Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет107/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ТЫҚЫР ТАЯҢ КЕЗ, ТЫҚЫР ТАЯНДЬІ.
Он томдық толық 
түсіндірме сөздікте «құлаққа естілетін тықырлаған дыбыс» деген 
мағынаны беретін 
тықыр
сөзінің ұясында, 
тықыр таянды
деген 
тіркесті келтіріп, оған «қауіп-қатер төнді, жаны қысылды» деген 
түсінік беріледі. Қазақ тілінде 
тықыр таяң кез 
дегенде тіркес бар. 
Сірә, о бастағы қолданыс 
тықыр таяң
деген зат есім болса керек. Түркі 
халықтарының тарихын терең зерттеген Л.Н.Гумилевтің жазғанына 
қарағанда, V-VII ғасырларда түркүттерде көк Тәңірге құрбан шалу 
рәсімі болған. Бұл рәсім осы түркүттердің бүгінгі ұрпағының бірі – 
қачыларда XIX ғасырдың соңына дейін орып алып келген. Қачылар 
осы құрбандықты 
тығыр таих
деп атаған. Құрбандыққа қой шалы-
нып, қымыз, сүт, айран және ет сорпасын төгетін болған. Қысқасы, 
ел-жұртқа қиыншылық төнгенде, 
тығыр таихқа
құрбан шалуға 
мәжбүр болған. Өте ертедегі бабаларымыз ел басына қауіп-қатер, 
қиыншылық төнген күнді 
тықыр таяң кез,
яғни «құрбандық шалу 
кезі келді» деп айтпады ма екен деген ойға қаламыз. Замандар өте 
қазақ сияқты түркілерде бұл рәсімнің аты ұмыт болып, оны атап 
тұрған сөздердің мағынасы күңгірттенгендіктен, өзімізге таныс 
тықыр
және 
таяну
сөздерімен алмастырып алуымыз әбден ықтимал. 
Тықыр 
сөзі дыбысқа қатысты, бірақ қиыншылық, ауыртпалықтарға 
дыбыстың не қатысы бар? Сондықтан 
тықыр таянды
деген тұрақты 
тіркестің жалпы мағынасы түсінікті болғанмен, бұл ұғым тіркес 
құрамындағы 
тықыр
сөзінің дыбысқа қатысты мағынасынан шығып 
тұрмағаны сезіледі. Сол себептен біз 
тықыр таяну
етістігін жасап 
тұрған сөздердің төркінін көне кезеңдерден іздедік те жоғарғы бол-
жамымызды айттық. Бұл – сөз жоқ, өте батыл барған жорамалымыз, 
әлі де іздестіре түсу қажеттігін сеземіз.
ҰБАП-ШҰБАП.
Бұл қос сөздің соңғы сыңарының мағынасы 
біршама түсінікті: 
шұбыру
сөзімен түбірлес 
шұбау
етістігі «адам-
дардың, малдың бірінің артынан бірі жүріп отыруы» дегенді білдіреді. 
Ал алдыңғы 
ұбап
компоненті бүгінде жеке қолданылмайды. Сірә, 
о баста 
ұбы-/ұба-
деген етістік жеке қолданылған да болар, өйткені 
ұбырып-шұбырып
деген туынды түбірлер де бар. 
Ұбы-/ұба-
етістігі 
шұба(у)
етістігімен мағыналас болғанын сеземіз. Өзге тілдер сияқты, 
қазақ тілінде де мағыналары өте жақын сөздер қосарланып айтыла 
келіп, тұрақты тіркес, яғни қалыптасқан қос сөз болып кеткені аз 
кездеспейді. Мұндай тіркестер плеонастық сипатта болады, яғни бір 
мағынаны білдіретін екі түрлі тұлға жапсарласа айтылады да бірін 
бірі айқындай түседі. Мұндай плеоназмдардағы компоненттерінің 


175
біреуі – күні бүгінге дейін сақталған түсінікті сөз болса, енді біреуі – 
не әбден ұмыт болған өте көне сөз, не өзге тілдің сөзі болып келеді. 
Біз назарға алып отырған 
ұбап/ұбырып
сөздері де осындай бүгінгі 
тілде жеке қолданылмайтын көне түркілік тұлға болуы керек деп ой-
лаймыз. Әлі де іздестіре түсуге болатын сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет