Қорытынды Ж. Аймауытұлының тәрбие-шарттары жөніндегі ой-пікірлерінің бүгін де мән мағынасын жоймағанын байқаймыз. Автор әрбір адамның туу қалыптасу, жетілуінде тәрбие шарттарының, атап айтқанда кісінің жаратылысына, үй іші, өскен орта, замандастары, туған жұртына, оның діні мен тіліне ерекше мән береді. Диплом жасөскіннің жан дүниесінің қалыптасуы мен дамуында, іс-әрекеттерінде тәрбие – тәлімінің ықпалына жататын көптеген деректер талқыланды. Автордың педагогикалық психологиға байланысты ой-пікірлері, оның тәрбиеге жетекші жан жүйесі және өнер таңдай комплекспен оқыту жолдары атты еңбектерінде көрініс тапқан. Дипломдық жұмыста жас адамның мамандық таңдау мәселесіне және оның өзінің психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беред. Бұларды өзінің жүргізген тәжірибелеріне сондай-ақ шетел ғалымдарының, әсіресе америка психологтарының жүргізген зерттеулеріне сүйене отыра байндайды. Ж.Аймауытұлының педагогикалық психология саласында тұжырымдаған ұғым-түсініктері егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткен қазақ елінің ұлттық ғылым-білімінің дамып, қалыптасуы үшін аса маңызды. Олай болса, Қазақстандық психология ғылымының жекелеген салаларының қалыптасу ерекшеліктері мен болашақтағы даму перспективалары жайлы арнайы зерттеу жұмыстары алдағы кезде де жүргізу қазақ ғалымдарының абыройлы міндеті деп санаймын.
Пайдаланған әдебиттер тізімі: Ж.Аймауытов Тәрбиеге жетекші. Орынбор 1924ж.
Ж.Аймауытов Психология. Қызылорда. Ташкент 1926ж. 372 бет.
Ж.Аймауытов Комплекспен оқыту жолдары. Алматы 1929. 113 бет.
Ж.Аймауытов Психология. Жан жүйесі және өнер таңдау. Алматы. Рауан. 1995. 311 бет.
Ж.Аймауытов Тәрбие. Қазақ мектебі. 1989. № 5.
Ж.Аймауытов Таңдамалы шығармалар. 1-ші том. Алматы. Жібек Жолы. 2002 жыл.
Климов Е.А. Как выбрать профессию. Москва 1970.
Климов Е.А. Основы производства. Выбор профессии. Москва 1987.
Түрікпен-ұлы Ж. Кәсіптік бағдар. Алматы 1995.
Түрікпен-ұлы Ж. Абишева Ж.А. Психолог-педагогические осныовы проф.ориентационной работы в школе. Алматы 2004.
Тойшыбаев Ж.Р. Кәсіп таңдау. Алматы 1990
Жарықбаев Қ.Б. Психология. Оқулық Алматы Білім 1993
Әшімханов Д. Бес арыс. Алматы Жалын 1996
Баширова Ж.Р Оқушылардың өнімді еңбегі және кәсіптік бағдар. Алматы Мектеп 1986.
Захаров Н.Н. Профессиональная ориентация школьников. Москва 1988