денсаулық сақтауға құқығы; 10-бап – Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы; 12-бап – Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы; 13-бап – Баланың мүліктік құқықтары; 14-бап - Баланың тұрғын үйге құқығы; 15-бап – Баланың білім алуға құығы; 17-бап – Баланың мемлекеттік көмекке құқығы; 19-бап – Баланың демалуға және бос уақытын пйдалануға құқығы;

4-тарау. Бала және отбасы: 22-бап – Баланың отбасындағы құқықтары; 24-бап – ата анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті, 25-бап – Баланың ата-анасымен бірге тұруға құқығы.

5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары: 27-бап – Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат; 28-бап – Бала асырап алу; 29-бап – Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу; 30-бап – Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдар.

6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары: 31-бап - Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары, 32-бап – Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер; 33-бап – Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек. 8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау.


ҚР Заңы «Неке және отбасы туралы» 2006ж. 7-бөлімнен, 29-тараудан, 213 баптан тұрады
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: 3-бөлiм. Отбасы. 9-тарау. Баланың құқықтары

52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы

53-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы

54-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы  

55-бап. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы

56-бап. Баланың аты мен тегiн өзгерту

58-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

59-бап. Баланың қорғалу құқығы

10-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi

11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу

67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру

68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртiбi

69-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары

70-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру

71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу

74-бап. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу


4-бөлiм. Қорғаншылық және қамқоршылық

13-тарау. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғанбалаларды анықтау және орналастыру

100-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау

101-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу

102-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз   қалған балаларды орналастыру



14-тарау. Қорғаншылықты және қамқоршылықтыбелгiлеу тәртiбi

103-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық белгiленетiн адамдар

104-бап. Қорғаншылық

105-бап. Қамқоршылық

106-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдар

107-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу

108-бап. Қорғаншылар мен қамқоршылар

16-тарау. Патронат

119-бап. Патронат

1. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрiздi басқа да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi. 

2. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрушi адам (патронат тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негiзi болып табылады. 

3. Патронат туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 


Бала асырап алу
Баланың алудағы уақыттағы тәрбиесін анықтау формасы бала асырап алу болып табылады. Неке және отбасы заңы бойынша баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның, тұлғаның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.

Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.

Сот бала асырап алу ісін жүргізу барысында міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдарынан баланың тұрғылықты жерінен:

- бала асырап алушының өмір жағдайының тексерілгендігін куәландыратын акт;

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен акттың көшірмесі;

- бала асырап алушының ҚР-сы денсаулық сақтау министрлігінің арнайы құрылған комиссиясының медициналық, эксперттік денсаулығы мен ақыл-ойының дұрыстығы жөніндегі медициналық қорытынды;

- баланың асырап алуға келісімі, егер ол бала 10 жасқа толған болған жағдайда;

- ата-анасының баланың асырап алуға рұқсаты, егер ол заң бойынша талап етілсе.

Орталықтандырылған балалар тіркеуін, яғни ата-аналарының асырауынсыз қалған балалардың тізімін (аймақтық, аудандық, облыстық) қорғаншы және қамқоршы органдарымен бірлесіп ҚР атқарушы және Білім Министрлігінің бірлесуімен жасалынады.

Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың тұрғылықты жерінен тіркеу анықтамасын, керекті қолданылатын құжаттарды баланы келесі отбасыға тәрбиелеуге беру үшін дайындау шарт.

Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.

Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Іс-құжаттарды тіркеумен аударуда әлеуметтік педагогтар араласады, себебі тек әлеуметтік педагог қана ереже бойынша бала мен тек сол ғана байланыс жасайды. Егер бала бір айдың көлемінде тапсырылған отбасыға берілмесе, онда қорғаншы мен қамқоршы органдар барлық құжаттарды қайта тіркеуге өткізеді.
Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу
Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу жағдайында әлеуметтік педагог көптеген мәліметтерді жинақтап, ата-ана құқықтарынан айыру жәнеоларды шектеуге міндетті түрде қатысады.

ҚР Неке және отбасы туралы заңының 11 тарауының 67 бабына сәйкес.

Ата-ана құқықтарына айыру.
1) Егер ата-аналар (олардың біреуі):


  • ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;

  • өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерінсіз бас тартса;

  • өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;

  • балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

  • заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және ауыткұмарлықпен ауырады деп танылатын болса олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

1) Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Ата-ана құқықтарына айыру бұл –

1) ата-анасының (біреуінің) тәртібін оң жаққа өзгерту мүмкін болмаған жағдайда;

2) тек сот арқылы;

3) ата-ананың кесірінен (екеуі де) болуы мүмкін.

Отбасындағы жағдайға байланысты ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарға келесідей мүмкіндіктер туғызады: әлеуметтік патронат, әңгімелесу қорғаншы және қамқоршы органдардың ескертуі, ішкі істер органдары.

Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктеген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.

Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.

Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.

Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.

Бала мен ата-ана құқықтарына айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.

Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде тұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.

Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.

Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың (олардың біреуі) өтініш бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.

Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.

Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс-салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.

Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың (олардың біреунің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Он жасқа толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін. Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.

Неке және отбасы туралы заңның 71 бабына сәйкес сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.

Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:


  1. ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және себеп-салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;

  2. олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықтамаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарын айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.

  3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (мектепке дейінгі мекемелер) жалпы білім беретін және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.

  4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.

  5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.

ҚР Неке және отбасы туралы Заңының 72 бабында: Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары қаралған.

Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады. Ата-ана құқықтарынан шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды.

Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үйдің пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады.

Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі. Ата-ана құқықтарын сот шектеген жағдайда ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата-аналардың баламен қатысуына қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.

Әлеуметтік педагог ескеру керек:

Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқорлыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.

Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді.

Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытына орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет