Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі


Дидактиканың әдістемемен байланысы



бет2/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,09 Mb.
#10458
1   2   3   4

Дидактиканың әдістемемен байланысы

Заңдылықтар, нұсқаулар


Дидактика Әдістеме
Фактілер, мысалдар, ерекшеліктер



Сурет 2 – Дидактиканың әдістемемен байланысы


Бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады, сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың дидактикасын меңгеруі керек.

Мектептегі оқыту дидактикалық үдеріс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін біліп, оған дайын болуы тиіс.

Жоғары оқу орындарында оқып жүрген болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы ондағы оқыту үдерісінің тиімді ұйымдастырылуымен тығыз байланысты.

Дидактикалық даярлық – кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына олардың оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері жатады.

Т.Сабыров дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деп студенттердің оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруін түсіндіре келіп, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында оқыту үдерісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы сияқты дидактикалық қабілеттер болуы керек дейді.



Дидактикалық қабілеттілік – оқу материалын оқушылар жеңіл түсінетіндей, қарапайым меңгерілетіндей етіп жеткізе білу, яғни оқу-тәрбие үдерісін тиімді құра білу.

Дидактикалық біліктілікті біз мұғалімнің білім беру, оқыту қызметін орындаудағы, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешудегі түрлі әдіс– тәсілдерді меңгеруі деп қарастырамыз.

Оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру туралы психологиялық-педагогикалық ережелерді негізге ала отырып, біз бастауыш сынып мұғалімінің «білімді және іс-әрекет амалдарын меңгеру үдерісін басқару» түсінігінің мазмұнын айқындайтын дидактикалық біліктілігін төмендегіше анықтадық: оқу материалын меңгеру мақсатын қоя білу; меңгеру үдерісінде оң ынта туғыза білу; оқу материалын нәтижелі игеруді, қабылдауды ұйымдастыра білу; өтілген материалдарды ой-елегінен өткізуді қамтамасыз ете білу; алған білімді қолдану және қорытындылау білігі мен дағдысын қалыптастыра білу; білімді меңгеру барысын үнемі бақылауда ұстай білу; меңгеру үдерісіне түзету жасай білу.

Педагогикалық теориялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігі - оның бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы», -деп анықтадық.

Зерттеу жұмысында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі теориясы деректемелеріне сүйеніп негізделді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық қағидаларына тұлғаға бағдарлы білім беру (Е.В.Бондаревская және т.б.), біртұтас педагогикалық үдеріс (Н.Д.Хмель және т.б.), пәнаралық байланыс (А.А.Бейсенбаева, Ә.М.Мұханбетжанова және т.б.) теорияларымен бірге студент тұлғасының өзін-өзі дамытуы үшін психологиялық жағдай жасау, бастауышта оқытудың инновациялық түрлерін, педагогикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру қағидалары негізге алынды.

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс. Ол студенттің педагогикалық оқу орнына түспестен бұрын басталғанмен, оны бітіруімен бір мезгілде аяқталмайды. Оның педагогикалық мамандыққа қажетті сапалық сипаты кәсіби тұлға ретінде қалыптасуының әр кезеңінде түрліше дамып отырады: педагогикалық мамандыққа түскенге дейін, кәсіби-педагогикалық дайындық кезінде және маман ретінде өз бетінше жұмыс жасауы кезінде. Бірақ осы кезеңдердің арасында адамды кәсіби педагог тұлғасына дейін дамытатын өзара сабақтастық болуы шарт.

Мұғалім бір жағынан өмір сүріп отырған кезеңнің қажеттіліне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай оқытып тәрбиелесе, екінші жағынан, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші, тұлғаны адамзат мәдениетінің барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет етеді. Әсіресе, қазіргі ақпарат ағыны толассыз құйылған, өзгермелі заманда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалімнің қызметі күрделене түскені белгілі.

Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі қызметінің құрылымының ішінде өзара тығыз байланысты құрастыру, ұйымдастырушылық және коммуникативтік әрекеттер басымдық мәнге ие. Құрастыру қызметі мұғалімнің құрастыру-мазмұндық (оқыту үдерісін жоспарлау, құру мен материалдарды іріктеу) және құрастыру-әрекеттік (өзінің және оқушының іс-әрекетін жоспарлау) қызметтерінен тұрады. Ұйымдастырушылық қызметі – мұғалімнің оқушыларды әрекеттің әр түріне тарта білуімен, ұйымшыл ұжым қалыптастыру және оқушыларды ұжымда жұмыс істей алуға үйрете білуімен анықталады. Коммуникативтік қызметі мұғалімнің оқушылармен, өзге де педагогтармен, ата-аналармен, қоғаммен мақсатты қарым-қатынас орната білуімен айқындалады.

Т.М.Сорокина өз зерттеулерінде бастауыш сынып мұғалімі құзыреттілігі ұғымын, оның кәсіби дайындығының динамикалық, процессуалдық, кәсіби өсу, өзгеру сипатын мотивациялық және әрекеттік тұрғыдан қарастырады.

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің ерекшелігі – көппәнділік. Оның маңызды сипаты гуманистік педагогикалық көзқарастың ерекшелігі мен мұғалімнің педагогикалық ойлауы арқылы жүзеге асатын кәсіби интегративтік білім мен дағды жүйесінде көрінетін «балаға бағыттылық» болып табылады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің негізгі құраушысы ретінде қарастырған абзал. Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігіне байланысты ол бастауышта оқытылатын барлық пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп, кәсіби-педагогикалық құзыретті бола тұра, оны оқушыларға жеткізе алатын дидактикалық құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды. Олай болса, кәсіби-дидактикалық құзыреттілік-кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің негізгі өзегі.

Жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне сүйене келе, «болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігі - педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби және дидактикалық құзыреттілігінің үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қабілеті» деп анықтадық.

Аталған дайындық сапалары болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби -дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Осы айтылғандарды негізге ала отырып, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесінің негізін құрайтын ұстанымдарды былайша белгіледік: маманды даярлауға саралау көзқарас негізінде жүзеге асатын педагогикалық үдерістің мақсаттылығы ұстанымы; мұғалімді терең әдіснамалық және теориялық тұрғыда даярлау қажеттілігі мен осы даярлықтың практикалық-қолданбалық бағыттылығын күшейту арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған теорияның практикамен өзара оңтайлы байланысы ұстанымы; болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың үздіксіздігін сипаттайтын үздіксіздік және сабақтастық ұстанымы және мамандық таңдаудың баламасы ретінде барлық білім жүйесінде (жалпы білім беретін мектептер, шағын комплектілі мектептер, гимназиялар, лицейлер) басқарушылық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік сипаттағы шаралар жүйесін жүзеге асыру негізінде жетілетін жас маманның кәсіби бейімделуі ұстанымы.

Зерттеу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруды әдіснамалық, теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық технологиялық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды. Жүйеде аталған сапаны қамтамасыз етудің әр бағытының мәні мен мазмұны анықталды (2 кесте).

Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық дайындығында кіші жастағы оқушылардың пәндерді қызығып оқуға ынтасын арттыра білуге дайындығы, болашақ мұғалімнің кәсіби тұлғалық қасиеттері, педагогикалық мәселелерді шеше білу, бастауы шта оқыту әдістері мен технологияларын меңгеруі қалыптасады.



Ж
Кесте 2 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми -әдістемелік жүйесі
оғары оқу орнында білім беру үдерісін қамтамасыз ету бағыттары


Мәні

Мазмұны

Әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету

  • Тұлғаның іс-әрекетте даму теориясы

  • Іс-әрекет теориясы

  • Қабілет теориясы

  • Педагогикалық құзыреттілік теориясы

  • Педагогикалық үдеріс теориясы

  • Инновация теориясы

  • Әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білімдерге негізделіп, нәтижеге бағдарланған болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жүйесін жасау;

  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда әдіснамалық тұғырларға сүйену.

Теориялық тұрғыда қамтамасыз ету

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында (Жоғары кәсіби білім беру. Бакалавриат. 050102-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша) көрсетілген пәндер мен элективті курстардың мазмұны;

  • ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында көрсетілген пәндер мазмұны бойынша білімдер жүйесі

  • Жоғары оқу орнында оқыту үдерісін ұйымдастыруда теориялық пәндер мазмұнын меңгерту үшін ОӘК жасау, семинар, практикалық, лабораториялық сабақтардың, педагогикалық және өндірістік практикалардың бағдарламаларын түзу.

  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс.

Оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету

  • Оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдардың, білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларының, оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу жоспарларының, пәндердің ОӘК-і, оқулықтар мен оқу құралдарының жиынтығы

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын жасау;

  • 050102-БОПӘ мамандығына арналған оқулық, оқу құралдарын жазу;

  • Мамандық бойынша ОӘК дер, силлабустар жасау;

  • Білім беру сапасын басқарудың және бағалаудың ережесін түзу;

  • Жаңашыл тәжірибені оқу үдерісіне енгізу және әдістемелік көмек көрсету;

  • Элективті оқу курстарының бағдарламаларын жасау.

Ақпараттық-технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету

  • Оқытудың инновациялық және ақпараттық технологиялары мен құралдары білім, білік және қабілет қалыптастыруға көмектеседі

  • ЖОО да дамытушы оқу ақпараттық орта түзу;

  • Оқыту үдерісінде ақпараттық, компьютерлік, интерактивтік құралдарды, электрондық оқулықтарды қолдану;

  • 050102-БОПӘ мамандығы бойынша электрондық оқулық («Бастауышта математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін шешендік өнерге үйретудің әдістемесі»), электрондық жаттығулар (3 сынып «Мың көлеміндегі сандарға амалдар қолдану», «Шығармашылық тапсырмалар», «Геометриялық элементтер») жасау.

Зерттеу барысында ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу мен кәсіби дайындықтың моделін жасау жолдарына жүргізілген талдау бізге болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің құрамындағы сапа мен қабілеттерді әдіснамалық, теориялық, әдістемелік, технологиялық негізгі төрт компоненттерге топтауға және олардың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік жасады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің өлшемдері мен көрсеткіштерінің сипаттамасы 3 - суретте келтірілді.

Қарастырылып отырған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру компоненттері өзара бір-бірімен тығыз байланысты және аталған дайындықтың нақты құрылымын түзеді

Мұндағы компоненттердің алынған өлшемдер (мотивациялық, мазмұндық, үдерістік, бағалаушылық-рефлексиялық) бойынша көрсеткіштерін біз дидактикалық біліктіліктің бес компонентіне (білім, білік, дағды, тәжірибе және қабілет) сүйене отырып дайындадық.

Әдіснамалық компонент болашақ бастауыш сынып мұғалімінің әдіснамалық білімге ынтасы мен қызығушылығын, әдіснамалық тұғырларды, білімдерінің мазмұндық деңгейін, оны өз тәжірибесінде қолдана білуі мен өзінің әдіснамалық білім, білік, дағды, қабілет және тәжірибесінде және өзінің әдіснамалық білім мен білігін бағалай білуінен көрінеді.

Теориялық компонент кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қалыптасуына негіз болатын теориялар мен бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны бағытындағы білімдер жүйесін, оларды жүзеге асырудағы біліктілігін, дағдысы мен қабілеті және теориялық білім, біліктеріне рефлексия жасай білуімен сипатталады.

Әдістемелік компонент бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындағы пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ынтасы, дидактикалық біліктер туралы білімдер жүйесі, оларды практикада қолдана білу және әдістемелік білім, білік, дағдыларын іс-тәжірибеде қолдануын және оны бағалау деңгейінен көрінеді.

Технологиялық компонент болашақ мұғалімнің оқытуда инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы, бастауышта қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктей және қолдана білуі, ақпараттық, компьютерлік технологиялардан сауаттылығы, оларды оқу-тәрбие барысында қолдана білуімен және өзінің технология саласындағы сапалық қасиеттерін бағалау, рефлексия жасауымен өлшенеді.



Мұндағы сипатталған компоненттердің бірлескен қызметі ізделініп отырған кешенді сапаның бар не жоқ екендігін, мөлшерін, деңгейін көрсетеді. Әрине, кәсіби-дидактикалық құзыреттілік сияқты күрделі мәселенің дәл мөлшерін де, деңгейін де өлшеу қиын екені белгілі.







3 суреттің жалғасы

Сурет 3 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері

Дегенмен, сипаттаманың болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғасындағы ізделініп отырған сапаның шамасынан жалпы мағлұмат беруге мүмкіндігі бар деп есептейміз. Осының негізінде біз ғалымдардың (И.Ф.Исаев және т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің төменгі, орта, жеткілікті және жоғары деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алдық.

Төменгі деңгей (бейімделу)-құзыреттілік туралы түсініктері таяз, кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге ықтиярсыз, дидактикалық біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау, баға беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік, дағдыларды игеруге құлықты емес.

Орта деңгей (репродуктивтік)-кәсіби құзыреттілік жайлы білімдері, қызығушылықтары бар, бірақ тұрақты емес, кәсіби құзыретті мұғалім болудың қажеттілігін сезінеді, дидактикалық біліктілігі болғанмен, оны іс жүзінде қолдануы нашар, көмек қажет етеді, оқытудың жаңа технологияларын қолдануға ұмтылады, бірақ жүйелі емес, өзінің кәсіби әрекетіне баға беріп отыруды дағдыға айналдырмаған, ұжымда жұмыс жасай алады, бірақ үнемі еркін қарым-қатынасқа түсе алмайды.

Жеткілікті деңгей (эвристикалық)-кәсіби құзыреттілікке деген көзқарасы жақсы, дидактикалық біліктілігі біршама қалыптасқан, оқытудың әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолдануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті бар, бірақ тұрақты қолдануға машықтанбаған, жұмысында жоғары нәтижеге жету үшін қосымша материалдарды, ақпараттарды тауып, оларды іріктей алады, өзінің кәсіби іс-әрекетіне баға бере біледі, мәдени қарым-қатынасқа икемді.

Жоғары деңгей (креативтік) - кәсіби құзыреттілікке деген қызығушылығы тұрақты, оны өзінің кәсіби іс-әрекетінің мәні деп есептейді, білім, білік пен дағдыларды игеруге қызығушылықтары жоғары. Педагогикалық қызметте кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қажеттілігін саналы түрде түсінеді. Проблеманың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасқан, сабақтарды жобалай біледі, ұйымдастыра алады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолданып өткізе алады, адамдармен тез тіл табысады, ұжымда, әлеуметтік ортада беделді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне сәйкес, анықталған компоненттер мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары негізінде құрылымдық–мазмұндық–үдерістік моделі жасалды (4 сурет) және оны тиімді жүзеге асырудың алғы шарттары анықталды:

- кәсіби-дидактикалық құзыреттілікті психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту барысында қалыптастыру;

- жоғары оқу орнында оқу кезеңінде практикалық дайындықтың үздіксіздігі;






Сурет 4 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі

- болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда «Бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің негіздері», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» арнаулы курстарының мүмкіндіктерін пайдалану;

- оқу үдерісін оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру және әдістемелік құралдармен, ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету;

- кафедра ұжымының және профессор-оқытушылар құрамының студенттердің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы мақсатты бағыттылығы және келісімі.

Ұсынылған модель бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде студенттермен төмендегі іс-әрекеттер жүргізілді: инновациялық әдістерді, құралдарды, қазіргі технологияларды қолдана отырып, сапалы білім беру; педагогикалық қызметке, іс-әрекетке ынталандыру; өзін-өзі тұлғалық және кәсіби дамыту, өзін-өзі жетілдіруге дағдыландыру; кәсіби-дидактикалық және тұлғалық даму мен жаңа технологияларды меңгеруді байланыстыруды, педагогикалық, психологиялық диагностика әдістерін меңгеруді үйрету; педагогикалық үдерісті жобалай білу және ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру; студенттерге кәсіби-дидактикалық тәжірибе жинау үшін оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ жүргіздіру; кәсіби-дидактикалық құзыреттілік қалыптастыруды бастауышта оқытылатын пәндердің әдістемелерімен жүйелі байланыстыра жүргізуге машықтандыру.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында педагогикалық-тәжірибе жұмысы ұйымдастырылды.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін тәжірибеде тексеру.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың міндеттері: 1) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің бастапқы деңгейін айқындау; 2) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейлерін белгілеу; 3) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға арналған жүйені тәжірибеге енгізу; 4)тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелерін статистикалық, математикалық өңдеу.

Барлық кезең белгілі бір мақсат аясында жоспарлы түрде жүргізілді.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмысқа Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 050102 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 242 студенті эксперимент тобы ретінде, Ақтөбе педагогикалық институтының, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің осы мамандықтарының 241 студенті бақылау тобы ретінде алынды.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарды өткізуде ғылыми - педагогикалық, психологиялық, тарихи және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасай отырып, қойылған проблемаға алдын-ала тиянақты талдау жасау; зерттеу проблемасына байланысты теориялық және практикалық еңбектерді талдау; эксперимент жұмысын жүргізудің оңтайлы әдіс-тәсілдерін қарастыру; жүйелі түрде ақпарат жинақтау және экспериментті ұйымдастыруға түзетулер енгізу сияқты тиімділік шарттарын басшылыққа алдық.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың анықтау эксперименті кезінде осы мәселенің қазіргі кездегі зерттелу барысы, оған әсер ететін жағдайларды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіп, оны болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштеріне сүйеніп жасалған кешенді әдістеме көмегімен жүзеге асырдық.

Кешенді диагностикалау әдістемесі бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби- дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін пайдалана отырып жасалған бірі арқылы бірін тексеру нәтижесінде нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелер жиынтығынан тұрады. Диагностикалық инструментарий 3 - кестеде көрсетілген.

Анықтау экспериментінің нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыста эксперименттік топ арқылы тексеру бағытында арнайы жұмыс ұйымдастырудың және оны өткізудің қажеттігін туғызды.


Кесте 3 – Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігінің қазіргі жағдайын анықтаудың диагностикалық инструментарийі



Крите

рийлері


Көрсеткіштері

Диагностикалық әдістемелер мен әдістер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет