Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі



бет4/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,09 Mb.
#10458
1   2   3   4

ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертациялық жұмыс жоғары білім берудің көкейкесті мәселелерінің бірі – орта білім берудің ең маңызды буыны бастауыш сынып мұғалімін дайындауда оның кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға арналды.

Арнайы жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыста қол жеткен нәтижелер төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1 Қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім берудің парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің жаңа бағдарын анықтап, мамандардың құзыреттілігін көтеруді талап етіп отырғандығына байланысты болып отыр.

2 Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі - әлеуметтік сұранысқа сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар жоғары деңгейде сапалы білім беру мектептерін таңдауға мүмкіндік алады, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, түлектердің білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруінде, олардың бойынан пәндік және түйінді құзыреттіліктердің көрініс табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында бәсекелестік болады.

3 Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін анықтауда тұлғаға бағдарлы, әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық, мәдениетнамалық және құзыреттілік тұғырлар басшылыққа алынды. Тұлғаға бағдарлы тұғыр студенттің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасуында оларды өз ісінің субъектісі ретінде сезінуіне, өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге және дамытуға ықпал етеді. Іс-әрекеттік тұғыр болашақ мұғалімнің іскерлігінің, жасампаздығының, қайраткерлігінің қалыптасуына түрткі болады. Жүйелілік тұғыр студенттің білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім, білік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін сипаттайды және өз ісін жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуіне үйретеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда құзыреттілік тұрғыдан келу дайындықтың мазмұнын таңдауға және мақсатын белгілеуге, нәтижелі білім беруде пәндік және түйінді құзыреттіліктерді айқындауға себеп болды. Мәдениетнамалық тұғыр болашақ мұғалімнің қоғаммен, адамдармен қарым-қатынастағы мәдени қатынастардың негізі ретінде олардың адамилық, өркениеттік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Ақпараттық тұғыр қазіргі заман талабына орай болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қолдана білу қабілетін дамытуға себепші болады.

4 Болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негізі біртұтас педагогикалық үдеріс, оқыту үдерісіндегі пәнаралық интеграция, құзыреттілікті қалыптастыру, инновациялық теорияларына сүйенеді.

5 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында көрсетілген жалпы білім, базалық, кәсіптендіру пәндері, педагогикалық тәжірибелермен қатар арнайы ұйымдастырылған оқу курстары («Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігінің негіздері»), болашақ мұғалімдерді дайындауға тікелей қатысты профессор-оқытушылардың жұмысын осы бағытқа бағдарлау, факультет, кафедра жұмыстарының бірлігі арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін біртұтас ғылыми-әдістемелік жүйесі жоғары педагогикалық оқу орнындарының оқу-тәрбие үдерісін жаңа мазмұнмен толықтырады.

6 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуы әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттердің бірлігінде және өлшемдер мен көрсеткіштердің негізінде жасалған құрылымдық – мазмұндық – үдерістік модельге байланысты.

7 Студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда болашақ маман дайындайтын оқу орны профессор-оқытушыларының осы бағыттағы және білім, ғылым саласындағы жаңалықтардан хабардар болып, өз білімдерін үздіксіз көтеріп отыруларының маңызы зор.

8 Зерттеу барысында теориялық-әдіснамалық әдебиеттерді талдау арқылы бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жоғары оқу орындарында маман даярлаудың бүгінгі күнгі талаптарын ескере отырып жасалған бүртұтас, жүйелі жұмысының сапалы құрылған мазмұнда жүргізілуіне және болашақ мұғалімнің өзінің ынтасы мен жігеріне, ұмтылысы мен қызығушылығына байланысты екені анықталды.

Зерттеу жұмысы бойынша төмендегідей ұсыныстар әзірленді:

1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындауда университетте білім беру үдерісінде кәсіби-дидактикалық құзыреттілік қалыптастырудың мүмкіндіктерін пайдалану өз жемісін беретіндігін үнемі назарда ұстау, ол үшін ұсынылып отырған ғылыми-әдістемелік жүйені негізге алуға болады.

2 Бүгінгі әлеуметтік, педагогикалық және кәсіби дайындықтың сұранысын қанағаттандырудың басты бағыты - болашақ мұғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық курсын жоғары оқу орнының типтік оқу жоспарына міндетті пәндер қатарына енгізу керек.

