Тақырыпша
|
«Денсаулық»-3
Дене шынықтыру-3
|
Қатынас-1
Сөйлеуді дамыту-0,5
Көркем әдебиет -0,5
|
Таным- 2
Сенсорика-0,5
Құрастыру-0,5
Жаратылыстану-1
|
Шығармашылық- 3
Сурет салу-1,
Мүсіндеу-0,25
Жапсыру-0,25;
Музыка – 1,5
|
«Бір шаңырақ астында» «Бір шаңырақ астында»
1-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.30-40 секунд бойы үзіліссіз жүгіру.
Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.
Қимылды ойын: «Кім жылдам»
2.Еңіс тақтай үстімен жүру.
Гимнастикалық таяқшалардан аттап жүру.
Музыкалық жаттығу: «Достар жаттығуы»
3.Шеңбер бойында қолдарын әртүрлі қалыптармен қимылдар жасай жүру.
Ауданы 50х50см,биіктігі 10см мінбеге өрмелеу.
Қимылды ойын: «Досыңа допты домалат»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: Балаларға саусақ театры арқылы ертегіге қызығушылықтарын бекіту.
Ойын тапсырма: «Құмыра мен тарелке құрастыр»
|
Сенсорика
Тақырыбы: «Ақпыз, қара, сарымыз»
Мақсаты: Түрлі түсті пирамидаларды құрастыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру және бекіту (қызыл, жасыл, көк, сары, күлгін, қара, ақ)
Дидактикалық ойын: «Пирамиданы жина»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Шуақты күннің сәулесі»
Мақсаты: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің сәулесінің қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту, күннің сәулесіне қуана білуге баулу.
|