Кәсібилікке ынтасының болуы
Өзінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін дамытуға деген қызығушылығы мен талпынысы
|
«Мамандық таңдауда қателескен жоқсың ба?» сұрақ – жауап; «Өз мамандығың туралы бірер сөз» сұхбат.
|
Кәсіби–дидактикалық құзыреттіліктің мәнін, қажеттілігін білуі
|
«Кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің мәні, қажеттілігі» туралы әңгіме; «Құндылықтар пирамидасы» әдістемесі.
|
Өзін кәсіби маман ретінде сезіну және өзіне кәсіби қызметтің субъектісі ретінде қарау
|
Анкета; кәсіби құзыреттілікке әсер ететін факторларды ранжирлеу; өзіне мінездеме жасау.
|
3 – ші кестенің жалғасы
Кәсіби қызметтің теориялық –
әдіснамалық негіздерін меңгеруі
|
Дидактикалық біліктілігі, сауаттылығы
|
Сабақ және күнтізбелік жоспарлар; сауалнама; қосымша материалдармен жұмыс
|
Педагогикалық іс-әрекет теориясының кәсіби құзыреттілік тұрғысындағы негіздерін өз тәжірибесінде пайдалана алуы
|
Теориялық тапсырмалар, іскерлік ойындар, өткізген сабақтарға талдау
|
Педагогикалық үдеріс теориясының негіздерін пайдалана алуы
|
Теориялық тапсырмалар; іскерлік ойындар; өткізген сабақтарға талдау
|
Оқытудың технологиялары туралы түсінігі
|
Тест тапсырмалары; теориялық тапсырма; сауалнама
|
Бастауышта оқытылатын пәндердің ғылыми негіздерінен білімдер жүйесі
|
Тест тапсырмалары; теориялық және практикалық тапсырмалар; педагогикалық міндеттерді шешу
|
Түйіндік құзыреттіліктер (проблеманың шешімін табу, коммуникативтік, ақпараттық т.б.) туралы білімдер жүйесі
|
Сауалнама; практикалық тапсырма
|
Оқытудың әдістері мен оны оқу үдерісінде жүзеге асыруды меңгеру
|
Кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін тәжірибеде қолдана алу біліктері
|
Сабақ өткізу және оны жазбаша талдау
|
Пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды және компьютерді пайдалана алуы
|
Практикалық тапсырма; бақылау, сабаққа қатысу; талдау
|
Оқушылардың түйіндік құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістерін жүзеге асыра алу біліктері
|
Практикалық тапсырма; аяқталмаған сөйлемдер әдісі
|
Дидактикалық біліктерді жүзеге асыра білудегі іскерлігі
|
Теориялық тапсырма; сабақтарға қатысу және оны жазбаша талдау
|
Шығармашылық қабілетінің болуы
|
Шығармашылық жұмыстарға талдау; проблемалық ситуацияларды шешу
|
Өзінің және өзгенің іс-әрекетін бағалай алу қабілетінің болуы
|
өзінің педагогикалық іс - әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді талдап, бағалай алу
|
Сауалнама; Н.В. Кузнецованың бағалау және өзінің ұмтылысын бағалауы; бақылау
|
нәтижені диагностикалаудың әдістерін білу
|
В.П. Симоновтың әдістемесі
|
алға мақсаттар белгілей білу
|
Жоспарлау; жобалау
|
Зерттеу барысында қарастырылған теориялық-әдіснамалық қағидалар, анықтау экспериментінің нәтижелері, оларды болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдерімен салыстыру, жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерістің мазмұны мен ерекшеліктерін ескеру бізге қалыптастыру экспериментінің төрт кезеңнен тұратын бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Әр кезеңнен кейін студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің деңгейі тексеріліп отырды.
Қалыптастырудың бірінші кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің элементтерін қалыптастыруға жалпы білім беру пәндерінің әсері мен жоғары оқу орны педагогтарының қызметін теориялық семинар арқылы үйлестіруге мән берілді. ЖОО оқытушысының әр пән бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуына қолайлы әсер ететін, яғни студенттердің мамандығына ынтасын, қызығушылығын арттыратындай «элемент» болуына назар аударылды. Бұл пәндер арқылы студенттердің дүниетанымы, түсінігі кеңейіп, құбылыстар мен үдерістерге ғылыми тұрғыдан қарауға үйренеді, адамдармен өзара қарым-қатынасын реттеуге ұмтылыс пайда болады. Осы кезеңде оқытушылармен пікір алмасулар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, олардың әрқайсысының өз пәндерінің болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың бір буыны екенін сезіндіруге назар аудардық. Оқытушылар үшін 10 сағаттық теориялық семинар ұйымдастырылды. Семинарда оқытушылармен болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары туралы ашық пікір алмасулар, осы мәселе төңірегіндегі ғалымдардың пікірлері мен әдістемелері талданып, оқытушылардың кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға оң көзқарасын дамытуға жұмыстандық. Нәтижесінде пән оқытушыларының мәселеге қызығушылығы байқалып, әр сабақтарында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған материалдар, әдістер, технологиялар пайдалануды күнделікті жоспарына енгізе бастады.
Бұл кезеңде студенттерге болашақ мамандығының негізі болатын, кәсіби құзыреттілікке апаратын интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін дамытуға, тұлға ретіндегі сапаларын қалыптастыруға, өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білуге бағытталған тапсырмалар пайдаланылды, оқу үдерісінде студенттердің ғылыми ізденістерін тиянақты орнатуға күш салынды, себебі қалыптастырудың келесі кезеңдерінде студенттерге кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты берілетін тапсырмаларды орындауда ғылыми ізденістер, ғылыми жұмыстармен айналысуға тура келеді.
Сөйтіп, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың келесі кезеңдеріне алғы шарт жасалды.
Бірінші кезеңнен кейін студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінде аз да болса оң өзгеріс болды. Төмен деңгей азайып, орта және жеткілікті деңгейлер көтерілді. Бірақ жоғары деңгей әлі көрінбеді, бұл заңды деп есептейміз, себебі бұл кәсіби – дидактикалық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың негізгілері әлі жүзеге аспаған кезең. Бірінші кезеңде біз көбіне болашақ мұғалімдерді өздерінің мамандықтарына ынтасын көтеріп, өзінің мамандықты дұрыс таңдағанына сенімін арттыруға баса назар аудардық.
Қалыптастырудың екінші кезеңінде студенттерге базалық пәндер блогының педагогикалық-психологиялық циклдағы және тіл, әдебиет, математика, жаратылыстанудың теориялық негіздері пәндері арқылы кәсіби құзыреттіліктің теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгертуге, жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық үдерістің мәні, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы, әлеуметтенуі, оқытудың теориясы мен әдістері, дидактиканың көкейкесті мәселелерімен танысып, мамандығына, кәсіби құзыреттілікке біршама жақындай түсуіне мүмкіндік жасауға ықпал еттік.
Бұл кезеңде студенттердің өзіне болашақ кәсіби маман ретінде қарап, өзін -өзі тануға, өзін кәсіби қызметтің субъектісі ретінде сезінуіне ерекше көңіл бөлінді. Базалық пәндер циклы бойынша өзіндік жұмыстарда студенттердің дидактикалық біліктілігін, дидактикалық қабілетін дамытуға бағытталған сауалнама, қосымша материалдармен жұмыс сияқты тапсырмалар жүйесі бойынша жұмыс жүрді. Студенттердің оқыту теориясынан әдістемеге, әдістемеден технологияға көшу механизміне, педагогикалық және әдістемелік пәндерді жақындастыра білуіне назар аударып отырдық. Сол сияқты студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға теориялық тапсырмалар, іскерлік ойындар, өткізген сабақтарға талдау, шығармашылық жұмыстарға талдау, проблемалық ситуацияларды шешу, аяқталмаған сөйлемдер әдісі және т.б. тапсырмалар арқылы қалыптасу деңгейі тексерілді.
Психологиялық-педагогикалық циклдағы пәндерді зерделеу негізінде оқушыларды тұлға ретінде танудың жолдарын үйреніп, мектеп жасындағы балалардың өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын меңгеруіне назар аударылды.
Екінші кезеңнен кейін алынған бақылау бастапқымен салыстырғанда студенттердің қалыптасу көрсеткіштерінің жоғарылағанын байқатты. Төменгі және орта деңгейдегі студенттер саны біршама азайып, жеткілікті деңгей көрсеткен студенттер саны көбейді. Студенттердің 8,4% -і жоғары деңгей көрсетті.
Осы кезеңде студенттердің өздерінің болашақ мамандықтарына деген оң құндылық көзқарастары, ынтасы, өзіне болашақ кәсіби маман ретінде қарауы, мұғалімдік жұмыс этикасына бейімделуі байқалды. Жақсы мұғалім болу үшін теориялық білімнің басымдығын сезіне бастады. Дегенмен, төменгі деңгейдегі студенттер саны жойылмай, орта деңгей ұстаған студенттер саны барлық студенттің үштен бірінен көп екені бізден жұмысты әлі де жандандыра түсуді талап етті.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың үшінші кезеңінде кәсіптендіру пәндерінен алатын білім, білік, дағды негізге алынды.
Әдістемелік пәндердің әрқайсысының оқыту әдістемесін, технологиясын меңгеру олардың дидактикалық біліктілігін арттыруға, «төменгі сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының технологиясы», «педагогикалық шеберлік» пәндері болашақ мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру шеберлігіне, баламен жұмыс істей білу сапасына әсер етсе, «ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі» зерттеушілік технологиясын меңгеріп, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға үйренуге көмектесіп, кәсіби құзыреттілік тұрғысынан жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға ықпал етті деп есептейміз. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында пәндерден дәріс оқитын, практикалық, семинар сабақтарын жүргізетін оқытушылардың өз жұмыстарына құзыреттілік қалыптастыру тұрғысынан қарау назарда ұсталды.
Әдістемелік пәндерден «портфолио» әдісімен әр студент өзіне материалдар қорын жасады. Практикалық сабақтарда сабақ жоспарларын, күнтізбелік жоспарлар жасау, тест тапсырмаларын құрастыру, іскерлік ойындар арқылы тәжірибелерін шыңдай түсті. Студенттердің ғылыми–ізденіс жұмыстарына қатысы белсендіріліп, әр студенттің өз зерттеу тақырыбы айқындалды. Рефераттар, курстық жұмыстар студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды.
Оқу және педагогикалық тәжірибелер барысында студенттерге тәжірибенің бағдарламасына сай кәсіби – дидактикалық құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын арнайы түзілген жүйе бойынша тапсырмалар беріліп, орындалуы тексеріліп отырды.
Студенттердің дидактикалық білім, білік және дағдыларын дамыту мақсатындағы «Бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің негіздері» оқу курсы жүргізілді. 45 сағатқа (1 кредит) арналған оқу курсының теориялық бөлімі: 1) әртүрлі тарихи кезеңдердегі дидактикалық жүйелердің даму генезисі, дидактикалық зерттеудің негізгі бағыттары, дидактика және әдістеме, дидактиканың негізгі қызметтері; 2) таным тәсілдерін меңгерудің құралы ретіндегі оқыту үдерісі, оқу үдерісіндегі іс-әрекеттің түрлері және ерекшеліктері, оқушының іс-әрекет тәсілдерін меңгерудегі мұғалімнің рөлі, оқушының таным әрекетінің субьектісі екендігі; 3) қазіргі оқыту технологиялары, оқыту технологияларын іріктеу және жобалау; 4) дидактикалық құзыреттіліктің жеке сипаты, дидактикалық біліктілік, зерттеушілік-шығармашылық әрекетті ұйымдастыра білу туралы студенттердің білімін молайтуға, семинар, практикалық сабақтарда теорияны тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» арнаулы курсы студенттердің болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретіндегі кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін теориялық жағынан да, практикалық жағынан да қалыптастыруға үлкен мүкіндік жасады. Олар бастауыш мектеп мұғалімінің тұлғасы, мұғалімнің жалпы және кәсіби мәдениетінің өзара байланыстылығы туралы теориялық біліммен қатар семинар, пікір алмасу, дискуссия, талқылауларда өз ойларын ортаға салып, бұл жөнінде өздерінің қаншалықты білім, біліктерінің бар екенін көрсетіп отырды.
Оқушылардың интеллектуалдық әрекетін қалыптастыру барысында басшылыққа алынатын педагог-психолог ғалымдардың дамыта оқыту үдерісінің ғылыми негіздемесі (Л.С.Выготский), оқушыларды жалпы психологиялық дамыту (Л.В.Занков), оқушылардың білімді меңгеруге жалпы қабілеті тұрғысынан ойлауы (Н.А.Менчинская), шығармашылық ойлауын дамыту (З.И.Калмыкова), ойлау амалдарын қалыптастыру (Е.Н.Кабанова-Меллер), оқытуды оқушының тұлғалық сапаларын дамыта отырып ұйымдастыру (Г.А. Цукерман, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин) жөніндегі тұжырымдамаларының мәні мен мазмұнын зерделеді.
Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы бастауыш мектеп мұғалімі кәсіби қызметінің сапалық мазмұнына қойылатын талаптармен танысып, бастауыш сынып мұғалімінің үздіксіз даму үдерісіндегі әлеуметтік - мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, технологияларын, құралдары мен формаларын өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын педагог болу керек екенін өздерінің міндеті ретінде түсінді.
Проблемалардың шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктердің қалыптасу жолдарын іздестірді.
Арнаулы курстар нәтижесі олардың болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін тиімді болғанын көрсетті. Студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілік туралы түсініктері кеңейіп, оларды өз бойларында қалыптастыруға ұмтылыстары артты.
Үшінші кезеңде атқарылған жұмыстар студенттердің кәсібилікке ұмтылу құлшынысын, баламен жұмыс істеуге деген қызығушылығын арттырып, дидактикалық біліктілігін көтеруге үлкен әсер етті.
Анықтау эксперименті кезінде алынған сауалнаманы студенттер арасында қайтадан жүргізгенімізде олардың жауаптарынан теориялық білімдері мен дидактикалық біліктерінің алғашқыдан әлдеқайда жақсарғанын байқадық.
Сөйтіп, үшінші қалыптастыру кезеңі болашақ мұғалімдердің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда біраз ілгерілеушілікке мүмкіндік жасады.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың соңғы төртінші кезеңі алдындағы кезеңдерде зерделеген теориялық, практикалық білімдерін тәжірибеде қолдануға машықтануға арналды. Соңғы курстағы өндірістік тәжірибе барысында жүзеге асырылатын тапсырмалар жүйесі жасалып, орындалуы қадағаланды. Педагогикалық тәжірибе кезінде студенттердің мектептің әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік шараларына кеңінен қатысуы, өздерінің ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын өткізуі жүзеге асырылды. Сабақтарда оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын қолдану, дидактикалық талаптардың орындалуы, ақпараттық технологияны пайдалану назарда ұсталды.
Біздің зерттеу жұмысымыз математика пәнінің мысалында болғандықтан, студенттерге математика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер, тест тапсырмаларын түзу, дидактикалық тапсырмалар топтамасын жасау, анализ және синтез әдістерімен есепті талдау үлгісі, оқулықпен жұмыс істеу: есептерді бағытына қарай классификациялау, мемлекеттік стандартта көрсетілген міндетті және мүмкіндік деңгейінің материалдарын оқулықтан іріктеу сияқты тапсырмалар беріліп, студенттер оны тиісті дәрежеде орындай алды.
Қорытынды кезеңде ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, студенттерге түйінді құзыреттіліктердің қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалар пайдаланылды.
Студенттердің өзін кәсіби маман ретінде сезінуін, өзіне сенімін арттырып, мұғалім ретінде қалыптасуға мүмкіндік беретін амалдардың бірі – «Болашақ жыл мұғалімі» конкурсы өткізілді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға тиімді әсер ететін жұмыстардың бірі–жаңашыл мұғалімдер тәжірибесін үйрену. Бұл тұрғыда да студенттер көптеген практик мұғалімдердің сабақтарына қатысу, оны талдау, «жыл мұғалімі», бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық әртүрлі байқауларына көрермен ретінде қатысып, өз тәжірибелерін байытуға мүмкіндік алды.
Соңғы кезеңнен кейінгі студенттердің қалыптасу деңгейі біршама жақсы жағына өзгерген. Төменгі деңгейдегі студенттер жоқ, орта деңгейдегі студенттер саны да азайып, көпшілік студент жеткілікті деңгейге жеткен. Эксперименттік топ студенттердің төрттен бір бөлігі жоғары деңгейден көрініп отыр.
Бұл көрсеткіш болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін жүйелі де мақсатты жұмыс нәтижеге жеткізетінін көрсетеді.
Эксперимент тобының тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында әр деңгей бойынша көрсеткіштері туралы мәліметтер 5 суреттегі диаграммада пайыз (%) есебімен көрсетілді.
5 сурет- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің диаграммасы
Эксперименттік топтың бақылау қорытындыларын бақылау тобының бастапқы және қорытынды бақылау нәтижелерімен салыстырдық (3 кесте).
3 кесте - Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуының тәжірибелік – педагогикалық жұмыстан кейінгі деңгейінің өзгерісі (бастапқы және қорытынды бақылау (% есебімен)
Топтар
|
Деңгейлер
|
төмен
|
орта
|
жеткілікті
|
жоғары
|
Бастапқы бақылау
|
Қоры
тынды
бақылау
|
Бастап
қы бақылау
|
Қоры
тынды
бақылау
|
Бастап
қы бақылау
|
Қорыт
бақы
лау
|
Бастапқы бақыл
|
Қорытынды
Бақылау
|
Эксперименттік топ
|
43,2
|
-
|
52,5
|
13,2
|
4,3
|
61,7
|
-
|
25,1
|
Бақылау тобы
|
44,7
|
34,2
|
50,5
|
52,1
|
4,8
|
12,3
|
-
|
1,4
|
Кестеден бақылау тобында аздаған өзгерістер бар екені, ал эксперименттік топта жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың оң нәтижесі байқалады. Атап айтар болсақ, анықтау эксперименті басында эксперимент тобындағы студенттердің 43,2 %-і төменгі деңгейді көрсеткен болса, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткен студенттер болмады; жоғары деңгейді бастапқыда ешбір студент көрсете алмаса, эксперимент соңында олар 25,1% ке жетті; жеткілікті деңгей алғашында студенттердің 4,3%-ін құраса, соңында 61,7% болды; орта деңгей алғашында 52,5% болса, эксперимент соңында 13,2% ге төмендеді.
Эксперименттік және бақылау тобы студенттерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуының (эксперименттің басы мен соңы) даму деңгейі көрсеткіштерінің динамикасын 6 және 7 суреттерден көруге болады.
Экспериментке дейінгі көрсеткіш (% есебімен)
6 сурет- Студенттердің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігі деңгейінің көрсеткіштері (экспериментке дейінгі)
Эксперименттен кейінгі көрсеткіш (% есебімен)
7 сурет- Студенттердің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігі деңгейінің көрсеткіштері (эксперименттен кейінгі)
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің негізгі тұжырымдарын ғылыми негіздеу аяқталып, зерттеу нәтижелері практикаға енгізілді; бақылау диагностикасы жүргізілді; зерттеу нәтижелеріне талдау, жүйелеу, жалпылау, қорытындылау жұмыстары жүзеге асырылды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында алынған әдістер мен құралдар жүйесінің, зерттеу барысында қолданылған оқытудың қазіргі технологиялары мен әдістеменің тиімділігін бағалау үшін мониторинг мұғалімдер студенттерді, студенттер мұғалімдерді бағалау түрінде жүргізілді. Студенттік кәсіби дайындық деңгейін көрсететін ұстанымдар мен өлшемдер бойынша өзін-өзі бағалау, қарым-қатынас жасай білудің психологиялық тренингі, пәндік және психологиялық тестілер, сауалнама, эксперименттік топтардағы студенттердің мектепте жұмыс істеуге кәсіби (психологиялық, теориялық және практикалық) дайындықтарының деңгейін бақылау, студенттердің кәсіби маман ретінде қалыптасуына әсер ететін «Болашақ жыл мұғалімі» конкурсы, «Дөңгелек стол» т.б. шаралар өткізілді.
Эксперимент жүргізу барысында алынған деректерді талдап, оларды математикалық және статистикалық өңдеу әдістерін қолданып, студенттердің әр кезең нәтижесіндегі өзгеру динамикасы құрылды. Осылайша, тәжірибелік –педагогикалық жұмыс кезіндегі болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу көрсеткішінің динамикасына талдау жүргізілді.
Сонымен, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесінде «егер, жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың көкейкестілігі мен болашақ дамуына бағытталған ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік тұғырларға негізделсе, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жүйесі жасалса және ол жүзеге асырылса; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұнының моделі және оны меңгеру әдістемесі ұсынылса және жоғарғы оқу орнында оқу барысында белгілі бір дәрежеде барлық студентке ол әдістеме меңгертілсе; жоғары оқу орнында қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуына тиімді жағдайлар жасалынса, онда болашақ мұғалімнің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасып, мұғалімнің кәсіби сапасы артады, өйткені кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің мазмұны мен әдістемесі жалпы орта білім және жоғары мектеп дидактикасындағы тұжырымдамалар, теориялар мен идеяларға негізделіп жасалды» деген жорамал расталды.
Достарыңызбен бөлісу: |