3 Мамандыққа дәріс оқитын профессор-оқытушылардың қызмет бағдарын жұмыстың негізгі арқауы кәсіби құзыреттілік қалыптастыруға бағытталатындай дәрежеге көтерген жөн.

4 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартымен үйлестіруді ескеру керек.

5 Күтілетін нәтижені және оның түрлері мен тәсілдерін өзгерту. Студенттің базалық, кәсіптендіру пәндерін меңгерудегі күтілетін нәтижесі олардың кәсіби біліктілігін түйінді құзыреттіліктер негізінде әлеуметтік - құқықтық, ақпараттық - технологиялық, тілдік аясында өзбетінше көтере білу және жүзеге асыру қабілетіне байланысты екендігін үнемі назарда ұстау;

6 «Бастауыш мектептегі байқау сабағы» және өндірістік тәжірибелердің мазмұнына кәсіби-дидактикалық құзыреттілік қалыптастыру бағытына бейімдеп өзгерістер енгізу керек.

7 Университеттің педагогикалық факультеттерінде студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін кеңейтуге арналған ғылыми жобалар түрлерін ұйымдастыру және осы бағыттаға жұмыстарды жандандыру қажет.

Қарастырылып отырған мәселе өте ауқымды және тың болғандықтан, ол толық зерттеліп болды деуге болмайды. Келешекте болашақ бастауыш сыныптың мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасуының біртұтас жүйесін студенттердің зерттеушілік, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бағыттарында құруға болады.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

Монография, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар:

1 Математикалық білім беруде қазіргі технологияларды қолдану: оқу құралы. - Алматы: “Өлке”, 2002. -160 б.



  1. Бастауыш сынып математика есептері мен мысалдары: есептер жинағы. -Алматы: “Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2001. -51 б.

  2. Студенттерді мұғалімдік мамандыққа кәсіби даярлау (Әдістемелік жинақ). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы. -Атырау: 2006. -77б. (Б.Д. Қалимұқашевамен авторлық бірлестікте)

  3. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы: оқу құралы.-Атыорау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы. - 2008. -151 б.

  4. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі (электрондық оқу - әдістемелік құрал). -Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы. 2006. -162б.

  5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру: оқу курсының бағдарламасы. -Алматы: «Әрекет-Print». -2008. - 18 б.

  6. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамасы, теориясы және технологиясы: Монография. - Алматы: «Әрекет-Print». -2009. - 310 бет.

Ғылыми мақалалар мен баяндамалар

  1. Болашақ мұғалімдердің ақпараттық іскерліктерінің қалыптасуы – олардың жаңа технологияны меңгеруінің құралы. //“Еңбектер” 3 том “ХХІ ғасырда білім беру және тәрбие жұмыстарының жүйелерінің дамуының басым бағыттары”. Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. -Шымкент, 2001. -Б.90-92.

  2. Бастауыш сынып математикасында қолданылатын оқыту технологияларының негізгі ерекшеліктері мен сипаттамалары және оларды таңдау критерийлері //“Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында жоғары педагогикалық білім беруді реформалау: тәжірибе, проблемалар және перспективалар: тәжірибе, проблемалар және перспективалар”: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Атырау, 2001. -Б.316-321.

  3. Оқытудың қазіргі технологияларын қолдану арқылы оқушылар белсенділігін арттыру жолдары //“Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында жоғары педагогикалық білім беруді реформалау: тәжірибе, проблемалар және перспективалар: тәжірибе, проблемалар және перспективалар”: халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2001. -Б.321-328.

  4. Бастауыш сынып мұғалімдерінің өз бетінше кәсіби білімін көтеруінің теориялық мәселелері // Бастауыш мектеп. -Алматы, 2001. -№ 12. -Б.51-52.

  5. Болашақ мұғалімдерді өзінің кәсіптік білімін жетілдіруге дайындау- оқытудың қазіргі технологияларын меңгертудің қажетті шарты // Республикалық “Досмұхамедов оқуларына” арналған ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2002. -Б.117-120.

  6. Болашақ мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын қолдануға дайындығын әлеуметтік-педагогикалық пәндер арқылы қалыптастыру // «ХХІ ғасырға – сапалы біліммен»: облыстық ғылыми – практикалық конференция материалдары. 1 бөлім. -Атырау, 2003. -Б. 53-57.

  7. Бастауыш сынып математикасы бойынша электрондық жаттығулар жасақтау технологиясы //«ХХІ ғасырға – сапалы біліммен»: облыстық ғылыми – практикалық конференция материалдары. 1 бөлім. -Атырау, 2003. -Б.57-63. (А.Хамметовпен авторлық бірлестікте)

  8. Оқу үрдісінде оқытудың жаңа технологиясын қолдану – бүгінгі күн талабы // «ХХІ ғасыр – оқытудың жаңа технологиялар ғасыры»: облыстық ғылыми - әдістемелік конференция материалдары. -Атырау, 2004. -Б.20-24.

  9. Оқытудың жаңа технологиясын қолданып оқушылар белсенділігін арттыру жолдары // «Применение новых технологии в образовании: проблемы и пути их решения»: Республикалық ғылыми–практикалық конференция материалдары. -Ақтау, 2005. -Б.88-92.

  10. Жоғары білім жүйесінде бәсекеге қабілетті бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау мәселелері // «Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі»: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2006. 1 том. -Б.13-17.

  11. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру //«Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі»: Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2006. 1 том. -Б.18-21.

  12. Математиканы оқыту әдістемесі пәнінен студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру //«Проблемы высшей школы – сквозь призму новых идей»: халықаралық симпозиум материалдары. -Көкшетау, 2006. -Б.71-73.

  13. Деңгейлік саралау технологиясын бастауышта математиканы оқытуда қолдану // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы. -Атырау, 2006. -№ 2 (7). -Б. 225-228.

  14. Құзыреттілік-кәсіби маман дайындығының басты сапасы // Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Компетентностная ориентация в развитии высшего профессионального образования в Республике Казахстан: состояние, проблемы и перспективы». -Алматы, 2007. -Б.126-128.

  15. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің математикалық біліктілігін қалыптастыру //Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру: қазіргі жағдайы, тенденциялары және даму мәселелері»: халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2007. -Б.384-389.

  16. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасының кепілі // «Бәсекеге қабілетті маман дайындаудың өзекті мәселелері»: облыстық ғылыми – практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2007. -Б.7-11.

  17. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологияны қолдана білуге даярлау //«Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді реформалау: тарихы, тәжірибесі және болашағы»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. –Атырау, 2007 -Б.140-143.

  18. Педагогикалық оқу орындарында мұғалімнің дидактикалық біліктілігін қалыптастыру // Академик З.Қабдолдың 80 жылдығына арналған “Қазақ әдебиеті және қазіргі заман”: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Атырау, 2007. -Б.158-159.

  19. О необходимости формирования дидактической компетентности будущего учителя начальных классов //“Педагог кадрларды даярлаудың сапасын арттырудағы инновациялық технологиялар мәселесі және даму ерекшеліктері”: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2008. -Б. 298-303.

  20. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларды есеп шығаруға үйретуде шығармашылыққа тәрбиелеуге бағыттау // “Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау: мәселелері, шешу жолдары”: аймақтық ғылыми - әдістемелік конференция материалдары. -Атырау, 2008. -Б.100-103.

  21. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дидактикалық біліктілігін қалыптастыру жолдары //Ұлт тағылымы. -Алматы, 2008, -№1(1) -Б. 82-85.

  22. Дидактическая компетентность будущего учителя начальной школы // М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. -Орал, 2008, №1, -Б.141–147.

  23. Х.Досмұхамедовтың бастауышта математиканы оқытуға қосқан үлесі // Х.Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл толуына арналған “Х.Досмұхамедов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері”: Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. –Атырау, 2008. -Б.143-145.

  24. Методологические основы формирования дидактической культуры учителя начальных классов в системе университетского образования // Альманах «Продуктивное образование»: от школьного проекта – к профессиональной карьере: материалы международной конференции / Под ред. Е.А. Александровой. - Саратов: ООО Издательство «Научная книга», 2008. Выпуск 11. -С.246 – 249.

  25. Құзыреттілік – педагогтің кәсіби дайындығының маңызды сапасы //Білім-Образование. - Алматы, 2008. -№ Б. 41.

  26. Педагогическая направленность и профессионально-значимые качества учителя начальных классов // Қазақстан кәсіпкері (Профессионал Казахстана). -Алматы, 2008. -№11(66), -Б. 19-21.

  27. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби-әдістемелік құзыреттілік тұрғысынан даярлау мәселелері // «Қазақстандағы психология ғылымының көкейкесті мәселелері: теориясы, тәжірибесі және болашағы»: Республикалық ғылыми практикалық конференция материалдары. -Атырау. 2008. -Б.78 – 80.

  28. Бастауыш мектептер дамуының үрдістері // Қазақстан мектебі. -Алматы. 2009, -№5. -Б.56-59.

  29. Технология формирования математической культуры будущих учителей начальных классов // Сборник «К единству России: аспекты регионального и национального взаимодействия». Материалы региональной научно-практической конференции с международным участием. - Элиста: ЖАО НПП «Джангар» 2009, -850. -С. 623-626.

  30. Мектептің бастауыш және негізгі сатысында математика пәнін сабақтастыра оқыту мәселелері // Бастауыш мектеп. -Алматы, 2009. -№4. -Б.26-30.

  31. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дидактикалық құзыреттілігі- педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі факторы // Білім берудегі менеджмент. –Алматы, 2009. -№1. -Б. 73-75.

  32. Математическая подготовка учащихся ориентированная на результат // Ізденіс. –Алматы, 2009. -№ 2. -Б.280- 283.

  33. Бастауыш сыныпта математикалық білім беру барысында оқушы тұлғасын қалыптастыру // Қазақстан жоғары мектебі. - Алматы, 2009. -№ 4. -Б.16-19.

  34. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру // «Қазіргі заманғы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі инновацияның даму перспективалары мен мәселелері»: халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2009. -Б.113-115.

  35. Характеристика особенностей развития ключевых профессиональных компетенций у будущих учителей начальных классов //«Наука и новые технологии». Республиканский научно – теоретический журнал. -Бишкек, 2009. -№5. -С.271-274.

  36. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлауын қалыптастыру // Білім-Образование. -Алматы, 2009. -№ 5(47). -Б.20-22.

  37. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы – бастауыш сынып мұғалімін кәсіби дайындау мазмұнын құрудың негізі //Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы. –Атырау, 2009. -№ 3(14). –Б.57-60

  38. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны // Бастауыш мектеп. -Алматы, 2009. -№11. -Б.3-4.

  39. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық ұстанымдары мен тұғырлары (Ш.Таубаевамен авторлық бірлестікте) // «Инновациялық экономика жағдайында Каспий өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемалары»: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Атырау, 2009. -Б.13-16.

  40. Бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың отандық тәжірибелері // «Қазақстандағы білім және ғылым тарихының ұлттық болмысы»: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Арқалық, 2009. -Б.196-200.

  41. Основы профессиональной естественнонаучной компетентности //Фундаментальные и прикладные проблемы получения новых материалов: исследования, инновации и технологии. Материалы IV международной конференции. –Астрахань, 2010. -С. 252-254.


РЕЗЮМЕ
БАРСАЙ БАКЫТ ТЕЛЖАНКЫЗЫ
Научно-педагогические основы формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов
13.00.08 – Теория и методика профессионального образования
Актуальность исследования. По государственному стандарту всеобщего обязательного образования РК содержание среднего образования направлено на усвоение совокупности ключевых компетентностей: умение разрешения проблем, коммуникативная и информационная, ориентированных на достижение результатов образования, учитывающего особенности каждого ученика.

В связи с этим возникает необходимость подготовки конкурентоспособных учителей, обладающих необходимыми важными качествами, знаниями и умениями, обладающие профессиональной компетентностью, главной составляющей для учителей начальных классов которой, является профессионально-дидактическая компетентность.

Проблемой исследования является научное обоснование процесса формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов. Данная проблема обусловила выбор темы.

Цель исследованиянаучно-педагогическое обоснование и разработка методической системы формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

Объект исследования - система профессиональной подготовки будущих учителей начальных классов в вузе.

Предмет исследования - процесс формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

Гипотеза исследования – процесс формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов будет эффективным, если:

- педагогический процесс в вузе будет основан на научно-теоретической и научно-методической теории, которые направлены на актуальность и развитие, создается и реализуется система формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов;

- будет создана модель формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов и предложена методика её усвоения студентами высших учебных заведений в определенной степени;

- будут созданы благоприятные условия для использования учителями начальных классов современных педагогических и информационных технологий, тогда будет сформирована профессионально-дидактическая компетентность будущих учителей на высшем уровне, улучшатся профессиональные качества учителей, так как содержание и методика формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов основываются на теории и идеях дидактики начального образования и высшей школы.



Задачи исследования:

  1. Определить и отобрать теоретико-методологические подходы к формированию профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов;

  2. Раскрыть сущность и содержание понятия «профессионально-дидактическая компетентность будущих учителей начальных классов»;

  3. Разработать педагогическую систему формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов;

  4. Разработать структурно – содержательную - процессуальную модель формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов;

  5. Разработать методику формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов

  6. Экспериментально проверить эффективность предлагаемой системы и методику формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов в ходе опытно-педагогической работы, подготовить методические рекомендации по исследуемой проблеме.

Методы исследования: изучение и теоретический анализ философской, социологической, психологической, педагогической литературы по теме исследования; наблюдение, анкетирование, беседа, тестирование; эксперимент; изучение и анализ учебных планов, учебных и типовых программ, государственных общеобязательных стандартов высшего профессионального образования педагогических специальностей; анализ и обобщение передового педагогического опыта; статистическая и математическая обработка полученных результатов исследования.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

1. Обоснованы методологические подходы формирования профессионально - дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

2. Определены теоретические основы формирования профессионально -дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

3. Определены сушность и содержание понятий «профессионально -дидактическая компетентность», «профессионально-дидактическая компетентность будущих учителей начальных классов».

3. Разработана научно - методическая система формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

4. Создана структурно – содержательно - процессуальная модель формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов в единстве мотивационного, содержательного, технологического и результативного компонентов, определены критерии и показатели сформированности искомого качества.

5. Разработана методика формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов и предложены рекомендации по подготовке учителей начальных классов в образовательном процессе вуза.

Практическая значимость исследования состоит в том, что полученные результаты практико-ориентированного характера находят широкое применение в профессиональной подготовке будущих учителей начальных классов и внедрены в учебные процессы в вузах западного региона.

Разработанные учебно-методические материалы внедрены в учебный процесс высших учебных заведений, а также в общеобразовательные школы и колледжи.



На защиту выносятся следующие положения:

1. Методологическими основами формирования профессионально-дидактической компетенции у будущих учителей начальных классов выступают теория познания, деятельности и системности;

2. Теоретическими основами формирования профессионально-дидактической компетенции у будущих учителей начальных классов являются личностно-ориентированное образование, теория непрерывного педагогического процесса, теория межпредметной интеграции;

3. Научно-методическая система формирования профессионально – дидактической компетентности будущих учителей начальных классов, состоящая из методологического, теоретического, учебно-методического и информационно-технологического обеспечения.

5. Модель формирования профессионально – дидактической компетентности будущих учителей начальных классов включает в себя цели, задачи, педагогические условия, содержание, методы и средства обучения, технологии, методику формирования и результат.

6. Профессионально – дидактическая компетентность будущих учителей начальных классов, дающая возможность дать образование подрастающему поколению - будущему нашей страны, научного видения картины мира.



Перспективы исследования. В перспективе данное исследование может иметь направления в аспекте изучения исследовательской компетентности студентов, а также проблем формирования у студентов вышеназванных видов компетентности: информационнной, коммуникативной и др.

Дальнейшее исследование проблемы может быть проведено в направлении расширения диапазона проектирования дидактических систем,

обеспечивающих внутрипредметную и межпредметную интеграцию в совокупности с индивидуализацией и дифференциацией развивающего обучения.


SUMMARY
BARSAY BAKHYT TELZHANKYZY
Scientific-pedagogical foundations of professionally-didactic competence of future teachers of elementary classes
13.00.08 – Theory and methods of professional education
Topicality of the research.

1) The primary school teacher’s professionally-didactic competence is groundless from the scientific point of view, as a basic element of pedagogical competency;

2) Currently the primary school teacher’s professionally-didactic competence is necessary in a comprehensive school;

3)Absence of scientific-methodical system in the formation of professionally-didactic competence of future primary school teachers;

4) Lack of students’ special courses in the formation of professionally-didactic competence

5) Lack of figures and criteria for determination of maturity level in the formation of professionally-didactic competence of future specialists



The purpose of research - scientific-pedagogical rationale and development of teaching systems, the formation of professional and didactic skills of future primary school teachers.

The object of study - vocational training system for future elementary school teachers in high school.

The subject of investigation - the process of forming a professional-didactic competence of future teachers of elementary classes.

The hypothesis of the study

  • If the pedagogical process in the university will be based on the scientific and theoretical, and scientific-methodological theory, which are directed for the actuality and development, the formation system of future primary school teacher’s professionally-didactic competence is created and it will be implemented;

  • If formation model of future primary school teacher’s professionally-didactic competence will be created and methods of its learning will be offered and it will be learned by students of higher education establishments to some extent;

  • If there are favourable conditions for use of modern pedagogical and information technologies by primary school teachers, then future teachers’ professionally-didactic competence will be formed at the highest level, professional quality of teachers will be improved, since there occurs a possibility for improvement of professionally-didactic competence of future primary school teachers.

Scientific novelty and theoretical significance of the study:

- Grounded theoretical and methodological principles of forming professional and didactic skills of future primary school teachers.

- Determined the essence and contents of conceptions of “didactic competence of future teachers of elementary school "," professional-didactic competence”.

- Collaborated a system of professionally-didactic competence of future teachers of primary classes.

- On the basis of the unity of motivation, content, technology and efficient components designed structurally informative model of professional didactic competence of future teachers of elementary classes and defined criteria and indicators.

- Created a method of forming a professional-didactic competence for future elementary school teachers and recommendations on a broad introduction to the educational process of higher education experience in the preparation of elementary school teachers.



The practical significance of the study is that the results are practically-oriented nature are widely used in the training of future primary school teachers and introduced into the educational processes Atyrau State University named after H. Dosmukhamedov, West Kazakhstan State University named after M. Utemisov, the Caspian state university of technology and engineering named after Sh Esenova, Aktobe State Pedagogical Institute, Atyrau College of Humanities named after K. Dutbaevoy and Atyrau Institute of advanced training and retraining of teachers.

For defense there are delivered the following provisions:

1. The methodological basis of primary school teacher’s professionally-didactic competence formation.

2. The theory of personal-directive education, the theory of pedagogical tendency, the theory of action are the theoretical basis of formation of professionally-didactic competence while training of future primary school teachers;

3. Theoretical basis on development of professional and didactical competency system on training teachers of initial classes – the theory of personally-directed education is the principle direction in development of professional and didactical competency of future initial form teachers, theory of pedagogical process – is a subject of development of professional and didactical competency of future teacher, the action theory – is methodological basis of development of professional and didactical competency of future initial form teachers, and occupational directivity of person – is considered to be the basis of development of professional and didactical competency of future initial form teachers.

4. «Future primary school teacher’s professionally-didactic competence is determined as personal basic qualities of a teacher and psychological and pedagogical and theoretical knowledges, compliance with professional and didactic competence, ability to uninterruptedly develop personal and professional qualities» «scientific basics of all primary school subjects, their content, general training method, as well as a method associated with the specific character of a certain subject, a full acquirement of the technology, applied in training, the didactical requirements of training process (professional qualities, determined by principle and regularity of training, form of training, guidelines, results evaluation methods, etc), enough knowledge for implementation, learning, ability, skills», are recommended as a basis of determining the competency for the primary school teachers.

5. The scientific-methodical system of primary school teacher’s professionally-didactic competence formation is offered by “general to personal” logic, on the basis of methodological, theoretical, guidance and informative and technological provision.

6. Methodological, theoretical, methodical and technologic components are - the pattern of development of professional and didactical competency of future initial form teachers that is formed according to components, on the ground of parameters, indications and levels.

7. Professional and didactical competency of future initial form teachers gives them an opportunity to educate the oncoming generation - the future of the country in a professional level.



Perspectives of the research:

In the future, the study may be the direction in the aspect of learning research skills of students, as well as the problems of formation of the students’ different types of competence: information, communicative.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет