2.Геккель заңындағы рекапитуляция теориясы.
Ч.Дарвиннің балаларға жүргізген зерттеулерінен кейін бала дамуына бақылау флормасындағы зерттеулер көбейе бастады. Осы саладағы алғашқы теория рекапитуляция теориясы болып саналады. Бұл теория С.Холл мен Дж. Болдиунмен қалыптастырды. Оның негізіне балалар психологиясы мен эмбриологиясына көшірілген Э.геккельдің биогенетикалық заңы еңгізілген. Рекапитуляция заңы бойынша бала жеке даму процесінде эволюциялық процес кезеңдерінен өтеді, сонымен қатар адамзат басынан кешірілген: жабайылық,аң аулау, мал шаруашылығы т.б. мәдени дамудан өтеді. Олардың қатал заңдылық бір ізділігінің маңызды сатылары автоматты түрде бірінен кейін бірі өңдіріледі. Тек сондай жағдайда балада сыналатын қарама- қарсы сезім-судан қорқу және оны жақсы көру –бұл жануарлардың суда тіршілік еткен мезгілінен қалған белгілер, содан кейін өздерінің мекен еткен ортасын таңдауына байланысты. Онтогенетикалық даму биологиялық детерменизм процесі ретінде қарастырылды. С.Холл педагогика ғылымына көп көңіл бөліп «педология» ұғымын еңгізді. Дж. Болдуин онтогенетикалық даму адамзат тарихын толықтай қайталай алмайды деп сыртқы факторларды есепке алу керек деді. Ол психикалық даму фактроы мен В.штерннің оларды конвергенциялау теориясы. В.штерн бойынша бала дүниеге келген ағза, ол органикалық мүмкіндіктерге, түсіктерге , туа біткен бейімділіктергеие болады.Ол оларды рухани дамуды анықтайтын ішкі ерекшеліктер, немесе ішкі фактролар деп атады. Екінші факторға ортаның ықпалы, табиғи және қоғамдық фактролар жатады деп атап көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |