Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі



бет1/4
Дата22.02.2020
өлшемі231,42 Kb.
#58831
  1   2   3   4
Байланысты:
бахтиярова а

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жастарды өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, нарықты қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен техниканың жетістігі, жастардың психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін отбасылық өмірдің, қоғамдық күштің рөлі ерекше.

Отбасы тұрақтылығын нығайту біздің қоғамның маңызды мәселелері болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілсе, отбасы тәрбиесіне байланысты ел басының «Қазақстан-2050» атты стратегиялық бағдарламасында қазіргі нарықты қоғамда жастардың некеге көзқарасы, некенің тұрақтылығы, ата-ана және бала тәрбиесі туралы айтылған [1,2]. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Қазіргі таңда отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады. Сонымен қатар, «Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес «Отбасы» күні болып бекітілді [3,4,5,6].

Отбасының қазіргі нарық экономикасы жағдайында байланысты өзгеруі мемлекеттегі болып жатқан экономикалық, әлеуметтік өзгерістермен сабақтас. Сондықтан қоғамның рухани, әлеуметтік, экономикалық дамуының ең шешуші факторының бірі отбасы болғандықтан, жасөспірімнің бала кезден жан-жақты дұрыс жетілуі, адамгершілік әдет-дағдылары меңеруі, бірітіндеп ең құнды адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгеруі, қазіргі дүниетанымдық көзқарасының тиімді жетілуі, отбасына байланысты.

Қоғамда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, рухани адамгершілік құндылықтардың жойылуы, отбасының әлеуметтік, материалдық жағдайының құлдырауы, отбасының өмірлік дүниетанымының өзгеруіне, ал отбасындағы балалардың өмірлік бағдарындағы өзінің мақсат-мүдделеріне деген сенімсіздіктің туындауына және адамдық қасиет-сапаларды бағаламаудың, өздерінің өміріне немқұрайлы қарауы, адамгершілік тұрғыдан азғындыққа ұшырауы орын алуда. Бүгінгі күннің мұндай ақиқатты жағдайларына социологтардың, демографтардың, психологтардың зерттеулері дәлел.

Отбасының қоғаммен және басқа да әлеуметтік институттармен, сонымен қатар отбасы мен жеке тұлға арасындағы қарым - қатынас мәселелері адамзат өркениеті дамуы барысында барлық уақыттарда болған, әлі де бола береді. Демек, отбасының қоғамда алар орнын, атқарар қызметін зерделеу үнемі қолға алынып отыратын актуалды проблема, үдайы үрдіс.

Отбасы ерекше бір өте күрделі әлеуметтік құрылым. Соңғы кезде жастар арасында кеңінен етек жайып бара жатқан әлеуметтік - тұрмыстық жағдайдың төмендеуі, (қаржы тапшылығы, жұмыссыздық, т.б.), рухани дүниенің жұтаң тартуы (жастардың оқу - білімінен, өнер үйренуден жиренуі, жаппай материалдық байлыққа бой ұрдыруы), ішімдікке салыну мен шылым - темекіге үйірлік, нашақорлықтың көбеюі, отбасында бала тәрбиесінің, жалпы қоғамдық ортада жастар тәрбиесінің ақсауы, арнайы тәрбиелік және құқықтық бақылау орындарының (мектеп, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары мен колледждердегі, тәртіп органдары, т.с.с) - жастар арасындағы тәрбие жұмыстарына көңіл аудармауы сынды мәселелер көбеюде.

Бұл мәселелер жас отбасының әлеуметтеніп, тұрақтануына кері әсерін тигізуде. Жас отбасының тұрақтылығына әлеуметтік, экономикалық-материалдық, шаруашылық-тұрмыстық, білімдік және мәдени, көршілік, достық, кәсіпкерлік байланыстар әсер етеді.

Отбасы мәселелері зерттеген ғалымдар, А.Г. Харчевті (теориялық мәселелер) [7], И.В. Бестужев - Ладаны (отбасын болжау) [8], Б.И. Говако (студент отбасы) [9], И.С. Голодты ( отбасы тұрақсыздығы) [10], Т.Ж. Гурконы (жас отбасы) [11], Н.Я. Соловьев пен С. Седельниковті (ажырасу себептері мен мотивтері) [12], Н.Г. Юркевичті (қазіргі отбасы мәселелері) [13], Л.В. Чуйконы (неке және ажырасу) [14] т.б. атаған орынды.

Қазақстандық отбасы мәселелерімен айналысқан ғалымдар Х.А. Арғынбаевтың «Қазақ отбасы» (1967 жылы жарияланған) [15] және З.Ж. Жаназарованың монографиясы «Современная семья в Казахстане и ее проблемы» деп аталады. Монография отбасының теориялық-методологиялық мәселелеріне арналған. Онда қазақ отбасыларының қазіргі жағдайына талдау жасалады. Некеге отыру мақсаттары, неке тұрақтылығына әсер ететін факторлар, ажырасу себептері, қазіргі отбасылар түрлерін толық қамтыған [16].

Жоғарыдағы ғалымдардың еңбектерімен таныса келе, біз жас отбасының әлеуметтеніп, тұрақтануына себепкер болатын әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың аз жүргізілетінін байқадық. Ата-дәстүрін сақтап келе жатқан тәрбиені меңгергенімен, оны отбасылық өмірде қолдануда қиындықтарға тап болады. Себебі, жас отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың мазмұны қарастырылмаған. Демек, нарықтық қоғамда жас отбасылардың қалыптасуына әлеуметтік, экономикалық қолдау қажеттілігі мен оны іске асыратын әдістеменің жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалды. Осы қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты жас отбасының қоғам талаптарын меңгеру және жас отбасының тұрақтылығын қарастыру мәселесіне көз жеткізе отырып, тақырыбымызды «Жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» деп таңдап алуымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: Қазіргі жас отбасылары.

Зерттеудің пәні: Жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.

Зерттеудің мақсаты: Жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты теориялық тұрғыдан талдау жасау және әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің міндеттері:

1. Отбасы және неке туралы зерттеулерді ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу.

2. «Отбасы», «неке», «жас отбасы» ұғымдарын талдау барысында отбасы тәрбиесінің бүгінгі күнгі жағдайын саралау;

3. Жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдістемесін жасап, оны тәжірибеде қолданып, әдiстемелiк нұсқаулар беру.



Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы, әлеуметтанушылар, педагогтар, психологтар отбасы жайлы және оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі жайындағы ілімдері, жалпы тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын педагогикалық теориялар болып табылады.

Зерттеудің болжамы: Егер, жас отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мазмұны және отбасы тәрбиесінің тәжірибесі мен ұлттық ерекшелігі ескеріліп, нарықтық қоғамда жас отбасыларына әлеуметтік, экономикалық, психологиялық қолдау көрсетілсе, онда тұлғалық, жеке бастық қадір - қасиеттердің қалыптасуына тікелей, әрі белсенді ықпал ететін орта – бұл отбасы екеніне көз жеткізуге болады.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми-әдістемелік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, сауалнама, интервью, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды (мемлекеттік стандарт, бағдарламалар, оқулықтар) саралау, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижесіне баға беру, математикалық статистикалық өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Отбасы және неке туралы зерттеулер ғылыми теориялық тұрғыдан негізделді.

- «Отбасы», «неке», «жас отбасы» ұғымдарына талдау жасалды және отбасы тәрбиесінің бүгінгі күнгі жағдайы сараланды;

- Жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдістемесі жасалынып, оны педагогикалық тәжірибеде дәлелденді.



Зерттеудің практикалық маңыздылығы: отбасылық әлеуметтендірудің мазмұнын өмірлік тәжірибеде пайдалануға болады. Сонымен қатар, ата - аналарға бала тәрбиесінде таптырмайтын көмекші құрал бола алады.

Зерттеудің кезеңдері :

- теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, қорытындылау, салыстыру, нәтижені жобалау);

- эмпирикалық (сауалнама, интервью, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды (мемлекеттік стандарт, бағдарламалар, оқулықтар) саралау, озық педагогикалық іс-тәжірибелерді зерделеу, диагностикалау және талдау, шығармашылық жұмыстарын талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу);

- статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу).



Зерттеудің базасы: Алматы қаласының №123 мектеп-гимназиясы.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты мен нысаны, пәні, міндеттері, әдіснамалық негіздері қарастырылды, зерттеу кезеңдері мен зерттеу базасы, диплом жұмысының ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалды.

«Жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде баланың әлеуметтену ортасы - отбасына берілген мағлұматтар ғылыми тұрғыдан сараланады. Жас отбасына мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік маңызы ашылып, «отбасы», «неке», «жас отбасы» ұғымдарының мазмұны талқыланады. Қазіргі жас отбасыларының қоғамдық әлеуметтену барысындағы өзекті мәселелердің тууындауы жайлы айтылады.



«Жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жетілдіру жолдары» атты екінші бөлімде жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдістемесі және олармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің мазмұны беріледі. Оны тәжірибелік-эксперимент барысында №123 мектеп- гимназиясындағы жас отбасы балаларымен жүргізілген жұмыстар қарастырылады.

Қорытындыда диплом жұмысының нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі және болашақта зерттелетін бағыттары көрсетіледі.

Қосымшада сауалнама сұрақтары, тақырыптық кештердің үлгі-жоспарлары ұсынылады.

1 ЖАС ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы - кешенді әлеуметтік құбылыс
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді. Отбасын әлеуметтану ғылымында былай деп көрсетеді «отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру» [17]. Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар қалыптастырады және әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ.

Ең алдымен біз жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлін айқындап алайық. Әдебиеттерде көрсеткендей, “Отбасы - жанұя, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандас адамдар жиынтығы [18]. Бір оттың басында өмір сүруге дайындық физиологиялық және психологиялық тұрғыдан негіздеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Ер адам мен әйел адамның сезімдерінен туындаған шешім мен жауапкершілікті ұғыну негізінде отбасылық өмір бастала отырып, ұрпақ жалғастыру процесі жүзеге асады.

Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген: қазіргі заманғы отбасы - ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының негізгі функцияларының қатарына мыналар кіреді: өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеп, өсіру, ең бастысы ерлі-зайыптылар жыныстық қарым-қатынас қажеттілігін және эмоциялық сезімдерін және басқа ішкі және сыртқы (әлеуметтік, экономикалық) мұқтаждықтарын өтеу.

Көптеген зерттеулерде отбасына деген жағымды қатынас таныту балалық шақтан қаланады деп тұжырымдалады. Балалық шақта адамгершілік қасиет ата-ананың балаға қатынасына және олардың өз басына деген қатынасына тәуелді болып келеді. Балалық шақ онтогенезде даму барысында адам өмірінің маңызды кезеңі. Тұлғаның балалық шағының өту жағдайына байланысты, яғни оның санасы мен жүрегіне қоршаған әлемнің әсер етуіне қарай бүгінгі нәрестенің ертеңгі болмысы қалыптасады. Қазақ халқы отбасы тәрбиесіне ерекше мән беріп, «он үште- отау иесі» деген. Ерте кезде қазақ отбасыларында қыз баланы 3-5 жастан анасы қасына алып, үйдің жұмысына араластырса, ұл балаларды аңшылық, мал бағу сияқты түздің тірлігіне араластырған. Осы орайда, қазіргі өмір тіршілігіміз мүлде басқа сипатта. Сондықтан отбасында әке мен ананың қарым-қатынасы тұлғаның болашақтағы отбасы егесі ретінде қалыптасуының негізі болып табылады. Ал, қазіргі таңдағы ересек азаматтардың өзі отбасылық жауапкершілік пен міндеттерді дұрыс түсінбеуінен қаншама шаңырақ шайқалып жатқаны белгілі.

Әрдайым отбасы мүшелері тұлғаның ең алғашқы қоғамдық ортасы мен өмір тәжірибесін жинақтау мектебінің ұстазы болып табылады. Бұл жағдайда отбасы қарым-қатынасында жағымды сезімдер оның мүшелерін көркемдейтін болады. Отбасы әлеуметтік институттың алғашқы сатысы болғандықтан тұлға өмірін әрдайым қолдап отыруы қажет. Себебі, осы әлеуметтік ортада әр баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігі шексіз, шартсыз, кіршіксіз болып табылады. Егер бала өмірінің алғашқы жылдарында ата-анасының сүйіспеншілігі оның өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, өсе келе ата-ана махаббаты адамның ішкі, эмоциялық және психологиялық әлемінің қауіпсіздігі мен қолдау қызметін атқарады.

Ата-ананың махаббаты - адамның жан және тән саулығының, рухани байлығының және берекесінің сапа көрсеткіштері мен қайнар көзі болып табылады. Дәл осыдан ата-ананың бірінші және негізгі міндеті баланың көзқарасында оны жақсы көретіні туралы сенімділікті қалыптастыру болып табылады. Қандай жағдай, қандай күйде болсын балада ата-ана сүйспеншілігінен еш күмән болмауы тиіс. Ұрпағына қай жас кезеңінде болмасын әрқашан мейіріммен, ілтипатпен және ізгілікпен қарау – ата-ананың табиғи да ең керекті міндеттерінің бірі.

Ата-ана сүйіспеншілігіне сенімділікті ерекшелеу бала тұлғасында кейбір жағдайларға байланысты қажеттілік тудыратындығы белгілі. Қазіргі таңда өсе келе бала ата-анасынан бөлек кететін жағдайлар сирек кездестіріп жүрміз. Бұл жағдайда баланың ең жақын адамдарымен эмоциялық байланыстары үзіліп, психологиялық, ішкі жан дүниелік жағынан алшақтайды. Қазіргі таңдағы зерттеулерге сүйене отырып, психологтар жеткіншектік кезеңдегі маскүнемдік пен нашақорлықтың астарында көбіне ұрпағын сүймейтін ата-аналар жатқанын дәлелдеген. Нарық жағдайында, материалды құндылықтар басым болып тұрған уақытта отбасылық тәрбиеге негізгі психологиялық талап – махаббат болып табылады. Яғни, баланы сүйіп және күнделікті соны жетекшілікке алып қоймай, сонымен бірге баланың өзі қандай қиындықтар мен қақтығыстар, жанжалдар туындатып отырса да, тіпті ол өзара қарым-қатынаста болмасын, мейірімін, олардың оған деген кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі сезінуі керек. Тек осы жағдайда ғана адамның ішкі әлемі дұрыс қалыптасып, сүйспеншілік негізінде ғана адамгершілік құлықтық іс-әрекет жасалады, ал сүйіспеншілікке тек сүйіспеншілік ғана үйретуі сөзсіз.

Қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарға орай, отбасылық қарым-қатынас сипатында, оған деген көзқарас жаңа сипатта көрініс беріп жүр. Ғылыми-экономикалық даму жағдайында ата-ана өз сезімдеріне, жүрегінің үніне, өз баласының қабілеттеріне сенімділікпен арқа сүйеуі керек. Осы орайда, ата-ана тәрбиенің қандай жүйесін ұстануына тек өзі ғана шешім жасауы тиіс. Бұл жағдайда баланың жараланғыш нәзік жүрегі үшін оның отбасында сүйікті екенін сезіну, ата-анасы үшін қымбат екенін ұғыну болып табылады.

Ата-ана тәрбиесі негізінде отбасында тұлғаның адами сапалары қалыптасады. Бұл адами сапаларға адамгершілік, қайғыра білу, сөйлеу мәдениеті, зейінділік, мақсаттылық, инабаттылық, ізгілік және т.б. қасиеттер кіреді. Керісінше, ата-ана стиліне қарай, отбасышілік қарым-қатынасқа байланысты өзімшілдік, қаталдық, үлкенге деген дөрекілік, қоршаған ортаға салғырттық, жауапсыздық және аяусыздық сияқты жаман қылықтар да дамитыны сөзсіз. Осы орайда, ұрпағының тұлғалық сапаларын қалыптастыру мақсатында ата-аналар әр жағдайда отбасылық салт-дәстүрді ұстанып, өз ата-анасына құрметпен қарап, баласына боларлық тәрбиеші болып, шыншылдық, адалдығын көрсетіп, оны жетілдіруі керек.

Жалпы алғанда, әлемде мекендейтін тіршіліктің ішіндегі ең әдемі де қорғансыз тіршілік иесі-бұл адамзат болып табылады. Адам баласы тұлғалық дамып, әрі жетіліп өзіндік өмірге тән мен жан үйлесімдігіне жету үшін және әлеуметтік күрделі қатынастарға дайындалуы үшін шамамен екі он жылдықтай керек. Осы онжылдықтар адамға білім алып, тәжірибе жинап, мамандық алып, еңбек әрекетіне қатысып, қоғамда өз орнын табу үшін маңызды болып келеді.

Белгілі ғалым, гуманистік психологияның негізін салушы А. Маслоу тұлғаның сәтті дамуы үшін оның қажеттіліктері өтелуі тиіс деген тұжырым жасайды [19]. Бұл қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі оның қалыпты дамуына, құрдастарынан қалмай жетілуіне немесе оның қате жолға түсуіне әсер етеді. Сонымен қатар, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып, қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік береді. Айтылып отырған мәселе тікелей оның ата-анасының қатынасына тәуелді болып келеді.

Өз балаларының жан дүниесін ата-аналардың жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта туындату үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыру қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Белгілі психолог Э. Фромм тұжырымдамасында көрсеткендей, ананың және әкенің махаббаты табиғаты, генезисі және көріну формасы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді және баланың тұлғалық дамуында әртүрлі әсер етеді [20]. Ананың махаббаты- шексіз, нәзік және шарттанбайды. Әкенің махаббаты- баладан көп нәрсені талап етеді және ол шарттанған болып келеді. Ол махаббатқа бала лайықты болуы тиіс. Әке махаббатының туа берілетін алғышарты болмайды, ол бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады деп тұжырымдайды кейбір зерттеулер бар. Бала әкенің махаббатына лайық болуы үшін белгілі бір әлеуметтік жүйенің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Егер бала анадан эмоциялық қолдауды және жақындықты сезінуді қалайтын болса, әкеден бірлескен іс-әрекетте серіктесті және беделді болудың қайнар көзін табады. Баланың ата-анаға деген қатынасы ерлі-зайыптылардың бірі-бірімен қарым-қатынасынан туындайды.

Қазіргі таңда көп белең алып отырған ажырасуға аз қалған ерлі -зайыптылар түрлі ойлардан бірге тұра береді. Біреудің қызмет беделіне нұқсан келмес үшін, екіншілерін–белгісіз тұманды болашақ үрейлендіреді, үшіншілерін - бала алдындағы борышын өтеуде отбасы маңызды деп есептейді. Алайда мұндай позиция көп таралған адасуларға алып келеді.

Әке мен ана отбасында баланың бойында белгілі бір қасиеттердің дамуына негіз болады. Бала өзін әкесі сияқты көріп, өзін сол сияқты сезінеді, өзінше оның күшін, сенімділігін, ересектігін алғандай болады. Ол балаға жанына рухани тепе-теңдік пен сабырлық қалыптастыруға көмектеседі.

Нарық жағдайында отбасында ата-ананың екеуі де ортақтық сезімін сезбесе, болашаққа бірлескен жоспар құрмаса, оның алға басуынан өмірлерінің даму жетістіктерін көрмесе, тұлғааралық қысымшылық туады. Мұндай отбасылық жағдай әрине баланың тұлғалық дамуына соққы болары сөзсіз. Дегенмен, ата-ананың қандай шешімі болғанда да бала дамуына кері әсерін тигізбеуі шарт болып табылады.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүретін болғандықтан оның жалпы сипатымен қатар, өзі өмір сүретін әлеуметтік қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны анық.

Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы және т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жаза отырып, осы мәселенің негізін қалаған. Айталық, әлеуметтанушылардың пікірінше, отбасы бұл қоғамның ажырамас бөлігі, оны тар мағынада қолдану мүмкін емес десе, ал психологтар отбасы бұл әлеуметтік институт, қоғамның бастауыш ұйымы, бірігіп шаруашылық жүргізетін және өмір сүретін кіші топ деп қарастырады [21].

Әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі отбасының бала тәрбиесінде рөлі төмендегідей:



  • бала тәрбиесінде отбасы басқа әлеуметтік институттарда жүргізілетін тәрбиелік ықпалдарға қарағанда басым болып келеді;

  • жаһандану жағдайындағы өркениетті, зайырлы, құқықты мемлекеттің азаматын тәрбиелеуде отбасы қоғамның негізгі буыны болып табылады;

  • отбасы өскелең ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты әлеуметтік институт;

  • отбасының ең басты міндеттерінің бірі жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Ол өскелең ұрпақтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал етуші;

  • отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;

  • отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған ҚР мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

  • отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы.

Кез-келген отбасы оның мүшелері үшін аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылады. Қандай да болсын бұл қажеттіліктер отбасылық қатынастардың дамуымен ортақ, топтық және қоғамдық қажеттіліктермен толықтырылады. Отбасы мен тұлға және отбасы мен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі мен олардың мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген тіршілік ету сфераларымен байланыс жүйесінің көрініс табуы отбасының функциясы деп аталады [22].

Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланыста бола отырып, оның функцияларының бірқатары тікелей қоғам талаптарынан туындайды. Бір жағынан, отбасы-бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады. Осы орайда, қоғамның отбасыға және қоғамға қатысты, сонымен қатар, отбасының тұлғаға және тұлғаның оған қатысты функцияларын атауға болады. Осы тұрғыдан отбасы функцияларын әлеуметтік (қоғамға қатысты) және дара (тұлғаға қатысты) деп қарастыруға болады. Отбасы функциясы қоғамның отбасы институтындағы қажеттіліктерімен және отбасылық топқа қатысты тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар, отбасы функциялары терең тарихи, қоғамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік–экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Сондықтан уақыт өткен сайын отбасы функцияларының сипаты мен оның иерархиясы өзгереді.

Француз ғалымы О.Конттың пікірінше, қоғамды қарастыру барысында бірінші кезекте отбасына көңіл бөлу қажет. Ол отбасын – индивид бағынып, басқарылатын кішкентай қоғам, әлеуметтік өмір мектебі, қоғамды құрушы негізгі элемент деп атап көрсетті. Ол отбасылық қарым-қатынастарға «құштарлық пен бірін-бірі ұнатуға негізделген адамгершілік-сезімдік одақ» деп анықтама берді.

Отбасы - неке мен қандас туыстық қатынасқа негізделген, ортақ мекен-жайы, өндіруші формасы, экономикалық мүддесімен сипатталатын және балалардың әлеуметтенуіне жауапкершілікпен қарайтын әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасы - индивидті туыстарымен байланыстырып, жас ұрпақты тәрбиелеп,оның бойындағы эгоизмді жеңуге баулитын, аға ұрпақтың тәжірибесін, салт-дәстүрді сақтап, алға апаратын, индивидті әлеуметтендіріп, қоғамға қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді игертетін, табиғи индивидуализмнен арылтып, басқалар үшін өмір сүруге үйрететін, ұрпақтар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, қоғамдық тепе-теңдікті, аға ұрпақ пен жастар арасындағы дәстүр мен жаңашылдық балансты сақтайтын әлеуметтік институт.

Кез-келген қоғамда отбасы екі жақты сипатқа ие болады. Бір жағынан отбасы - әлеуметтік институт, екіншіден - кішігірім әлеуметтік топ ретінде сипатталады. Отбасы институттарымен неке институты тығыз байланысты. Неке - еркек пен әйел қарым-қатынастарының ресми нормалар арқылы реттеліп, жұбайылық пен ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгіленіп отыратын тарихи формасы.




1- cурет. Отбасы мазмұны
Отбасы шағын әлеуметтік топ ретінде индивидтің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Осылайша жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады. Сонымен қатар, отбасы кішігірім әлеуметтік топ ретінде туыстық байланыстарға, жұбайлар, ата-аналар мен балалар, жақын туыстары арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негізделеді.

Отбасы атқаратын міндеттеріне, отбасындағы билікке, өркениетті даму типіне қарай дәстүрлі (патриархалды) және эгалитарлы болып бөлінеді.

Дәстүрлі отбасы – авторитарлық басқару үрдісіндегі сияқты бір адамның билігіне негізделеді. Яғни, отағасының беделі үстем, отбасылық өмірдегі барлық маңызды мәселелерді өзі шешіп, отбасы мүшелерінің қауым алдындағы тәртібіне де өзі жауап береді және сыртқы ортада отбасының өкілі болып есептеледі. Отбасылық қарым-қатынастар отбасы мүшелерінің қалыптасқан иерархиялық рөлі негізінде құрылады.

Эгалитарлы отбасы - демократиялық қарым-қатынасқа, әйел мен еркек арасындағы теңдікке, әріптестікке негізделген.Отбасының функциясы 2 суретте беріледі:




Отбасының негізгі функциялары








Сурет - 2. Отбасының негізгі функциялары
Сонымен, отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын жасайды.

Отбасы өзінің отбасылық және демографиялық құрылымы арқылы әлеуметтік-тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді.

Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын ерлі-зайыптылар ие болады. Көптеген зерттеулерде отбасының функциясын шартты түрде барлық түрін шамамен төмендегі екі топқа бөліп қарастырады:

1.Ерлі - зайыптылар функциясы;

2. Ата - аналар функциясы.

Ерлі - зайыптылар функциясына рухани қарым - қатынас, күнделікті шаруашылық, басқарушылық (ерлі-зайыптының екеуі де отбасының тұтастай өмір сүру әрекетінің ұйымдастырушылары болып табылады) функциялары, алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы, өкілеттілік функциясы (ерлі-зайыптылар өз отбасыларының өкілі ретінде қоғамның барлық ошақтарының алдында өз отбасы атынан шығады), эмоциялық, жыныстық–эротикалық және басқа да функциялар жатады.

Ата-аналық функциялар тобы балаларды туу және тәрбиелеу функцияларын еңбекке қабілетсіз және кәмілетке толмаған отбасы мүшелеріне қамқорлық ету, оларды материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету функцияларын құрайды [23].

Рухани қарым -қатынас функциясы отбасындағы бос уақытты бірге өткізудегі, өзара жан дүние байлығын нығайтудағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда көрініс табады. Сонымен қатар оның құрамдас бөліктері: отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен, көркем әдебиет пен шығармашылық пен өзара бірлестіктегі отбасы мүшелерінің байланыс әрекеті, отбасының өз мүшелерінің қоршаған орта мен әлеуметтік орта арасындағы әртүрлі байланыстарға әсері болып табылады [24].

