«Кітап – сарқылмас рухани қазына»
Мақсаты:
Білімділік: білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру;
кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту;
кітапты таза ұстауға,тазалыққа, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу.
Әдісі: пікіралысу
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітап, оқу-білім туралы сөздері, интерактивті тақта
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін,
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, -деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш кластардың өзінде –ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді.Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі –өнеге аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар,білімді мыңды жығар»,-деген халық даналығы бекер айтылмаған.Ендеше,кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.
Ақын Жұмағали Саинның
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің,
Оқисың кейде жатып ап,
Көтеріп күйін көңілді,
Айдыны шалқар кейде бір,
Кітаптан тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бұл,
Татпасаң нәрін шөлдерсің!- деген өлең жолдарын кітапқа арнаған
Кітап-адамның досы. Оны жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады.Фабрикада ол ағашты қағаз қылып шығарады.Содан соң оған авторлар жазады, сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды басып, кітап етіп шығарады.
Кітап-арабтың жазу деген сөзі. Кітап-рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар-еврей тіліндегі «Таурат», Қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі «Авеста», Юнан /грек/ тіліндегі «»Інжіл /Евангелис/,араб тіліндегі «Құран».
3-оқушы: алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.Ал, 1045 жылы Шын елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды.Еуропада тұңғыш рет ХҮ ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутенберг баспа станогын жасады.Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.
4-оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Ж.Баласағұнның «Құтты білігі», Махмуд Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-түрік», т.б. кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.Төңкерістен кейін өзімізде шыға бастады.
Кітап-заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп,рухани жан-дүниелеріңдіоятып,ертегі,әңгімелермен сыр шерткен, кітап-сенің ақылшың.
Адамның досы-кітап,өмір кілті,
Тең келмес оған дүние,жиған мүлкі,
Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы,
Ақыл-ой,қазынасы,өмір көркі.
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті,өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажет. Оқулықты бүктеп, жыртып, бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді,
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді,
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін,
Білмейсің-ау сен бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын,
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым,
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста,кірлетпе,
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Кітап-адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Өздеріңе белгілі 1997 жылдан бастап, төл оқулықтар шыға бастаған.Осындай көптеген еңбекпен келіп түскен оқулықтарды қыркүйек айында таратамыз. Өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да, қызықты есептерімен күлімдеп жеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтады.
Сол оқулықтарымыздың «Кітаптар мұңы» деп аталатын әңгімесін тыңдасақ.
-Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр.көзін сығырайта ашып бір кітап жан-жағына қарады.аздап керіліп,жанындағы кітапқа:
-Ей,тұрсаңшы! Біз қайда келдік? Тірімісің өзің?
-Ой, мазамды алмашы. Бүйткен тірлігі құрысын. Бұданда парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткені жақсы еді ғой!
-Не болды соншама ?Жалғыз сен деймісің?
Сосын келесі жағына бұрылып:
-Сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің?-деді келесі кітапқа қарап.
-Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен, ішім түтін. Ана тілімін. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрінікі. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым. Бәрімізде сондай ниетте едік. Адырбай деген баланың қолына түстім. Бір жыл болмай осы күйге түстім.
-Ал, мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы.
-Онда мұңдас болдық қой,-достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды. Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы,менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт. Оқушы деп! Бүлдірмек түгілі шаң мен кір жуытпайды ғой.
-Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар. Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп,қажетке жаратар,а?
-Бәріміздің де арманымыз сол. Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен.
-Иә,достар,кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін.
Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі.
-Кітап-білім бұлағы,
Білім өмір шырағы,
Деген сөзді мен ұқтым,
Биікте ол тұрады,- дегендей енді
«Кітап емханасы» деп аталатын көрініспен тәрбие сағатымыздың 3-ші
Кітапханашы кітаптардың ауруы сұрақтар қойды:.
-Балалар, адамдар мен жан-жануарлардың ауыратыны сияқты,кітаптар да ауырады.
Кітаптарда мынадай ауру түрлері болады:
1.Туғаннан пайда болатын аурулар
(Яғни,баспадан дұрыс басылмаған).
2.Қартайғаннан болатын аурулар.
(Көп жыл ұсталған).
3.Жұқпалы аурулар (жыртылып,сия төгіліп немесе май қолмен ұстау т.б).
4.Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар
(Терезенің алдында күнде көп тұруы немесе ылғал,дымқыл жерде сақталуы).
5.Бақытсыздықтан кездейсоқ болатын аурулар.
(Жығылып,батпаққа былғануы,жыртылуы т.б).
Қазақстанның әрбір азаматы білімді,мәдениетті,өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім қажет. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор. Оқулықты бүктеп, жыртып, бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері. Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.
Кітапқа арналған мақал-мәтелдерді кезектесіп оқылық....
Арамызда кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін деген тілекпен әңгімеді аяқтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |