Нәрестенің моторикасы туғаннан күрделі қалыптасу жолынан өтеді. Моторика дегеніміз-адамныңбиохимиалық, физиологиалық, психология аспектілерін байланыстыратын қимыл әрекеті. Туғаннан он екі айға дейінгі баланың қимыл қозғалыс әрекеті өте шапшаң деңгейде дамиды. Нәресте кезінде қозғалыс әрекетінің қиын түрлері, қолмен аяқтың сенсорлы қабілеттері тез қалыптасады Бұл қимыл әрекетінің дамуы оның алдағы уақыттағы танымдықжәне интелектуалдық қабілеттерінің қалыптасуына үлкен мңызды болады. Ағы мен қолының қимылы арқылы бала айналадағы дүние туралы мәлімет алады. Күрделі қол қимылдары ойлаудың бастапқы формасы болып табылады. Баланың үлкен импульсивті белсенділігі оның алғашқы жұмасында бақыланады. 3-4 айлығында заттарға тартылып үлкендердің көмегімен отыра алады. 5 айында қозғалмайтын заттарды ұстай алады. 6айында отырғышқа өзгенің көмегімен отыра алады. 7 айлығында өзгенің көмегінсіз отырып, ал 8 айлығында еңбектейді де 9 айлығында өзгенің көмегінсіз тұрады, 10 айда өзгенің көмегімен жүреді, 11 айда көмексіз тұрадыда 12 айда жүреді.