Некедегі ерлі–зайыптылардың арасындағы үйлесімді тұлғалық келісушіліктерден отбасылық бақыт құралады, яғни бұл процесс барысында ой алмасу мен жағымды эмоциялар алмасуы жүзеге асады. Мұндай қарым-қатынастағы жағымды кері байланыстардың жүзеге асуына қажетті жағдай қалыптасқан әдет–ғұрып ережелері мен қағидалар жүйесі болып табылады. Бұл функцияның ең басты мақсаты - отбасында неғұрлым тығыз өзара түсінушілікті қамтамасыз ету. Сондықтан рухани қатынастарды жетілдіру қарым–қатынас мәдениетінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы -тұлғаның өз-өзін жүзеге асыру сфераларының біріне жатады.

Отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы рухани қарым–қатынас мәдениетінің негізі өзінің серіктесіне тең қарым–қатынаста қарау болып табылады. Мұндай қарым–қатынас барысында ерлі–зайыптылар өздерінің рухани әлемін, айналасындағылармен байланыс қабілеттерін жетілдіре түседі. Егер де ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінен өзін жоғары санап, өз тұғасын биік қойса, онда өзара түсінушілік ғана бұзылып ғана қоймай, сонымен қатар қарым-қатынастың барлық түрінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Осы орайда, ерлі-зайыптылардың бірін–бірі сыйлауы, өзара қолдауды қамтамасыз етуі аса маңызды болып табылады. Бұл жағдайлар нәтижесінде жан тыныштығын сақтауға және эмоциялардың жақындасуына көмектеседі.

Отбасының эмоциялық функциясы оның мүшелерімен эмоциялық қолдау, психологиялық қорғаныс, өзара сыйластық және көңіл білдірудегі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Отбасындағы оңтайлы эмоциялық атмосферасы оның әрбір мүшесіне ішкі сезімдерінің жағдайын жасырмауға, қуанышымен бөлісуге, сәтсіздіктер мен көңіл-күйін айтуға, толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес алуға, рухани және физикалық күш–қуатын толтыруға және қалпына келтіруге кең мүмкіндік ашады.

Отбасының алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы–отбасы мүшелерімен, әсіресе әртүрлі жағдайларға (жасерекшелігі, сырқаттануы және т.б) байланысты әлеуметтік ережелермен толық сәйкестікте өзінің әрекетін өз бетінше құруға жеткілікті деңгейде қабілетсіз мүшелерімен әлеуметтік ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Отбасында әрбір мүшесінің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағатандырылуына ерлі-зайыптылардың жауапкершілік сезімі жоғары болуы шарт.

Отбасының мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен және басқа да отбасы мүшелерімен (туыстық, достық, көршілік), сонымен қатар, жекелеген тұлғалармен байланыс жасап, олармен түрлі сипаттағы қарым–қатынасқа түсетінін ескеру аса маңызды болып есептеледі.

Жоғарыда аталған функциялар көмегімен отбасы басқа әлеуметтік қауыммен экономикалық, идеологиялық, заңды, жалпы мәдени, эмоциялық және басқа да қатынастар орната, сонымен қатар, әлеуметтік әлеммен өзара байланысқа түсе отырып, қоғамның алғашқы бөлігі ретінде өзін танытады.

Қазіргі таңда аса маңызды және өзектілерінің қатарына күнделікті тұрмыстық–шаруашылық (экономикалық) функциясы да жатады. Бұл функция материалдық қажеттілікті қамтамасыз етуге (азық–түлік, тұрғын үй, киім, алғашқы қажеттілік заттары) бағытталған және отбасылық топтың барлық мүшелерінің денсаулықтары мен физикалық күш-қуатының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Отбасының экономикалық функциясы мынадай негізгі компоненттерден тұрады: қоғамдық өндіріске қатысу, үй шаруашылығын жүргізу, отбасылық қаржыны қалыптастыру, тұтынушылық әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады.

Отбасының әлеуметтену үдерісінде отбасы мүшелерінің қызметінің айрықша екенін ұлы ғұламалар еңбегінде де айтылып кеткен. Ұлы ғұлама әл-Фараби баланы жастайынан ізгі мұраттарға тәрбиелеу оның өскен шағында іс - әрекетінен көрініп тұратынын түсіндіре келе, адамның ой салауаттылығы мен мінезінің қалыпты болуы отбасы тәрбиесіндегі психикалық ахуалға тәуелді қалыптасады дегенді айтады. Ол өзінің "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері" деген еңбегінде: "Дене сияқты жанда да өзіне тән денсаулығы және науқасы болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің жәнеоның бөлшектерінің жайы жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі жамаша әрекеттер жасалады. Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істері мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып шығады. Сондықтан да балалық шағында отбасы тәрбиесінде алған мейірімділік пен көмек қана баланы өскенде ізгілікке жетелейтін сезімдер қалыптастыра алады дейдi. Осы тұста Ұлы ғұлама әл - Фарабидің бұл көзқарасы кеңес дәуірінің педагогы В.А.Сухомлинский көзқарасынан байқалып, өз сабақтастығын орынды тапқан [25]. Ол өзінің педагогикалық шығармаларының жинағында "Рухани қозғау дегеніміз - "мәпелеу" деп, балғын шағында мәпелеу көрмеген бала жеткіншек кезі мен жаңа есейе бастаған уақытында дөрекі, тас бауыр болып кететінін, мұндай жағдайлардың бой көрсету себебі ата - аналардың билікті дұрыс қолдана білмеуінен", - деп түсіндіреді. Ол ата - аналарға: "Баланың жақсы болғысы келетін тілегін қастерлеңіз, ол қылығын адам жанының аса бір нәзік рухани қозғалысы ретінде аялаңыз, билігіңізді шектен тыс қолдана көрмеңіз, ата - ана билігінің парасаттылығын рахымсыз, есерсоқтыққа ауыстырып алмаңыз", - деп кеңес береді. Осы тұста әл-Фараби бала мінезінің бір қалыпты болып жетілуінде отбасындағы психологиялық ахуалдың рөлі ерекше екендігін ескертеді .

Сонымен қатар, Абай өзінің 17 - қарасөзінде ақыл, қайрат, еңбек туралы жазғанда - ақыл мен қайрат еңбектен туындайды, ал еңбектің нәтижелілігі мен үйлесімділігі еңбек тәрбиесінен негіз алады деген болатын. Абайдың "Еңбек етсең ерінбей" жөніндегі ойының бастауы әл - Фарабидің еңбектері екендігін айтқан. Оның: Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей немесе Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық,- деген өлең жолдарының түпкі ойы Әл - Фараби көзқарасын жалғастырады. Абайдың еңбек туралы өсиеттерін әл - Фарабидің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" атты еңбегі негізінде жазғандығы ақиқат [26].

Адамдардың, әсіресе, жастарды тәрбиелеу жүйесінде әл-Фараби бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез - құлық тәрбиесін қояды. Кең мағынада алып қарағанда, ғұлама бұл тәрбие ауқымына еңбек, эстетика, дене, гуманистік, патриоттық т.б. тәрбиелер түрлерін енгізеді.

Әл - Фараби отбасы тәрбиесі жағдайында баланың мінезіндегі әрбір өзгерістер мен теріс қылықтарды дер кезінде байқап отыру және оның мінез - құлқының үнемі бір қалыпты болуын қадағалап, талап ету де мінез - құлық дағдысын қалыптастыруға алып келетінін ескертеді. Ол үшін ғалым ғұлама нақтылы бір тәрбие әдістерін қолдануды ұсынады. Олар "қатаң", "жұмсақ", "тезге салып түзету", жаттығу, сендіру, машықтану, үлгі - өнеге көрсету, өзін - өзі тәрбиелеу және т.б. әдістер. Мысалы, "тезге салып түзету" әдісін қолдану тәртібін әл-Фараби былайша көрсетеді: мінез - құлықтағы олқылықтар мен артықшылықтарды "алтын орта" қалыпқа келтіруге талпыну қажет. Мінез - құлықтағы олқылық артық болса оны кемітіп, ал мінездегі қажетті қасиеттер кем болса, оны арттырып отыру ғана орта қалыпты қалыптастырады деп түсіндіреді.

Олай болса, қоғамның болашағы мен бақытқа қол жеткiзу отбасы өмiрi мен ондағы тәрбиенiң ұйымдастырылуына тікелей байланысты.

Демек, отбасының қазіргі нарық экономикасы жағдайында байланысты өзгеруі мемлекеттегі болып жатқан экономикалық, әлеуметтік өзгерістермен сабақтас. Сондықтан қоғамның рухани, әлеуметтік, экономикалық дамуының ең шешуші факторының бірі отбасы болғандықтан, жасөспірімнің бала кезден жан-жақты дұрыс жетілуі, адамгершілік әдет-дағдылары меңеруі, бірітіндеп ең құнды адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгеруі, қазіргі дүниетанымдық көзқарасының тиімді жетілуі, отбасына байланысты деп есептейміз.

Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиесімен ұштасады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасындағы адамдардың белгілі дәрежедегі өзіндік дербестігі, әлеуметтік тұрғыдан әр түрлі деңгейдегі қасиет-сапалары, өмірлік бағдар-мүдделері әр түрлі ерекшелігімен сипатталады. Сонымен қатар, отбасы өмірі материалдық және рухани үдерістермен ерекшеленеді, сондай-ақ әр түрлі шаруашылық, кәсіби, тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал отбасының рухани жағын құқықтық, адамгершілік, туысқандық және психологиялық қатынастары құрайды.

Жоғарыда айтылған ойлардың қазіргі кезде отбасы тәрбиесінің өзекті мәселесінің бірі- отбасының адамгершілік тәрбиесі деп есептейміз.

Алайда соңғы жылдары баланы отбасында тәрбиелеу өте күрделеніп кетті. Оған көптеген қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, рухани жағдайда себеп болуда, ең бастысы–ұзақ жылдар бойына біздің елімізде жалпы қоғамдық өмір саласын әміршілдік-әкімшілдік қағидалардың ықпалынан адамдардың әлеуметтік тұрғыдан қорғансыздыққа ұшырауы, жалаң ұраншылдықтың салдарынан қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайының тығырққа тірелуі, тәрбие мәселесінде халықтардың өз тарихына, мәдениетіне, рухани байлығына, тіліне дәстүріне мән берілмеуі орын алды.

Жоғарыдағы аталған жағдайлардың салдарынан, отбасының әлеуметтік-қоғамдық өзіне тән мәртебесіне, беделіне, нұқсан келуде. Ең бастысы, соңғы жылдары отбастарында ажырасу сияқты келеңсіз жәйттардың орын алуы, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау, тастанды балалар деп аталатын топтың пайда болуы және отбасында бала санының азаюы, жалғыз басты аналардың көбеюі, толық отбасының барған сайын азаюы, экономикалық тұрмыс тіршілік күнелтудің қиындығы,отбасын асыраушылық табыстың азаюы барған сайын белең алуда. Мұның өзі ең алдымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген адамгершілік қарым-қатынастарының, өз тарапынан балаға деген аналық-аталық мейірімділік көзқарасының және отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің төмендеуіне ықпалын тигізуде. Сонымен қатар, қоғамда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, рухани адамгершілік құндылықтардың жойылуы, отбасының әлеуметтік, материалдық жағдайының құлдырауы, отбасының өмірлік дүниетанымының өзгеруіне, ал отбасындағы жасөспірімнің өмірлік бағдарындағы өзінің мақсат-мүдделеріне деген сенімсіздіктің туындауына және адамдық қасиет-сапаларды бағаламаудың, өздерінің өміріне немқұрайлы қарауы, адамгершілік тұрғыдан азғындыққа ұшырауы орын алуда. Бүгінгі күннің мұндай ақиқатты жағдайларына социологтардың, демографтардың, психологтардың зерттеулері дәлел. Әсіресе, отбасында өз балаларына деген қатыгездік, қала берді тағылықтың кездесуі. Қаталдық, озбырлық, жазалау орын алуда. Ғалым-зерттеуші Г.А.Уманов «қиын» балалар проблемасын зерттегенде, оның себептерінің бірі әке-шешесінің маскүнемдігі, әкесіздік, бақылаусыздық, орынсыз қаталдық, ұрып-соғу екендігін анықтаған [27].

Осыған орай, тәжірибелік жұмысымыздың барысында отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындадық:



  • Бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда, ең басымды ықпал болып есептелуі;

  • Өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

  • Отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірегі, арқауы;

  • Отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

  • Отбасы - бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;

  • Отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші елжанды азаматын тәрбиелеуші;

  • Отбасы - баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

  • Отбасы - өзінің ұрпағын болашақ отбасы өміріне дайындаушы;

  • Отбасы-нарық экономикасының ең тиімді өркениеттілікке бағытталған технологиясына баланың жастайынан бейімдеуші;

Сонымен, қазақстандықтардың келесі ұрпағы, тәуелсіз мемлекеттің мұрагерлері жан-жақты, жарасымды болып өсуі отбасымен тікелей байланысты екенін көреміз.

Алайда, қазіргі отбасы әлеуметтік жағынан қолдау таппай, көптеген қиындықтарға кезігуде. Бүгінгі таңда көптеген отбасылары өзінің күші мен уақытын отбасының және балаларының материалдық жағын қамтамасыз етуге жұмсайды да, рухани дамуы мен жетілуіне уақыттары қалмайды.

Әлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша, жұмыс жасайтын аналар бала тәрбиесіне тәулігіне 16 минут, ал жексенбі күндері 30 минут уақытын бөле алады екен. Ата-аналарлың көпшілігінің балалармен рухани қарым-қатынаста болу (бірге кітап оқу, бірге отырып теледидар көруі, театрға баруы т.б.) мүмкіндігі мүлде жоқ деуге болады.

Осы орайда балаларды жас отбасында тәрбиелеудегі орын алып отырған кемшіліктер:

- Отбасындағы экономикалық жағдайдың төменгі деңгейде болуы (еңбек ақының аздығы, өмір сүруге қажетті тұрмыстық заттардың жоқтығы);

- Балалардың дұрыс өсіп жетілуіне, денсаулығына қажетті тағамдардың жеткіліксіздігі, қоғамдық өмірдегі мәдениеттің құлдырауы;

- Отбасының психологиялық тұрғыдан болашаққа сенімсіздігі (жұмыстан шығып қалам деген қорқыныш, ауруға ұшырап қалам деген қорқыныш, жүйке жүйесіне ықпал жасайтын келеңсіз жағдаяттар т.б.). Бүгінгі таңда, әсіресе, аналарға екі жақты ауыртпалықтың түсуі–бір жағынан жұмысы болса, екінші жағынан отбасына қамқорлық жасау;

- Отбасының әлеуметтік, тұрмыстық, адамгершілік қарым-қатынастың бұзылуынан ажырасудың барған сайын орын алуы. Ал, ажырасқан отбасында бала тәрбиесі шиеленіске түседі;

- Нарық экономикасы жағдайынан туындаған қиындықтардың бірі – мектеп пен отбасы арасындағы өзара тығыз байланыстың болмауы;

- Жетім балалар мен тастанды балалардың әлеуметтік ортада кең орын алуы.

Ойымызды түйіндей келе, жоғарыда орын алған жас отбасы тәрбиесіндегі қиыншылықтар, қарама-қайшылықтарға әлеуметтік, педагогикалық тұрғыдан талдау жасағанымызда, оның шығу себебі тек қана қоғамда орын алған дағдарыстардан, келеңсіз құбылыстардан ғана емес, олар кейбір отбасыларындағы халықтық мәдениетті,өз халқының ұлттық дәстүрін бағаламаудың, қажетсінбеушіліктен туындаған, сонымен қатар балаларының болашақ өміріне мән бермеушіліктен, жауапсыздықтан екенін көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет