176
алтай тілінде де бар екенін Л.Будагов көрсетеді:
үделе-
– демалып,
тынығу үшін күндіз, талтүсте аялдап көшу (жүру). Алтайлықтырдың
үделе-
етістігі қазақтың
үдер-
(үдере көшу) етістігімен бірдей болып
тұр. Бұл сөз көшпелі тұрмыс кешкен барлық түркі халықтарында
емес, қазақ, алтай сияқты халықтар тілінде кездесетіндігі осы
халықтардың мекен тепкен жер бедері (ландшафтысы) мен ауа райы
ыңғайына қарай осылайша күндіз аялдап көшу тәртібі болғандықтан
болар. Көшпенділік тұрмыс тоқтағаннан кейін бұл сөздің де мағынасы
күңгірттеніп, кейбір ақын-жазушылардың қате түсініп, орынсыз
қолданып жүргендері де байқалады, тіпті кейбір зерттеушілердің
өздері жаңсақ түсіндіріп жүргенін жоғарыда айттық.
Сонымен қатар
үдеру
сөзінің «жүру, аттану, бірінің соңынан бірі
жүру» деген мағынада жұмсалуы да кездеседі. Мысалы, «Қобылаңды»
жырының тағы бір жеріндегі:
Кей жерде жаяу
үдеріп,
Кей жерде жатып түнеді, –
деген жолдарда
үдеру
– «жүру» мағынасында. Сондай-ақ Дулат ақын:
Үдере
тартып көшкенсің, –
дегенінде, контекске қарасақ, бұл сөз күндізгі
аялдау
мағынасында
жұмсалып тұрған жоқ, «жалпы көшу, бірінің соңынан бірі көшіп
кету» ұғымында қолданылып тұр.
Үдеру
сөзін соңғы мағынада қазіргі
жазушылар еркінірек, жиірек қолданады. Мысалы: Велосипедшілер
үдере
шауып барады (С.Бердіқұлов. Мұңайып оянған қала). Демек,
үдеру (үдіру) етістігінің «талтүсте аялдау» дегеннен басқа да
мағынада келетінін байқаймыз. Мұндағы
үдер-
дегеннің түбірі де
басқа болуы керек, ол – көне түркілік
үд-
«бірінің артынан бірі жүру»
сөзі болуы мүмкін. Осы мағынаға жуық келетін ұдай сөзі де
үдер-
етістігімен түбірлес болуы ықтимал. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу» жырындағы:
Тоқтамай күн-түн қатып ұдай көшіп,
Балталы, Бағаналы елге кепті, –
деген жолдарға назар аударалық.
Сөйтіп, «талтүс» мағынасындағы
үдер
сөзі мен «жүру, бірінің ар-
тынан бірі жүру» мағынасындағы
үдер-
сөздері – тұлғалары бірдей,
мағыналары бөлек омоним сөздер болуы керек деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: