Кіші топтың перспективалық жоспары «Балбөбек» бөбектер бақшасы, 2020 жыл қыркүйек айы Өтпелі тақырып: «балабақША» Мақсаты: б



бет68/68
Дата08.02.2022
өлшемі338 Kb.
#124760
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Әуенді ырғақты қимыл-ойын:
«Көңілді марш» Ә. Бестібаев




«Әрқашан күн сөнбесін»
3- апта

Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Бір қалыпты жүру.
Ұсақ заттарды 1 м қашықтыққа лақтыру.
Қимылды ойын: «Мен дәл тигіземін»

2.Гимнастикалық орындық үстімен жүріп келіп,бір орнында баяу айналу.


Музыкалық жаттығу:
«Менен кейін қайтала»

3.Жол бойымен еңбектеу.


Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсу.
Спорттық іс-шара: «Біз спортшылармыз»

Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Әке мен бала» (әңгіме) Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты: Шығарманы тыңдай білу дағдыларын бекіту. Үлкенді тыңдауға, өзіне берілген тапсырманы орындай білуге және шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын: «Кім не істейді? »

Сенсорика
Тақырыбы:
«Шуақты күн»
Мақсаты: шуақтарды, пішіндерді құрас орналастыру. Үлкен-кіші ұғымын бекіту
Дидактикалық ойын: «Нені қайда қоямыз?»


Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Құмды зерттеймін»
Мақсаты: Балаларды құрғақ және дымқыл құммен таныстыру. Ерекше қасиеттерін атап айтқызу.
Дидактикалық ойын: «Құмнан бәліш жасаймын»

Сурет салу
Тақырыбы: «Шуақты күн»
Мақсаты: Балаларға қарапайым дөңгелек пішінді саусақпен құмда салуды бекіту.Өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету.
Ойын тапсырма: «Ойлан, тап»


Музыка
Тақырыбы: «Ән саламыз, билейміз»
Мақсаты: Көпке ілесе қимылдау, екеуден айналу дағдыларын дамыту. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Ән тыңдау: «Биші болам өскенде» Б.Ғизатов
Ән айту: Жетекшінің таңдауы бойынша өткен әндерге шолу
Әуенді –ырғақты қимыл-ойын:
«Кел-балақан» К.Қуатбаев
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Шуақты күн»
Мақсаты: алақан арасына салып домалатып және есу арқылы күннің шуақтарын мүсіндеуге үйрету. Қызығушылықтарын арттыру
Дидактикалық ойын: «Артығын тап»




«Жаз да келді көңілді!»


4- апта

Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Құм салынған қапшықты жәшікке лақтыру.
Аласа орындық үстінде еңбектеу. Қимылды ойын: «Көбелекті ұста»

2. Бір және екі қолмен допты еденге ұру.


Таспалардан аттап өту. Қимылды ойын: «Менің көңілді добым»

3.Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.


Доптарды бір-біріне домалату. Қимылды ойын: «Көлшік судан атап өт»

Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жазда» (өлең) Нәсіпбек Айтов
Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жазғы қызықтар туралы түсінік бере отырып суреттерде бейнеленгендер туралы айтып беру дағдыларын бекіту.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қорап»



Құрастыру
Тақырыбы: ««Гүлзардағы өсіп тұрған гүлдер»
(ұсақ құрылыс материалдары)»
Мақсаты: Түрлі-түсті бөлшектер мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасауды жалғастыру. Төртбұрыш бойына бір-біріне жақын және белгілі арақашықтықты сақтай отырып орналастыру тәсілдерін қолдана отыра гүлзар пішінін құрастыруға іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Ойын жаттығу: «Артығы қайсысы?»


Жаратылыстану
Тақырыбы: «Алақай жаз келді»
Мақсаты: Жаз мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыру (күннің көзі нұрын шашады, адамдардың киіміне назар аудару).
Дидактикалық ойын: «Шіркейлер»



Сурет салу
Тақырыбы: Балықтар жүзеді
Мақсаты: Аквариумды бояуда балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суретін толықтыру) қызығушылықтарын бекіту.
Дидактикалық ойын: «Балықтардың түстерін ата»


Музыка
Тақырыбы: «Көңілді жаз»
Мақсаты: Би қимылдарын әуенге сай қозғалуды қадағалау. Ойын барысын тыңдап, белсене араласу.
Ән тыңдау: «Жаз келді, алақай» А.Айтуова
Ән айту: «Күн» Г.Әбдірахманова
Әуенді –ырғақты қимыл-ойын:
«Күн мен түн» қимылды ойын


Жапсыру
Тақырыбы: ««Гүлзардағы өсіп тұрған гүлдер»
Мақсаты: Гүлдерді дұрыс орналастырып,жапсыруға үйрету.Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет