29. Жеткіншектік кезең ерекшеліктері, оған сипаттама



Дата06.06.2024
өлшемі14,46 Kb.
#203202

29. Жеткіншектік кезең ерекшеліктері, оған сипаттама.
Жеткіншек кезеңінің шекаралары айтарлықтай анықталмаған (9-11 жастан 14-15 жасқа дейін). Кейбір балалар жеткіншектік кезеңге ертерек кіреді, ал басқалары кейінірекЖеткіншектік кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыдан өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. өмірлік іс-әрекетінің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қана қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмыстық істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастады, бәріде мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады.
30. Педагогикалық психология пәні, мақсаты мен міндеттері.Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала. Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлқын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, ерекші білім беруде қажет ететін балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.Педагогикалық психология — балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді.. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясыоқыту психологиясымұғалім психологиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет