Кірме бақылау ӘТН



Дата06.10.2022
өлшемі13,26 Kb.
#151997
Байланысты:
9сыныпКірмебақылау0


Кірме бақылау
ӘТН. 8.4.4.1 - сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану.
ӘТН. 8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
О. 8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау.
Қарлығаш би
Алдынан Шайхан Тәуір көрінді. Шайхан Тәуір тасасынан күмбезі істіктеу, биіктігі он бес-он алты метрдей мазар асқақтайды. Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов біледі. Баяғы Тәуеке ханның тұсында қазақтың үш Жүзінің басын қосып, берекелі, бәтуалы ел болуына аянбай қызмет еткен аса ірі қайраткер екенін де біледі. Жоңғар сияқты жауға қарсы тұрарға қазақ, қырғыз, өзбек,қарақалпақтарды біріктіруді, бір ел етуді Төле би Рысқұловтан екі жүз жыл бұрын армандаған, әрекет қылған…Ташкентте он екі жыл билік құрып, ақырғы талқаны тоқсан үш жасында таусылып, осы Шайхан Тәуірге қойылып еді ғой.
Рысқұлов Төле бидің күмбезін сонау он бесінші жылы Ташкентке оқу іздеп әдейі барып көріп еді.Күмбездің маңдайшасындағы арабша «Қарлығаш би» дегенді оқып, таңғалған.Сөйтсе, Төле биді мұндағы ел «Қарлығаш би» деп атайды екен. Демек, онда қарлығаш құстың қасиеті болғаны да. Өрт шалған халқына қарлығаш құстың қанатымен су себелеп, шырылдап өткен бір сабаз. (146 сөз)
(Ш.Мұртаз)
Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Мәтіннен есімді, етістікті сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

  2. Екінші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  3. Мәтін түрін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет