2.Мектепке дейінгілердің ойын әрекеті.
Мектепке дейінгі жас баланың физикалық, когнитивті психоәлеуметтік бағытта дамуы ойын барысында туындайды. Ойын-бұл тек балаларға арналған әлемді тану және өз ақылын кеңейту болып табылады.
Ойын баланың көптеген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Қоршаған ортаны зерттеуге, көңіл көтеруге қызығушылығы. Баланың дамуымен байланысты мұны «балалар жұмысы» деп атайды. Ол баланың интелектуалды ақылымен сенсорлық және физикалық қабілеттерінің жоғарлауына әкеледі. Ойын ол басқа түрлерінен ерекшелінеді. Ол өзінің табиғат күшіне байланысты мақсатты көздеуші өзін-өзі марапаттауға бағытталады. Кэтрин Гарви ойынға мынадай мінездеме берді. Бұл тек қанағаттанушылық үшін қолданылатын тәртіп түрі. Ойын ол қандай да, бір мақсатты көздемейді. Басқаша айтқанда ойыен ұсынумен дамуға бағытталған іс-әрекет болып табылады.
Балалар өскен сайын ойын өзгеріп отырады. Кішкентай мектепке дейінгі балалар басқа балалармен ойнап, ойыншықтарын ауыстырады, айналада болып жатырғанды талдайды. Осындай интеракция уақыттарында олар алдарына мақсат қойып, өз ережелерін ұстанбайды. Кішкене үлкен балалар бірге ойнап, іс-әрекет барысында бір-біріне көмектеседі. Мектепке дейінгілерге әртүрлі материалдардан бірдеме құрастырып, рольдерде ойнаған ұнайды.
Балалардың типтік ойын түрлеріне төмендегідей тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |