адасқанда тура жолға салады” (Абайдың 41-қара сөзінен)
“Мектеп оқушыларының оқырмандық мәдениетін қалыптастырудың инновациялық әдіс-тәсілдері”
№1Чернорецк ЖОББМ кітапханашысы:
Серикова Сәуле Дүйсенқызы
Өзектілігі: ХХІ ғасыр – технология ғасыры. Ақпараттық-коммункациялық технологиялар өміріміздің бөлінбес бір бөлшегіне айналып отыр. Бүгінгі қоғамды технологияларсыз елестету мүмкін емес. Алайда рухани құндылықтарды қалыптастыруда тек қана технологияларға сүйену біржақты болар еді. Рухани құндылықтарды технология алмастыра алмайды. Бүгінгі қоғамда кітап оқу мен технологиялар арасында көрінбейтін тартыс жүріп жатыр. Жастардың басым көпшілігі электронды нұсқадағы ақпараттармен жұмыс істеуді қаласа, орта жастан асқан азаматтар кітаптың құнды екенін оны ешқандай құрылғының алмастыра алмайтындығын айтып дәлелдеп отыр. Рухани құндылықтарды тек қана кітап оқу, өмірлік мәселелерді шешу тәжірибесі арқылы ғана қалыптастыруға болады. Сондықтан да бүгінгі қоғамда рухани құндылықтарды кітап оқу арқылы қалыптастырудың маңызы артып отыр. Қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» – деген еді. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды.
Мақсаты:
Оқушыларды кітап оқуға жүйелі түрде тарта отырып, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, сол арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Жобаның жаңалығы:
«Кітап оқитын адам-табысты адам» өмірлік көзқарасы қалыптасады. Оқушылардың кітап оқуға уәждерін түрлі формалар арқылы туғыза отырып, оқырмандық мәдениеті дамиды.
Жобаның барысында қолданылатын
әдіс-тәсілдері:
Р/с
Іс-шаралар
мерзімі
жауапты
1.
Оқушылардың кітап оқу ынтасын зерттеу(жасы, қызығушылығы, талғамы).
Жыл бойы
Кітапханашы, қазақ және орыс тілдердің мұғалімдері, ата-аналары
2.
«Педагогтер арқылы оқушыға» ынтымақтастық форумын өткізу.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр білімді халықтың ғасыры болады» деп сенім артады. Сол сенімнің кілті – мектеп оқушыларының, жастардың қолында екені анық.