178
– «дау». Мағынасы бірдей екі сөздің қосарлана жұмсалатыны, яғни
плеонастық құбылыс болатыны белгілі. Сол құбылыстың бірі –
дау-
шар
сөзі, бұл қос сөздің екі сыңары да бір мағынаны, «дау, жанжал»
дегенді білдіреді.
Қазақ тілінде шар сөзі жеке тұрып та бұрын «жанжал, дау»
мағынасында қолданылып келген:
Шарға
салып басыңды,
Бола көрме сен құмар, –
дегенді «Қобыланды» жырынан да табамыз. Тек жырларды туды-
рушылар емес, қазақтың тіпті бертіндегі ақындары да
шар
сөзін өз
мағынасында жеке қолданған. Майлықожадан (XIX ғ.):
Әдепсіз өскеп бозбала
Жүрген жері –
шар
болар.
Дулаттан (XIX ғ.):
Адаспайтын даңғыл жол,
Қасым салған қасқа жол
Шарға
соғып із кетті, –
деген өлең жолдарын оқимыз. Бұл мысалдарда болыс сайлауы,
болыстық туралы әңгіме жоқ, мұндағы
шар
сөзі – дау деген сөздің
синонимі, егіздің сыңары ретінде қолданылып тұр.
Шар сөзі
дау-шар
деген қос сөзден басқа, біреудің басын шарға
салу, ісін шарға жіберу сияқты тұрақты тіркестердің құрамында
қолданылуға бейімделген. Сондықтан жоғарыдағы сияқты жаңсақ,
түсіндірмелерді түзетіп, дұрыс оқу керек.
Достарыңызбен бөлісу: